girniy.ru 1
Тәртіптік кеңестің мәжілісі



2010 жылы 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңестің және «Нұр Отан» ХДП ШҚ облысы бойынша филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық Кеңесінің біріккен кезекті отырысы өтті. Аталған отырыста Ұлан ауданының мемлекеттік органдарында және Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасында өткізілген тексерулердің қорытындылары және бір неше тәртіптік істер қаралды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылы 11 қазандағы № 1457 «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды4 Ережесін бекіту туралы» Үкімінің орындалуы туралы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың өңірлік орталығының диреторы м.а. есебі тындалды.

Мемлекеттік органдары басшыларының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексінің талаптарын сақталуы жөніндегі мәселелер бойынша өткізілген тексерулердің қорытындысы бойынша есебі тындалып, орындаушылық тәртібін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы заңнамаларының талаптарын орындалуын бақылауды күшейту жөнінде тиісті ұсыныстар енгізілді.

Қаралған тәртіптік істері бойынша, тиісті мемлекеттік органдарының басшыларына кеңеспен:

- Ұлан ауданының Өскемен ауылдық округінің әкімі Б.Сүлейменовқа, жер қатынастары бөлімінің және кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас мамандары Ж.Айтмухамбетовқа және Г.Касеноваға мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексін бұзғаны үшін ескерту жариялау;

- Бородулиха ауданы Новодворовск селолық округінің әкімі О.Байжановқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды бұзғанны үшін өз лауазымдық қызметіне толық сай емес екендігі жөнінде ескерту жарияланды.


Тәртіптік кеңес хатшылығы