girniy.ru 1 2

Қазақ тілі.

1. І жақ көпше түрінде турған етістікті табыңыз

А)жатырмын В)жатырсыңдар С)жатырмыз

Д)жатыңыз Е)жаттым

2.Етістіктің шартты рай жұрнағы белгілеңіз

А)-ді,ды В)са,се С)ғы,гі Д)ып,іп Е)та,те

3.Берілген сөйлемдегі етістік қай шақта тұрғанын анықтаңыз

Біз суды ағаштарға құйдық.

А)өткен шақ В) келер шақ С) осы шақ

Д) тұйық етістік Е) негізгі етістік

4. Тұйық етістікті тіркесті көрсетіңіз

А) оқуға келдім В) үйге барамын С) жұмыс орындау Д) далаға шықты Е) сөйлемді аяқтады

5. Өткен шақтағы етістікті тап

А) тұрады Б) қатысады В) келдің Г) бастау

Д) аяқтау Е) әкелу

6. Баяндауыш қай сөз табынан

. Екеуі кітапханадан шықты

А) сын есім В) сан есім С) зат есім

Д) есімдік Е) етістік

7. Тұйық етістікті белгілеңіз

А) көмек тесемін В) үйренді С) тыңдау

Д) кетті Е) аудар

8. Етістіктің неше рай түрі бар

А) 2 В) 4 С) 3 Д) 5 Е) 6

9. Туынды етістікті белгілеңіз

А) ойла В) бардым С) оқимын Д) жаз Е) жүр

10. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз

А) біздің В) бәрі С) сен Д) ешкім Е) ненің?

11. Етістік нені білдіреді екенін белгілеңіз

А)Қимылды, іс-әрекетті В) заттың сапасын

С) заттың атын Д) заттың мөлшерін Е) заттың саның

12. Тұйық етістікті белгіленіз

А) көмектесемін В)үйренді С) бару

Д) кетті Е) аудар

13. Қанау райды жасайтын қосымшаны көрсетіңіз

А)- сын,- сін В)- сың, -сің Е)- са, -се Д)- ғы,- гі Е) -ма, -ме

14. Өткен шақтағы сөзді табыңыз

А) жылынды В) барады С) жауады

Д) соғады Е) салқындайды

15. «Кітап жазсам» – етістік қай райда тұр?

А. шартты рай В. ашық рай С. қалау рай

Д. Бұйрық рай Е. Келер шақ


16. «Жақсы оқыңдар» – етістік қай райда тұр?

А. шартты рай В. Бұйрық райС. қалау рай

Д. өткен шақЕ. Келер шақ

17. «Еңбек етсең ерінбей» – етістік қай райда тұр?

А. шартты рай В. бұйрық райС. қалау рай

Д. Осы шақЕ. өткен шақ

18. Етістік нені білдіреді?

А. заттың сынын білдіреді В. заттың санын білдіредіС. іс-әрекетті білдіредіД. заттың атын

Е. Заттың түсін

19. Етістік қандай райларға бөлінеді?

А. жекеше, көпшеВ. қалау, ашық, бұйрық, шартты

С. болымды, болымсызД. өткен шақ, келер

Е. Осы шақ, ауыспалы келер шақ

20. Жаңылтпашты толықтырыңдар:Тақпақ ...жатқа ...жаттамай жатпа

А. оқыВ. жазС. жаттаД. айтЕ. аудар

21. Өлең жолдарын жалғастырыңдар: Жаутаңдаған көзіңе

жақсы көріп ...

А. барайын В. Қарайын С. келейін Д. айтайын

Е. сөйлейін

22. Өлең жолын толықтырыңдар: Ботақаным – бөбегім,...өлеңім

А. сөйлейтұғынВ. шырқайтүғынС. көретұғын

Д. қарайтұғынЕ. айтатұғын

23. Өлең жолын толықтырыңдар: Мәпелейін, бағайын,Мойыныңды ...II

А. жазайынВ. көрейінС. тарайынД. барайын

Е. қарайын

24. Етістік қай райда тұр: Жазып отырмын.

А. қалау райВ. ашық райС. шартты рай

Д. бұйрық райЕ. өткен шақ

25 Болымсыз етістіктер болымдыға ... жалғану арқылы жасалады:

А. ма/ме; ба/бе; па/пе сұраулы шылау

В. жіктік жалғауС. ма/ме; ба/бе; па/пе жұрнақтары

Д. көптік жалғауЕ. септік жалғау

6 Етістік ... және 2... болып бөлінеді:

А. болымды, жарамсызВ. деректі,дерексіз

С. болған, болатынД. болымды, болымсыз

Е. толымды, толымсыз

27 Көп нүктенің орнына керекті жұрнақты жазыңдар:

Жүр ..., айт ..., жаз ...

А. ма, па, беВ. ме, пе, баС. ме, пе, бе

Д. па, пе, беЕ. ма, па, ба


28.Артық сөзді табыңдар:

А. ойлаВ. қараС. көтерД. тарЕ.отыр

29 Етістіктің болымсыз түрін табыңдар:

А. көрме жақсыВ. көне жазба табылды

С. жақсы оқыД. қарсы сөйлемеЕ. дұрыс жаз

30 Әкесі қой баға білмегеннің,

баласы қозы баға білмейді.

А мақал ма?В. мәтел ме?С. нақыл сөз бе?

Д. ұлағатты сөз? Е. тақпақ па?



Қазақ тілі. 9 сынып.

1 Етістікті көрсетіңдер:

А. ораза, айт В. сөз, тіл С. айт, сөйле Д. бар, тіл Е. сөз, айт

2 Көп нүктенің орнына керекті жұрнақты жазындар:

шай жаса ..., су әпер ...

А. ма, ме В. ме, па С. ба, пе Д. иә, жоқ Е. емес, еді

3 Артық сөзді табыңдар:

А. ашпа В. Алма С. Билеме Д. Қарама Е. баспа

4 Болымды етістікке па, пе жұрнағы ... жалғанады.

А. дауысты дыбыстан соң В. қатаң дыбыстан соң

С. үнді дыбыстан соң Д. ұяң дыбыстан соң

Е. жіңішке дыбыс

5. Етістіктің шақтары нені білдіреді?

А. санын білдіріді В. мезгілін білдіреді С. сынын білдіреді

Д. сапасын білдіреді Е. мөлшерін білдіреді

6. Етістік қай шақта тұр? Тұрар Алматыдан кеше келді.

А. осы шақ В. бұйрық рай С. келер шақ

Д. нақ осы шақ Е. өткен шақ

7. Етістік қай шақта тұр?

Мен ертең сағат 7-де тұрамын.

А. осы шақ В. келер шақ С. өткен шақ Д. мақсатты келер шақ Е. нақ осы шақ

8. Етістік қай шақта тұр?

Мен бақылау жұмысын жазып отырмын.

А. келер шақ В. өткен шақ С. осы шақ

Д. нақ осы шақ Е. жедел өткен шақ

9. Осы шақ қандай сұрақтарға жауап береді?

А. не істедім? не істедің? не істеді?

В. не істеймін? не істейсің? не істейді?

С. не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?

Д. не істемек? не істеді?

Е. не істеуші ідіқ? не істемек?

10 Өткен шақ қандай сұрақтарға жауап береді?

А. не істеймін? не істейсің? не істейді?

В. не істедім? не істедің? не істеді?

С. не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?

Д. не істеуші? не істедік? Е. не істеуші едік? не істеймін?

11. Келер шақ қандай сұрақтарға жауап береді?

А. не істедім? не істедің? не істейді?

В. не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?

С. не істеймін? не істейсің? не істейді?

Д. не істедім? не істеп отыр? Е. не істеп отыр? не істейді?

12 Іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын қай шақ білдіреді?

А. осы шақ В. келер шақ С. өткен шақ

Д.жедел осы шақ Е. нақ осы шақ

13 Іс-әрекеттің осы уақытта орындалуын қай шық белдіреді?

А. осы шақ В. келер шақ С. өткен шақ

Д. нақ осы шақ Е. болжалды келер шақ

14 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар: Дауысы да ілеспес,

Өзі ұшқан қарқынға

Созған шүйке іспеттес

Жол ... артында

А барады В. Қалады С. келеді Д. Соқында Е. қасында

15. Етістіктің қандай түрі болады?

А. ашық, тұйық, бітеу В. жекеше және көпше

С. дара және күрделі Д. сапалық , қатыстық

Е. деректі, дерексіз

16. Дара етістік неше сөзден тұрады?

А. 2 В. 4 С. 3 Д. 5 Е. 1

17. Күрделі етістік неше сөзден тұрады?

А. бір В. Екі С. Жүз Д. Бірнеше Е. төрт

18. Бала кітапты оқып келе жатыр. Сөйлемдегі етістік ...

А. күрделі етістік В. дара етістік С. болымсыз етістік

Д. Жақсыз Е. туынды

19. «Отыр» қандай етістік?

А. дара етістік В. күрделі етістік С. болымсыз етістік

Д. Толымсыз Е. жақсыз

20. Өлең сөздерін толықтырыңдар:

Балалар ... көшеде,


Естіліді айқай-шу

А. отыр В. Тұр С. Жүр Д. жатыр Е. әкел

21. Өлең сөздердін толықтырыңдар:

Сен де шықтың, көршіңді

... байқамай

А. түртіп өттің В. қағып кеттің С. шақырып келдің

Д. секіріп өттің Е. ұшып кетті

22. Даладан келісімен, әр киімін әр жерге лақтырып тастай салады. Қарамен жазылған етістік қандай?

А. дара етістік В. күрделі етістік С. болымсыз етістік

Д. Туынды Е. негізгі

23. Дара етістікті табыңдар:

А. бара жатыр В. қарап отыр С. ауырып жатыр

Д. бала жатыр Е. айта бар

24. «Рахмет сабақтан кешікті» сөйлемдегі етістік ...

А. болымсыз В. Күрделі С. бала

Д. Жалпы Е. болымды

25.Жіктеу есімдігін көрсетіңдер:

А мен, ол, сол В біз, бұл, оған С. сен, сіз,олар

Д. мен, бұл, олар Е. мынау, ешкім, ештене

26. Септелетін есімдікті көрсетіңдер:

А. әлдеқалай В. осы С. Қайда Д. әрқашан Е. қашан

27. «Ол» деген сөздің көмектес септікте тұрғанын септеп көрсетіңдер:

А. оған В. оны С. Онымен Д. Онда Е. оның

28. «Маған» деген сөз қай септікте тұрғанын анықтаңдар:

А. жатыс септік В. барыс септік С. табыс септік

Д. атау септік Е. ілік септік

29. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді жазыңдар:

... кітабыңыз қызықты екен.

А. сіздің В. Сенің С. Сіз Д. біздің Е.олардың

30. «Оны» деген сөз қай септікте тұрғанын анықтаңдар:

А. жатыс септік В. табыс септікС. шығыс септік

Д. атау септікЕ. көмектес септік


Қазақ тілі. 9 сынып.

1. Қайсысы езулік дауысты дыбыстарға жатады

а) о, ө, ы... в) а, е, ә... с) и, у, ү... д) ү, і, ө...

е) а, о, ө...

2. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді тыбыңыз

а) Техниканың тілі в) Терең су с) Есік ашық

д) Адамның мойыны е) Адамның басы

3. Антоним қайсы?

а) Оңай, қиын в) Жіңішке, ұзын с) Түзу, тура

д) Арамтамақ, жалқау е) Аштық, аш

4. Синонимдық қатарды көрсетіңіз

а) Шыдам, төзім в) Ер, шырайлы, тез

с) Сұлу, керек, ақ д) Бақ, айла, жер

е) Көрік, сөз, әдемі

5. Омоним бола алатын сөз қайсы?

а) Әркімнің в) Өз с) Мал д) Ыстық е) Жалқау

6. Жинақтык сан есімді атаныз

а) Алтыншы в) Елу бес с) Жетеу

д) Үш жүз бес е) Екі-екіден

7. Зат есім мен есім арқылы байланысқан сө тіркесін табыңыз

а) Оқушы әдепті в) Балқаш көлі с) Қаланың жолдары д) Кітаптың беті е) Әкеле жатыр

8. Күрделі зат есімді табыңыз

а) Бастық в) Ата-ана с) Алтын

д) Әңгімелер е) Алғашқы

9. Дара етістікті табыңыз

а) Ойлап қалды в) Сұрап отыр с) Келе жатыр

д) Сурет салды е) Отырмын

10. Қатаң дауссыз дыбыстарды көрсет

а) п, ф, б, в, т, с, щ, ц в) д, ф, м, б, с, ш, ч, ц

с) з, и, к, қ, т, с, х, ц, ч д) п, ф, қ, к, т, с, щ, ш, х

е) ж, к, х, т, с, ш, қ, ц

11. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлемнің түрі

а) Ағаш бұтақтарына бүршіктер пайда болды

в) Бақ ішінде ағаштар гүлдеді с) Мұғалім бізге Алматы туралы айтты д) Жаңбыр жауып тұр

е) Сабақтан кейін базарға шықтық

12. Жұрнақ косылған сөзді табыңыз

а) Үйіміз в) Үйшік с) Үйден д) Үйді е) Үйім

13. Дұрыс жауап бер. Кімнің қаламы?

а) Менде в) Менің с) Сенде д) Оның е) Біз

14. Күрделі етістіктерді анықта

а) Өсірдің в) Оқы с) Жауап бер д) Сана

е) Оянды

15. Әкесінің әкесі баласына кім болатынын табыңыз

а) Ағасы в) Атасы с) Інісі д) Жездесі е) Ұлы

16. Одағай сөзді табыңыз

а) Бақытыма қарай мен оқуға бардым

в) Сен, балам, үйге кел! с) Қызым, сен қайдан келдің? д) Алақай, біз киноға баратын болдық

е) Мүмкін, ол ертең келеді

17. Сыңары жоқ дауыссыз

а) ш в) к с) п д) щ е) т

18. Асырмалы шырайда тұрған сын есімді анықта

а) Әдемілеу в) Өте биік с) Тереңдеу

д) Қып-қызыл е) Тамаша

19. Етістіктің осы шақ категориясын

а) Жүрсе в) Үйрендім с) Жазып отыр

д) Үйренбеді е) Жүрмесін

20. Артық сөзді тап

а) Халық в) Жұрт с) Ел д) Бұқара е) Қонақ

21. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз

а) Абайдың туған жерін есіңе сақта в) Қымыз ұлттық тағамдардың бірі с) Алматыда Абай даңғылы бар д) Бейсен әке-шешесін сыйлайды е) Әлия достарыңды күтіп ал

22. Қазақ елтаңбасының қабылдаған күнін анықта

а) 6 шілде 2000 ж в) 15 қараша 1993 ж с) 1 қантар 1994 ж

д) 4 маусым 1992 ж е) 12 наурыз 1995 ж

23. Тұйық етістікті ата

а) Отыру в) Барамын с) Жүрсіз д) Ойлайды е) Тұрды

24. Сілтеу есімдіктерде – дай, - дей, не болады? Мынадай, сондай, осындай.

а) Түбір в) Жалғау с) Жұрнақ д) Сөз тіркесі е) Екпін

25. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықта. Ол жақсы оқиды, себебі жақсы маман болғысы келеді

а) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем в) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем с) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

д) Ілектес салалас құрмалас сөйлем е) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

26. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықта. Қар еріді, бірақ жер көгере қоймады.

а) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем в) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем с) Ілектес салалас құрмалас сөйлем

д) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

е) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

27. Қазақ билерін ата

а) Бауыржан Момыш-ұлы в) Қаздауысты Қазыбек

с) Шәкәрім Құдайбердиев д) Абай Құнанбаев

е) Жамбыл Жабаев


28. Қазақтын бергілі сазгерлерін ата

а) Дина Нұрпейісова в) Қаныш Сатпаев с) Тоқтар Әубәкіров

д) Мұқан Төлебаев е) Әміре Қашаубаев

29. Жоғары оқу орнына түсетін баланы қала» атайды?

а) Шәкірт в) Талапкер с) Студент д) Ғылым е) Оқушы

30. Түбірлес сөздерді табыңыз

а) Нан, сүт, айна в) Балық, ойынщық, кездесу

с) Ой, ойла, оқушы д) Сурет, суретші, суретшінің

е) Аға, бала, іні


Қазақ тілі. 9 сынып.

1 Көп мағыналы сөзді белгілеңіз.

А. өзен. В.кәсіп. С.ер.Д.көл. Е.мұражай.

2 Синоним қатарын көрсетіңіз.

А. әдемі, жақсы В. халық, батыр С. аспан, әуе

Д. қысқарту, алу Е. сүікті, көрікті.

3. Жалқы есімді көрсетіңіз.

А мұхит. В. қарағай. С. Алтай.Д. тастар.Е. жұлдыз.

4. Ілік септігіндегі сөзді белгілеңіз.

А. қантпен. В. әкесін. С. үйіне. Д. мектепгің. Е. қала.

5. Мақалды толықтырыңыз.

Туған жердей жер болмас,

Туғсн ......... ел болмас.

А. қаласындай В. Мектебіндей С. ұлындай

Д. елдей Е. үйдей.

6. Жалпы есімді көрсетіңіз.

А. қала. В. Сәуле. С. Ертіс. Д. Астана. Е. Құлагер.

7. Сын есімнің сұрақтарын белгілеңіз.

А. не істеді? В. қандай?С. ненің? Д. кім? не?

Е нешінші ?

8. Жіктеу есімдігін табыңыз.

А. мынауВ. Сіз. С. әркім.Д. ешқашан. Е. өзім.

9. Қай жылдан бастап Қазақстанның астанасы Астана қаласы .екенін көрсетіңіз.

А. 1991ж. В. 1997ж С. 2005ж. Д. 1929ж.Е. 1989ж.

10. –лау,-леу; -дау,-деу; -тау,-теу сын есімнің қандай шырайының жұрнағы екенін белгілеңіз.

А. жай. В. күшейтпелі.С. негізгі.Д. жалпы.

Е. салыстырмалы.

11. Туынды етістікті белгілеңіз.

А. жеміс. В. өсті.С. келдім.Д. баста.Е.тыңдау.

12. Республика күнін көрсетіңіз.


А. 25 қазан.В. 22 наурыз.С. 30 тамыз.

Д. 16 желтоқсан.Е. 9 мамыр.

13. Антоним сыңарларын анықтаңыз.

А. ерте, кеш. В. қара, әдемі.С. үлкен, аласа.

Д. бүгін, қазір.Е. әсем, көркем.

14. Үй жануарларын белгілеңіз.

А. қой, сиыр, жылқы. В. қоян, тауық, сиыр.

С. жылқы, түйе, түлкі. Д. сиыр, балапан, аю.

Е қаз, ешкі, қой.

15. Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөз табын көрсетініз.

А. зат есім. В. есімдік.С. септік. Д. етістік.

Е шылау.

16. Берілген сөйлемдегі етістік қай шақта тұрғанын белгілеңіз.

Мектеп ауласында балалар ағаш егіп жатыр.

А. нақ осы шақ. В. жедел өткен шақ.

С. ауыспалы келер шақ. Д. ауыспалы мағына.

Е. туынды етістік.

17.Дұрыс жазылмаған сөзді табыңыз.

А. әжеме. В. сәудагер.С. көрші.

Д. тәуелсіз. Е. кітапхана.

18. Мына сөзге жалғаудың қай түрі жалғанғанын табыңыз.

Доспен.

А. көптік. В. септік. С. тәуелдік.

Д. жіктік. Е. жұрнақ.

19. Тұйық етістікті белгілеңіз. А. бағу. В. ақта С. келдім. Д.тыңдаймыз. Е. тазала.

20. Сөйлемдегі етістіктін райын ажырат.

Жазғы демалыста Астанаға барғым келеді.

А. бұйрық рай. В. қалау рай. С. ашық рай.

Д. шартты рай. Е. осы шақ.

21. Зат есім нені білдіретінін белгілеңіз.

А. Заттың санын. В. Заттың атын.

С. Заттың сапасын. Д. Іс-әрекетті.

Е. Сөз құрамын.

22. Жұмбақтың шешуін белгілеңіз.

Қырық екі аты бар,

Танысыңдар –айтыңдар.

А. екпін. В. сөйлем. С. алфавит.

Д. сұрақ. Е. нүкте.

23. Жуан дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.

А. о, ө, ұ, ү. В. ұ, ы, о, а. С. ы, і, и, а.

Д. ә, і, ү, е. Е. ы, а, і, ә.

24. Негізгі зат есімді табыңыз.

А. күйші В. Оқушы С. Тазалық Д.қоңырау Е. адалдық.


25. Наурыз мейрамында әзірлейтін басты тағамды атаңыз.

А. наурыз көже В. таба нан С. сомса

Д. шұжық Е. бауырсақ.

26. Күшейтпелі шырайда тұрған сын есімді табыңыз.

А. кең В. көркем С. биіктеу

Д. сұп-сұлу Е. дәмді.

27. Бірыңғай бітеу буынды тіркесті көрсетіңіз.

А. таңдау жоқ В. көңілді ойын С. ол кезекші Д. биік ағаштар Е. көркем әдебиеті.

28. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойыңыз.

....ылқы –төрт түліктің бірі.

А. қ В. д. С. б Д. м Е. ж.

29.Жіктік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

А. елім В. Елімнің С. баламын

Д. баласына Е. үйлер.

30. Берілген сөздер ішінен көмекші есімді белгілеңіз. А. жаны В. Кітабы С. құстарын Д. тілек Е. мереке.


Қазақ тілі.

1 Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А тән, жан, озат. В шыдам, төзім, тағат.С оқы, жаз, аудар. Д кіші, үкен, биік. Е көрші, дос, жолдас.

2 І жақ көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.

А жатырмын В жатырсыңдар С жатырмыз

Д жатыңыз Е жаттым.

3 Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.

А жазылған В еңбекқор С қуаныш Д көлдің Е тәуелзіз

4 Ашық буынды сөзді табыңыз.

А мұғалім В қыркүйек С дәрігер Д мекеме Е балмұздақ.

5 Мақалды аяқтаңыз.

Күздің бір күні қыстың .... ....... асырайды.

А бір аптасын В бір айын С бір күнін Д екі айын Е үш айын.

6 Жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз

А ә, е, ұ, ы В ү, е, і, ә. С ұ, а,ы, і. Д о, ө, ұ, ү. Е а, ә,е, о.

7 Түбір сөздерді табыңыз.

А өзен, малшы. В жұмбақ, сурет. С суретші, жаз.

Д ақылды,тазалық. Е қала, әнші.

8 Сын есімді сөз тіркесін табыңыз.

А.біздің мектеп. В жүз теңге. С жаңбырлы күз.

Д ешкім білмейді. Е оқушы жазды.

9 Тура мағынада тұрған тіркесті белгілеңіз.


А. ақ қағаз. В. Ақ жүрек. С. Ісі ақ. Д. Жылы жүрек.

Е. Жұмсақ мінез.

10. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын жалғаңыз.

Мектептің қасы..... үлкен саябақ бар.

А. –ға В.-мен С. –нің Д. –ды Е. –нда.

11 Қазақстанның бас қаласы қай өзен бойында орналасқанын көрсетіңіз.

А. Ертіс. В. Талас. С. Есіл. Д. Жайық. Е. Сырдария.

12. Мағыналары қарсы сөздерді белгілеңіз.

А. мейрам,мереке В. ұстаз, мұғалім С. бөлек, бірге

Д. шәкірт, оқушы Е. жақын, жақсы.

13. Заттың іс-қимылының мақсатын, себебін, мөлшерін қай сөз табы білдіретінін көрсетіңіз.

А. үстеу. В. етістік. С. зат есім. Д. сын есім. Е. есімдік.

14. Тұрлаулы мүшені көрсетіңіз.

А. бастауыш, анықтауыш. В. толықтауыш, пысықтауыш.

С.бастауыш, баяндауыш. Д. баяндауыш, толықтауыш.

Е. анықтауыш, пысықтауыш.

15. Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болған қазақстандық батырды атаңыз.

А. Шоқан Уәлиханов. В. Абай Құнанбаев. С. Қаныш Сәтпаев.

Д. Талғат Бигелдинов. Е. Тоқтар Әубакіров.

16. Етістіктің шартты рай жұрнағын белгілеңіз.

А. –ді, -ды В.-са,-се С. –ғы, гі Д.-ып,-іп, -п Е. –та, те.

17. Берілген сөйлемдегі етістік қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

Біз суды ағаштарға құйдық.

А. өткен шақ В. келер шақ С. осы шақ Д. тұйық етістік

Е. негізгі етістік.

18. Күшейтпелі шырайда тұрған сын есімді көрсетіңіз.

А. ақылдырақ В. Биіктеу С. ең жақсы Д. жарық Е. суықтау.

19. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді табыңыз.

А. Менің әжем ауылда тұрады. В. Бұл кітап ещқайда жоқ.

С. Сыныпта барлық оқушы отыр. Д. Біздің жеріміз бай.

Е. Оның ағасы оқу бітірді.

20. Еліміздің Тәуелсіздік кунін белгілеңіз.

А. 16 желтоқсан. В. 25 қазан. С. 30 тамыз.


Д. 22 наурыз. Е. 1 қыркүйек.

21. Жуан дыбысты сөзді көрсетіңіз№

А. әдебиет. В. дәстүр. С. мұғалім. Д. асхана. Е. көктем.

22. Жалқы есімді белгілеңіз.

А. табиғат. В. қала. С. «Балдырған» Д. халық.

Е. жұлдыз.

23. Көмекші есімді белгілеңіз.

А. өзен. В. ескерткіш. С. кірді. Д. дәмді. Е. үсті.

24. Негізгі зат есімді табыңыз.

А. қуыршақ. В. күйші. С. тазалық. Д. балалық.

Е. әнші.

25. Н. Ә. Назарбаев қай жылы Қ. Р-ның тұңғыш Президенті болып сайланғанын анықтаңыз.

А. 1986. В. 2005. С. 1991. Д. 1989. Е. 1945.

26. Ауыспалы мағынада тұрған тіркесті белгілеңіз.

А. суық хабар. В. суық жел. С. суық сүт. Д. жұмсақ тоқаш. Е. жұмсақ төсек.

27. Сөйлемнің түрін ажыратыңыз.

Сен сабақ істедің бе?

А. бұйрық. В. хабар. С. лепті. Д. сұраулы.

Е. күрделі.

28. Тұйық етістікті тіркесті көрсетіңіз.

А. оқуға келдім. В. үйге барамын. С. жұмыс орындау. Д. далаға шықты. Е. сөйлемді аяқтады.

29. Мына сөзге жалғанатын қосымшаны белгілеңіз.

Қазір ... .

А. - гі. В. –ғы. С. – кі. Д. – қа. Е. – ке.

30. Сөйлем мүшелерді нешеу екенін белгілеңіз.

А. 5. В. 2. С. 3. Д. 7. Е. 6.



Қазақ тілі.

1.Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстан тұратын сөздерді атаңыз.

А. кел, теңіз. В. көмек, жұмыс. С. мұғалім, шәкірт.

Д. жайлау, жібек. Е. мейрам, жұмбақ.

2. Лепті сөйлемді табыңыз.

А. Алыстан көрінді. В. Кім келді? С. Өмір, неткен ғажапсың!

Д. Астана – болашағы үлкен қала. Е. Біздің қалада ескерткіштер бар.

3. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесті белгілеңіз.

А. Жылы бөлмем. В. Жылы сөз. С. Жұмсақ шөп.

Д. Суық жел. Е. Мөлдір су.


4. Берілген сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсетіңіз.

Бүгін қар жауып тұр.

А. бүгін, қар. В. қар, жауып тұр. С. жауып, қар. Д. қар, тұр.

Е. бүгін, тұр.

5. Мақалды аяқтаңыз.

Тазалық - ... кепілі.

А. байлық. В. өлкесі. С. денсаулық. Д. шаңырақ. Е. жанұя.

6. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

А. елім. В. мектебі. С. жүргізушімін. Д. суретін. Е. жапырақтар.

7. Тасымалданбайтын сөзді табыңыз.

А. орман. В. айдар. С. қант. Д. жаңғақ. Е. күзгі.

8. Түбір сөзді белгілеңіз.

А. оқушы. В. тазалық. С. балалық. Д. сатушы. Е. ауыл.

9. Көмекші есімді көрсетіңіз.

А. үйдің. В. тұзды. С. халық. Д. іші. Е. қаласы.

10. Күшейтпелі шырайда тұрған сын есімді табыңыз.

А. көркем. В. ең терең. С. төмендеу. Д. салқын. Е. қысқы.

11. Қазақстан Р-ның Конституция күнін көрсетіңіз.

А. 1 қыркүйек. В. 9 мамыр. С. 16 желтоқсан. Д. 25 қазан.

Е. 30 тамыз.

12. Туынды етістікті белгілеңіз.

А. ойла. В. Бардым С. оқимын Д. жаз Е. жүр

13. Етістіктің неше рай түрі бар.

А. 2. В. 4 С. 3 Д. 5 Е. 6

14. Көп нүкте орнына жіктік жалғауын қойыңыз.

Сен Павлодар қаласында тұра ... .

А. – мын В. – мін С. – сыз Д. – бын Е. – сың

15. Біздің Республика неше облыстан тұрады?

А. 10 В. 12 С. 14 Д. 8 Е. 20

16. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.

А. біздің. В. бәрі С. сен Д. ешкім Е. ненің?

17. Етістік нені білдіреді екенін белгілеңіз.

А. қимылды, іс-әрекетті. В. заттың сапасын С. заттың атын

Д. заттың мөлшерін Е. заттың санын

18. Өткен шақ етістік жұрнақтарын көрсетіңіз.

А. – іп, - ып, -п. В. – ды, - ді, - ты, - ті С. – а, - е, - й

Д. – лау, - леу, - тау, - теу Е. –у, - ты, - ті

19. Тұйық етістікті белгілеңіз.


А. көмектесемін. В. Үйренді С. тыңдау Д. кетті Е. аудар

20. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыз.

А. құрт, тоқаш. В. бесбармақ, бауырсақ С. сүт, нан

Д. ірімшік, қияр Е. балық, ет

21. Заттың сынын, белгісін білдіретін сөйлем мүшесін атаңыз.

А. бастауыш В. Баяндауыш С. толықтауыш Д. пысықтауыш

Е. анықтауыш

22. Антоним қатарын көрсетіңіз.

А. тұңғыш, бірінші В. сапалы, жақсы С. жиі, сирек

Д. үлкен, алыс Е. күнделік, дәптер

23. Сан есім мен зат есімнен жасалған сөз тіркесін табыңыз.

А. ұзын жол. В. сабақ оқыдым С. жүз теңге Д. оқыған бала

Е. алтын сағат

24. Синоним сөздерді табыңыз.

А. үлкен, биік, аласа В. аласа, кішкентай С. жәрдем, көмек Д. сұлу, жақсы Е. жақсы, жаман

25. Жалқы есімді көрсетіңіз.

А. отбасы В. Адам С. Көкшетау Д. көше Е. теңіз

26. Баяндауыш қай сөз табынан болып тұрған көрсетіңіз.

Екеуі кітапханадан шықты.

А. сан есім. В. сын есім С. зат есім Д. есімдік Е. етістік

27. Қазақстанның бас қаласын атаңыз.

А. Алматы В. Павлодар С. Астана Д. Тараз Е. Түркестан

28. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.

А. көмекші В. Тыңдаймын С. қарбөбек Д. дәрігер Е. суретші

29. Ашық буынды сөзді көрсетіңіз.

А. береке В. Туған С. атамекен Д. сөйлем Е. тұрғандары

30. Қазақ тіліне тән дыбыстар санын көрсетіңіз.

А. 12 В. 20 С. 9 Д. 42 Е. 33


1.Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз.

А. Мер-еке В.ш-өп С) жән-дік Д) үт-ір Е) мез-гіл.

2. Тура мағынада түрған сөзді көрсетіңіз.

А) Басым ауырды. В) бас дәрігер. С)бұлақтың басы. Д) жыл басы. Е)істің басы

3.Берілген сөйлемнің түрін ажыратыңыз.



следующая страница >>