girniy.ru |
1
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІМИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ДӘРІС Тақырыбы: «Иммунологияға кіріспе. Иммунитет. Иммунитеттің түрлері және механизмдері. Ағзаның бейспецификалық тұрактылык факторлары. Микроорганизмнің антигендері. Антиденелер» 5В110400 - Медико-профилактикалық іс мамандығына арналғанМикробиология пәні II курс 1 сағат ұзақтығыҚарағанды 2011 жКафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген «25» 04. 2011 ж. №9 хаттамаКафедра меңгерушісі, доцент ________________ Ахметова С.Б.Тақырыбы: «Иммунологияға кіріспе. Иммунитет. Иммунитеттің түрлері және механизмдері. Ағзаның бейспецификалық тұрактылык факторлары. Микроорганизмнің антигендері. Антиденелер.» Мақсаты: Жалпы және инфекциялық иммунология, иммунитет механизмі және түрлері, арнайы емес тұрақтылық, антиген және антидене туралы студенттерге түсінік беру. Дәріс жоспары: Кіріспе
Иммунитет Иммунология арнайы ғылым, иммунитеттің түзілуін зерттейтін ғылым. Жеке ғылым ретінде ХХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасты. Оған дейін иммунология микробиологияның және инфекциялық патологияның бір бөлігі болып келді. Иммунитет – адам ағзасының инфекциялық агенттерді қабылдамауы. Иммунитет 2 бөлінеді:
Қорғаныштық қызметі ретінде микроорганизмдердің түріне байланысты әртүрлі антигендер бөледі. Осыған байланысты: антимикробты және антитоксикалық болып бөлінеді. Иммунитет бөлінеді:
Жергілікті иммунитет – патогенді әсерлерге кілегейлі қабат пен терінің жауап беруі. Жергілікті иммунитеттің негізгі механизмі – секреторлы антидене (Ig A) және фагоциттер атқарады. Жалпы иммунитет – ағзадағы ішкі ағзалардың ұйымдасқан қорғаныш қызметі Түрге байланысты иммунитет Түрлік иммунитет дегеніміз – генетикалық бекітілген қабылдамаушылық, жеке бір түрді. Мысалы: адамдар ауыратын аурумен жануарлар мүлдем ауырмайды. Жүре пайда болған иммунитетЖүре пайда болған иммунитет дегеніміз – адамның өмір сүру барысында пайда болады,ол ұрпаққа берілмейді.
А) өмірлік (қызамық) Б) ұзақ уақыт (бөртпе сүзегі) В) қысқа уақыт (тұмау) Инфекциялық (стерильді емес) иммунитет - жүре пайда болған иммунитеттің ерекше формасы, инфекциялық аурудан жазылған соң да инфекциялық агент ағзада кездеседі. Жасанды жүре пайда болған иммунитетЖасанды жүре пайда болған иммунитет – вакцинация, серопрофилактика (сарысу енгізу) жүргізгеннен кейін дамиды.
Қазіргі уақытта антитоксиндер кең қолданылады. Антитоксиндер – микроорганизмдердің токсинін ыдыратады. Пассивті жүре пайда болған иммунитет – тез дамиды, препаратты енгізгеннен соң бірнеше сағаттан соң дамып және тез жойылады. Инфекциялық агенттен ағзаның қорғаныш факторлары
Туа пайда болған иммунитет
Механикалық барьер. Адам ағзасын патогенді агенттерден тері және кілегейлі қабат қорғайды. Көптеген қоздырғыштар адам ағзасына тері және кілегейлі қабаттағы мирожарақаттар немесе қан соратын жәндіктер арқылы енеді. Физико-химиялық барьер. Әртүрлі терідегі бездердің бөлінділері. Кілегейлі қабатта ферменттердің секрециясы және антидене (лизоцим, сілекей, сурфактант). Иммунобиологиялық барьер. Ішкі ағзалардың қорғаныштық қызметі – гуморальді және торшалыболып бөлінеді. Олардың негізгі қызметін комплемент және фагоцитирлеуші торшалар атқарады. Комплемент. Комплемент жүйесі – қан сарысуында кездесетін 26 ақуыз, қабыну процесінде гранулоциттер мен макрофагтар қатысады. Комплемент компоненттерінің негізгі механизмі – фагоцитозды қалыптастыру, микроорганизм клеткасының қабырғасының бүтіндігін бұзу және қабыну медиаторларының жауабын қалыптастыру.
Классикалық жолда комплементтің барлық 9 фрагциясы да қатысады (С1-С9), рет-ретімен. Алтернативтік жолда антидене қатысуынсыз өтеді және қысқа жол. Грам теріс бактерияларға тән. Грам теріс бактериялардың торша қабырғасындағы липополисахаридтің пропердин системасы арқылы тікелей С3 фрагцияға әсер етеді. Фагоцитирлеуші торшалар Фагоциттер тек қана қорғаныш қызметі ғана емес, сонымен қатар дренажды қызмет атқарады (өлген бактерияларды жояды). Фагоцитирлеуші торшалар – полиморфты-ядролы лейкоциттер және макрофагты-моноцитарлы жүйедегі (моноциттер, тіндік макрофагтар) торшалар атқарады. Полиморфты – ядролық лейкоциттерде ядросы және көптеген ұсақ цитоплазматикалық грануласы болады (сондықтан оларды гранулоциттер деп атайды). Боялуы бойынша 3 түрі бар: нейтрофильдер, эозинофильдер, базофильдер. Нейтрофильдер – жедел қабынуда пайда болатын негізгі торшалар, ересектерде олардың саны лейкоцитте көптеп кездеседі. Нейтрофильдердің негізгі бөлігі қанда 6-7 сағат циркуляция жасады. Қанда нейтрофильдер саны көбейсе қабыну реакциясы деп түсінеміз. Эозинофильдер – глисті инвазия. Гистаминді бұзады. Макрофаг және моноцит. Макрофагтар қанда 2-4 күн жүреді, негізгі қызметі фиксирленген тіндік қорғаныш. Альвеоларлы және өкпелік макрофагтар (интерстициальді), бауыр макрофагы (фон Купффер торшасы), дәнекер тіні (гистиоциндер), бүйрек (мезангиальді клетка). Фагоцитоз. Фагоцитоз – микроорганизмдерді жұту және фагоциттерді бөлу процесі. Фагоцитоз төрт сатыдан тұрады:
Антиген түрлері 1. толық антиген а) антидене тудырады б) дайын антиденемен байланысады 2. Гаптен немесе толық емес антиген – антигендік қасиеті бар, бірақ иммуногенділігі жоқ. Сондықтан оларды толық емес антигендер деп атайды. Адьюванттар – бір мезгілде антиген немесе гаптенмен бірге енгізгенде иммундық жауаптудыруын күшейтеді. Микробтардың антигендері
Антигенді анықтау арқылы нақты диагнозды қоюға болады. АнтиденеАнтидене дегеніміз – антигенге қарсы пайда болатын зат. Оларды иммуноглобулиндер деп атайды. Иммуноглобулиндердің 5 түрі бар: Ig A, IgM, Ig G, Ig D, IgE. Иммуноглобулиндер құрылысы 2 ауыр тізбек және 2 жеңіл тізбектен тұрады. Тізбектер өзара бір-бірімен дисульфидті байланысады. ИммунотерапеяИммунотерапея дегеніміз – емдік мақсатта иммундық препараттарды енгізу (АД, ИФН, цитокиндер т.б.).
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
|