https://electroinfo.net

girniy.ru 1
4. Емтихан тақырыптарының тізімі



  1. Қазіргі білім парадигмасы ғылымның фундаменталдық ұғымы ретінде

Ғылым парадигмасы ғылыми ойлаудың басты категорияларының, идеяларының, тұжырымдарының және принциптерінің жүйесі ретінде. Ғылымда ғылыми теориялар мен революциялардың дамуы. Концептуалдық схема және Томас Кунның пәндік матрицасы.

Зерттеліп отырған құбылыстар мен процестерге түсініктеме. Теориялар мен әдістердің топтамасы. Әлеуметтанудағы парадигмалар мен перспективалар. Әлеуметтанудағы парадигма: сұрақтың әдіснамасы.


  1. Құрылымдық функционализм ғылыми ыңғай ретінде

Қоғам іштей дифференцияланған және реттелген тұтастық. Жағдайларды анықтау және құрылымды бейнелеу құрылымдық-функционалдық талдаудың екі жолы ретінде.


3. Әлеуметтік жүйелер теориясы

Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы - құрылымдық-функционалдық талдаудың бірінші типінің үлгісі. AGIL схемасы зерттеудің әмбебаптық талдау құралы ретінде. Р.Мертонның «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылымы» стратегияның екінші типінің үлгісі.


4. Қоғамның сынамалы теориясы

Қоғам жаппай және жан-жақты бақылау жүйесі ретінде. Рационалдылық өз өмірін қоршаған әлемді қабылдау, түсіну және ұйымдастыру тәсілі ретінде.

Қазіргі батыс өркениетінің Хоркхаймер және Адорноның концепциясы негізінде дамытылу жағдайлары. Оқу-ағарту диалектикасы (1974ж). Маркузенің тұтыну концепциясы (Бір өлшемді адам» 1964).

«Бақылаудың жаңа түрлері – қоғамның интеграциясы» – әлеуметтік құбылыстарды талдаудың әмбебап құралы.


5. Әлеуметтік айырбас теориясы

Микросоциологиялық бағыт-нақты ситуацияларда индивидтер аралық өзара байланыстарды түсіндіру және түсіну. Әлеуметтік өзара әрекет концепциясы айырбас процесі ретінде. Хоманстың бес тұжырымы («Әлеуметтік мінез-құлық: оның қарапайым түрлері» (1961ж)). Билік қатынасы. Блау концепциясындағы бағыну («Қоғамдық өмірдегі айырбас және билік» (1964).


6. Рационалдық таңдау теориясы

Рационалдық таңдау теориясы. Әлеуметтік өзара әрекет адамдардың іс-әрекеттерін кординациялау процесі ретінде. Ситуацияда мінез-құлық стратегиясын оптимизациялау мәселесі. «Қамаудағының дилеммасы» (Prisoner^s Dilemma).

Джеймс Коулменнің рационалдық таңдауы («Әлеуметтік теорияның негізі» (1990)). Рационалдық таңдау басқа адамдар туралы позитивті көзқарастар ретінде.


7. Символический интеракционизм

Символикалық интеракционизм зерттеу ыңғайы, адамдардың өзара әлеуметтік әрекеті концепциясы ретінде. Адамның мінез-құлығы – стимулдарға (сыртқы әсерлер мен ішкі әсерлерге) реакция ретінде және Дж.Г.Мидтің концепциясындағы символдар (заттар мен іс-әрекеттердің мағынасы).

Әлеуметтік құбылыстарды бейнелеу мен түсіндірудегі үш постулат интеракция процестері ретінде (Блумер).


8. Драматургиялық амал

Гоффманның драматургиялық талдауы. «Мен» концепциясы. Олармен рөл орындайтын әлеуметтік акторлар. Қазіргі заман қоғамда байланыс ұйымдастыру.


9. Феноменологиялық әлеуметтану

Әлеуметтік өзара әрекет адамдардың қылықтарын үйлестіру процесі ретінде. Шюцтің әлеуметтік феноменология концепциясы («Әлеуметтік әлемнің мағыналық құрылымы», 1932). Өмірлік әлем, заттар объективтілігі, типтестіру және интерсубъектілік.

10. Этноәдістеме

Шындықты әлеуметтік құрастыруда тілдің атқаратын ролі – феноменологиялық әлеуметтанудың зерттеу стратегиясының негіздері. Гарфинкелдің концепциясында мәнді анықтаудың эмпирикалық техникасы. Білім индивидтер аралық коммуникацияның жиынтығы ретінде.


11. Әлеуметтік акционализм

Әлеуметтік іс-әрекет құндылықтар мен нормалардың құрылуы ретінде. Ален Туреннің әлеуметтік акционализмі («Әлеуметтік іс-әрекет», 1965; «Қоғам өндірісі», 1973). Қоғам акторлар күресінің аренасы ретінде.

12. Әлеуметтанулық интервенция


Әлеуметтік интервенция іс-әрекет ретінде. Әлеуметтік қозғалыс - акторлардың ұйымдасқан ұжымдық мінез-құлығы. Әлеуметтанулық білім акторлардың практикалық білімі ретінде.


13. Ю.Хабермастың интегративтік әлеуметтанулық парадигмасы

Ю.Хабермастың коммуникативтік іс-әрекет теориясы өмірлік әлем және жүйе туралы зерттеу ыңғайы ретінде. Феноменологиялық дәстүрге алып келуші «Өмірлік әлем» (Lebenswelt) категориясы. Әлеуметтік эволюция және әлеуметтік прогресс адамның танымдық қабілетінің дамуы ретінде. Хабермас әлемді мифтік тұрғыдан түсіну тәсілі туралы.


14. Рационалдық және оның қазіргі кезеңдегі рөлі.

Рационалдық процесс ретінде. Оның қазіргі таңдағы рөлі. Өмірлік әлемнің деколонизациясы. Әлеуметтік іс-әрекет пен әлеуметтік жүйелердің интеграция мәселесі.


15. Э.Гидденстің құрылымдау теориясы

Қоғамды агенттердің өзара қарым-қатынастарының жүйесі ретінде қайтадан қалыптастыру. Дуалдылық тезисі құрылымдау теориясының басты тұжырымы. Гидденстің жаһандануды тұтастықтың және әмбебаптықтың фазасы ретіндегі «модерн жобасы» ретінде қарастыруы. Әлеуметтік жүйелерді қоғамдар немесе социеталдық тұтастықтар ретінде түсіндіру. Динамизм - әлеуметтік өмірдің модерндік типінің айрықша сипаттамасы ретінде.


16. Пьер Бурдьенің габитус және әлеуметтік кеңістік теориясы

Пьер Бурдьенің теориялық ақылды сынауы. Габитус – Пьер Бурдьенің әлеуметтанулық концепциясының басты категориясы ретінде. Габитус (habitus) – принциптердің сапасын қалыптастыруға бағытталған құрылымдық құрылымдардың қабылданған тұрақты бейімделушілік(dispositions) жүйесі. Қоғам әлеуметтік кеңістік ретінде. Әлеуметтік кеңістіктің үлгілері мен құралдары.

Жазықтықтың құрылымы. Әлеуметтік жазықтық және оның ерекше белгілері. Жазықтық құрылымы агенттер мен инсититуциялар арасындағы ара қатынас күйі ретінде.

17. Н.Луманның өзіндік референттік жүйелер (аутопойеттік) теориясы


«Жүйе – қоршаған орта» теориясы кибернетикалық жүйелер теориясы ретінде. Луман бойынша әлеуметтік жүйелерді қалыптастыру. Мән ұғымы және оның әлеуметтік жүйелерді талдауда қолданылуы. Психикалық және әлеуметтік жүйелер. Коммуникациялар - әлеуметтік жүйелердің элементарлық құрылымдық бірлігі.

Өзара әрекет (интеракция), білім және қоғам – жүйенің құрылуының үш деңгейі. Қоғамдық жүйелер теориясы.


18. Г.Маркузенің репрессивтік емес концециясы және жаңа әлеуметтік қозғалыстар.

Г.Маркузенің «бірөлшемді адам» концепциясы және «индустриализм» сынауының теориялық мазмұны. Адамның қажеттіліктерін қалыптастыру мәселесі және оларды қазіргі заманғы индустриалдық қоғамда қанағаттандыру әдістері. «Адам тарихы және оларды жаншу тарихы». Адамның өмір мен өлімге қарама-қарсы ұмтылысын талдау. Адам қажеттіліктері жүйесін қалыптастыру.


19. Г.Маркузенің бірөлщемді мінез-құлқы мен ойлау үлгісі.

Қиял, елес, утопиялық ойлау репрессиялық шынайылықтан арылу мүмкіндігі ретінде. Бірөлшемді мінез-құлық пен ойлау үлгісі. Бірөлшемді қоғамның құрылымы: тұтыну экономикасы, оппозициясыз саясат, мәденииндустрия. Бірөлшемді адамның позитивті ойлауы. «Ұлы бас тарту» концепциясы. Ауысу жүйесіндегі бірөлшемді қоғам аутсайдерлерінің рөлі.

20. Постструктурализм модернизмнің философиялық негізі ретінде

Адамдардың тілдік қарым-қатынасы, іс-әрекеті, ойлаудың тілдік сипаты, «дискурсивтік практика» ретінде. Тіл таңбалық құрылым ретінде.

«Әлем текст ретінде» - бұл постмодернизмнің белгілі тезисі. "Нарратив", "текстуалдық", "интертекстуалдық" – қазіргі шындықты сипаттау үшін қолданылатын постмодернизмнің маңызды ұғымдары.


21. Деконструкция постмодернистік талдаудың жалпы әдісі ретінде.

«нарратив», «мәтіндік», «интертекстуалдық» - қазіргі заманғы шынайылықты суреттеуші постподернизм қолданатын маңызды ұғым ретінде. Деконструкция кез келген мәтін мен мәдениет феноменін талдауға қолданылатын постмодернистік талдаудың жалпы әдісі ретінде.



22. Постмодернистік сезімталдық

Постмодернистік сезімталдық – постмодернизмнің маңызды ұғымдарының бірі. " Постмодернистік сезімталдықтың" қалыптасу ерекшеліктері - әлемді ерекше қабылдау.


23. Постмодернистік теориялар

Фуконың тәртіптендіруші қоғамы. «Билік – білім» практикалар комплексі ретінде. «Дискурстік практикалар – билік стратегиясы» әлеуметтік құбылыстар мен процестерді талдаудың әмбебап құралы ретінде.


24. Тұтыну символикалық және дискурстік практика ретінде. символикалық және дискурстік практика ретінде. Постмодерн концепциясы Ж. Бодриийярша «тарихтың соңы» ретінде. Дж Ритцердің мультипарадигмаларының негізгі ерекшеліктері.


«Қоғамның әлеуметтік мәселелерін зерттеудегі әдістер мен технологиялар» пәні


  1. Әлеуметтанудағы ғылыми зерттеу әдістемесі

«Әдістеме» және «әдіс» түсінігі. Ғылыми оқыту ғылыми жұмыстың негізгі формасы ретінде. Ғылыми зерттеудің жалпы кестесі. Ғылыми таным әдістерін қолдану. Әлеуметтік танымның негізгі әдістері. Әлеуметтік факт түсінігі.

  1. Зерттеудің этикалық нормалары

Зерттеудің негізгі принциптері. Зерттеудің этикалық нормалары. Ақпараттарды ашық және жабық түрде жинау. Зерттеушінің белсенді және енжар рөлі. Зерттеу мәселесі мен әдісін таңдау.


  1. Сандық зерттеу әдістемесінің ерекшеліктері

Эмпирикалық зерттеу әдісін дамыту. «Сандық зерттеу» түсінігі. Сандық зерттеудің шектеулері мен ерекшеліктері.

Садық зерттеудің негізгі әдістері. Сұрау және оның негізгі трүлері. Құжаттарды талдау. Контент-талдау ақпарат жинаудың әдісі ретінде. Тікелей бақылау және оның түрлері.

  1. Сұраудың қазіргі заманғы технологиялары

Сұраудың қазіргі технологиясы. «Бетпе-бет» интервью. Интернет сұрау және оның артықшылықтары. Электронды почта арқылы сұрау. Интернет-форумда және телеконференцияларда сұрау. Онлайн-зерттеудің техникалық артықшылықтары.



  1. Сапалық зерттеу әдістемесінің ерекшеліктері

«Сапалық зерттеу» түсінігі. Сапалық зерттеудің ерекшеліктері. Интерпретативті әлеуметтану сапалық зерттеудің әдістемелік базасы ретінде. Сапалық зерттеудің негізгі тәсілдері. Сапалық зерттеудің негізгі әдістері.


  1. Ғылым мен тәжірибедегі сапалық әдіс

Ғылым мен тәжірибедегі сапалық зерттеу. Сапалық зерттеудегі объективтілік. Сапалық әдістерді маркетингтік зерттеуде қолдану. Сапалық әдістерді гендерлік және феминистік зерттеулерде қолдану.


  1. Әлеуметтік зерттеудегі аралас бағыт

Сандық және сапалық зерттеулердің қарама-қайшылығы. Сандық және сапалық зерттеу әдістемесін сындық талдау. Сандық және сапалық зерттеулердің өзара байланысы.


  1. Кешенді әдістеме ерекшеліктері.

Кешенді әдістеме ерекшеліктері. Теориялық және әдістемелік триангуляция түсінігі. Сандық және сапалық бағыттардың зерттеу процесі барысындағы өзара байланысы. Т.Шанин бойынша «сандық-сапалық интерфейс» түсінігі.


  1. Әлеуметтік зерттеудегі сапалық бағыттың теориялық негізі

Сапалық зерттеудің объектісі мен пәні. Интерпретативті әлеуметтану сапалық зерттеудің әдістемелік базасы ретінде. Әлеуметік іс-әрекет түсінігі (М.Вебер, Г.Зиммель). Символикалық интеракционизм (Дж.Мид, Г.Блумер). Драматургиялық бағыт (И.Гоффман). Феноменологиялық мектеп (А.Шюц). Әлеуметтік конструкциялау концепциясы (П.Бергер, Т.Лукман). Этнометодология (Гарфинкель).


  1. Сапалық зерттеуді жүргізу стратегиясы

Сапалық зерттеудің зерттеулік стратегиясы. Сапалық әдістердің танымдық мүмкіндіктері. Сапалық зерттеуді таңдау және оларды қолдану аймағы. Сапалық зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеудің далалық кезеңдері. Зерттеушінің «қатысушы» ретіндегі позициясы.



  1. Зерттеу бағдарламасын дайындау.

Зерттеу бағдарламасы. Сандық және сапалық зерттеулердің зерттеу бағдарламасының айырмашылықтары. Бағдарламаның кілттік функциялары. Бағдарламаның құрылымы. Мәселені нақтылау. Зерттеу мақсаты мен міндетін айқындау. Зерттеуді жүргізу кестесі. Зерттеуді жүргізудің жалпы логикасы. Далалық ақпаратты сақтау.


  1. Сапалық зерттеудің негізгі тәсілдері

Зерттеу тәсілі. Кейс-стадия немесе жеке қауымдастықты зерттеу. Артықшылықтары мен шектеулері. Этнографиялық зерттеу. Антропологиялық бағыттың ерекшеліктері. Ауызша тарих. Биографиялық әдіс немесе өмір тарихы. Қолдану мүмкіндіктері. Отбасы тарихы. Топтық пікірталас немесе фокус-топ әдісі.


  1. Кейс-стади зерттеу стратегиясы

Кейс-стадия немесе монографиялық зерттеу ерекшеліктері. Кейс-стадияның зерттеу объектісі. Кейс-стадия енгізілген бақылау формасы ретінде. Енгізілген бақылаудың ерекшеліктері. Кейс-стадиядағы зерттеушінің зерттеу объектісінен тыс болуы. Стратегиясы ретінде кейс-стадияны таңдау себептері.


  1. Кейс-стадияны жобалау және өткізу.

Кейс-стадияны жобалау. Кеңістікке кіру. Әлеуметтік желілерді қолдану. Зерттеушіге қойылатын талаптар. Кейс-стадия хаттамасы. Ақпарат жинау әдісі. Эмпирикалық материалды талдау: теориялық болжамға сүйену, бейнелеу (этнографиялық) кейсі, түсіндірмелі модельді құру. Хронологиялық және факторлық талдау.



  1. Тереңдетілген интервью

Сандық және сапалық зерттеудегі интервью спецификасы. Интервью әңгімелесу, диалог ретінде. Зерттеушілік интервьюдегі ашықтық және эмоция. Сапалық зерттеу интервьюіндегі түсіну тәсілі. Тереңдетілген интервьюдің негізгі түрлері. Интервьюді жүргізу кезеңдері. Интервьюді жоспарлау. Интервьюдің тақырыбын таңдау. Интервью кестесі. Интервью сұрақтары.



  1. Интервью этикасы.

Интервью этикасы. Респонденттің зерттеуге қатысуға саналы түрде келісуі. Ақпараттың құпиялылығы. Зерттеушінің рухани мінез-құлқы.


  1. Интервьюдің негізгі кезеңдері.

Интервьюерлерді үйрету. Интервью ситуациясы әлеумет танушының және интервьюердің көзқарасы бойынша. Интервьюер квалификациясы. Интервьюер жұмысының сапасы. Респонденттерді таңдау. Сұрақнама құру. Интервьюді жазу және талқылау. Интервьюді транскрипциялау. Мәтінді рәсімдеу матрицасы. Талқылаудың нақтылығы мен валидтілігі. Интервьюді талдаудың компьютерлік әдісі.


  1. Нарративтік интервью

Әлеуметтанудағы нарративтік интервью. Нарратив әлеуметтік ақпарат жинаудың көзі ретінде. Ауызша тарихи әдіс. Ауызша мәліметтер мен сұрақтардың объективтілігі мен нақтылығы.

Нарративті талдау әдістері. Нарративті талқылау және репрезентациялау. Нарративтің құрылымы. Әлеуметтік өмірді зерттеудегі нарративтің рөлі.


  1. Фокус-топ

Фокус-топ әдісінің тарихы. Фокус-топ топтық пікірталастың түрі ретінде. Фокус-топ әдісінің ерекшеліктері. Біріккен немесе жұптық интервью. Фокус-топ тәсілдері. Фокус-топты қалыптастыру принциптері. Фокус-топқа қатысушыларды қабылдау ерекшеліктері.


  1. Фокус-топ процедурасы

Фокус-топты дайындау. Фокус-топ модераторына қойылатын негізгі талаптар. Модераторлар түрлері. Фокус-топтың жоспарын (гайдты) құру.

Фокус-топты ұйымдастыру. Фокус-топтағы ақпараттарды белгілеу. Фокус-топтағы әдістерді талдау. Фокус-топтағы зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды есеп түрлері.


  1. Зерттеудің визуалды әдісі

Визуалды зерттеу. Визуалды материалдарды қолданудың негізгі тәсілдері. Фотосурет, бейнетаспа және т.б. вербалды және визуалды мәтін. Визуалды материалдар мәтін ретінде. Визуалды әдістер шектеу. Түсірілім драматургиясы. Жасырын түсірілім әдісі. Бейне бақылау. Фото және бейне күнделік. Визаулды бақылаудың тематикалық матрицасы.



  1. Берілген мәтінді біріншілік талдау

Аналитикалық жұмыстың логикасы мен принциптері. Берілгендерді бейнелеу. Мәтінді құрылымдау процедурасы. Секвенция бірлік ретінде, мәтін үзіндісі. Әлеуметтік контекстіні талдау.

Талдау категориясын айқындау. Мәтінді «толық» бейнелеу. Ашық кодтау. Осьтік кодтау. Таңдаулық кодтау. Аналитикалық мәтінді жазу. Мәліметтердің нақтылығын тексеру. Триангуляция мәліметтермен жұмыс жасаудың әдісі ретінде. Мәлімет көздерінің триангуляциясы, зерттеу триангуляциясы, теориялық триангуляция, әдістемелік триангуляция.


  1. Сапалық мәліметтерді концептуалды талдау

Сапалық зерттеу теориялық тәсілдері. Мағыналарды категоризациялау мен классификациялау. Мәндердің тығыздығы. Мәліметтерді интерпретациялау. Интерпретациялардың көптүрлілігі. Интерпретациялардың валидтілігі. Нәтижелердің сенімділігі нақтылығы және валидтілігі.


  1. Мәліметтерді талдаудың жоғарылау және төмендеу стратегиясының өзара байланысы.

Мәліметтерді талдаудың жоғарылау және төмендеу стратегиясы. Аналитикалық индукция әдісі. Теорияға ену. Түсу аппроксимациясы. Иллюстративті әдіс. Аналитикалық салыстыру. Домендерді талдау. Идеалды типтер.


  1. Есеппен жұмыс

Есеп білімді әлеуметтік құрылымдау ретінде. Есептің мақсаты – ақпараттың валидтілігі мен мәліметтің нақтылығы. Есепті жазудың этикасы. Есеп құрылымы. Есеппен жұмыс жасау логикасы. Нәтижелерді ұсыну әдістері. Есепті презентациялау формасы.


«Әлеуметтанулық зерттеулердегі үлгілеу мен болжау» пәні


  1. Социологиялық зерттеу логикасы

Социологиялық зерттеу ұғымы. Социологиялық зерттеу және әлеуметтік ақпарат. Социологиялық зерттеуді ғылыми ұйымдастыру – ақиқат әлеуметтік ақпаратты алу шарты. Социологиялық зерттеу танымдық іс-әрекет түрі ретінде. Социологиялық зерттеу құрылымында негізгі үлгілеу тәсілдерін жүзеге асыру. Социологиялық зерттеулер классификациясы: фундаменталдық және қолданбалы, теориялық және эмпирикалық зерттеулер.


Социологиялық зерттеудің дайындық, негізгі және қортынды кезеңдері. Социологиялық зерттеудің түрлі зерттеу процедуралары мен реттік кезеңдері арасындағы бір-біріне жеткізіп отыру байланысы. Зерттеудің теориялық және философиялық-дүниетанымдық алғышарттары. Зерттеу бағдарламасының әдіснамасы мен әдістемесі өзара байланысты және өзара толықтырып отырушы бөліктері.


  1. Социологиялық зерттеудің стратегиясы

Зерттеудің стратегиялық жоспары. Зерттеудің іздестіру, бейнелеу, эксперименталдық жоспарлары. Зерттеу стратегиялары. Монографиялық зерттеу. Салыстырмалы зерттеу. Іріктеп зерттеу. Панельдік зерттеу. Трендалық зерттеу. Когорттық зерттеу. Социологиялық зерттеудің нәтижелерінің басқару практикасы мен әлеуметтік болжау, танымдық іс-әрекет үшін әлеуметтік маңыздылығы және сенімділігі.


  1. Әлеуметтік болжаудың мазмұны мен функциялары

Болжаулық зерттеудің объектілері. Әлеуметтік болжаудың зерттеу саласы және мәселелері, оның тиімділігін көтеру жолдары. Ғылыми көрегендік құрылымындағы болжау, оны жүзеге асыру процесіне қойылатын талаптар. Көрегендік пен болжаудың мәні. Көрегендікті нақтылау түрлері. Әлеуметтік болжаудың ұғымдық аппараты мен әдіснамалық негізі.

Әлеуметтік болжаудың мәнін түсіндіруге қатысты ыңғайлар, олардың ерекшеліктері мен қызметтері. Әлеуметтік болжаудың экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық және экологиялық болжаулармен байланысы.


  1. Социологиялық болжау әлеуметтік болжаудың түрі ретінде

Әлеуметтік болжау – социологиялық зерттеулердің саласы және болашақты пәнаралық комплексті зерттеудің бөлігі.

Болжаулардың типологиясы. Іздестіру болжамы. Нормативті болжам. Мақсаттық болжам. Жоспарлы болжам. Бағдарламалы болжам. Жобалық болжам. Ұйымдастыру болжамы.

  1. Әлеуметтанулық болжам, олардың құрылуының ерекшеліктері мен әдістері


Әлеуметтанулық болжам. Социологиялық болжамдық зерттеу саласы. Социологияда қолданылатын болжаудың түрлері. Футурология және болжау. Болжау құралдары. Болжамдық зерттеудің бағдарламасын жасауға қойылатын талаптар.


6. Әлеуметтік болжаудың технологиялық кезеңдері мен әдістері

Әлеуметтік процестерге болжам жасаудың технологиясы. Әлеуметтік болжаудың принциптері және кезеңдері. Болжаудың ғылыми әдістерінің классификациясы. Болжаудың әдістерін таңдау.


7. Социологиялық таным объектілерін үлгілеу ерекшеліктері

Социологиялық таным объектілерін үлгілеп көрсету ерекшеліктері. Үлгілеу - теориялық-қолданбалы зерттеу бағдарламасының элементі. Әлеуметтік болжаудағы үлгілердің типологиясы, олардың өзара байланысының схемасы.


8. Әлеуметтік процестерді үлгілеу

Үлгі – зерттеу объектісінің жақсартылған варианты, жасанды түрде жасалынған «көшірмесі». Үлгі теорияларды қалыптастыру құралы. Концептуалдық үлгілерді жасау. Модель, теория, парадигма. Оймен үлгілеудің ерекшелігі. Таңбалық үлгілер, үлгі-бейнелер.


9. Әлеуметтік үлгілеудің технологиясы

Визуалдық және үлгілеудің сапалық әдістері. Әлеуметтік объектілердің мінез-құлығын компьютерлік технологиялардың құралдарымен зерттеуге қатысты ыңғайлар.


10. Әлеуметтік болжпудың технологиясы

Әлеуметтік болжаудың фактографиялық және эксперттік әдістері, олардың мәні және ерекшеліктері. Болжаудың нақты әдістері: болжамдық экстраполяция әдістері; эксперттік бағалау әдісі; Дельфа әдісі; морфологиялық талдау, болжаудық сценарий, болжамдық үлгілеу әдістері, математикалық үлгілеу әдістері. Жобалар классификациясы. Жобалау әдістері. Жоспарлау әдістері.

11. Социологиялық зерттеулерде концептуалдық үлгілердің атқаратын ролі.

Әлеуметтік зерттеу парадигмалары. Концептуцалдық үлгі құрудағы мультипарадигмалық амалдар. Социологиялық танымның әдіснамасындағы жүйелік принципі. Жүйелік талдаудың негізгі ұғымдары және олардың тұтастықпен, құрылыммен, элементтермен өзара байланысы. Әлеуметтік көрсеткіштерді жасаудағы жүйелік ыңғай.


12. Нақты оқиғаны имитациялық үлгілеу

Оймен жасалынатын эксперимент. Үлгілер түрлері: 1) құрылымдық немесе қызметтік тұрғыдан репрезентация жасаушы “заттық” үлгі; 2) символикалық репрезентация; 3)диаграммалық репрезентация; 4) “ақылдық” немесе “образдық” үлгі.

13. Синергетика әлеуметтік жүйелерді үлгілеу әдіснамасы ретінде

Үлгінің теориялық, қолданбалы және әдістік міндеттері. Ойлау эксперименті. Үлгі түрлері. Синергетика - өз-өздерін ұйымдастырушы әлеуметтік жүйелердің әдіснамасы.


14. Үлгілеу алгоритмі және әлеуметтанулық зерттеудің жалпы құрылымының ұқсастығы.

Үлгілердің негізгі қызметі: теориялық және эмпирикалық. Теориялық білім деңгейіндегі үлгінің қызметтері: түсіндіру, өлшемдік, көрегендік. Эмпирикалық білім деңгейіндегі үлгінің қызметтері: өлшеу, бейнелеу.


15. Тұлғаның әлеуметтенуін зерттеу әдіснамасы

Қазақстан қоғамының жаңаруы жағдайында тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтенуін зерттеудің негізгі бағыттары. Тұлғаның әлеуметтенуін зерттеуге іс-әрекеттік, құрылымдық-функционалдық, антропологиялық және интеракционистік, феноменологиялық ыңғайларды қолдану ерекшеліктері.


16. Әлеуметтену үлгісі қоғам мен тұлғаның өзара әрекеттесуінің ерекше типі ретінде

Тұлға мен қоғамның өзара әрекеттесу мәселелері классикалық, классикалық емес, постклассикалық кезеңнің ойшылдарының концепцияларында: ғылымилықтың классикалық типі (О. Конт, Г. Спенсер, Э. Дюркгейм); классикалық емес социолгия (М.Вебер, Г.Зиммель); ғылымилықтың классикалық және классикалық емес типі (К. Маркс, Ф. Энгельс). Франкфурттық мектеп (М. Хоркхаймер, Т. Адорно , Г.Маркузе, Ю.Хабермас и..д). Ғылымның дамуындағы постклассикалық кезең. Топтық өзара байланыс (Т.Парсонс ,Э.Дюркгейм, Р.Дарендорф, Л.Козер и.т.д.). Тұлға аралық өзара байланыс (Ч.Кули, Дж.Мид, Г.Блумер, А.Шюц). Феноменологиялық социология” А.Шюца. Г. Гарфинкельдің этнометодологиясы. Әлеуметтік өзара әрекет теориясы ( П. Сорокин).


17. Қазіргі шындық негізінде тұлғаның әлеуметтену үлгілерін құрастыру

Тұлғаның әлеуметтену процесін үлгілеудің ерекшеліктері. Тұлғаның әлеуметтенуінің жаңа үлгілерін жасаудың негізгі мақсаты. Ғылымилықтың классикалық емес типі (Г.Зиммель, М. Вебер). Г.Зиммель - “Таза формалар”. М.Вебер - “Идеалды түрлер”. “Таза формалар”, “Идеалды типтер” – танымалы шындықтың үлгілері. Идеалды тип тарихи және социологиялық танымның әдіснамалық принципі ретінде.

Әлеуметтену үлгісінің құрылымы. Тұлғаның әлеуметтену үлгілерінің негізгі түрлері. Мүдделер және бағыну үлгілері.


18. ҚР тұлғаның әлеуметтенуінің қазіргі үлгілеріне классификация жүргізу және оларды қалыптастыру

Тұлғаның тоталитарлық, әкімгершілік, либералдық және демократиялық типтері. Тұлғаның позитивистік және позитивистік емес (феноменологиялық, этнометодологиялық және экзистенциалистік) үлгілері.

Тұлғаның функционалдық үлгілері (Homo sociologicus – социологиялық адам, Homo economicus – экономикалық адам). Д.Рисменнің әлеуметтік мінез-құлық типологиясы.


19. Тұлғаның әлеуметтенуін зерттеудің қазіргі технологиялары мен әдістері

Әлеуметтік технология: ұғымы, қызметтері, түрлері. Әлеуметтік технологиялар – ғылымның теориялық шешімдерін практикалық міндеттерді шешуге қолдану тәсілі ретінде. Әлеуметтік технологиялар нақты қоғамның мәдениетінің бөлігі ретінде. Әлеуметтік-серіктестік қатынастардың барлық түрлері мен дәрежелерін өзектендіру. Әлеуметтенудің қазіргі әлеуметтік технологияларының пассионарлық сипаты. Қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік сфераларда қолданылатын әлеуметтенудің қазіргі технологиялық тәсілдері мен әдістерінің мәні. Жаңа технологиялық мәдениет және тұлғаның әлеуметтенуінің перспективалары.қарым-қатынас технологиясы, топта, микротопта жұмыс істеу технологиясы, бағалау технологиясы, жанжалдарды шешу технологиясы, психологиялық климатты жасау технологиясы, ақпараттық әсер ету технологиясы т.б.


20. Әлеуметтенудің жаңа үлгілерін болжамдық негіздеу және оларды ендіру процесінде болатын қиындықтар

Жаһандану жағдайындағы тұлғаның интегралдық әлеуметтенуі үлгісінің перспективалары. Жаңа экономикалық қатынастар сферасындағы тұлға: әлеуметтенудің песрпективалық үлгілері. Тұлғаның экономикалық-социологиялық үлгісін қалыптастыру қажеттігі.

Қоғамның азаматтық күйі, оның гуманистік бағыттары. Қоғамдық санада гуманистік тұлға идеяларын қалыптастыру. Қазақстан қоғамын және оның құрылымдық элементтерінің күйін болжау.

21. Болжау жүргізіліп отырған ақпаратты алуда социологиялық сұраудың, бақылаудың, эксперименттің және құжаттарды талдаудың ғылыми танымдық мүмкіндіктері.

Социологиялық сұраудың мәні және мақсаты. Сұраудың түрлері. Сұраудың негізінде алынғандар және статистикалық берілгендер. Сұраудың негізінде алынғандар және социологияда теориялық пен эмпирикалық білімнің дамуы. Сезімдік және рационалдық, бақыланатын және бақылана алмайтын. Социологиялық танымдағы сезімдік және рационалдылық, бақыланатын және бақылана алмайтындар. Социологияда бақылауды және эксперментті қолданудың мүмкіндіктері мен шектері. Құжаттарды талдау әлеуметтік іс-әрекеттің бақыланатын сферасын зерттеудің арнайы әдісі ретінде. Ақпараттарды жинау әдістерінің танымдық мүмкіндіктері.

5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиет:

1. Полякова Н.Л. XX век в социологических теориях общества. – М.: Изд-во «Логос», 2004. - 384с.

2. Иванов Д.В. Парадигмы в социологии. – Омск: Изд-во ОмГУ, 2005. – 72с.

3. Социологическая теория. История, современность, перспективы. Альманах журнала «Социологическое обозрение». – М.: Изд-во: Владимир Даль, 2008. -832с.

4. Ильин В.И. Драматургия качественного полевого исследования. – СПб.: Интерсоцис, 2006. – 256с.


5. Семенова В.В. Качественные методы: введение в гуманистическую социологию. – М.: Добросвет, 1998. – 292с.

6. Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. - М.: Добросвет, 1998. – 596с.

7. Социология. Основы общей теории / Под ред. Г.В.Осипова., Л.Н.Москвичева. - М.: Норма, 2008. - 911 с.

8. Давыдов А.А. Модульный анализ и конструирование социума. - М.: Институт социологии РАН. 1994. - 198 с.

9. Впереди ХХI век: перспективы, прогнозы, футурологи. Антология современной классической прогностики. - М.: Academia, 2000. - 480 с.

Қосымша әдебиет:

1. Давыдов А.А. Системный подход в социологии. – М., 2005. -328с.

2. Социальное: истоки, структурные профили, современные вызовы. – М.: Изд-во «Российская политическая энциклопедия», 2009. – 440с.

3. Гофман А.Б. Классическое и современное. Этюды по истории и теории социологии. – М.: Изд-во «Наука», 2003. – 784с.

4. Әлеуметтану. 2–кітап/ Жалпы ред. М.М. Тажин. – Алматы, 2005. – 268 б.

5. Белановский С.А. Глубокое интервью: учебное пособие. – М.: Никколо-Медиа, 2001. – 320с.

6. Белановский С.А. Метод фокус-групп: учебное пособие. – М.: Никколо-Медиа, 2001. – 280с.

7. Квале С. Исследовательское интервью. – М.: Смысл, 2003. – 301 с.

8. Страусс А., Корбин Д. Основы качественного исследования: обоснованная теория, процедуры и техники. – М.: Эдиториал УРСС, 2001.

9. Каракозова Э.В. О специфике моделирования общественных процессов. // Естественнонаучное и социогуманитарное знание. - Л.1990.

10. Малинин Г.В., Дунаев В.Ю., Нурмуратов С.Е. Казахстанское общество и социальное прогнозирование: социологическое измерение. - Алматы.: Институт философии и политологии МОН РК, 2001. - 186с.

11. Абдикерова Г.О. Социализация современной личности. - А.: Қазақ университеті, 2005. - 283 с.

12. Альберт Бандура. Теория социального научения. - Санкт-Петербург.: Евразия, 2000. - 318 с.