https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Электрмен жабдықтау:



Энергетика саласындағы елеулі жұмыстардың бірі, Республикада бірінші болып облысымыздың аудан орталықтарының электрмен жабдықтау жүйесін дамыту жұмыстарының басталуы. Бұл жобаның құны 1 444 млн. теңгені құрайды, құрылысы 3 жылға ұласады. Осы бағытта 7 аудан бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге үстіміздегі жылы 546,391 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта аудандарда 34,2 шақырым электр желісі тартылып, 5 тарату пункттері және 10 қосалқы стансалар орнатылды. 2013 жылдың аяғында жоба бойынша 176 км электр желілер толығымен пайдалануға беріледі.

2011 жылы облыстық бюджеттен қаралған 296 млн. теңге қаржыға, Шиелі қыстағында 220 кВ қосалқы станциясы қайта жаңғыртылып, жаңа заманға сай қондырғыларға ауыстырылып жыл аяғына дейін ел игілігіне пайдалануға берілуде.

Және де Қызылорда қаласы бойынша үш 35/10 кВ және Жосалы кентінде 220 кВ қосалқы станцияларын қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласының 10/0,4 кВ электрмен жабдықтау жүйесін дамытуға», «2011-2013 жылдары Қызылорда қаласының кернеулігі ТМ-10 күштік трансформаторын ТМГ-12-ге ауыстыру, қағаз және пластмасалы оқшауламалы кабельдік желіні полиэтиленнен тігілген оқшауламасы бар кабельге ауыстыру» жобалары бойынша жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде.


Газдандыру саласы бойынша


Басқарманың тағы бір негізгі бағыты Газдандыру саласы болып табылады. Осы бағытта облыс бойынша жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстардың бірі «Қызылорда қаласының жылуқуаткөздерін және тұрғын секторын ілеспе газға көшіру» жобасы. Жобаның жалпы сметалық құны 12,8 млрд. теңгені құрайды.

Аталған жоба бойынша 2011 жылы республикалық бюджеттен 875 млн. теңге бөлініп, бұл қаржыға Қызылорда қаласының «Шанхай», «Саулет», «КБИ» және «Жаңа ауыл» аудандарында газдандыру жұмыстары жүргізілді. 4 ГРП орнатылып, 137 шақырым жоғарғы және төменгі қысымды газ құбырларының құрылысы салынып, қазіргі уақытта ел игілігіне берілуде.


Аталған жоба жұмыстары толығымен аяқталған кезде барлығы 594 көп қабатты тұрғын үй, 25000 жуық жеке тұрғын үйлерді газдандыру мүмкіндігіне қол жеткіземіз.

Соңғы жылдары облыс орталығының қарқынды дамуына байланысты қаламызда біртұтас жаңа тұрғын аудандар қалыптасып, аталған аумақтарды газдандыру үшін жаңа жоба-сметалық құжаттама әзірлеу қажеттілігі туындады.

Осыларды ескере отырып облыстық бюджеттен 79,0 млн. теңге қаржы бөлініп, «Қызылорда қаласының жаңа мөлтек аудандарын газдандыру» жобасының жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстарын «ҚазТранГазАймақ» АҚ-ы қаржысы есебінен жүргізілуде.

«Қызылорда қаласының Жұмабаев, Бекниязов, Коркыт-ата және Железнодорожная қиылысы көшелеріндегі тұрғын үйлерді газдандыруға» және «Қызылорда қаласының Алатау көшесіндегі ХҚКО аумағында орналасқан үйлерді газдандыруға», «Қызылорда қаласының Лапина көшесінде орналасқан тұрғын үйлерді газдандыруға» жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.


Коммуналдық шаруашылық


Облыстың жылумен жабдықтау саласын дамытуға 6 нысан бойынша жоба-сметалық құжаттамалар әзірленді.

Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бөлінген 488,143 млн. теңгеге «Қызылорда қаласындағы «ҚЖЭО» МКК-нан Киняева көшесіне дейінгі магистралдық жылу жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Облыс бойынша 2011-2012 жылдардағы жылу беру маусымы сапалы әрі өз дәрежесінде жүргізілуде.

2011-2012 жылдардағы жылу беру маусымына жоспарланған 12 қазандықтың 12-не (100%), 18,13 шақырым жылу жүйесінің 18,13-не (100%), 52,4 шақырым су-кәріз желісінің 52,4-на (100%) жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жоспарланған 301 білім ошағының 301-не (100%), 338 денсаулық сақтау нысандарының 338-не (100%), 277 мәдениет кешендерінің 277-не (100%), 543 көп қабатты тұрғын үйлердің 543-не (100%) дайындық жұмыстары толығымен атқарылды.


Ағымдағы жылу беру маусымына қажетті 77,6 мың тонна қатты отынның 77,6 мың тоннасы, яғни 100 пайызы жеткізілді. Нысандарға қатты отын жеткізу кестесі «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-мен келісілген. Бұл жұмыстарға жалпы бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаралған.

Жылуэнергия көздеріне ҚР Мұнай және Газ министрлігі бекіткен мазут жеткізу кестесі бойынша мазут жеткізіуші операторлармен келісім шарт жасалынып, бүгінгі таңға 20,44 мың тонна мазут алынды. Мазут жеткізу жұмыстары жалғасуда.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында бөлінген 395,0 млн. теңге қаражатқа 18 көпқабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Ауыз су саласы


1. 2011 жылғы 13 желтоқсан күні Қызылорда қаласы Белкөл қыстағы, Қармақшы ауданы Ақжар, Ақтөбе ауылдары, Жалағаш ауданы Жалағаш кенті және Сырдария ауданы Тоқмағамбетов ауылдарының құрылысы ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысы аяқталып «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мереке қарсаңында салтанатты түрде пайдалануға берілді.

2. Облыс әкімінің коммуналдық қарыздарды азайту жөнінде Басқармаға берілген тапсырмасына сәйкес аудандармен және Қызылорда қаласының су таратушы мекемелерінің апталық есебі жинақталды.

3. 2012 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ауыз жобаларына 10 пайыз жергілікті бюджеттен қаржы бөлу қажеттілігіне байланысты жергілікті бюджеттен қаржы бөлуге бюджеттік өтінімдер тапсырылды.


Есепті кезеңде әкімшілік бөлімінде жұмыс жоспарларына сәйкес төмендегі жұмыстар атқарылды:

Есеп бөлімі бойынша:

2011 жылдың төртінші тоқсанында басқарма бюджеттен барлығы 1780,4 млн. теңге қаржы бөлініп 1843,8 млн. теңге игерілді. Есепті мерзімде облыстық бюджет 2 рет нақтыланып, соған сәйкес стратегиялық жоспарға өзгеріс енгізіліп, облыс әкімінің қаулыларымен бекітілді.


Облыс әкімінің қаулыларына сәйкес және бюджеттен бөлінген қаржыларды толық игеру мақсатында қаржыландыру жоспарына 7 рет өзгеріс енгізіліп, қайта бекітілді.

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттікке, Мұнай және газ министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне есептер берілді.

Қазынашылық департаментіне 262 төлем құжаттары дайындалды және 4 мемлекеттік мекемелердің келесім-шарттары тіркелді.

Облыстық салық комитетіне салықтар жөніндегі тоқсан сайын есептер тапсырылды.

Статистика басқармасына есептер тапсырылды.

Қаржы басқармасына ай сайн бухгалтерлік есептіліктер мен қаржы жоспарының орындалу туралы есеп тапсырылды.


Кадр қызметі бойынша:

Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдар мен өтініштер туралы 1-ОЛ формасындағы ай сайынға есеп дайындалып, «ҚЭТТК» АҚ-ның есебімен қоса жинақталып ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына тапсырылды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қызметшілердің ұлттық құрамы, қызмет өтілі мен тағайындалуы және жұмыстан босатылғандар жөнінде тоқсан сайын және жылдық есебі берілді.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярланғандығы туралы есебі берілді.

Басқармаға қабылданған қызметшілердің ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті арқылы арнайы тексеруден өту үшін құжаттары дайындалып, сұраныстар жолданды.

Басқарма бойынша негізгі қызмет бойынша 19, іс-сапар мен демалыстар бойынша 19, жеке құрам бойынша 11, барлығы 49 бұйрық рәсімделді.

Жұмысқа қабылданған қызметшілердің жеке іс құжаттары және кадр есебі туралы парақтары жүргізілді.

Басқарма бастығының орынбасары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс өткізіліп, оның есебі мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.


Басқа да атқарылған жұмыстар:

Бөлімдермен бірге Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Министрліктермен облыс әкімінің арасындағы Келісімдерге өзгеріс жасалды.

Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша басқарма бастығы мен аудан әкімінің арасындағы Келісімдерге өзгеріс жасалды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына төмендегі есептер тапсырылды:

- Басқарманың 2011 жылда атқарылған есебі жинақталды.

Орындаушылық тәртіп туралы, облыс әкімдігінде бақылауда тұрған тапсырмалар бойынша жұмыс жасалды.

Облыс әкімінің құжаттамалық бөлімімен тапсырмалардың орындалуы туралы жұмыс жасалды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық жұмыс тобының кеңейтілген селекторлық мәжілісінде берілген тапсырмаларына сәйкес, басқарманың іс-шарасы бекітілді.

Басқарма бастығының және жоғарғы органдардан түскен басқа да тапсырмалар орындалды.