girniy.ru 1 2 ... 5 6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ


Физика – математика факультетi

Физика кафедрасы




“Бекітемін”

Оқу ісі жөніндегі проректор

___________ Ж.А. Қараев

“____” _______ 2006ж.


Компьютерлік физика әдістері пәнінен

050110 – физика ” мамандықтары үшін

оқу - әдістемелік кешен


Алматы, 2006ж



Оқу әдістемелік кешенін құрастырған:

доцент Б.Т.Абыканова

Алғы сөз. Оқу - әдістемелік кешен – педагогтік жоғары оқу орындары физика – математика факультетінің, сонымен қатар мектеп (кәсіптік – техникалық мектептер) оқытушыларының физика сабақтарында компьютерді пайдалану үшін қажетті көмекші құрал болып табылады. Мұнда компьютер көмегімен жеке физикалық процестер процестер мен құбылыстарды модельдеу де қарастырылған. Оқу - әдістемелік кешен курстың оқу бағдарламасының талабына сай жазылған. Кешенде компьютер қолданылып шешілген көптеген есептер мен зертханалық жұмыстар берілген.

"Компьютерлік физика әдістері" пәні бойынша жалпыға міндетті білім беру Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі дайындаған стандарты (ҚР МЖМБС 3. 08. 010 – 2004 ж) типтік оқу бағдарламасы, Астана 2004 ж негізінде құрылған.


Кафедраның мәжілісінде талқыланып, бекітілді.

"_____"___________ 2006 ж. ХАТТАМА №____



Кафедра меңгерушісі________ профессор Жамалов А.Ж.


Физика – математика факультетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланды.

"____" ____________ 2006 ж. ХАТТАМА №____


Факультет ГӘК төрайымы_______ доцент Түгелбаева Г. Т.

"КЕЛІСІЛДІ"

Факультет деканы _________профессор Кеңесбаев С.М.


"_______" ___________2006 ж.


М а з м ұ н ы


1. Пәннің оқу бағдарламасы – SYLLABUS

1.1. Оқытушы туралы мәліметтер ................................................................ 4

1.2. Пән туралы мәліметтер .......................................................................... 4

1.3. Пән мазмұнына түсініктеме................................................................... 4

1.4. Курстың міндеттері ................................................................................. 4

1.5. Курс саясаты ............................................................................................ 4


1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер

Сабақ жүргізуші, доцент: Абыканова Б.Т.

Тікелей телефон: 8 701 381 65 26

Кафедрада болатын уақыты 830 – 1700 439 – аудитория


1.2. Пән туралы мәліметтер

Пән атауы: Компьютерлік физика әдістері

Кредит саны: 2

Пәннің өткізілетін орны: 439 – аудитория


1.3. Пән мазмұнына түсініктеме:


1.4. Курстың міндеттері:

- біріншіден, компьютерді қолданудың кибернетикалық негіздері, яғни компьютерлік құралдарды пайдаланудың механизмдері мен заңдылықтарын меңгеруі керек;

- екіншіден, компьютерді физика сабағында тиімді пайдаланудың негіздерін жақсы білуі керек;

- үшіншіден, психологиялық негіздерін айқын тануы керек, яғни оқушының компьютермен жұмыс істеудегі ішкі психологиялық процестердің өзіндегі ерекшеліктерін тануы қажет;

- төртіншіден, танымдық - ....ологиялық негіздерімен жақсы таныс болуы керек, яғни компьютерді қолдану барысында оқушының танымдық мүмкіндіктері ашыла түседі. Физикалық құбылыстарды модельдеудің ерекшеліктері сақталуы керек;


- бесіншіден, компьютерді физика сабағында пайдаланудың дидактикалық әдістемелік негіздерінің танылуы маңызды роль атқарады.


1.5. Курс саясаты:

Курс саясаты мен процедурасы оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, бақылаудың барлық түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру тәртібін талап етуінен тұрады. Бақылау түрлерін тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау керек. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсырылуын негіздеуі тиіс.

- сабаққа қатысу — міндетті;

- сабаққа кешігуге болмайды;

- ұялы телефондар өшірулі болуы керек;


2. Компьютерлік физика әдістері пәнінен типтік оқу бағдарламасы

2.1. Кіріспе.

Компьютер көмегімен оқыту жүйесі. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу - әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, дүниені аз уақытта танып білетін, байланыс туралы жеткілікті меңгерген технология саласының білгірі болады. сондықтан оқу сапасына жағымды әсер ететін компьютерлік оқыту жүйесін физика сабағында пайдалану оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырудың және сабақтың қарқынын күшейтудің мықты құралы болып табылады.

Физика мен информатиканың пәндерінің арасындағы өзара байланыс. Қәзіргі ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты. Осыған байланысты мектептегі оқу пәндері де бір – бірінен ажыратылуы мүмкін емес.

Пәнаралық байланыс мектептегі ғылым негіздерінің жан – жақты және терең меңгерулерінің дидактикалық шарты және құралы болып табылады. пәнаралық байланыстарды белгілеу терең білім алуға, ғылыми түсініктер мен заңдылықтардың қалыптасуына, оқу – тәрбие процесінің жетілдіруіне, ғылыми көзқарастың қалыптасуына, материалдық әлемнің бірлігі жөнінде түсінік алуға, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын білуге мүмкіндік жасайды. Бұдан басқа, пәнаралық байланыстар оқушылардың ғылыми білім деңгейінің жоғарылауына, логикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді.


10 – сыныпта «Электрондық сәулелік түтік» тақырыбын өткен кезде оқушылар дисплей экранының құрылысымен танысса, жартылай өткізгіштер таралуында транзистордың, диодтың сондай–ақ ЭЕМ–нің негізгі жұмысын басқаратын микросхемалардан хабардар болады. «Информацияны магниттік жазу» тақырыбын қарастырған кезде де информацияны сақтау, өңдеу және беру туралы түсінік алады.

Сонымен қатар физика пәнінде оқушылардың әр түрлі қондырғылармен жұмыс істеуі олардың техникада емін – еркін бейімділігін арттырады.

Сол секілді олар алгоритм, бағдарлама ұғымдарымен танысып, алгоритмдік тілдердің бірінде бағдарламалар құру принциптерін игереді. Осы салада информатика сабақтарында алған білімдер басқа оқу пәндерінде, мәселен, физика, математика, химия, т.б. пәндердегі курстарда тереңдетіліп бекітілуі тиіс. Физика курсында, әдетте, ЭЕМ–нің электрондық физикалық негізіне көңіл аударуға кеңес беріледі. Дегенмен, қазіргі заманғы ЭЕМ–ді пайдаланушыға машинамен жұмыс істеудің математикалық – ойлық қыры маңыздырақ бола түсуде, ол негізінен, жоспарлай білу мен операциялық жүйені меңгеруге келіп саяды. Сонымен бірге оқу процесіне ЭЕМ–ді енгізу егер оқушылар дерексіз, жалғыз математикалық тапсырма есептерді ғана емес, басқа пәндер курсындағы білімдердің де қатысуын талап ететін есептерді шығарумен айналысса, өте пайдалы, жоғары нәтиже бермек. Бұл салада алған білім негіздерін информатика пәнінде толықтыра түседі. Жоғарыда қарастырғанымыздай физика сабағын үйретуші программаларды қолдану арқылы оқыту оқу мүмкіндігін арттырушы құрал деп қарастырсақ, информатика пәнінің стандартында бұл мәселеге ерекше мән беріліп қолданбалы программалық пакеттер арқылы сабақтастырылған (интеграциялық) сабақтар өткізуге көңіл бөлінеді. Сондай – ақ информатика пәнінде ЭЕМ–де есеп шығару кезеңдері тақырыбын түсіндіргенде оқушылардың оқу материалын меңгеруіне физика есептерінен мысалдар келтіру көп мүмкіндік туғызады және бұл арада пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

2.2. Оқу жоспарының көшірмесі


1-кесте


Апта бойынша академиялық сағаттар


Курс

Семестр

Несиелер

Дәрістер

СӨЖ

СОӨЖ

Барлығы


Бақылау түрі

3

6

3

2

2

4

8

Емтихан



следующая страница >>