https://electroinfo.net

girniy.ru 1

2009 жылғы киіктерді авиациямен есепке алу қорытындысы



Бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2009 жылы сәуірдің 1 мен 30 аралығында киіктер санын көктемгі авиациямен есепке алу АН-2 ұшағымен үш таралу аймағы – бетпақдала, үстірт және жайық бойынша жүргізілді.

Авиаесепке алу Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 23.08.2005ж. № 191 бұйрығымен бекітілген Қазақстанда киіктерді авиаесепке алу жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес жүргізілді.

Есептеу жұмыстарында Қазақстан Республикасы Зоология институты, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциялар қызметкерлері, Қазақстанның биосаналуандығын сақтау ассоцияциясының өкілдері қатысты.

Жалпы ұшу ұзақтығы 200 ұшу сағатын құрады.

ҚР БҒМ Зоология институтының мамандары жүргізген есептік материалдарды камералдық өңдеу қорытындысы бойынша киіктердің жалпы саны 2009 жылы – 81,0мың дарақты (бұл 2008 жылға қарағанда 20,0мың дараққа немесе 33,0% артық, оның ішінде бетпақдала – 45,2 мың., үстірт - 9,2 мың және жайық – 26,2 мың дарақты құрады.

2009 жылдың есебі Комитеттің қабылдап жатқан шараларының нәтижесінде жануарлардың санының төмендеуі тоқталды және оның саны өсті, 2004 жылғы 30,7 мың 2009 жылы 81,0 мың дараққа жетті.


Қазақстандағы 2004-2009ж аралығындағы киіктер санының динамикасы


Жыл