https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 5 6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/01-2013


«Биогеография» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Биогеография»


5В011600 – «География» мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ


Семей

2013


Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәрістер




3

Практикалық сабақтар




4

Студенттердің өздік жұмыстары







  1. Глоссарий

Адаптация – ағзаның құрылымы мен функциялардың орта жағдайларына бейімделу

Азоналдық – территоряның зоналық ерекшеліктерімен байланыссыз табиғи құбылыстың таралуы

Антропогендік ауыртпашылық – қоғамның, оның практикалық іс әрекетінің табиғи ортаға жалпы немесе оның құрауыштарына және олардың қасиеттеріне ( ландшафттар, рельеф, топырақ, экожүйелер, биота, т.б.) тікелей немесе жанама әсерінің дәрежесі


Абиотикалық факторлар – тір ағзаларға тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғаттың барлық қасиеттері

Автотрофтар – көрек көзі ретінде бейорганикалық қосылыстарды пайдаланатын ағзалар

Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі.Бұдан 1 млн жыл бұрын басталған.

Антропогендік ластану – адам іс-әрекеті нәтижесінде ластаушы заттектердің шығаруы мен байланысты; өзінің масштабтары бойынша табиғи ластанудан көп жоғары

Антропогендік факторлар қоғамның іс әрекетшілігінің формалары, нәтижесінде табиғаттың басқа түрлер мекендеу ортаның өзгерісіне тигізеді немесе тікелей олардың тіршілігіне әсер етеді

Антропогенді факторлар адамның іс әрекетінен туындайтын табиғатта өтетін прцестердің қозғаушы күштері

Антропогенез – адамның іс-әрекетінің ықпалынан табиғи объектілердің өздігінен даму немесе өзгеріс ке ұшырау процесі

Ареал – популяцияның мекендеу орны

Атмосфера биосфераның жоғарғы қабаты, Жер шарының әртүрлі газдардың қоспасынан, сулы булардан, шаңнан тұратын газды қабатшасы

Бентос – су қойманың түпті ылай шөгінділерде мекендейтін және жай түбінде тынығатын, түбіне бекітілген жануарлар

Био­геоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қауымдастықтарын құрайтын, кеңістіктін белгілі бір бөлігін алатын, ұрпақтардың ауысу кезінде тұрақты түрде жаңартылуға қабілетті және заттектердің айналымы арқылы ұзақ тіршілік ететін қүрделі жүйе.

Биокосты зат - «биосферада бір уақытта тірі ағзалар және косты процестер мен түзіледі, олардың динамикалық тепетендігінің жүйелері болып табылады»; ағзалар биокосты затта жетекші роль атқарады


Биологиялық өнім - биогеоценоздардың құрамына кіретін микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың биомассасынын молықтыру

Биосфера – (грек. bios - тіршілік, sphaira – шар, сфера) – «тіршіліктің аймағы», тірі ағзалар мекендейтін Жер шарының бетіндегі кеністік

Биосфера - Жер шарының қабатшасы, тірі ағзалар оның қалыптасуында негізгі ролль атқарады

Биосфеалық қорық – мемлекеттік табиғи қорықтардың қатарына кіреді, биосфералық процестерді зерттегенде фондық қорық-эталон объектісі ретінде пайдаланады

Биотикалық факторлар (тірі табиғаттың факторлары) — тірі ағзалардың бір-біріне әсет етудің формалары

Биотикалық факторлар – тірі ағзалардың бір біріне, өсімдіктердің бір біріне, жануарлар және өсімдіктердің, микроағзалардың өсімдіктерге және жануарлар әлеміне тікелей немесе жанама әсер етудің факторлары

Биотоп – биоценоздың тірішілігінің орны, сол немесе басқа биоценоз мекендейтін азды-көпті ұқсас жағдайлары мен кеңістік

Биоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қауымдастығы

Бонитет – табиғи ресурстарды тиімды пайдалану мақсатында олардың сапасын салыстырмалы бағалау үшін қолданатын балл, шартты көрсеткіш

Ботаникалық қорықша - өсімдік жамылғысын, типтік уникалды өсімдік қауымдастықтарын, емдік өсімдіктердің массалық өсу орындарын, флораның ерекше қорғалатын, сирек кездесетін және жойылуға жақын тұрған түрлерді сақтау немесе қайта қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылған қорықша

Гаузе ережесі – бір экологиялық құыста жануарлардың екі түрі тіршілік ете алмайды

Гидросфера Жер шарының су қабатшасы

Географиялық зона, Ландшафты зона, Табиғи зона – Жердің географиялық қабатшасының және физико-географиялық аудандастырудың зоналық кеңістік дифференциациясының негізгі бірлігі, географиялық белдемдердің шеңберінде жекеленетін және жылу мен атмосфералық ылғалданудың шарттарының ұқсастығымен сипатталады


Геоақпарат – геожүйелер немесе олардың элементтері, сондай-ақ олардың арасындағы бар болатын қатынастар мен тәуелділіктер туралы кеңістік- байланыстырылған мәліметтер мен білімдердің жиынтығы

Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) – автоматизирленген жоғарытехнологиялық ақпаратты-бағдарламалық жүйе, геоақпараттын жинауын, өндеуін, сақтауды, бейнелеуді және таралуын жүзеге асырады. ГАЖ міндеті – қоршаған орта және қоғам территориалды үйымдастыруын бағалау, болжау, жоспарлау және басқарудың күрделі ғылыми және қолданбалы міндеттерін шешу үшін географиялық бекітілген мәліметтердің ізденісін, жіктелуін, анализы мен демонстрациясын жеңілдету

Геожүйе – кейбір мөлшердегі жер кеңістігі, мұнда табиғаттың жеке компоненттері бір бірімен жүйелік байланыста болады және белгілі тұтастылық ретінде космос сферасы мен адам қоғамымен әрекеттеседі. Геожүйедегі табиғи компоненттері біртекті және олардың арасындағы барлық өзарабайланыстар бірдей дәрежеде зерттелу қажет

Геоэкология – 1966 ж. К.Тролль ғылымғы ұсынған, «ландшафты экология» және «биогеоценология» екі терминдердің синонимы ретінде; екі тәсілді құрайтын ғылыми пән: 1. «көлденен» - жер бетінің аймақтық бөлінуі, табиғи құбылыстардың кеңістік әрекеттесуін құрайды, географиялық ландшафт туралы ғылым. 2. «тігінен» - биологиялық ғылымның өзі, экологиялық жүйе ретінде қарастырылатын берілген экотоптағы құбылыстардың әрекеттесуі

Дала – шөп басқан, батпақсыз жазық жер.

Дендрологиялық парктер и ботаникалық саябақтар - өсімдік жамылғысының әралуантүрлілігін, өсімдік әлемін байыту, сонымен қатар ғылыми, оқыту, мәдени-ағарту мақсаттарында адаммен қалыптастырылған ағаш теректер мен бұтақтардың коллекциялары; оларда берілген аймақ үшін жаңа өсімдіктер түрлерінің интродукция және акклиматизация бойынша жұмыстар жүргізіледі

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) – табиғи кешендер мен объектілер орналасатын, ерекше табиғатты қорғау, ғылыми, мәдениеттік, рекреациялық, сауатты мәні бар, мемлекеттік билик органдары мен толық немесе жартылай шаруашылық пайдаланудан алынып шығарылған және ерекше қорғау режимы бекітілген жер, су бетінің, олардың үстіндегі ауа кеңістігінің бөліктері


Жаратылыстық ресурстар – табиғи ре­сурстар

Қоршаған ортаның мониторингі – қоршаған ортаның күйін бақылау үшін жүйі, мүмкін болатын өзгерістерді бақылау, бағалау және болжау үшін арналған

Литосфера – тас (қатты) жер шарының қабатшасы

Ландшафтың критикалық күйі – ландшафтың тұрақсыз күйі, кейінгі әсер оның радикалды өзгерісіне тигізеді, немесе денсаулық және әлеуметтік-экономикалық даму үшін қолайлы функциялардың жойылуы

Ландшафтқа түсетін ауыртпашылық - табиғи немесе антропогендік ландшафтарға тікелей немесе жанама түрде түсетін шаруашылықтың әсері

Мекендеу орта - тірі ағзаны қоршайтын және онымен тікелей әрекеттесуде болатын табиғаттың бөлімі

Мемлекеттік табиғи қорықтар – табиғи кешенді жаратылыстық күйде сақтау мақсатында, шаруашылық пайдаланудан толығымен алынып шығарылған территорияның бөліктері

Мониторинг қоршаған ортаны сақтау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, адамдардың , тірі ағзалар және олардың қауымдастықтары, табиғи кешендер мен объектілер үшін зянды, қауіпті критикалық жағдайларды ескерту шараларды жетезерттеудің мақсатында адамды қоршайтын табиғи ортаның күйін бақылау жүйесі

Мәдени ландшафт – қоғам мүдделерінде ғылыми негізінде тиімді өзгертілген географиялық ландшафт

Нейстон – тереңдікте мекендейтін су ағзалары

Неоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайназой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдвнда өткен.

Нектон – суда активті түрде жүзетін, тубі мен байланыссыз ағзалар (балықтар, амфибиялар)

Ноосфера – (грек. noos – сана сезім, ақыл парасат және sphaira –шар) – тікелей аударғанда «ақыл парасатты қабатша», сана сезім сферасы, В.И.Вернадский бойынша биосфераның дамуының ең жоғарғы сатысы, ақыл парасатты адамзат түзілуі және қалыптасуы мен байланысты; ақыл парасатты адамның іс әрекетшілдігі Жер шарындағы дамудың басты анықтаушы факторы болатын период


Ноосфера біздің планетадағы жаңа геологиялық құбылыс, осында адам ірі құатты геологиялық күш болып табылатын

Ноосфера – ғаламдық масштабтағы ақыл парасатты, ғылыми негізделген істердің әлемі

Озон қабаты (озо­н экраны немесе қалқаны) – озонның максималдық концентрациясы бар аймағы - барлығы 8 ррт (8 ауаның бір миллион бөліктеріндегі 8 бөлігі)

Ортаның геоэкологиялық сийымдылығы – белгілі жеке территориялардың немесе жалпы жер кеңістігінің ішінде қоршаған ортаның, оның геожүйелерінің өзінің тұрақтылығынан айырылмай, яғни деградацияға ұшырамай және пайдалы қасиеттерін жоғалтпай, тіршілік және әлеуметтік-экономикалық дамудың шарттарын максималды қамтамасыз етудің сандық бейнеленген қабілеттігі

Планктон – су ағыстарымен пасивті түрде ауысатын, еркін суда жүзетін ағзалар

Плейстон – денесінің бір бөлігі суда, басқа бөлігі судың үстінде орналасатын ағзалар

Пойкилотермия – суық қанды. Осындай жануарлар заттектің тұрақсыз алмасу, деңгейімен, дененің тұрақсыз температурасымен және оны реттеу мезанизмнің жоқтығымен сипатталады. Осыған омыртқасыздар және омыртқалылардың барлығына жуық жануарлар жатады. Дене температурасы қоршаған ортаның температурасынан тәуелді.

Популяция – белгілі орынды мекендейтін, бір түрге жататын, пайда болуы бірдей және фенотипті ұқсас дербестердің тұрақөты бірлестігі

Популяциялардың полиморфизмы – әрбір популяция сол немесе басқа дәрежеде біртекті емес, әсіресе үлкен территорияда орналасатын болса. Популяцияның біртекті еместігі келесілердің бар болуымен байланысты: әртүрлі жастық топтардың,жыныс жасына жетпеген, активті көбейетін немесе керісінше еркектер мен ұрғашылардан, жалғыздық және үйрлеі фазалардан, т.б.

Популяцияның саны – берілген территориядағы берілген популяцияның дербестердің жалпы мөлшері; жануарлың мөлшері мен экологиялық факторлардан тәуелді


Популяцияның тығыздығы – аудан немесе көлем бірлігене келетін дербестердің мөлшері: 1 гектар немесе 1 м2, 1 литр немесе 1 миллилитрге. Дербестер есептелінетін ауданның мөлшері дербестің денесінің мөлшерінен, оларды есепте мүмкіншілігінен, орналасу немесе таралу түрінен тәуелді. Топырақта ұсақ мекендеушілерді есептеу үшін 1 дм3 немесе 1 см3 алынады.

Синэкология – қауымдастықтардың экологиясы

Созология - қоршаған ортаны «қорғау туралы ілім»

Стресс-реакция (от ағылш. стресс - кернеулік) – қатты тітіргіштің әсерінен пайда болатын популяцияның арнаулы реакциясы

Табиғаттың ескерткіштері – ғылыми, экологиялық, мәдени, эстетикалық бағалы уникалды, қайтадан келтірілмейтін табиғи объектілері (үңгірлер, үлкен емес сайлар, ғасырлық ағаш теректері, тау тастары, құлама сулар, т.б.)

Табиғатты пайдалану – табиғиресурстық потенциалды жұмысқа салудың барлық түрлерінің және оны сақтау бойынша шаралардың жиынтығы

Табиғи паркілер – ерекше экологиялық және эстетикалық бағалануымен, салыстырмалы жеңіл сақтау режимымен жіне көбінесе тұрғындардың үйымдастырылған дем алу үшін пайдаланатын территориялар

Табиғи ресурстар (жаратылыстық) – тікелей және жанама сұраыстар үшін бұрыңғы уақытта, кәзір және келешекте пайдаланатын, материалдық құндылықтарды және еңбек ресурстарын молықтыратына қолайлы табиғи объектілер мен құбылыстар. Табиғи ресурстарға жатады: пайдалы қазбалар, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, атмосфералық ауа, су, климат, күн және космостық радиация

Табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіру адамның шаруашылық іс әрекетшілдігінің нәтижесінде табиғи ресурстардың сол немесе басқа түрлердің жұқарған деңгейінің алдындағы күйіне жеткізу, қалпына келтіру

Табиғатты қорғау – техногендік, агрогендік, басқа антропогендік жүктемелердің жағдайларындағы тірі ағзалардың жаратылыстық ортасын және табиғи ресурстардың жиынтығын сақтауға бағытталған іс әрекет


Табиғи тепетендік – стихиялық немесе антропогендік сипаты бар ішкі және сыртқы факторлардың ауытқу әсері жоқ кезіндегі, табиғи ортаның, оның экологиялық қасиеттерін, геожүйелер немесе басқа территориялардың ішіндегі, олардың табиғи тұрақты эволюциялық дамуын және негізгі құрылымдық пен функционалды қасиеттерінің қамтамасыз ететін куй

Табиғи ұлттық паркілер – табиғи экожүйелерді мақтау және пайдаланудың жаңа формаларының біреуі

Тіршілік ету жағдайлары (өмірдің шарттары) – ағзамен диалектикалық біртұтастықты құрайтын тіршілік үшін қажетті элементтердің жиынтығы

Түрдің экологиялық құысы – биоценоздың жалпы жүйесінде орналасатын түрдің жағдайы, ортаның абиотикалық факторларына талаптары мен оның биоценотикалық байланыстарының кешені

Тұрақты даму - қәзіргі уақыттың сұраныстарын қанағаттандыратын, бірақта келешек ұрпақтардың өз сұраныстарын қанағаттандыруға қабілеттігін бұзбайтын даму, яғни қоршаған ортаға табиғаттың жаратылыстық мүмкіншіліктерінің шеңберінен шықпайтын әсер

Урбоэкология (қала экологиясы) – қала экожүйелердің құрылымы мен қызметі, адам мен қоршайтын қалалық ортаның әрекеттесуі туралы ғылым

Шөлейттену – құрғақ, жартылай құрғақ және құрғақшылық жартылай ылғалданған аудандардағы әртүрлі факторлардың әсерінен жерлердің деградациясы

Шекті рауалы концентрация – адамның денсаулығына іс жүзінде әсер етпейтін қоршаған ортадағы зхиянды заттектің максималды рауалы мөлшері

Экология – тірі ағзалардың өзара және оларды қоршайтын ортамен әрекеттесулері туралы ғылым

Экология, Реймерс Н.Ф.бойынша , - бұл:

1) биологияның бөлімі, (биоэкология), тірі ағзалардың өзара және оларды қоршайтын ортамен әрекеттесулерін зерттейтін;

2)экожүйелердің қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін пән;


3) кешенді ғылым, тірі ағзалардың, адамды қоса, мекендеу ортасынзерттейтін;

4) білімдердің кең аймағы, Жер шарындағы әрекеттесуші процестер мен құбылыстардың қоршаған ортамен жиынтығын қарастыратын

Экологиялық апат зоналары – территория немесе акватория, олардың шеңберінде табиғи ресурстарды пайдаланудың рауалы шегі астам болатын, тіпті табиғи ортаға антропогенді ауыртпашылықтарды төмендету немесе шешу кезінде шаруашылық іс әрекеттің тиімділігінің, тұрғындар денсаулығының нашарлауы және әлеуметтік кернеуліктің өсуі төмендемейді

Экологиялық білім – экологиялық білім, дағдыларды игеру үшін арналған, үйымдастырылған, жоспарлы және жүйелік орындалатын процес

Экологиялық мәдениет – сана сезімнің экологияландырудың жоғарғы сатысы; қоршаған табиғи ортамен жанасатын тіршілік етудің дағдыларының бүкіл кешені

Экологиялық факторлар – ағзаларға әсер ететін ортаның жеке қасиеттері немесе элементтері

Экотоп – экожүйенің мекендеу орны

Элиминация – (лат. элиминаре – жою) – тіршілік үшін күрес процесінде дербестердің немесе кейбір жүйелік категориялардың (түрлердің, тектердің) өлімге ұшырау

Қорықтық территория адамның шаруашылық іс әрекетшілдігінің дәстүрлі формаларынан шығарылған территорияның бөлігі

Қорықша (Заказник) – табиғи ресурстардың белгілі түрлерін немесе жалпы ландшафты сақтау, жаңарту немесе молықтыру мақсатында адамның щаруашалық іс әрекетінің бір немесе бірнеше түрлеріне шектеулер еңгізілген табиғи территорияның бөлігі

Қорықша (Заказник) – табиғи кешендерді немесе олардың компоненттерін сақтау және қалпына келтіру және экологиялық балансын тұрақтандыру үшін белгілі мерзімге (кейбір жағдайларда тұрақты) түзілген территориялар



следующая страница >>