girniy.ru 1
Қазақстан Республикасы


1. 2010 жылы Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасын (бұдан әрі – «Балапан» бағдарламасы) іске асыруға қатысты.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында өңірлерде 35 балабақша салынып, 1534 мектепке дейінгі шағын орталық құрылды, 137 жекеменшік балабақша ашылды.

Сонымен қатар, бұрын жекешелендірілген мектепке дейінгі ұйымдарды қайтару, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашу, жалға берілген коммуналдық меншіктегі жеке тұрған ғимараттарды босату, мектепке дейінгі ұйым ашуға жарамды басқа да ғимараттар мен үй-жайларды беру есебінен 172 балабақша ашылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы №488 қаулысына сәйкес 2010-2014 жылдары «Балапан» бағдарламасын қаржыландыру үшін 216,3 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 213 млрд. теңге және жергілікті бюджет есебінен 3,2 млрд. теңге қарастырылған. Осы ретте 2010 жылы 21,5 млрд. теңге бөлініп, игерілді.

Қабылданған шаралар негізінде 2011 жылдың басында 6446 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 2261 балабақша мен 4185 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. Балабақшалар мен шағын орталықтардың қызметтері 446,4 мың балаға ұсынылады.

2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы мектепке дейінгі ұйымдарды дамытуға қатысты. 1991 жылы 8881 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді. Дұрыс ойластырылмаған оңтайландыру нәтижесінде балабақшалар желісі 2000 жылдың басына дейін 1 144 бірлікке қысқартылды.

Елдегі мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесі 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі №448 Жарлығымен бекітілген 2000-2005 жылдарға арналған «Білім» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты қайта жаңғыра бастады.

Бұл ретте мектепке дейінгі ұйымдардың даму белсенділігі «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етіледі.


Осылайша, 2000 жылдан бастап елімізде 5 302 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 1117 балабақша (құрылыс пен қайта құру есебінен – 165 балабақша) және 4185 мектепке дейінгі шағын орталық ашылды. Осы ретте 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2011 жылдың басында 55%
-ды (2000 жылы – 13,5% және 2009 жылы - 36%) құрады.