https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ





КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

3 ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ

ПӘННІҢ ОҚУ –ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ





«БЕКІТЕМІН»

ҚазҰМУ ОТЖ проректоры

___________________________________

проф. Тулебаев К.А.

« _____ » ____________________ 2012 ж.


Хирургиялық гепатология негіздері


Элективті пәннің


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Мамандық 051301 – Жалпы медицина


Курс V

Семестр IX - X


Тәжірибелік сабақтар (семинар)

-хирургиялық гепатологиядан – 60 сағат

-клиникалық анатомия және

оперативтік хирургия бойынша – 30 сағат


СӨЖ хирургиялық гепатология бойынша – 30 сағат

Клиникалық анатомия және оперативтік хирургия бойынша– 15 сағат


Барлығы – 135 сағат Емтихан


Алматы, 2012

«Хирургиялық гепатология негіздері» (электив) Жұмыс бағдарламасы ҚазҰМУ «№3 Хирургиялық аурулар » кафедрасының профессор А.С. Ибадильдин, доцент Қ.Қ.Амантаева, клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасының профессоры И.А.Алмабаевпен МЖМББС 3.07.475-2006ж. жалпы медицина – 051301 мамандығы бойынша, 1 желтоқсанда 2006 жылы №582 Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрінің бұйрығы, 07.06.1999ж бастап № 389-1 Қазақстан Республикасы заңында «Білім туралы» және 02.09.1999 ж бастап № 1290 Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Мемлекеттік орта білім беру стандарттарының жарамдылық мерзімін, ретін өңдеу және бекіту» бойынша құрастырылды.



3 хирургиялық аурулар кафедрасының отырысында қаралып бекітілді.

Хаттама № 9, 12.02. 2012 ж.


Кафедра меңгерушісі, профессор А.С.Ибадильдин


Жұмыс бағдарламасы ҚазҰМУ хирургиялық пәндер департаментінің білім бағдарламасы бойынша комиссияның отырысында талқыланды,

Хаттама № « » _ 2012 ж.


Хирургиялық пәндер департаменті ББК -ның

төрағасы, профессор ___________________ С.А.Есенкулова


ҚазҰМУ- Әдістемелік Кеңесінде бекітілді




Хаттама №_________ от « ______ » _______ 2012 ж.


ӘК Төрағасы, профессор _________________________ Тулебаев К.А.


2. Бағдарлама


2.1 Кіріспе

Гепатология, оның ішінде хирургиялық гепатология, медицина ғылымдарының үлкен және өте маңызды салаларының бірі болып табылады, оған бауырдың диффузды және ошақты аурулары, бауырдан тыс, бауыр ішілік өт жолдарының аурулары, бауырдың паразитарлық, паразитарлы емес зақымдалулары жатады. Соңғы кезде бауырдың вируспен жиі зақымдалуына байланысты циррозбен асқынған науқастар саны прогрессивті түрде артуына орай, бауыр патологиясын зерттеу актуалды тақырыпқа айналды. Осы аурудың асқынуларын емдеу үшін миниинвазивті операция түрлерін анықтап, бауыр жұмысын қалпына келтіру, порталды гипертензия кезінде хирургиялық коррекция жасау, асциттік - ісікті синдромда емдеу әдістерін жақсарту әлі де ізденісті қажет етеді.

БДҰ мәліметтері бойынша вирусты гепатитпен сырқаттанған науқастар саны 70-80% дейін жетеді деп жобалануда, бұл жағдай халықтың еңбекке ең қабілетті тұсында аса көп шығынға ұшырауына әкеліп соғады. Экологиялық жағдайдың құлдырауына байланысты паразитарлы бауыр аурулары да, әсіресе жас балалар арасында көбейіп келеді.

Осы айтылған мәселелер өзінің шешімін тек бауыр патологиялары мен билиарлы жолдар ауруларын зерттеу, диагностикасын жақсарту, емдеу әдістерін сапалы жолға қойғанда ғана табады. Емханалар мен жалпы дәрігерлер қауымы осы бауыр патологияларын дұрыс талдай білгенде ғана науқастарды жоғары білікті мамандарға уақытында бағыттап, аса қымбат уақытты босқа кетірмейді.


2.2 Сабақ берудің мақсаты – ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйеніп, кәсіби хирургиялық гепатологияның негізгі бөлімдерінен, оның ішінде бауырдың ошақты және диффузды аурулары, билиарлы жолдардың ауруларын, паразитарлы және паразитарлы емес аурулары бойынша білім деңгейін жүйелеу және жоғарылату арқылы «жалпы медицина» бойынша оқып шыққан түлектерге бағдар беру, осы науқастарға хирургиялық көмек көрсету мақсатында заң алдындағы құқықтық мәселелерді жүйелеу, ауыл тұрғындарына тиісті жәрдем көрсету мәселелерін реттеу болып табылады.

2.3. Сабақты оқу міндеттері:

1. Бауыр аурулары мен билиарлы жолдардың аурулары кезінде хирургиялық көмек көрсету ерекшеліктерін анықтау.

2. Бауыр аурулары мен билиарлы жолдардың аурулары кезінде квалифицирленген хирургиялық көмек көрсету сұрақтарын шешу

3. Бауыр аурулары мен билиарлы жолдардың аурулары кезінде диагноз қоюда, аурудың сатысын анықтауда, консервативті және оперативті ем шараларын дұрыс беру үшін қазіргі заманға сай әр жақты зерттеулер жүргізуге бағыттау.

4. Ауруханаға дейін, ауруханада диагностикалық кателіктерді саралап, олардың себебін анықтау арқылы оны болдырмауды үйрету

5. Хирургиялық гепатологияның жалпы дәрігерлерге қажетті тәжірибелік дағдыларын игеру

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиіс:


  • Бауыр аурулары мен билиарлы жолдардың ауруларының этиологиясын, патогенезін, қазіргі заманға сай жіктеулерін

  • Аталған аурулардың клиникасы мен диагностикасын

  • Жалпы клиникалық, лабораторлық, биохимиялық және инструменталды тексерудің қазіргі заманғы

  • Бағдарлама бойынша бауыр аурулары мен билиарлы жолдардың негізгі ауруларының дифференциалды диагноз жүргізу тактикасын, жоспарлы әрі шұғыл хирургиялық қажеттілікте жеке емдеу барысын тағайындау
  • Еліміздегі ересек науқастарға жоспарлы әрі шұғыл хирургиялық гепатологиялық көмек көрстеудің жалпы сұрақтарын


  • Бауыр және билиарлы жолдардың ауруларында хирургиялық емге көрсеткішін, қарсы көрсеткішін анықтау

  • операциядан кейінгі асқынулар мен оның алдын алу

  • Хирургияның деонтологиялық мәселелерін

  • Медициналық құжаттарды жүргізу


Студент жасай білу керек:

  • Бауыр ауруларымен сырқаттанған науқастардың анамнезін жинау, обьективті тексеру жүргізу

  • Алған мәлімдеме бойынша сараптама жүргізу

  • Алгоритм бойынша толық зертханалық және инструменталды тексеруді жоспарлап, нәтижесін саралау

  • Квалификациялық түрде дифференциалды диагноз жүргізіп, толық клиникалық диагнозды негіздеп шығару

  • Емдеу әдістерін анықтау (консервативті, оперативті ем, көрсеткішін, қарсы көрсеткішін анықтау), жансыздандыру түрін анықтау

  • Ең кең тараған манипуляцияларды жасау:

      • бауыр және көкбауыр

      • қан кету бар-жоқтығын анықтау үшін тік ішекті саусақпен тексеру

      • фистулография жасау

      • УДЗ, КТ, МРТ нәтижелерін талдау

Студент таныс болуы керек :

  • билиарлы жолдардың фистулографиясын жасау

  • УДЗ, КТ, МРТ жасау жолдарын



2.5. Пререквизит:

  1. Қалыпты анатомия (асқорыту жолдары, бауыр, көкбауыр, іш қуысы және кіші астау ағзалары, іш перде арты кеңістігі)

  1. Топографиялық анатомия және оперативті хирургия (асқорыту жолдары, бауыр, көкбауыр, іш қуысы және кіші астау ағзалары, іш перде арты кеңістігі)

  2. Қалыпты физиология

  3. Патологиялық физиология

  4. Патологиялық анатомия

  5. Жалпы хирургия

  6. 4 курс бағдарламасы көлемінде хирургиялық аурулар

  7. Анестезиология және реаниматология

2.6. Постреквизит: Хирургиялық аурулардан интернатура, жалпы дәрігерлік тәжірибеден интернатура, акушерия мен гинекологиядан интернатура, хирургиялық гепатология бойынша резидентура


2.7. Хирургиялық гепатология негіздері бойынша тәжірибелік сабақ, аты, мазмұны және сағат көлемі 9-10 семестр, 90сағ.




Тақырыптың аты

Жүргізу түрлері

Уақыты (сағат)

1

Бауыр ауруларымен ауыратын науқастарды жаңа технологияны қолдану арқылы зерттеу алгоритмі.

  1. Клиникалық әдістер

  2. Биохимиялық әдістер

  3. Инвазивтілігі төмен сәулелік зерттеу әдістері:

а) УДЗ және КТ

б) өңештің, асқазанның, он екі елі ішектің рентгеноскопиясы

в) эндоскопиялық әдістер

  1. Интервенциялық зерттеу әдістері:

а) бауыр артериясының целиакографиясы және селективті ангиографиясы

б) костоазигография

в) терілік, бауырлық портография

г) төменгі каваметрия және каваграфия

Тесттік-бақылау. Теориалық сабақ талдау, хирургиялық бөлімде жұмыс – науқастарға курация жасау, сырқатнамаларды талдау, таңу бөлмесінде жұмыс, , операцияларға қатысу, тәжіриблік машықтарды игеру (дәрігермен жұмыс). Қаралған науқастарға клиникалық талдау, топпен жұмыс, дискуссия; ситуациялық есептер шешу.

6

2

Холестатикалық синдром, диагностикасы мен қазіргі кездегі емдеу қағидалары:


  1. Бауыр ішілік және бауырдан тыс өттің іркілуі (холестаз), олардың патогенетикалық әсерлері

  2. Өттің пайда болуы мен өттің бөлінуіне қазіргі көз қарасы

  3. Өттің іркілуінің негізгі патогенетикалық және клиникалық көріністері

  4. Өт іркілуінің биохимиялық көрсеткіштері: өт қышқылы, холестериннің жоғарлауы, фосфолипидтердің болуы, билирубин, сілтілі фосфатазалар, мыс, темір

  5. Өт іркілуінің патологиялық анатомиясы

  6. Өт іркілуінің қазіргі заманғы емдеу принциптері:

а) холестерин деңгейін төмендететін дәрілік заттарды қолдану

б) ішектегі өт қышқылын адсорбциялайтын және жоятын дәрілік заттарды қолдану

в) Өттің ағуын күшейтетін дәрілік заттарды қолдану

  1. Өт іркілуінің оперативті емнің қазіргі кездегі мүмкіндігі

а) өт шығаратын өзектерге қалпына келтіру және реконструктивті операциялар

Б) ЛВА (лимфо-венозды анастомоз)

Тесттік-бақылау. Теориалық сабақ талдау, хирургиялық бөлімде жұмыс – науқастарға курация жасау, сырқатнамаларды талдау, таңу бөлмесінде жұмыс, , операцияларға қатысу, тәжіриблік машықтарды игеру (дәрігермен жұмыс). Қаралған науқастарға клиникалық талдау, топпен жұмыс, дискуссия; ситуациялық есептер шешу.

6

3

Портальды гипертензия синдромын қазіргі заманғы емдеу асспектілері:

Кешенді консервативті терапия ерекшеліктері:

А) мембранотропты терапия

Б) оттекті терапия

В) гипербариялық оксигенация

Г) озонотерапия

Д) гемокомпонентті терапия

Е) аутогемотрансфузия

Ж) экстракорпоралы детоксикациялық әдістер

ІІ. Хирургиялық ем:

А) қан тамырлық портокавальді анастомоздар:

- портокавальді


- спленоренальді

- мезентерикокавальді

- азигокава анастомоз

Б) ағзалық анастомоздар:

- оментопексия

- гастроренопексия

- гепатофренопексия

В) эндоваскулярлы операциялар:

- бауыр артериясының эмболизациясы

- талақ (көк бауыр) артериясының эмболизациясы

- төменгі қуыс венасының балонды окклюзиясы

Г) ЛВА (лимфо-венозды анастомоз)


Тесттік-бақылау. Теориалық сабақ талдау, хирургиялық бөлімде жұмыс – науқастарға курация жасау, сырқатнамаларды талдау, таңу бөлмесінде жұмыс, , операцияларға қатысу, тәжіриблік машықтарды игеру (дәрігермен жұмыс). Қаралған науқастарға клиникалық талдау, топпен жұмыс, дискуссия; ситуациялық есептер шешу.

6

4

Ісікті – асциттік синдромның қазіргі заманғы кешенді емі

  1. Асцит дамуының патогенезі: қақпа вена жүйесінде қысымның жоғарлауы, бауырда венозды және лимфалық қан айналымның бұзылуы, гипоальбуминемияның әсерінен қанның онкотикалық қысымының төмендеуі, қандағы антидиуретикалық гормонның жоғарлауы, альдостеронның жоғарлауы және ағзада натрийдің ұсталып қалуы

  2. Асциттік сұйықтықтың құрамы, клиникалық, биохимиялық және цитологиялық зерттеуге сұйықтықты жинау әдістері.

  3. Портальді гипертензия кезіндегі ісікті-асциттік сұйықтық синдромды анасаркамен және созылмалы перитониттермен (туберкулезді, қатерлі ісіктік және т.б,) дифференциальді диагностикалау

4. Ісікті-асциттік сұйықтық синдромын гепатотропты препараттармен кешенді консервативті емдеу, ағзадағы су-электролиттік және ақуыздық тепе-теңдікті коррекциялаумен диуретиктер беріледі.

5. Экстракорпоральді детоксикациялау әдістері

6. Ісікті-асциттік сұйықтық синдромның қазір заманғы хирургиялық емі: асцит сұйықтығын сыртқы аутореинфузиялау детоксикация көмегімен


- СКМ

- төменгі жиілікті лазермен сәулелендіру

- УФС

- Le Veen бойынша перитонеоюгулярлы шунттау

- Кальбе бойынша фенестрация

- ЛВА

- Рюотта операциясы

Хирургиялық ем әдісін таңдау компенсация сатысына байланысты


Тесттік-бақылау. Теориалық сабақ талдау, хирургиялық бөлімде жұмыс – науқастарға курация жасау, сырқатнамаларды талдау, таңу бөлмесінде жұмыс, , операцияларға қатысу, тәжіриблік машықтарды игеру (дәрігермен жұмыс). Қаралған науқастарға клиникалық талдау, топпен жұмыс, дискуссия; ситуациялық есептер шешу.

6

5

Портальді гипертензия синдромы кезінде өңеш – асқазаннан қан кету, қазіргі кездегі емдеу қағидалары:

І. Өңеш – асқазаннан қан кетудегі консервативті терапия:

А) гемокоагуляциялық препараттар (жаңа мұздатылған қан, жаңа мұздатылған плазма, 1 – 3 тәуліктік сақтаулы эритроциттік масса трансфузиясы)

Б) протеаз ингибиторлары (контрикал, гордокс және т.б.)

В) нитроглицерин, сандостатин

Г) дезогрегантты терапия (реополиглюкин, гемодез, трентал, курантил)

Д) ақуыз алмастырушы терапия (альбумин, протеин, плазма)

Е) жергілікті ЭАКК

Ж) Блейкмор зондымен қан кетуді механикалық тоқтату

ІІ. Хирургиялық ем.

А) өңештің варикозды кеңейген веналарын эндоскопиялық склеротерапия

Б) сол қарынша венасының эмболизациясымен қақпа венасын терілік бауырішілік катетеризациялау

В) жалпы операциялар:

- Пациора-Берема-Крайля-Петрова бойынша өңеш пен асқазанның көк тамырын тігумен проксимальді гастротомия

- Таннера-Топчибашева операциясы

Г) қан тамырлық портокавальді анастомоздар

Тесттік-бақылау. Теориалық сабақ талдау, хирургиялық бөлімде жұмыс – науқастарға курация жасау, сырқатнамаларды талдау, таңу бөлмесінде жұмыс, , операцияларға қатысу, тәжіриблік машықтарды игеру (дәрігермен жұмыс). Қаралған науқастарға клиникалық талдау, топпен жұмыс, дискуссия; ситуациялық есептер шешу.


следующая страница >>