https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 ... 8 9

Тақырып 2-3. Құқық және мемлекеттік- құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.

1.Құқық ұғымы және белгілері.

2.Құқықтың пайда болуы және оның мәні.

3. Құқықтық норма ұғымы және құрылымы.

4. Құқықтың қайнар көздері, нормативті құқықтық актлер.

5. ҚР құқықтың әрекет етуі.

6.Құқықтық қатынас ұғымы және түрлері.

7. Құқықтық мәдениет және сана.

8.Құқық бұзушылық.

1. Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.

Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды.

Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.т.


Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.

Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс.

2. Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау, олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады.

Қоғамдық тәртіп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.

Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын белгілейді.


Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.

Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

3.Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже. Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.


Құқықтық нормалардың белгілері:


  1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.

  2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.

  3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

  4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

  5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.

Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.

Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.


Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:


  1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.

  2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.

  3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.

  4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.

  5. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.

Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды.

Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.т.

Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.


Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс.

4. Құқықтың қайнар көздері, нормативті құқықтық актлер.

Қазақстан мемлекетінің құқығының объективтік және субъкетивтік қалыптасу жолдары осындай. Бұл жолмен әлемдегі, барлық мемлекеттер де өтті. Құқықтық даму негіздері де, нысаны да ұқсас деуге болады. Тек аздеп ерекшеліктері бар. Мысалы, біздің Қазақстан мемлекетіміздің құқығының даму процесіндегі діни нормалардың тәжірибесін және прецеденттік нормаларды өте аз пайдаланады. Дамыған елдердің демократияны дамыту тәжірибелерін өте кең пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының құқық нысанының түрлері:

-құқықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр;

-құқықтық прецедент;

-нормативтік шарттар;

-нормативтік құқықтық актілер.қазақстан мемлекетінің нормативтік актілерінің түрлері, жүйелері Конституцияда толығымен көрсетілген. Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, саяси партиялар, еңбек ұжымдары өздерінің құзіретіне, өкілеттілігіне сәйкес нормативтік актілер шығарады. Олар Конституцияға нұқсан келтірмеуге міндетті. Конституцияның талаптарының дұрыс орындалуын президенттің аппараты мен Конституциялық Кеңкс бақылап отырады.

Республика Конституциясында көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар және жай жай жарлықтар шығарады. Республикалык Президантінің жарлықтары Конституция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің Жарлығымен:


1.Республика Президентінің актісін шығаруды талап ететін Президенттің конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады.

2.Конституцияда және өкімет органдарының халқының алдындағы жауапкершілік заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі:

3.Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ үкімет пен басқа да мемлдекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мәселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырады.

4.Республиканың экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы жөніндегі стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.

Республикалық парламенттің актілері: парламент Республиканың бүкіл аумағында міндеті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің конститутциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі парламенттің нормативтік қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды, Парламент, өз құзіретіндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ дара сипатты қаулылар қабылдайды.

Парламент пен Палаталар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және және заңдық сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға хақылы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді палаталар бірлескен отырыстарында қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.

Үкімет актілері – заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын үкіметінің нормативтік актілері және жеке қаулылыры. Үкімет актілері алқалық отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премер – министр қол қояды. Премер – министр өз құзіреті бойынша жеке өкімдер шығарады. Үкімет қаулыларының және Премер – министрдің өкімдерінің Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші болады. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкіметтің өзі, ал Премер – министрдің үкімдерінің күшін Республика президенті немесе Премер – министр жоя алады.

Жоғары сот актілері – Республика сот билігінің жоғары органының заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл жоғарғы соттың Президиумы, Пленумдеры мен Төралқасының қаулылары мен өзге де актілері. Сот практикасыныңмәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік актілерді Республиканың жоғары сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.

Министрлік – ведомстволар өз құзіреті бойынша бұйрық, нұсқау береді. Өздерінің жүйесінде бұл актілердің заң күші болады. Олардың орындалуын өздері бақылап отырады.

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері Әкімшіліктер, Мәслихаттар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер – тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністің аймағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды. Конституцияға сәйкес мәсілихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.

Парламенттік Республика. Заң жүзінде жоғарғы өкімет органы парламент, сайлауда жеңіп шыққын саяси партия өкілдерінен Үкімет құрылады. Үкімет өз жұмысы жөнінен парламентке бағынышты және оның алдында есеп береді. Парламент конституциялық, төтенше тағы басқа заңдарды қабылдайды, бекітеді, қаулылар қабылдайды, шығарады.

Мемлекеттің басқа органдарының (презитенттің, үкіметтің, премер-министрдің, сот органдарының, жергілікті басқару органдарының т.б.) нормативтік актілер шығару, қабылдау, бекіту құзіреттері Президенттік Республикадан көп айырмашылығы жоқ. Қазақстан 1993 ж. Конституция бойынша парламенттік Республика, 1995ж. Екінші Конституцияға сәйкес – Президенттік Республика болады.

6. Қоғамдық қатынастар – белгілі бірөндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыданқоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас- қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орындары.


Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары – саяси, құқықтық, моралдық, ұлттық, діни т.б. қатынстар қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланыста реттелген бұлжымас бірізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бірізділік табу, оның ең басты, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу – ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым – қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.

Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым – қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынас болады. Бұл объективтік прорцесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым- қатынастар да ескіріп, эжаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолман дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түріне шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан, адамдардың және қоғамның мүдде - мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып кейбір қарым – қатынастарға шектеу қойылды.

Қоғамдық қатынастар әртүолі болады: саяси, моралдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс – қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастарының көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан – белгілері:


Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым – қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші – қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағынан құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Құқықтық қатынастардың түрлері:

1.Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе-саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.

2.құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді. Реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп – басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

3.құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептнр, фактілер болғанда басталады. Мысалы: сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

4.Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастар туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.


Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.

Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез – құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас – бұл субъективті құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де жақсартуға мүмкіншілік жасайды.

Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.

1.құқықтық қатынастың субъектісі – жеке адам мен заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. (ҚР АК, 12б.). қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабылеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек. Құқықтық қабылет – құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болуы қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу: шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға қарым – қатынас жасауға т.б. құқықтары бар (кодекстің 14-бабы).

Әрекеттілік (дееспособность) – адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру,өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.

Құқықтық субъектіліетің (әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқықтық жауаптылық мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмысты імтер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау...) жасаған жағдайда он төрт жастан басталады.


Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады. Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата – аналары, асырапалушылары, не қамқоршылары жасайды.

Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды.

Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеу қойылады:

-кәмелеттік жасқа толмаса адамдардың саяси құқығы болмауы, үйленуге (жанұя құруға), қылмыстық... жауапкершілікке тартуға, жұмысқа орналасуға, әскер қатарына шақыруға шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің түрлері):

-адамдардың денсаулығының нашар болуы;

-туысқандық-қандас болу;

-егерде азамат сотталған болса;

-діни нормаларға шектеу.

Шет елдің азаматтары толық, құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.

Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат-мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық қабілеті мен әрекеттілігі бар деп саналады, оның шеңбері олардың ережелері мен Усавында толық көрсетілуге тиіс. Соған сәйкес олар жұмыс жасайды. «оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүлікті және мүлікті емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болатын оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым тұлға деп танылады» (АК -33 б.).

Құқықтық қатынастың объектісі - қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық әкімшілік, еңбекті, т.б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние – заттар, рухани – шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субъектілердің іс-әрекеті және құқық қатынастарының нәтижелері – құқық қатынастарының объектілері. Құқық, қатынастың объектісі – тек қоғамдық және жеке тұлғалар мүдде – мақсатын реттеп басқарып отыратын қарым-қатынастарды қамтиды. Осы мүдде-мақсаттарды орындаудағы усбъектілердің іс-әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қатынастың объектісі болады.


Субъективтік құқық - құқықтық қатынастардығы субъектілердіңекі жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы. Субъективті құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың, ең негізгі мазмұнын құрайды.

Субъективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші – қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші – көрсетілген іс-әрекетті дұрыс орындау; үшінші – көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету;төртінші –егер дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды. Субъективтік құқықтың орындалу әдіс-тәсілдері: 1) құқықтың алдында қойылатын өз мүдде-мақсатын анықтау; 2) құқықтық норманы дұрыс пайдалану; 3) құқықтық тәртіпті қатаң орындау.

Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге заңды міндеттер болды. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекеттеріне, жұмысына байланысты.

Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс уақытындаорындаса, онда сөз жоқ құқықта дұрыс уақытындаорындалады деуге бролады. Құқықтық қатынастың заңды міндеттемелерінің орындалуының екі түрі болады: бірінші – қатынастағы бір субъект басқа субъектілердің мүдде-мақсаты үшін міндетті түрде іс-әрекет немесе бір белгілі жұмыс жасауға тиіс; екінші – оның іс-әрекетіне шектеу қою. Сонда ғана қатынас дұрыс орындалып. Нәтижелі болады.

Құқықтық қатынастьардың өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субъективті құқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып қоғамның объективтік даму процесін реттеп-басқарып отырады.

Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .

Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:
1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты “осы сияқты басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес” деген . Бірақ та сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және жазалайды.
2.Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады.

Әкімшілік жаза — әкімшілік терісқылық жасаған тұлғаға заңның негізінде судья, мемлекеттік органдары (лауазымды тұлғалар) қолданатын мемлекеттің мәжбүрлеу (әсер ету) шарасы болып табылады.Әкімшілік жазалаудың мақсаттары:
> әкімшілік нормаларында көрсетілген іс-қимылдар үшін жауаптылық шарасы;
> құқық бұзушыны тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу;
> әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуын алдын ала ескерту.
Әкімшілік жазалау жанға күйзеліс келтіру мен қадыр-касиетке нұқсан келтіруді максат етпейді. Әкімшілік жазалау жойқын сипатқа ие, өйткені әкімшілік құқық субъектілерін белгілі бір құқықтарынан айырады немесе заң арқылы анықталған айыппұлдық міндеттерді оларға жүктейді, мысалы, лицензиядан айыру және т.б.
Жазалаудың төмендегідей түрлері бар:
> ескерту;
> әкімшілік айыппұл;

> әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе әкімшілік кұкық бұзушылықтың тікелей объектісі болған заттың өтемін төлетіп алу;

> әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құкық бұзушылықты жасау нәтижесінде алынған кірістерді, ақшаларды және бағалы қағаздарды тәркілеу;
> арнайы құқықтан айыру;
> лицензиядан, арнайы құқықтан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын (оны) белгілі бір қызметке немесе белгілі бір іс-әрекеттердің (іс қимылдардың) жасалуын тоқтата тұру;
> өз бетінше тұрғызып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ықтиярсыз бұзу;

Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдары

      1. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелерi болып табылады және қылмыстық белгiлерi бар қоғамға қауiптi iс-әрекеттер жасаған, қылмыстық жауаптылықтан босатылған он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудi, оқытуды және әлеуметтiк оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      2. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның не iшкi iстер органының ұсынысы бойынша сот қабылдайды.

      3. Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымына алты айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге жiберiлуi мүмкiн.

      4. Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымында болуы оның кәмелеттiк жасқа толуына байланысты, сондай-ақ мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынысы негiзiнде сот кәмелетке толмаған бала өзiнiң түзелуi үшiн бұл шараны қолдануды бұдан былай қажет етпейдi деген қорытындыға келген жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

      5. Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымында болуының сот белгiлеген мерзiмi осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен, тек:

      1) кәмелетке толмаған баланың жалпы бiлiм алуын немесе кәсiби даярлығын аяқтау қажет болған, бiрақ ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн;


      2) қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа жеткенге дейiн қоғамға қауiптi қылмыстық белгiлерi бар iс-әрекеттер жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкiн.

      6. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу туралы мәселенi қарау кезiнде прокурордың қатысуы мiндеттi болады.

      7. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинауды iшкi iстер органдары қамтамасыз етедi.

      8. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының әкiмшiлiгi:

      1) кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң, аталған мекеменiң аумағын күзетудi, тәрбиеленушiлердiң жеке қауiпсiздiгiн және олардың терiс әсерден барынша қорғалуын, аталған мекеменiң аумағына бөгде адамдардың еркiн кiруiн және одан тәрбиеленушiлердiң өз еркiмен кетуiн шектеудi, кәмелетке толмағандарды тәулiк бойы, оның iшiнде ұйқыға бөлiнген уақытта қадағалау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерiн, олардың заттары мен тынығатын бөлмелерiн тексерiп қарауды қамтитын арнайы жағдайларын қамтамасыз етедi;

      2) аталған мекеменiң орналасқан жерi бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдарына олардың өз еркiмен кетiп қалу фактiлерi туралы хабарлайды және оларды iздестiрiп, қайтаруға тiкелей қатысады;

      3) кәмелетке толмаған баланы аталған мекемеден шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мiнездеменi және онымен алдағы уақытта жеке профилактикалық жұмыс жүргiзудiң, жұмысқа орналасуына және тұрмыстық жағдайын қалыптастыруға көмек көрсетудiң қажеттiлiгi туралы нұсқауларды кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерiндегi кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияға олардың болу мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей жiбередi.

      9. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына өздерiн аталған мекемелерде бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулары бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.


      10. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарын құру, қызметiн ұйымдастыру тәртiбi және оларда кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң шарттары Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.

      11. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.

Кәмелетке толмағандар мен жастардың арасындағы қадағалаусыз қалушылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу

Еліміздегі криминогендік ахуалдың болашақтағы даму динамикасының перспективасы бүгінгі таңда жасөспірімдермен және жастармен қолданылып жатқан тәрбиелік-құқықтық шаралардың тиімділігіне тікелей байланысты болғандықтан кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалудың алдын алу мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Жоғары және орта оқу орындарында құқық қорғау бағытындағы жастар құрылымдары желісін қалпына келтіру және дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оның жолын кесуде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетуге ықпал ететін неғұрлым перспективті бағыт болып табылады.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметі де кадрлармен одан әрі нығайтуды қажет етеді.

Оқу орындары аумақтарында оқушылар жасайтын қылмыстар санының көбеюі соңғы жылдардың сипаттық ерекшелігі болды. Жалпы білім беретін

оқу орындарында мектептерге бекітілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларын енгізу тәжірибесін одан әрі тарату осы проблеманы шешу жолдарының бірі болып табылады.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды, осы жас тобындағы қылмысты ескертуді қамтамасыз ету, олардың заңды, әлеуметтік-пайдалы қызметке қатысуын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар жалпы барлық қоғамның күш-жігері қажет.


Құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқық тәртібін нығайту

Нарық экономикасын дамыту және қоғамдық өмірді демократияландыру жағдайларында қылмыстың алдын алу әдеттегідей өзекті проблема болып отыр. Қазіргі жағдайда қылмыстық жазалаудың тиімділігі қандай бола тұрса да, оның бір шарасын қабылдау қылмысқа қарсы күресу үшін жеткіліксіз екені анық және құқық тәртібінің проблемаларын тек полиция деңгейінде ғана қарауға болмайды. Сондықтан да құқық бұзушылықтардың алдын алу құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың қызметінде басым бағыттардың бірі болуы керек.

Бұрын тиімді іс - әрекет еткен жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін өткен жылдары өздерін ақтаған ерікті жасақтарды, кәсіпорындарда және оқу орындарында, тұрғылықты жері бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңестерді, полицияға жәрдемдесу жасақтарын және т.б. белгілі ш�