girniy.ru 1


Сыртқы тәуекелдердi басқаруды талдау


Мүмкiн болатын тәуекелдердiң атауы

Шаралар қабылданған жағдай болуы мүмкiн салдарлар тәуекелдердi басқару бойынша қолға алмаған кезеңде

Тәуекелдi басқару бойынша жоспарланған iс-шаралар

Тәуекелдi басқару бойынша нақты орындауы iс-шаралар

Жетiстiкке жетпеген себептерi

1

2

3

4

5

Сыртқы тәуекелдердi

Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстарына әлемдiк бағалардың тұрақсыздығы

Бағалардың өсуi кезiнде:
1. Мұнайдың әлемдiк бағаларының өсуi нәтижесiнде мұнай мен мұнай өнiмдерiне iшкi бағалардың өсуi
2. Мұнай экспорты көлемдерiнiң ұлғаюы нәтижесiнде iшкi нарықта мұнай мен мұнай өнiмдерiне ұсыныстар көлемiнiң төмендеуi
3. Экономиканың шикiзаттық бағыттылығының және оның сыртқы нарыққа тәуелдiлiгiнiң күшеюi
4. Инфляция деңгейiнiң өсуi
5. Энергия ресурстарына бағалардың өсуiнен мультипликативтiк әсердiң есебiнен экономиканың өсу қарқынының баяулауы

1. Елдегi және әлемдегi болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесiн жетiлдiру
2. Елдегi және әлемдегi болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесiн жетiлдiру бойынша ақпараттық-талдамалық жүйенi пайдаланумен әлемдiк және отандық экономикалар дамуындағы әлеуеттi терiс тенденцияларды анықтау және Үкiметке тиiстi ұсыныстарды жiберу


Әлем экономикасының өсу қарқындарының баяндауымен және Қытай экономикасының “қызыптуымен” байланысты сыртқы тәуекелдер сақталып отыр. Осыған байланысты, тәуекелді оқиғаларды (мұнай және металл бағалардың, әлем валютаның, негізгі сауда серіктес мемлекет экономикаларының өсуінің едәуір ауытқуы) анықтау үшін жәнеде ағымдығы мемлекет және әлем экономикалық үрдістерді қадағалау мақсатымен “Мемлекетте және әлемде болып жатқан үдерістерді жеделдік миноторингі” Жүйесін (Жүйе) қолдана отырып көрсеткіштер мониторингі жүргізіліп отыр. Күнделікті биржа нарығындағы стратегиялық тауарлар бағаларын; бір ай сайын: тұтынушы нарығындағы тауарларға және қызмет бағаларын; мұнай өнімдеріне бағаларын; негізгі валюталарға теңгенің айырбас бағамын; ақша агрегаттарын; мемлекет бюджеттің және Ұлттық қордың көрсеткіштерін жәнеде басқа әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қадағалау қамтамасыз етіледі. Мониторингінің қорытындылары Жүйенің ішіне күн, апта, ай және тоқсан сайын орналастырылады, бұл оның пайдаланушыларға мониторингінің қорытындыларына оперативті кіруін қамтамасыз етеді.




Бағалардың төмендеуi кезiнде:
1. Мемлекеттiк бюджет пен Ұлттық қорға түсетiн түсiмдердiң қысқаруы
2. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемiнiң қысқаруы
3. Экономиканың өсу қарқынының төмендеуi

Ауыл шаруашылығы шикiзатына әлемдiк бағалардың тұрақсыздығы


Бағалардың өсуi кезiнде:
1. Iшкi нарықта азық-түлiк бағаларының өсуi
2. Iшкi нарықта азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiне ұсыныстар көлемiнiң төмендеуi
3. Инфляция деңгейiнiң өсуi.
Бағалардың төмендеуi кезiнде:
1. Ауыл шаруашылығы саласында кiрiстiлiктiң және ауыл шаруашылығында өсу қарқынының төмендеуi
2. Мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмдер көлемiнiң қысқаруы

1. Елдегi және әлемдегi болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесiн жетiлдiру
2. Елдегi және әлемдегi болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесiн жетiлдiру бойынша ақпараттық-талдамалық жүйенi пайдаланумен әлемдiк және отандық экономикалар дамуындағы әлеуеттi терiс тенденцияларды анықтау және Үкiметке тиiстi ұсыныстарды жiберу

Инфляцияның деңгейі 2011 жылғы желтоқсан 2010 жылғы желтоқсанға шаққанда 7,4% құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен (7,8%) салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа кем.

2011 жылғы желтоқсан 2010 жылғы желтоқсанға шаққанда азық-түлік тауарларына бағаның өсімі 9,1% құраған, өткен жылдың ұқсас кезеңімен (10,1%) салыстырғанда 1,0 пайыздық тармаққа кем. Азық-түлік емес тауарларына бағаның өсімі 5,3% (5.5%) құраған, ақылы қызметтерге -7.3% (6.8%).

“Мемлекетте және әлемде болып жатқан үдерістерді жеделдік миноторингі” Жүйесі (Жүйе) шеңберінде ай сайын тұтыну бағаларының индексін мониторингі жасалып отырады. Ағымдағы инфляция үдерістері туралы анықтама және таныстыру құжаттары Жүйенің ішіне орналастырылады.

Сондай-ақ республика қалалар бойынша негізгі азық-түлік тауарлар бағаларына апта сайынғы мониторинг жасалып отырылады. (мәлімет “ҚазАгроМаркетинг” АҚ ұсынылады). Азық-түлік нарығындағы бір апта бағалар серпіні туралы анықтама ретінде ЭДСМ басшыларына ұсынылады және Жүйенің ішіне орналастырылады.




Әлемдiк экономиканың өсу қарқынының тежелуi

1. ЖIӨ өсу қарқынының
төмендеуi
2. Мемлекеттiк бюджет пен Ұлттық қорға түсiмдердiң
қысқаруы

Мемлекеттiк бюджеттi оңтайландыру және басымды емес шығындарды қысқарту, бюджет тапшылығының мөлшерiн ұлғайту бойынша ұсыныстар әзiрлеу

Әлемдегі ахуалдың нашарлау кезінде экономиканы тұрақтандыру іс-шаралар кешені әзірленді, оның ішінде мемлекет бюджеттің шығыстарын оңтайландыру, басымды емес шығыстарды секвестендіру және тапшылық көлемін ұлғайту шаралары ұсынылды.




Екi жақты келiссөздерге "ұйқыдағы" елдiң немесе Қазақстанның ДСҰ-ға кiру жөнiндегi жұмыс тобының жаңа мүшесiнiң бастамашылық етуi

Екiжақты деңгейде Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi келiссөздер процесi аяқталуының созылуы

Тиiстi келiссөздердi жүргiзу, қажет болған жағдайда саяси деңгейде уағдаластыққа қол жеткiзу тетiгiн пайдалану

2011 жылы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша Жұмыс тобына жаңа мүшелер: Аргентина Республикасы және Гватемала Республикасы қазақстан тауарлар нарығына қол жеткізу бойынша екіжақты келіссөздер жүргізуге бастама жасады.

Жыл барысында аталған мемлекеттермен бірнеше екіжақты келіссөздер раунды өткізілді, оның қорытындылары бойынша 2011 жылғы 14 желтоқсанда Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша Гватемала Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы жөнінде Хаттамаға қол қойылды.




2010 жылға дейiнгi ЕурАзЭҚ шеңберiнде кеден одағын қалыптастыру жөнiндегi iс-қимылдар жоспарында көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалмауы

Кеден одағы қалыптасуының созылуы

Кеден одағының қалыптасу процесiн үйлестiру, тиiстi келiссөздер жүргiзу

ЕурАзЭҚ шегінде Кеден одағын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарында 2011 жылға дейін көзделген шаралар уақытылы орындалды.

Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының Кеден одағын нақты іске асыру 2010 жылғы қаңтарынан басталды.

Кеден одағының Біріңғай кеден аумағының қалыптастыру бойынша жұмысы аяқталды – 2011 жылғы 1 шілдесінен бастап Кеден одағының ішкі шекарасында барлық мемлекеттік бақылау түрлері (шекаралықтан басқа) алып тасталынды.




2010-2011 жылдарға арналған Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi қалыптастыру жөнiндегi iс-қимылдар жоспарында көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалмауы

Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң құқықтық базасын қалыптастырудың созылуы

Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң құқықтық базасын қалыптастыру процесiн үйлестiру, тиiстi келiссөздер жүргiзу

2010-2011 жылдарға Біріңғай экономикалық кеңестікті қалыптастыру бойынша іс-шалар жоспары 2010 жылы орындалды. Қазіргі уақытта БЭК қалыптастыратын Келісімдерді іске асыру мақсатында құжаттарды әзірлеу күнтізбелік жоспар іске асырылады.


Шетелдiк мемлекеттiң Қазақстанға қатысты iшкi нарықтағы жағдайды айтарлықтай нашарлататын сауда шараларын қолдануы


Бағалардың тұрақсыздануы, тұтынушылардың және отандық өндiрушiлер жағдайының нашарлауы

Сауда шараларын қолданған Тараппен келiссөздер жүргiзу, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешенiн әзiрлеу

1. 2001 жылдан бастап Еуропалық одақ мемлекеттеріне (бұдан әрі – ЕО) қазақстандық болаттан прокатқа қатысты импортты квота қолданылады.

2007 жылға дейін Қазақстан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропа Қоғамдастығы арасындағы Болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдармен сауда жөнiндегі келiсiм (бұдан әрі – Келісім) негізінде болатты өнім ЕО-қа әкелінген.

2007-2011 жылдар ішінде тараптар арасындағы ерекше қарама-қайшылықтардың болуына байланысты Келісімге қол қойылған жоқ.

Келісімнің 2006 жылғы 31 желтоқсанда қызмет ету мерзімі аяқталуына байланысты еуропалық тараппен заңды саңылау болдырмау мақсатында сауданың тиісті автономиялық шараларды қолдану туралы ЕО Кеңеспен бекітілген шешімдер қабылданған.

Қазіргі кезде Еуропалық Одаққа Қазақстан Республикасының болаттан өнімдерді әкелуге қатысты 2008 жылғы 8 желтоқсандағы № №1340/2008 «Қазақстан және Еуроодақ арасындағы белгілі бір өнімдермен сауда алу» ЕО Кеңес Регламенті қызмет атқарады, ол 2009 жылғы 1 қаңтардан күшіне енді және автоматты түрде 2009-2011 жылдарға ұзартылады.

Жоғарыда аталған Регламентінің 17-бабына сәйкес, егер ҚР және ЕҚ арасындағы болат жөніндегі сауда жаңа келісімнің күшіне ену немесе Қазақстанның ДСҰ-на кіру жағдайда автономдық шаралар автоматты түрде жойылады.

2010 жылда еуропалық тараппен кездесулер өткізілген, олардың барысында жаңа Келісімге қол қою қажеттілігі, ЕО-қа металл сынығының және қара металл қалдықтарының бажсыз экспорт нормларды Келісімнен алып тастау және жаңа келісімнің күшіне енуге дейін жаңа автономдық шараларды қабылдау туралы мәселелері пысықталған, нәтижелері бойынша қорытынды нәтижелері қабылдаған жоқ.


Қазіргі кезде, еуропалық тараппен оның ішінде «Қазақстан Республика – Еуропалық Одақ» қарым-қатынас комитеттің жоспарланған отырыстар шеңберінде, болат жөніндегі жаңа Келісімге қол қою туралы мәселесі бойынша жұмыс атқаруда.

2. Еуропалық Комиссия 2007 жылдың тамыз айында Қазақстаннан алынатын ферросилиций импортына 2013 жылғы 28 ақпанға дейін 33,9 % мөлшрінде және силикомарганец импортына 2012 жылғы 5 желтоқсанға дейін 6,5 % мөлшрінде демпингке қарсы баж белгіледі.

Сонымен бірге, жоғарыда аталған өнімі Еуроодақтың шектеу астында болатын қазақстандық «ENRC» Табиғи ресурстардың Еуразиялық қауымдастығымен» ЕҚ қабылдаған шаралар жөнінде ЕО Бас сотына демпингке қарсы шағым берді ү.ж.30 қарашада ЕО Бас сотының өткізілген отырыс нәтижесінде Қазақстаннан силикомарганец импортына қатысты демпингтік бажды қолдану туралы шешім жою туралы алдын-ала шешім қабылдаған.

Соңдай-ақ, «ENRC» Брюссельдің аппелляциялық сотына талап арыз берген оны тыңдау 2013 жылға жоспарланған.

3. Аргентина 2010 жылдың маусым айынан бастап ға Қазақстан Республикасының гальванды немесе басқа да қаптамаларсыз, суықтай басылған, легирленбеген болаттан жою темірден немесе болаттан жасалған тегіс илек импортына Аргентина Республикасы демпингке қарсы қайта қарауды бастаған.

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі бұл мәселе жөнiнде ақпаратты беру туралы тиiстi сұрау жіберген. Бүгінгі күні аргентиналық тарап акпаратты бермедi.

4. Перу Республикасы демпингке қарсы баждарды қайта қарау процесін басталды:

1) суықтай басылған болатты орамдар мен табақтар (Қазақстанға және Ресейге қарсы);

2) болатты орамдар мен гальванды қаптамаларды табақтар (Қазақстанға және Ресейге қарсы);

3) ыстықтай басылған болатты табақтар (Қазақстанға қарсы).

Қарау нәтижесінде Перу Республикасы қарастырып отырған тауарлардың өскен импортына қатысты демпинге қарсы шараларды енгізусіз жоғарыда аталған қарауларды аяқталған (2011 жылғы 22 қыркүйектегі Перу Республикасындағы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бөлiмшесi мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлiнің нотасы).


5. Қазіргі уақытта қазақстандық ұн импортын қатысты Өзбекстан Республикасы 15% мөлшерінде акциз салығы (2011 жылғы 1 сәуірден бастап), Ауғанстан - кедендік құнының 16% мөлшерінде кеден алымын қолданып отыр.

Осыған байланысты, Министрлік өзбек және ауған тараптарына қазақстандық ұн импортына қатысты шектеу шараларын енгізу негізу туралы түсiнiктеме алу өтiнiшімен тиiстi сұрау, соңдай-ақ және келiссөздер өткізуге қазақстандық тарапының дайындығы туралы хабарлама жіберген.

Бұдан басқа, бұл мәселені ең жақын үкіметаралық комиссияның отырысында қарау жоспарлануда.

6. Бүгінгі күні Еуропалық Комиссия Қазақстаннан шығарылған ақ фосфор (қарапайым фосфор немесе сары фосфор атақты) импортқа қатысты демпингке қарсы тергеу жүргізуді басталған. Тиісті хабарландыру 2011 жылғы 17 желтоқсанда Еуропалық Одағының Ресми Журналында жарияланған. Осыған байланысты, Министрлік «Казфосфат» отандық өндірушіні, ҚҰЭП «Атамекен» қоғамдық бірлестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігін Еуропалық Комиссиясының Сауда бойынша Бас Директоратпен жоғарыда аталған тергеу жүргізу туралы хабарлады.

Бұдан басқа, Сауда бойынша Бас Директораттың атына Министрліктің осы тергеу қатысуға мүдделі қатысушы ретінде тіркеу туралы өтініш жіберілген.





Нарықтардың жабылуы немесе қазақстандық компаниялар үшін шетелдерде жағдайдың айтарлықтай нашарлауы

Халықаралық ықпалдың және Қазақстан имиджінің төмендеуі

Саяси деңгейде келіссөздер жүргізу

Базарлардың жабылуы немесе қазақстандық компаниялардың қызметі үшін жағдайдың едәуір нашарлауы шетелдік мемлекеттерде байқалмайды.

Мысалы, Кеден одағының шарттық-құқықтық базасына сәйкес Кеден одағының мемлекеттер-мүшелері өзара саудада сандық шектеулер мен лицензиялауды қолданбайды. 2010 жылдың 1 шілдесінен Кеден одағының біртұтас кедендік аумағын құрумен байланысты, Кеден одағының кедендік аумағы бойынша қозғалатын тауарларды кедендік рәсімдеу алынып тасталды.


Қазіргі таңда Кеден одағының комиссиясы шеңберінде «Кеден одағының мемлекеттер-мүшелерінің өзара саудасында экономикалық емес сипаттағы тыйым салуларды және шектеулерді қолдану мәселелері бойынша» сарапшы тобы қызмет етеді, оның мақсаты Кеден одағының мемлекеттер-мүшелерінің өзара саудасында тыйым салуларды және шектеулерді регламенттеу болып табылады.

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының өзара саудасында экономикалық сипаттағы шектеуші шараларды алып тастау шеңберінде Кеден одағының мемлекеттер-мүшелерінің жалпы нарығында тауарлардың еркін қозғалысы туралы келісім әзірленді.

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресейдің Кеден одағының жұмысы басталған кезден біздің мемлекеттер үшінші мемлекеттерге қатысты сыртқы сауда саясатын қолданады.

Осыған орай, Кеден одағының мемлекеттер-мүшелерінің бастамасы бойынша еркін сауда аймағын құру және Парсы шығанағындағы (Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Оман) Араб елдерінің әріптестік кеңесімен әріптестікті дамыту мүмкіндігі зерттелуде.

Берілген Келісімдерді жасасу бүгінгі күнгі кедергілерді шарттық негізде жоюға мүмкіндік береді.





Экспорттық тауарлар бағаларының айтарлықтай төмендеуі

Төлемдік және сыртқы сауда теңгерімінің нашарлауы, тауар экспортынан түсетін валюталық түсімдердің қысқаруы

Экспорт құрылымын әртараптандыру, әлемдік тауар нарықтарының мониторингі

2011 жыл бойы төлем және сыртқы сауда балансының нашарлауы байқалмайды.

Кедендік статистиканың мәліметтеріне сәйкес сыртқы сауда айналымы 2011 ж. қаңтар-қарашасында 91,8 млрд. АҚШ долларын құрады (2010 ж. қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 25,4%-ға артты), оның ішінде экспорт – 73,1 млрд. АҚШ доллары (43,3%-ға артық) және импорт – 18,7 млрд. АҚШ доллары (15,8%-ға кем).


Экспорт құрылымын диверсификациялау бойынша ақпараттық қауіпсіздікті арттыру үшін «Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық-маркетингтік орталығы» (АМО АЖ) (www.kazimc.kz) ақпараттық жүйесі енгізілді.

АМО АЖ ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерждің мемлекеттік тізілімінде тіркелді (14.10.11 жылғы № 545 куәлік).

АМО АЖ функционалы АБМ – сәйкес профильдік ұйымдарының және сауданы және бизнесті ұлттық дамыту институттарының өкілдерімен көрсетілді және келісілді (көрсетілім хаттары 2011 жылғы 29 маусымынан және 27 желтоқсанынан).





Iшкi тәуекелдердi

Ресурстардың экономиканың салалары арасында бiрдей бөлiнбеуiнiң салдарынан экономиканың шикiзат секторына тәуелдiлiгiнiң күшеюi

Елде "голланд ауруының" дамуы

1. Қорларды құру және қайта өндiрудiң оңтайлы пропорцияларын қолдау есебiнен тұтынуды, инвестициялық белсендiлiктi жандандыру.
2. Құрылымдық және инвестициялық саясатшараларымен үйлестiрiлген фискалдық, ақша-кредит саясат құралдарының үйлесiмдiлiгi

Экономиканың әртараптандыруды және бәскеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз ететін басымды секторларын дамыту мақсатында Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялықдамуының бағдарламасы қабылданды.оны іске асырудың негізгі құралы Қазақстанның индустриаландыру картасы болып табылады. Картаның жобалары шағын және орта бизнеске жаңа бизнес мүмкіндіктерін мультпликациялаумен дәстүрлі экспортқабағытталған экономиканың секторларында жүзеге асырылады. 2011 жылдың қаңтары-желтоқсанында 2010 жылғы тиісті мерзімге қарағанда өнеркәсіптік өнімнің НКИ 103,5% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 6,2% ұлғайды. Химия өнеркәсібінің және машина жасау, металды емес минералды өнімнің, қара және түсті металургияның өнімін шығару ұлғайды. 2011 жылдың 12 айының нәтижесі бойынша алдағы жылдың тиісті мерзімге қарағанда өңдеу саласына инвестициялар 9,1% пайызға артқан. «Голландия ауруын» болдырмау мақсатында, сондай-ақ орта мерзімде экономикалық өсуінің тұрақты және динамикалық қарқынды ұстау мақсатында экономикалық саясат экономиканың өсу көздерін сұраныс пен ұсыныстың ішкі факторларына, ішкі сұранысқа бағытталған шикізаттық емес салалардың және әлемдік нарықта бәскеге қабілетті салалардың өсуін қамтамасыз етуіне және рольдерінің артуына қайта бағыттауға тіреледі.


Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және 2011-2015 жылдарында экономиканың 7% өсуін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізі бағыттары экономиканың әртараптандыруға, шикізаттық емес салалардың дамуына және балансталған экономикалық өсіміне ықпал етеді.

Әртараптандыру шеңберінде дамуының экстенсивті шикізаттық жолдан индустриалды-инновациялық дамуына өту жүзеге асырылады. Инфрақұрылымдық саясат шегінде жүргізілетін энергетика, көліа және коммуникациялар салаларын жаңғырту да экономиканың үдемелі әртараптандыруға және елге шетел инвестицияларды тартуға ықпал етеді. Шикізаттық емес салалардың, шағын және орта бизнестің, сондай-ақ алдыңғы қатарлы технологияларды дамытудың катализаторлары бола алатын экономиканың дәстүрлі мамандырудың секторларындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру ортамерзімдік келешекте индустриалды-инновациялық курсының негізгі механизмі болады

Кезектік индустриализация келесіге жету үшін Қазақстан үшін дәстүрлі шикізаттық сектордың салаларын қамдиты:

Жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген секорлар;

Көбінесе экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторлар;

Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, биотехнологияларды, альтернативті энергетиканы қамтитын «болашақ экономикасының» секторлары.

Құрылымдық саясат экономиканы әртараптандыруды өңірлік дамуымен және экономикалық өсім орталықтарды қалыптастырумен біріктіреді.





ЕДБ-нiң "Бизнестiң жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларын қаржыландырудан бас тартуы

1. Халықтың әлеуметтiк қауырттылығы, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санының қысқаруы.

2. Экономиканың жекелеген салаларындағы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi орындайтын өндiрiлетiн және iске асырылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер көлемiнiң қысқаруы.
2. Бюджеттiк қаражаттарды игермеу
3. Қаржылық ұйымдарға халық тарапынан сенiмнiң жойылуы


Екінші деңгейлі банктер, жеке кәсіпкерлік субъектілері және жергілікті атқарушы органдары арасында түсіндірме жұмысты жүргізу

2011 жыл ағымында Екiншi деңгейдегі банктер, жеке кәсiпкерлiктiң субъекттерi және жергiлiктi атқарушы органдардың арасында түсiндiру жұмыстар жүргiзiлген




Концессиялық жобаларға қатысу үшiн жеке және халықаралық капиталды тарту мүмкiнсiздiгi

1. Жобаларды iске асырмау
2. Концессионердi тартпау

1. Хеджирлеу
2. Мемлекет пен концессионер арасында тәуекелдердi бөлу
3. Концессия бойынша келiсiмдер мониторингi

2012 жылы 12 қаңтарда «жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Осы Заңда «Концессиялар туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.





Концессиялық жобаларды iске асыру кезiндегi бағамдық айырмашылықтың өзгеруi

Жобалардың қымбаттауы