girniy.ru 1 2
Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі

алқасының апелляциялық практикасын

ҚОРЫТУ


Қылмыстық алқа 2005 жылдың бірінші жартыжылдығында 331 адамға қатысты 232 істі апелляциялық тәртіппен қарады. Өткен жылдың осы кезеңінде 461 адам-ға қатысты 271 іс қаралған болатын, яғни салыстырмалы түрде алғанда биыл қаралған істердің саны 39-ға, ал адам саны 130-ға кеміді. Алқа қараған істерді санаттар бойынша есептегенде қаралған істердің негізгі бөлігін адам өлтіру туралы істер құрайды (ҚР ҚК-нің 96-бабы), 331 адамның ішінен 283 адамға қатысты іс немесе істердің 85,5 пайызы қылмыстың осы санаты бойынша қаралды. Ал денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК-нің 103-бабы) және қарақшылық (ҚК-нің 179-бабы) туралы істердің әрқайсысы 10 істі немесе 3 пайызды құрайды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 331 адамға қатысты 324 үкімге шағым беріліп, наразылық келтірілген. Олардың ішінде 10 үкімнің күші жойылған, бұл үкімдері апелляциялық тәртіппен шағымдалған адамдар санының 3,24 пайызын құрайды (2004 жылдың 1 жартыжылдығында 25 адамға қатысты немесе 5,42 пайыз).

Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша 324 адамға қатысты іс қаралды.

Жеке шағымдар бойынша 7 адамға қатысты іс қаралды.

Өткен жартыжылдық ішінде бірінші сатыдағы соттар қараған істердің саны мынадай мәліметтермен сипатталады.

2005 жылдың бірінші жартыжылдығында үкімдердің апелляциялық тәртіппен ең көп бұзылуына Ақтөбе облыстық соты (3), Алматы қалалық соты (2), Солтүстік Қазақстан облыстық соты (2) жол берді.

Облыстық және оған теңестірілген соттар үкімдерінің күші бұзылып, істер соттың жаңадан қарауына жіберілді. Мысалы, 7 адамға немесе үкімдері алқада қаралған адамдардың жалпы санының 2,11 пайызына қатысты үкімдердің күшінің жойылуына сот тергеуінің толық жүргізілмеуі немесе біржақты жүргізілуі себеп болды. Қысқартылған істердің саны үшеу.

Қорыту әзірленген кезеңде Астана қаласының, Алматы, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстық соттарының үкімдері бұзылған жоқ.


38 адамға немесе үкім шығарылған адамдардың жалпы санының 11,48 пайызына қатысты үкім өзгертілді, өткен жылдың осындай кезеңі ішінде 55 адамға қатысты үкім өзгертілді, бұл 11,9 пайызды құрайды. 2005 жылдың 1 жартыжылдығында өзгертілген үкімдердің ішінде прокурорлардың наразылықтары бойынша өзгертілген үкімдердің саны 13. Дәрежеленуі өзгертілген және жазалары кемітілген үкімдердің саны 13, дәрежеленуі өзгертілмей, жазалары кемітілген үкімдердің саны 13, әлдеқайда қатаң жаза тағайындалған үкімдердің саны 4, түзеу мекемесінің түрі өзгертілген үкімдердің саны 7.

Үкімдердің өзгертілуіне іс материалдарының үстірт зерделенуі, дәлелдемеге қате баға беру, материалдық және процессуалдық заңның дұрыс қолданылмауы себеп болды.

283 адамға қатысты үкім немесе алқа қараған үкімдер санының 85,5 пайызы өзгеріссіз қалдырылды, өткен жылдың осындай кезеңінде тиісінше 381 адамға қатысты немесе 82,64 пайыз болды.

Үкімдердің ең көбі Астана қаласының сотында бұзылды, қорыту жасалған кезеңде Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарының, Әскерлердің әскери сотының үкімдері бұзылған жоқ (кестені қараңыз).

Қорыту жасалған кезеңде, 2004 жылдың осындай кезеңіндегі сияқты істерді апелляциялық сатыда қарау мерзімдерінің бұзылуына (ҚІЖК-нің 406-бабы) жол берілген жоқ.

Келтірілген статистика облыстық соттардың істерді қарау сапасы өткен жылмен салыстырғанда жақсарғанын көрсетті.

Алқа 2005 жылдың бірінші жартыжылдығында қараған істердің ең көбі Шығыс Қазақстан облыстық сотынан (40 адамға қатысты), Алматы қалалық сотынан (33 адамға қатысты), Алматы облыстық сотынан (33 адамға қатысты) түсті. Істердің ең азы Маңғыстау және Қызылорда облыстық соттарынан түсті (әрқайсысынан 7 адамға қатысты).

Осы айтылғандардан Алматы қаласы мен Астана қаласының соттарында 2005 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру сапасының әлдеқайда төмен болғанын көруге болады.

2005 жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау және Қызылорда облыстық соттарында қылмыстық істерді қараудың сапасы әлдеқайда жоғары болды. Бұл облыстарда үкімдердің күші жойылмады және өзгертілген жоқ.


Облыстық және оларға теңестірілген соттарда апелляциялық тәртіппен күші жойылған және өзгертілген үкімдер мен қаулылардың саны (адамдар санымен) өңірлер бойынша төмендегі кестеде келтірілді.


Өңір

Алқаның қарағаны

Күші жойылғандары

Өзгертілгендері

абс.

%

абс.

%

Республика

331

10

3

38

11,5

Астана қ.

30

-

-

7

23,3

Алматы қ.

33

2

6,6

5

15,5

Ақтөбе

20

3

15

-

-

Ақмола

21

-

-

4

19

Алматы

33


-

-

3

9

Атырау

16

-

-

-

-

Шығыс Қазақстан

40

-

-

5

12,5

Жамбыл

19

1

5,3

5

26,3

Қарағанды

20

-

-

3

15

Қызылорда

7

-

-

-

-

Қостанай

17

-

-

2

11,8

Маңғыстау

7

-

-

1

14,2

Павлодар

18

-

-

1


1,5

Солтүстік Қазақстан

23

2

8,7

1

-

Батыс Қазақстан

10

-

-

1

10

Оңтүстік Қазақстан

8

1

12,5

-

-

Әскери сот

9

1

11,1

-

-


Үкімдердің күшін жоюдың себептері


ҚР ҚІЖК-нің 369-бабына сәйкес, егер үкім сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса, ол негізді деп танылады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ҚК-нің 169-бабы 3-бөлігінің «б,г» тармақшалары, 127-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы ( ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігі, 131-бабының 1-бөлігі) бойынша Н.-ға қатысты үкімінің күшін жоюға мына жағдайлар себеп болды:

Сотталған Н. апелляциялық шағымында кінәлі емес екенін, өзін қабылдау-бөлу бөлімшесінде ұрып-соғудың салдарынан мойындап жауап бергенін, аталған мекемеде 4 тәулік бойы (маусымның 14-інен бастап 19-ын қоса алғанда) заңсыз ұстал-ғанын көрсете келіп, өзінің 1976 жылы туған А. деген адамның аты-жөнімен, 2004 жылғы 10 мамырдан маусымның 12-сін қоса алғанда қабылдау-бөлу бөлімшесінде ұсталғанын, ол ұрлық жасағаннан кейін 6 тамызда өзін қайтадан ұстағанын, ұрлық жасағанымды мойындап 5 рет және жәбірленуші К.-ні өлтіргенімді мойындап келдім деп жазуды, өзімен бірге ұрлық жасауға қатысқан А.-дан да қылмысты мойнына алып жазып беруді мәжбүрлеп талап еткендері туралы жазған.


Н.-ны жәбірленуші К.-ге қарақшылық шабуыл жасап, оны қылмысты ауырлататын жағдайда өлтіруге кінәлі деп тануы кезінде бірінші сатыдағы сот сотталғанның алдын ала тергеуде қылмысын мойындап жауап бергенін негізге алған.

Алайда сот осы жауаптарды тиісінше тексермеген.

ҚР ҚІЖК-нің 119-бабына сәйкес, айыпталушының қылмыс жасағанын мойындауы оның кінәлілігін көрсететін дәлелдемелердің жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негізіне жатқызылуы мүмкін.

Н. осы іс бойынша сот отырысында алдын ала тергеуде берген айғақтауларынан бас тартып, өзінің қылмыс жасамағанын, полиция қызметкерлері А. мен С.-ның алдап, қорқытып, ұрып-соғуының, яки рұқсат етілмейтін тергеу жүргізу тәсілдерінің нәтижесінде айғақ бергенін, жәбірленуші К. өлтірілген түні саябақта табылған заттарды да, жәбірленуші О.-ның заттарын да полиция қызметкерлерінің оның жанына әдейі тастағанын айтты. Сотталған Н., сондай-ақ, К. өлгеннен кейін келесі күні өзін саябақта айықтырғыш орын бастығының орынбасары Н.-ның ұстап, айықтырғышқа жатқызғанын, үстінде трикосы мен шақпақ түсті жейдесі болғанын мәлімдеді.

Сот аталған полиция қызметкерлері А. мен С.-дан рұқсат етілмеген тәсілдерді қолданбадық деген жауап алумен шектеліп, Н.-ның уәждерін тексеру жөнінде қандай да бір шара қолданбаған. Оның ұсталып, 2004 жылғы 14 маусымда қабылдау-бөлу бөлімшесіне орналастырылғаны туралы фактіні тексермеген, ол күні үстінде трикосы мен шақпақ түсті жейдесі болған болмағанын анықтамаған, айықтырғыш орын бастығының орынбасарынан жауап алынбаған, сотталған Н.-ның қабылдау-тарату бөлімшесінде ұсталғаны туралы мәлімдемесін растайтын немесе жоққа шығаратын қандай да бір құжат сұратпаған.

Сотталған Н.-ның алдын ала тергеуде мойындап берген жауабына сәйкес, ол қылмыс жасағаннан кейін,маусымның 13-інен 14-іне қараған түнде басқа заттармен бірге киімдерін суға лақтырып жіберген, маусымның 13-інен 14-іне қараған түнде (демек, 14 маусым күні оның үстінде осы киім болмауға тиіс еді) және 2004 жылдың 6 тамызына дейін, ұсталғанша, саябақта бостандықта жүрген.


Алайда сот Н.-ның айықтырғыш бастығы орынбасарының өзін ұстағаны, қабылдау-бөлу бөлімшесінде 4 тәулік бойы (маусымның 14-інен бастап 19-ын қоса алғанда) заңсыз ұсталғаны, сондай-ақ, 2004 жылғы 10 мамырдан маусымның 12-сін қоса алғанда 1976 жылы туған А. деген адамның аты-жөнімен қабылдау-бөлу бөлімшесінде ұсталғаны туралы айтқандарын және тиісінше, оның сыртқы түрі, киімі туралы уәждерін тиянақты тексермеген.

Сондай-ақ, Н.-ның Өзбекстан Республикасының Жизақ ауданы, Шымқорған кентіндегі колония-қоныстан 2004 жылғы 27 сәуірде қашып кетіп, Мақтарал ауданының тұсында шекарадан өттім дегені де тиянақты тексеруді қажет етеді. Оның бұл сөздері тексерілмеген және қарама-қайшылыққа қарамастан қылмыстық ізге түсу органы да, сот та осы іс бойынша шындыққа сай келеді деп тапқан.

Н.-ны ұрлық жасағаны үшін соттаған Мақтаарал аудандық сотының 2004 жыл-ғы 1 қарашадағы үкімінен Өзбекстан Республикасындағы жазасын өтеу орнының 2004 жылғы 4 мамырда осы мекемеден қашып кеткені үшін оған іздеу жариялағанын көруге болады. Бұл УЯ 64/78 анықтамасымен дәлелденеді. Сонда ол Қазақстан Республикасының Мақтаарал ауданының аумағында 2004 жылғы 7 наурызда қалай қылмыс жасады (сол қылмыс үшін осы үкіммен сотталған) деген сұрақ туындайды. Н.-ның 1976 жылы туған А. деген адамның аты-жөнімен, 2004 жыл-ғы 10 мамырдан маусымның 12-сін қоса алғанда, қабылдау-бөлу бөлімшесінде ұсталғаны туралы айтқандарын ескерсек, оның 2004 жылғы 20 мамырда, 23 мамырда және 5 маусымда соттың аталған үкімімен таңылған ұрлықтарды жасауы, қабылдау-бөлу бөлімшесінде одан жәбірленуші К.-нің қарақшылық шабуыл жа-саумен ұштасқан өлімін мойындатқандай, жоғарыда аталған ұрлықтарды жасадың деп «мойындауды» талап етуі де күмән тудырады.

Айғақтарды жергілікті жерде тексеру кезінде жәбірленуші - Мақтаарал ауданы АІІБ бастығының орынбасары О.-ның футболкасы мен шолақ шалбарының табылуы мен алынуына байланысты мән-жайларға да тиісінше баға берілмеген.

Іс бойынша анықталғанындай, қылмыстар 2004 жылғы маусымның 13-іне қараған түнде жасалған, үш жарым ай өткеннен кейін - 2004 жылғы 4 қазанда Н. қылмысын мойындап өзі келген, жәбірленуші О.-ның заттары 2004 жылғы 5 қазанда саябақта ағаштардың түбінен алынып, айғақ заттар ретінде жергілікті жерде тексерілген, О. өзін жәбірленуші деп тану туралы арыз берген, сұрақ алу хаттамасы 2004 жылғы 6 қазанда жасалған.


Сот та, қылмыстық ізге түсу органдары да жәбірленуші К.-нің үйінде пәтерші ретінде тұрған жәбірленуші О.-дан адам өлтірілген түні өзінің заттарының жоғалғаны туралы хабарламай, сотталған Н. кінәсін мойындаған және айғақтарды жергілікті жерде тексерген кезде, қысқа шалбар мен кеудеше табылған уақытта заттарының жоғалғаны туралы арыз беру себептерін анықтамаған.

Жәбірленушілер К. мен Ф.-ның берген жауаптары бойынша жәбірленуші өлтірілгеннен кейін оның үйінен заттардың жоғалғаны байқалмаған, жәбірленушінің алтын бұйымдары оның бойында қалған. Осы орайда сотталған Н. мойнына алып жауап бергенге және айғақтар жергілікті жерде тексерілгенге дейін пәтерші О.-ның заттарының ұрланғаны туралы оларға белгілі болған-болмағаны немесе жоғалу туралы хабардың тек заттар табылғаннан кейін пайда болғаны сот отырысында анықталмаған. Іс сотта жаңадан қаралған кезде осы олқылықтың орнын толтыру қажет.

Заттай дәлелдемелердің табылғаны және алынғаны туралы Н.-ның жауабына және тергеу амалдарындағы қайшылықтарға баға беру қажет еді. Сотталған Н.-ның бейнетаспаға түсірілген жауаптарынан оның саябақта, адамдар жүрмейтін жерде, бұталар арасында түнегенін, көрпесін, заттары мен ауыстырып киетін киім-дерін бетон кірпіштердің қуысына жасыратынын, ал қысқа шалбар мен түнде киіп, күндіз қағаз қалтаға салып жасырып қоятынын байқауға болады. Қылмыстар жасалған соң үш жарым ай өткеннен кейін саябақта ағаштардың арасынан жәбірленуші О.-ның қысқа шалбары мен кеудешесі шашылып жатқан қалпында табылған, ал Н.-ның заттары – көрпе, жұмыс киімі жоқ болып шықты. Н.-ның түнейтін орнында, адам көзінен таса жерде киімдердің болмай, жәбірленуші О.-ның киімдерінің ғана табылғаны назардан тыс қалған.

Сотталған Н.-ның үйде болуы, оның О.-ның заттарын иеленген кездегі нақты әрекеттері және жәбірленуші К.-нің өлтірілуі, оның алдын ала тергеу кезінде мойындап берген жауабы мен тергеу амалдары хаттамаларының, жәбірленушілердің жауаптарының арасында қайшылықтардың болуына байланысты тиянақты тексеруді және дәлелдемелерге баға беруді талап етеді.


Н.-ның жауабына қарағанда, ол үйде шам жарығы болмағандықтан сіріңкені пайдаланған. Алайда оқиға болған жерді қарау хаттамасынан және оған қоса тіркелген бейнетаспадан ешқандай сіріңке көрінбейді, жәбірленушінің өкілдері де бұл туралы айтпаған.

Н.-ның берген айғақтары бойынша ол шкафтарды ашқан кезде әйел киімін көрген, киім ілгіштен ер адамның киімін алып, сумкасына салған. Солай бола тұра, жәбірленушілер К. мен Ф. үйдің астан-кестені шыққанын айтқан, мұны ыдысы бар серванттың ашық екені туралы оқиға болған жерді қарау хаттамалары және оған қоса тіркелген фототаблица мен бейнетаспа айғақтайды. Сондай-ақ, кереуеттердің арасына құлап түскен, үсті орамалмен жабылған, трубкасы бөлек қалған, үзік-үзік дыбыс шығып жатқан телефон аппараты бейнетаспаға түсірілген, бірақ Н.-ның айтуынша, жәбірленуші К. телефонды алуға әрекеттенбеген.

Оқиға болған жер түсірілген бейнекассетаны қарау кезінде есікке шашыраған қан анық көрінеді, оның жанынан басында қанның үлкен дағы бар әйел адамның мәйіті табылған. Оқиға болған жерді қарау хаттамасында бұл факт көрсетілмеген. Сотталғанның айғақтарында да оның есіктің жанында жәбірленушіге бірнеше рет пышақ салғаны туралы мәліметтер жоқ.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар нақты анықталмаған және зерттелмеген. Жәбірленуші К.-нің жағдайы мен денсаулығын, жасын, алған дене жарақаттарын ескере отырып, оның қан іздері табылған кереует тұрған тұстан және Н.-ның берген айғақтары бойынша бірнеше рет пышақ салған жерден жәбірленушінің мәйіті табылған жерге дейін, яки есікке дейін қозғалу ықтималдығы туралы сарапшылардан сұрақ алынбаған. Қанның есікке қалай шашырағаны да анықталмаған. Осы мәліметтердің анықталуы Н.-ның мойындау жауабына баға бергенде маңызды болуы мүмкін.

Алдын ала тергеу барысында Н.-ның берген айғақтарына талдау жасау үшін істі жаңадан қарау кезінде жәбірленуші К.-нің өкілдері берген әлдеқайда толық қосымша айғақтар маңызды болған болар еді. Алдын ала тергеу кезінде, сондай-ақ, сот отырысы барысында да олардан сұрақ өте үстірт алынғаны байқалды. Н.-ның үйдің ішін суреттегенімен, үйдегі заттардың шын мәнінде қалай орналасқаны сәйкес келетін-келмейтіні жәбірленушілердің өкілдерінен сұралып анықталмаған, олардың оқиға болған жерде бейнекассетадағы айғақтарды тексеру кезінде жекелеген сәттерді анықтауының қаншалықты нанымдылығы да тексерілмеген.


Жоғарғы Сот алқасы осы айтылғандардың негізінде үкімнің күшін жойып, істі соттың жаңадан қарауына жіберді.

Сот тергеуінің толық жүргізілмеуі Ақтөбе облыстық сотының ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «ж, з» тармақтары, 179-бабы 2-бөлігінің «а, г» тармақтары, 324-бабының 2-бөлігі бойынша Б.-ға қатысты және ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «ж, з» тармақтары, 179-бабы 2-бөлігінің «а, г» тармақтары бойынша К.-ге қатысты 2005 жылғы 30 наурыздағы үкімінің күшін жою үшін себеп болды.

Сот үкімімен Б. және К. 2004 жылғы 11 қарашада шамамен сағат 22-де алкогольдық масаң жағдайда, бір топ адам болып өзара алдын ала сөз байласып, Ц.-ның автомашинасын иеленіп, өзін қасақана өлтіру мақсатында оның басына балтамен бірнеше рет жарақат түсірген, Ц. осының салдарынан қылмыс жасалған жерде қайтыс болған. Б. бұған қоса Ц.-ның қалтасынан оның ресми құжаттары: көлік құралын тіркеу туралы куәлікті, Ц.-ның атына жазылған жүргізушілік куәлікті ұрлап алып, жәбірленуші Ц.-ның гаражына заңсыз кіріп, «Нива» автомашинасының жалпы сомасы 7000 теңге тұратын екі дөңгелегі мен редукторын жасырын ұрлаған.

Тергеу органы тағылған айыпқа және сот К.-ге қатысты айыптау үкіміне оның алдын ала тергеу кезінде Б.-мен бірге мойындап берген жауабын негіз етіп алған. Солай бола тұра, аталған адамдар сот отырысында осы айғақтардан бас тартып, К.-нің Ц.-ны өлтіруге қатысы жоқ деп айта бастаған.

ҚР ҚІЖК-нің 119-бабына сәйкес, айыпталушының қылмыс жасаудағы өзінің кінәсін мойындауы оның кінәлілігі бар дәлелдемелердің жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негізіне жатқызылуы мүмкін.

Сот үкімде К.-нің кінәсінің қандай объективті дәлелдемелермен расталатынын келтірмегенімен қоймай, сонымен бірге істегі бар басқа дәлелдемелерді тиісінше зерделемеген және оларға тиісті баға бермеген.

Айталық, Б. кінәсін мойындап келген кезде, өздері етке сойып алмақшы болып отырған жылқы орнынан табылмағандықтан, Ц.-ны жанжалдың салдарынан өлтіргенін айтқан. Осы арада оның Ц.-ны бір топ адам болып, демек К.-мен бірге өлтіргені көрсетілген.


Бұдан кейін алдын ала тергеу барысында Б. оның автомашина мен ақшаны иелену туралы айтқан ұсынысы бойынша К. онымен бірге Ц.-ны өлтіруге қатысты деп енді сезікті ретінде айғақ бере бастаған. Ал сотта Б. ол автомашинаның арт жағын ағашқа соғып, жүксалғышты майыстырып алғаны туралы айғақ берген. Осыған байланысты Ц. оны балағаттай бастаған әрі жұдырығымен оның бетінен ұрып жіберген. Оған жауап ретінде бұл да Ц.-ны бетінен ұрып, балтамен оның басынан бірнеше рет соққы берген. К.-нің Ц.-ның өліміне қатысы жоқ. Б. бұған қоса Ц.-ның оған 100 мың теңгеге жуық қарыз болғанын айтқан.

Сот Б. кінәсін мойындап келген кезде Ц.-ны К.-мен бірге топтасып өлтіргені туралы айтпау себебін анықтамаған. Бұған қоса Б. тергеу мен сотта өлтірудің әр түрлі себептері туралы айтса да Б.-ның қылмысты жасаудың себептері туралы айғақтарындағы алшақтықтар зерттелмеген және жойылмаған.

К. тергеу кезінде өзімен бірге тұратын Б. деген әйелді 2004 жылғы 11 қарашада Алға қаласында қалдырып, Ақтөбе қаласындағы Б.-ға келгенін, осы жерде спирт ішімдігін ішіп, Б.-ның ұсынысы бойынша Ц.-ны өлтіргенін айтқан.

К. сотта осы айғақтарды өзгертіп, 2004 жылғы 11 қарашада Б. мен Ц. оны өзінің өтініші бойынша «Космос» қонақ үйінің маңайына дейін көлікпен әкеп тастап, кетіп қалғандарын айтқан. Осы маңайдан ол өзімен бірге тұратын Б. деген әйелді іздеген. Алайда оны таба алмағаннан кейін А.-ның үйіне қайта оралып, сол жерде Б.-ны қайтадан кезіктірген. Ц.-ның өліміне қатысы жоқ.

Б. да сотта өзінің бұған дейін берген айғақтарын өзгертіп, К.-ның берген айғағын қуаттаған. Бірақ сот сотталғандардың уәждерін тексеру үшін бұл жағдай туралы куә Б.-дан жан-жақтылы жауап алмаған және оның 2004 жылғы 11 қарашада Алға қаласында немесе Ақтөбе қаласында болғанын анықтамаған.

Сот куәгер Ш.-ны анықтап, одан жауап алып, Ц.-ның өлімі туралы оның көзінше Б.-ның айтқан-айтпағанын анықтауға тиіс еді. Өйткені А. өзінің берген айғақтарында қайтып келе жатқан кезде аталған адамның көзінше Б.-ның оған Ц.-ның өлімі туралы айтқанын келтірген болатын. Іс материалдарын зерделеу куәгер А.-дан сұрақ үстірт алынғанын көрсетті.


Сот сондай-ақ К.-нің 2004 жылғы 11 қарашада Б.-мен ұрсысып қалғаннан кейін оның Ш.-ның үйіне қонғанын анықтау үшін Ш.-ны анықтап, одан куәгер ретінде сұрақ алмаған. Сонымен қатар Ц.-ның өлімі туралы К.-нің айтқан-айтпағанын да анықтау қажет. Тексеру кезінде автомашинаның арт жағының зақымдалғаны анықталды. Алайда кісі өлімі алдын ала ойластырылмады, Ц. автомашинасының зақымдалғанына байланысты оған пышақ ала жүгіргендіктен, жанжал барысында аяқасты болды деген Б.-ның уәждеріне баға беру үшін сот осы мән-жайды зерттемеген.

Сот-дәрігерлік сараптаманың қорытындысына сәйкес, Ц-ның мәйітінің сол жақ көзінің айналасында сызат байқалған. Сотта сұрақ алынған сарапшы Н. соққының тұйық затпен ұрудың салдарынан болғанын айтты.

Сот сарапшыдан жан-жақтылы жауап алып, Ц-ның көзінің айналасындағы сызаттың неден болғанын анықтап, Б.-ның олардың бір-бірімен ұрсысып, өзінің Ц.-ның бетінен жұдырықпен ұрып жібергені туралы берген айғағын тексеруі керек еді.

Сот Ц.-ның құжаттарын Б.-ның ұрлап алғанын анықтағанымен, осындай тұжырымға қандай дәлелдемелердің негізінде келгенін көрсетпеген. Б.-ның сондай-ақ Ц.-ның құжаттарын ұрлаған жоқпын, автомашинаның ішінде жатқандықтан оларды сол күні А.-ның үйінің жанында лақтырып жібердім деген уәждерін тексеріп, баға бермеген. Сондай-ақ оның автомашинаны иемдену мақсатының болмағаны, өйткені жол полициясы қызметкерлері ұстап алғанша Ш. және Б.-мен бірге машинаға мініп жүргендері туралы айтқаны да тексерілмеген және тиісті баға беріл-меген. Осы факті бойынша куәгерлер Ш. мен Б.-дан жан-жақтылы жауап алу керек еді.

Сот қылмыс құралы - балтаның қайдан алынғанын және оның тұрған жерін де зерттемеген әрі анықтамаған.

Айталық, Б. әрекетін мойындап келген кезде балтаны қайдан алғанын көрсетпеген, Ц.-ның өлімінен кейін балтаны өзенге лақтырып жіберген. Алдын ала тергеу барысында ол айғақтарын өзгертіп, балтаны А.-ның пәтерінен алдым және Ц. өлгеннен кейін балтаны көшеге К. лақтырып жіберді деген. Ал сотта Б. тіпті балта Ц.-ға тиесілі деп уәж айтқан.


Тағылған айыпта сотталғандар балтаны А.-ның пәтерінен алған деп көрсетілген, бірақ куәгер А. оның балтасын ешкімнің алмағанын, балтаның әлі күнге дейін үйінде тұрғанын айтқан. Сот осы қайшылықтарды да анықтамаған.

Сот куәгер Б.-ны анықтап, одан жауап алып, сотталушы Б.-ның Ц-ны өлтіру кезінде киіп жүрген өзінің киімдері: қара джинсиін, көк кроссовкасын, сұр кеудешесі мен көк курткасын оның пәтерінде қалдырған-қалдырмағанын және Ц.-ның өлімі туралы оның не білетінін сұруы керек еді.

Б. алдын ала тергеу кезінде Ц.-ның өлімі туралы ағасы Б.-ға айтқаны туралы әңгімелеп берген. Ол жәбірленуші Ц.-ның гаражына 2004 жылғы 13 қарашада Б.-мен бірге кіріп, сол жерден «Нива» автомашинасының дөңгелегі мен қосалқы бөлшектерін алған.

Осыған байланысты сот Б.-дан жан-жақты сұрақ алып, оның Ц.-ны өлтіргені туралы айтқан-айтпағанын, осы қылмысқа К.-нің қатысуы туралы не дегенін, олардың кейіннен гаражға кіріп, қосалқы бөлшектерді алған-алмағанын анықтауы керек еді.

Адвокат пен сотталушының алдын ала тергеу барысында жауап алу сотта зерт-телмеген бейнекөріністердің қолданыла отырып жүргізілгені туралы апелляциялық шағымда келтірілген уәждерін алқа негізді деп есептейді, өйткені қылмыстық іс материалдарында осындай бейне көріністердің шынында да қолданылғаны туралы айтылған. Бірақ бейнекөрініс сот отырысында зерттелмеген және істе де кассета жоқ болып шықты.

Осы мән-жайларға орай алқа үкімді бұзып, істі жаңадан қарауға жіберді.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты ҚК-нің 24-бабы, 96-бабы 2-бөлігінің «а, б, е, и» тармақтары бойынша сотталған М.-ға қатысты 2005 жылғы 9 ақпандағы үкімнің және Жамбыл облыстық соты ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «д» тармағы бойынша сотталған Н.-ға қатысты үкімнің күшін жою үшін осындай себептер негіз болды.



следующая страница >>