girniy.ru   1 2 3 4 ... 8 9

Тақырып 4.

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.

1.Құқықтық мемлекет түсінігі, белгісі және ерекшелігі.

2. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы құқықтық мемлекеттің ролі.

3. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның арақатынасы.

Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “әдет” заңына бағынып келген.

Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар, адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу, құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған.

Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен тежелуі,ертедегі ғалымдардың ойынша,ең адал мемлекеттікке жатады.

«Заңның күші жоқ жерде - Аристотельдің айтуы бойынша-мемлекеттік құрылымның нысаны жоқ».

Құқықтық мемлекет-көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды.Қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың деңгейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығады.

Құқықтық мемлекет-бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу нысаны,ол құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге құрылады.Құқық алдыңғы рөлді тек сол кезде ғана атқарады,егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса,қызметтегі заңдар шын мәнісінде,халықтың және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе,оларды пайдалану шындықтың іске асқандығы.

Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әр түрлі меншік формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік,ұжымдық,арендалық,жекеленген,акционерлік,кооперативтік, т.б.) тең құқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады.Құқықтық мемлекетте меншіктік,тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады,жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нәтижесі мен өнімдердің меншіктенушісі болып есептеледі.


Құқықтық мемлекеттің пайда болу және даму туралы идеясының тарихы.

Табиғи құқық теориясын жақтаушылардың ойынша, мемлекет халықтың ақылды еркінің негізінде, адам мекемесінің ойлап тапқан заңды актісінің нәтижесі - қоғамдық келісімдер. Сондықтан, бұл теория мемлекеттің пайда болуы туралы механикалық ойлармен үштасады.

Органикалық теорияның негізі бойынша қоғам жэне мемлекет организм ретінде түсіндіріледі, сондықтан олардың мэнін түсінуді сол организмнің қүрылымы мен қызметінен іздеу қажет. Қоғам мен мемлекеттің қү-рылымындағы, қызметіндегі түсінбеушілікті анотомия мен физиологияның заңдылықтарындағы үқсастық арқылы түсіндіруге мүмкіндік бар. Шын мэнісінде, мемлекеттің пайда болуын, қызметін тек психиологиялық көзқарас бойынша түсіндіру мүмкін емес. Көп қоғамдық қүбылыстардың шешілуі адамдардың психологиялық жағдайларына байланысты екені түсінікті. Сондай мэнімен, психологиялық теория, экономикалық келісім, органикалық теориялардың назарына түспеген қоғамдық өмірдің көп мэселелерін түсіндіреді.

Мемлекет - көп қырлы төтенше қүбылыс. Оңың пайда болу себептері көптеген объективті факторлармен түсіндіріледі: биологиялық, психологиялық, экономикалық, элеуметтік, діни, үлттық және басқалар. Мемлекеттің пайда болуы жөніндегі келісімге және экономикалық теориялардың қорытындыларына сүйенсек, бүл көзқарастар дұрыстыққа жатпайды. Дегенмен де мемлекеттік қүру туралы келісім өз жөніндегіпсихикасы бар биологиялық жеке түлғалардың арасында жасалуы мүмкін. Қоғамның даму жэне экономикалық себептермен мемлекеттің қүрылуы психикасының қатынасуынсыз және оның күшінсіз мүмкін емес. Құқықтық заңдар, ел азаматтарының қолдауына ие болып, мемлекет жағына заңды қимыл жасамай - ақ ерікті түрде іске асырылады. Өкімет өзін азаматтық қоғамға қарсы қоймайды жэне оның мүддесін қамтамасыз етуге, қорғауға экономикасының дамуына барынша материалдық жағдайлар жасап қажетті өмір сүру деңгейіне жеткізуге көздейді.

Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары.


Қүдықтық мемлекет көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың деңгейіне сай келетін жаңа мазмүлдармен толығады.

Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде, меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап,өндіріске қатысушылардың теңдігін,қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз өсуін және оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.

Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы - өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері – бос азаматтарды біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында,өзінің әр түрлі мүдделерімен адам тұрады.Әлеуметтік институттардың жүйесі,қоғамдық қатынастар арқылы,әр азаматтың шығармашылық ,еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар жасауына болады,ой плюрализмі,жеке адамның құқығы мен бостандығы қамтамасыз етіледі.тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу,мемлекеттің әлеуметтік жұмысын,тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей байланысты болады.Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі ,оның құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді.Құқықтық мемлекет-бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет.Құқықтық мемлекеттің адамгершілік негізін,жалпы адамдық гуманизм принципі және адалдық,теңдік жеке адамның бостандығы,оның ары және адамгершілігі құрайды.Құқықтық мемлекеттің режимін шын мәнісінде,адамның жоғарғы адамгершілік құндылығы бекітеді,олардың қоғам өміріндегі басқару рөлін қамтамасыз етеді,жеке адамға жасалатын басынушылықты,күштеуді жояды.Дәлірек айтсақ,ол мемлекеттік басқарудың демократиялық тәсілінен,сот процесінің адалдығынан,жеке адамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы, аз топтың құқығын қорғау,әр түрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді. Мемлекеттік өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда, қоғамның адамгершілік жетілгендігінен,оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық, гуманизмінен әне саяси қатынастарынан толығымен көрінеді.


Құқықтық мемлекет-бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың,ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды.Мұндай мемлекет үстемдікті,бәріне бірдейлікті,биліктің толықтығын,ерекшелігін іске асыру арқылы,адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық қатынастарын,бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді.Құқықтық мемлекетке мәжбүр ету,мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде,құқықпен шектеледі,заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді.Мемлекет өз күшін,құқық негізінде,тек өзінің тәуелсіздігі,азаматтарының мүдделері бұзылса ғана пайдаланылады.Ол жеке адамның да бостандығын тежейді,егер оның әрекеті басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса.

Мемлекетті саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен анық көрінеді. Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері және барлық гаммма қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады.Тәуелсіздікке байланысты ғана мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мүдделері біріктіріледі,адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы қамтамасыз етіледі.Енді құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне көшейік:

  1. Барлық қоғам өмірінің аясындағы заң деңгейінің жоғарылығы.Құқықтық жүйесіндегі жоғарғы құқықтылықтың нысанына ұйымдарды және адамдардың бостандығын қорғаушы заң жатады.Заңда мемлекет бәріне міндетті тәртіп жолын белгілейді,адалдық пен теңдіктен бастау алып, қоғам дамуындағы объективті қажеттілікті толық есепке алады.Міне сондықтан да заң-жоғары заңдылық күшке ие.Басқа құқықтық актілер заңға сай болуы керек.Заң қоғам өміріндегі ең маңызды ортадағы бостандықтың мөлшерін белгілеп,қоғамның адамгершілік құндылығын қорғайды(мысалға,меншік туралы заңдар,кәсіпкерлік туралы баспа т.б.). Қосымша заң актілері (подзаконные акты) оның ішінде ведомстволық,қажетті кезінде,заңдардың кейбір қағидаларын анықтайды,бірақ заңды ешқашан да жетілдірмейді,түзетпейді,ауыстырмайды.Сонымен бірге,құқықтық заң, оны шығарушылардың өз еркіне жібермейді.Заңда бекітіліп жатқан қоғамдық қатынастардың объективтілігі,олардың дамуы және өз-өзінен жаңалануы көрсетілуі қажет.Заң шығарудағы әр түрлі тежеулік жүйе,субъективтік сипаттағы тыйым салу,құқықтық мемлекеттің негізіне зиян келтіреді,қоғамдық прогресті тежейді.


Құқықтық мемлекеттің негізі-конституциясы. Онда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген.Конституция қоғамның жалпы құқықтық моделін көрсетеді,барлық ағымдағы заңдар,соған сәйкес келуі міндетті.Мемлекеттің ешқандай құқықтық актілері конституцияға қарама-қайшы келмейді.Конституцияның артықшылығы- құқықтық мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі.Сондықтан құқықтық мемлекет – конституциялық мемлекет.

  1. Жеке адамның құқығының шындығы,оның еркін дамуын қамтамасыз етуінде. Әлеуметтік,саяси өмірде,адам бостандығы оның құқығы ретінде көрінеді.Құқықтық мемлекет жеке адамдарға белгілі бостандықтың болуын қолдайды,ол мөлшерден әрі қарай мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды.Мемлекеттік биліктің «араласпауы» міндеттілігі, адамдардың өз құқығын сақтауды талап етуіне сәйкес келеді.Егер белгіленген құқық бұзылса,ол соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі.Мұндай жағдай,нағыз құқықты бостандыққа айналдырады.Құқық жалпыға бірдей,көлемді және бір деңгейдегі бостандық.Оның шын көрінісі мына формуладан қамтылған: «тұлғаға тыйым салынбаған нәрседен басқаның бәріне рұқсат етіледі».

Жеке адамдардың құқықтық сипаттағы бостандығы,қоғамның әр түрлі жағдайынан көрінеді.Қазіргі демократиялық мемлекетте объективті құқық бостандығы,өзінің әр қилы мазмұндарына байланысты жек адамның субъективтік құқығымен іске асырылады.Ондағы ең маңыздысы-жеке адамның құқығы,оның мүддесін орындауға ұмтылған мемлекетті қимылы (әрекеті),жеке адамның дербес құқықтығына,білім алу,әлеуметтік қамсыздандырылу,сотпен қорғалу,мемлекеттің көлемінде еркін жүру жатады.

3. Мемлекет пен жеке адамның арасындағы жауапкершілік.Саяси өкіметті алып жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы азаматтың арасындағы қатынас,теңдік және адалдық негізінде болуы керек.

Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.


Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм.

Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады.

Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai.

Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды.

«Бүкiл адамзат үшiн жарқын болашаққа үмiт беретiн бiрден-бiр жол, ол өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұндa барлық қoғaмдық күш-жiгерлер - мемлекеттер, жеке сектор, бiлiм беретiн және зерттеу мекемелерi, барлық нысандағы азаматтық қoғaм - нақты, қол жететiн мaқcaттapғa ұмтылу үшiн өз күштерін бiрiктiредi.» (БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Aннaнның ұйымның қызметi туралы есебi, Бас Ассамблея, Нью-Йорк. 6 қыркүйек 2001 жыл

Азаматтық бастамалар тек елеуciз шамада ғaнa мемлекет арқылы қабылданады: мемлекет мұндай бастамаларды өзiнiң даму үлгiлерiне көшiруге қабiлетсiз. Мемлекет пен азаматтық қoғaм органикалық жүйе элементтерi ретiнде емес, ал тек ресми турде ғaнa өзара iс-қимыл жасайды: олар өзара тiптi белгiлi бiр қарама-қайшылыққа да барады.

Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi тек демократия қажеттiлiктерiмен ғaнa мәжбүрленбейдi, ол сонымен қатар экономикалық сипат та алады: кәсiпкерлiк қызмет бастамалары, әcipece шағын және орта бизнес салалары, тек жеткiлiктi түрде дамыған азаматтық қоғамда берiлетiн мүмкiндiктермен тiкелей байланысты.


Азаматтық қoғaмның қалыптасу және даму процесi үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты.

Үшiншi сектор - бұл өз мақсаттарын мүдделер бойынша клубтарда, кәсiби одақтарда, әлеуметтiк қозғалыстарда, одақтарда icке асыратын epiктi азаматтардан құралатын өзiн-өзi басқаратын сектор (деп анықтама беріледі – Sourcebook on Building Partnerships with Civil Society Organizations. UNDP, 2002).

Азаматтық қoғaмның ажырамас құрамды бөлiгi бола отырып, «үшiншi сектор» елдегi қоғамдық-саяси процестердi ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигiзедi.

Мемлекеттiң демократиялық жүйесi әзipше дамымай oтырған жағдайда, дәл осы бейүкiметтiк ұйымдар арқылы азаматтық қoғaм көбiне iлгерi дамып отырады.


Тақырып 6.

ҚР-ның құқық қорғау органдары және сот.

1.ҚР-да құқық қорғау органдарының қызметінің ұйымдастырылуының негіздері.

2.ҚР-дағы сот және сот әділдігі.

3.Құқықтық қатынас құрамы.

      Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

     Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

     Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.

     Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.


     Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.

     Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.

     Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.

     Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.

     Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.


     Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді.

     Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады.

     ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы пллициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді.

     Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу.

     Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді.

     ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді.

     ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі.


     ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады.

     Лаңкестікпен күресу – 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды.

     Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады.

     ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді.

      Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.

     Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

     Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.

     Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады.

     Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады.


     а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;

     ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;

     б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;

     в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын;

     г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.

     Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді.

     Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.

     Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.

     Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.


     Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу.

     Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.



<< предыдущая страница   следующая страница >>