girniy.ru 1


Қызылжар ауданы

әкімдігінің 2012 жылғы

«16» шілдедегі № 302

қаулысымен бекітілді


«Тұрақты жер пайдалану

құқығына актілер ресімдеу және беру»

мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер


1. «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Мемлекеттік қызмет «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) және жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына акт әзірлейтін Жер ресурстарын және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік еншілес кәсіпорнының (СолтҚазМемҒӨОжер) (бұдан әрі – мамандандырылған кәсіпорын) қатысуымен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – Орталық) арқылы баламалы негізде көрсетілуі мүмкін.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 34, 43-баптарының, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актіні немесе жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына акт телқұжатын немесе жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетумен қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік заңды тұлғаларға көрсетіледі. (бұдан әрі - тұтынушы).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптары



7. Мемлекеттік қызмет:

Мемлекеттiк қызмет Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы Бескөл ауылы, Институт көшесі,1 мекен-жайы бойынша уәкiлеттi орган ғимаратында көрсетiледi, телефон: 8(71538) 2-15-54;

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1в мекен-жайы бойынша Орталық ғимаратында көрсетiледi, телефон: 8(71538) 2-17-56;

8. Мемлекеттік қызмет мынадай жағдайда көрсетіледі:

уәкілетті органға өтініш берген жағдайда:

аптасына бес жұмыс күн, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін түскі үзіліспен. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

Орталыққа өтініш берген жағдайда:

аптасына алты жұмыс күн, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін, 13.00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен қызмет атқарады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты мекен-жайлары мен жұмыс кестесі осы Регламенттің 7,8 -тармақтарында көрсетілген Орталықта немесе уәкілетті органда алуға болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету орындарында стендтерде және zemotbish@mail.ru көрсетілген ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының қажетті құжаттарды осы Регламенттің 16 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған уақытынан бастап 6 жұмыс күні ішінде, жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт телқұжатын беру кезінде 4 жұмыс күні ішінде;

құжаттарды тапсыру және алу кезіндегі кезекті күту мерзімі 30 минуттан аспайды;


құжаттарды тапсыру және алу кезіндегі қызмет көрсету мерзімі 30 минуттан аспайды.

11. Мемлекеттік қызмет 4 қосымшаға сәйкес мөлшерде жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін қызмет ақысын төлегені туралы құжатты (түбіртекті) уәкілетті органға немесе Орталыққа берумен ақылы негізде көрсетіледі.

Жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актіні дайындау үшін ақы төлеу төлемнің мөлшері мен уақытын растайтын төлем құжатын беретін қолма - қол немесе қолма-қол емес тәсілімен екінші деңгейдегі банктер арқылы мамандандырылған кәсіпорынның есеп-шотына не мамандандырылған кәсіпорынның кассасында жүргізіледі.

12. Тұтынушы осы Регламенттің 16-тармағында көрсетілген сәйкес құжаттарды бермеген жағдайда уәкілетті орган немесе Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

Мемлекеттік қызмет мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:

1) осы жер учаскесі бойынша сот шешімдері болғанда немесе жүріп жатқан сот талқылауы туралы хабарлама болғанда;

2) заңнама нормаларын бұзуды жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актісі болғанда;

3) бір учаскеге құқықтарын ресімдеуге қатысты бірнеше өтініш болғанда немесе ресімдеу процесінде осы жер телімінің басқа пайдаланушыларын анықтаған жағдайда.

Жер учаскесіне құқықтарын ресімдеуді сот шешімдері және прокурорлық қадағалау актілері бойынша тоқтату үшін негіз болатын жағдайларды анықтау мерзіміне дейін, ал бірнеше өтініштің түсу себептері бойынша тараптардың келісімге келуі немесе сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін қалдыру деп саналады.

Жер учаскелеріне құқықтарын ресімдеуді тоқтату туралы мәліметтер тіркеу және есепке алу кітабына енгізіледі. Тұтынушыға жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына акт ресімдеу кезінде болмаған құжатты және тоқтату мерзімі, тұтынушының ресімдеуді тоқтату себептерін жою үшін бұдан әрі жасалатын әрекеттерді көрсетумен жазбаша түрде хабарлама жолданады.

13. Тұтынушының мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берген уақытынан бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін берген уақытқа дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері


уәкілетті орган арқылы:

1) тұтынушы уәкілетті органға тұрақты жер пайдалану құқығына актіні дайындау акт (акт телқұжатын) беру туралы өтініш береді;

2) уәкілетті орган қызметшісі өтінішті тіркейді және тұтынушыға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді және өтініш пен қажетті құжатттарды басшылыққа жолдайды;

3) уәкілетті орган басшылығы жауапты қызметшіні анықтайды;

4) уәкілетті органның жауапты қызметшісі тұтынушының барлық қажетті құжаттарын тұрақты жер пайдалану құқығына акт (акт телқұжатын) әзірлеуге мамандандырылған кәсіпорынға ілеспе хат жолдайды немесе басшылыққа қол қоюға дәлелді бас тарту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама әзірлейді;

5) мамандандырылған кәсіпорын уәкілетті органның акт (акт телқұжатын) әзірлеу туралы сұрауын қарайды, акт (акт телқұжатын) әзірлейді, уәкілетті органға акт (акт телқұжатын) жолдайды;

6) уәкілетті органның жауапты қызметшісі басшылыққа қол қою үшін тұрақты жер пайдалану құқығына актіні (акт телқұжатын) жолдайды, елтаңба мөрімен бектіп тұтынушыға тұрақты жер пайдалану құқығына актіні немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама береді.

Орталық арқылы:


  1. тұтынушы Орталыққа акт (акт телқұжатын) беру туралы өтініш береді;

  2. Орталық инспекторы өтінішті тіркейді және тұтынушыға сәйкесінше

құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді және өтініш пен қажетті құжатттарды Орталықтың жинақтауыш бөлім инспекторына жолдайды;

3) Орталықтың жинақтауыш бөлім инспекторы құжаттар жинағын жүзеге асырып, тізім жасайды, құжаттарды уәкілетті органға жолдайды;

4) уәкілетті орган қызметшісі өтінішті тіркейді және қажетті құжаттарды басшылыққа тапсырады;

5) уәкілетті орган басшылығы жауапты қызметшіні белгілейді;

6) уәкілетті органның жауапты қызметшісі тұрақты жер пайдалану құқығына актіні ресімдеу үшін (акт телқұжатын) мамандандырылған кәсіпорынға тұтынушының барлық қажетті құжаттарын ілеспе хатпен немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тартуға басшылыққа қол қою үшін әзірлейді;


7) мамандандырылған кәсіпорын уәкілетті органның акт (акт телқұжатын) әзірлеу туралы сұрауын қарайды, акт (акт телқұжатын) әзірлейді, уәкілетті органға акт (акт телқұжатын) жолдайды;

8) уәкілетті органның жауапты қызметшісі басшылыққа қол қою үшін тұрақты жер пайдалану құқығына актіні (акт телқұжатын) жолдайды, елтаңба мөрімен бекітіп, актіні (акт телқұжатын) Орталықтың жинақтауыш бөлім инспекторына жолдайды;

9) Орталықтың жинақтауыш бөлім инспекторы құжаттарды Орталық инспекторына береді;

10) Орталық инспекторы тұтынушыға акт (акт телқұжатын) немесе дәлелді бас тарту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама береді.

14. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғаның ең төмен саны бір қызметкерді құрайды.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әрекеттер

(өзара әрекеттер) тәртібіне сипаттама


15. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау уәкілетті органның жауапты орындаушысы арқылы жүзеге асырылады.

Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердің» бағытталуы мен орындалатын қызметтері туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

Құжаттарды Орталыққа немесе уәкілетті органға тапсырғаннан кейін тұтынушыға төмендегілерді көрсетумен сәйкесінше құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

сұрауды қабылдау нөмірі мен датасы;

сұралатын мемлекеттік қызмет түрі;

қоса берілген құжаттар саны мен атаулары;

құжаттарды беру датасы, уақыты және орны;

мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының немесе уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы.

16. Тұрақты жер пайдалану құқығына акт немесе тұрақты жер пайдалану құқығына акт түбіртегін беру үшін Орталыққа немесе уәкілетті органға келесі құжаттар ұсынылу қажет:


1) мемлекеттің тұрақты жер пайдалану құқығын беру кезінде:

осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына акт беру үшін уәкілетті органға өтініш;

жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінен үзіндінің көшірмесі;

уәкілетті органмен бекітілген жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмесі;

салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТН);

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына акт әзірлеу қызметіне төлем туралы құжат (түбіртек);

өкілдің уәкілеттігін куаландыратын құжаттың көшірмесі.

Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмесі тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, тексерістен кейінтұтынушыға қайтарылады;

2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын өзгерткен жағдайда:

осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт беру үшін уәкілетті органға өтініш;

тұрақты жер пайдалану құқығына ертеде берілген жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзіндінің көшірмесі және/немесе жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын өзгертуді куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі;

уәкілетті органмен бекітілген жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмесі;

салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТН);

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына акт әзірлеу қызметіне төлем туралы құжат (түбіртек);

уәкілдің өкілдігін растайтын құжаттың көшірмесі;

тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмесі тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, тексерістен кейін тұтынушыға қайтарылады;


3) жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына акт телқұжатын беру кезінде:

осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына акт телқұжатын беру үшін уәкілетті органға өтініш;

жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына акт әзірлеу қызметіне төлем туралы құжат (түбіртек);

уәкілдің өкілдігін растайтын құжаттың көшірмесі;

жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына акт түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы жарияланған хабарландырумен жер телімінің орналасқан жері бойынша жергілікті аудандық газетінің данасы.

Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмесі тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, тексерістен кейін тұтынушыға қайтарылады.

17. Өтініштер бланкілері уәкілетті органда болып табылады.

Орталықта өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы үстелшеде немесе Орталық консультанттарында болады.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – СФЕ) әрекет жасайды:

1) Орталық инспекторы;

2) Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті органныңжауапты қызметшісі;

4) уәкілетті органның басшылығы;

5) мамандандырылған кәсіпорынның кеңсесі;

6) мамандандырылған кәсіпорын басшылығы;

7) мамандандырылған кәсіпорынның қабылдау және беру тобы;

8) мамандандырылған кәсіпорынның өндірістік құрылымдық бөлімшесі.

19. Әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) бірізділігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау әр әкімшілік әрекеттің (процедураның) орындалу мерзімін көрсетумен осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

20. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі арасындағы өзара әрекетті көрсететін сызба осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін


лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


21. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органның, Орталықтың, мамандандырылған кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің басшылары мен лауазымды тұлғалары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) болып табылады.

Лауазымды тұлғалар мемелекеттік қызметті сапалы және тиімді көрсетуге, сонымен қатар олармен қабылданатын шешімдерге және мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әрекеттерге (әрекетсіздік), мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртібінде белгіленген мерзімде жүзеге асыруға жауап береді.

Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік

қызмет регламентіне

2-қосымша


Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті

органның бастығына

(уәкілетті орган атауы)

__________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)


___________________________________
(немесе заңды тұлғаның толық атауы


____________________________________
(жеке немесе заңды тұлға құжатының деректемелері
____________________________________
байланыс телефоны, мекен-жайы)


Тұрақты жер пайдалану құқығына акт беру туралы

өтініш


______________________________________________________________берілген
(жер телімінің нысаналы мақсаты)


______________________________________________________мекен-жайында орналасқан

(жер телімінің мекен-жайы (орналасқан жері)


жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт (акт телқұжатын) беруіңізді сұраймын.


Датасы ____________       Өтініш беруші_________________________________________

__________________________________________________________________________________


(уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, қолы)


«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік

қызмет регламентіне

2-қосымша


Әкімшілік әрекеттердің (шаралардың)

бірізділігі мен өзара әрекеттерін сипаттау

1-кесте. ҚФБ әрекеттерін сипаттау


Негізгі процесс әрекеті (барысы, жұмыс легі)




Әрекет №

(барысы, жұмыс легі)

1

2

3

4

5

7




ҚФБ атауы

Орталық инспекторы



Жинақтаушы бөлім инспекторы

Жинақтаушы бөлім инспекторы

Уәкілетті орган қызметшісі


Уәкілетті орган басшылығы


Уәкілетті органның жауапты қызметшісі




Әрекет атауы (процесс, процедура, операция) және оларға сипаттама

Құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу

Журналға қол қояды және құжаттарды жинайды

Тізім жасайды және құжаттарды жолдайды

Құжаттарды қабылдау, журналға кіріс хат-хабарларды тіркеу


Хат-хабарлармен танысу, жауапты қызметшіні белгілеу

Құжаттардың толықтығын тексеру, құжаттарды мамандандырылған кәсіпорынға жолдау, бас тарту туралы дәлелді жауапты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама дайындау




Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім

қолхат

Жинақтаушы бөлімге құжаттарды жинау

Құжаттарды уәкілетті органға жөнелту

Бұрыштама жазу үшін құжаттарды басшылыққа жолдау

Бұрыштама жазу, орындау үшін жауапты орындаушыға жөнелту

Мамандандырылған кәсіпорынға ілеспе хат, бас тарту туралы дәлелді жауап немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама




Орындау мерзімі

30 минуттан көп емес

Күніне 3 рет

Күніне кем дегенде 2 рет


30 минут

30 минут

30 минут




Келесі әрекет нөмірі

2

3

4

5

6

7




Әрекет №

(барысы, жұмыс легі)


7

8

9

10

11

12

ҚФБ атауы

Мамандандырылған кәсіпорын кеңсесі

Мамандандырылған кәсіпорын басшылығы

Мамандандырылған кәсіпорынның қабылдау және беру тобы


Мамандандырылған кәсіпорынның өндірістік бөлімшесі

Мамандандырылған кәсіпорынның қабылдау және беру тобы


Мамандандырылған кәсіпорын басшылығы

Әрекет атауы (процесс, процедура, операция) және оларға сипаттама

Уәкілетті органның сұрауын тіркеу



Құжаттармен танысу, бұрыштама жазу



Құжаттарды өндірістік бөлімшеге тапсыру

Акт ( акт телқұжатын) әзірлеу

Актіге (акт телқұжатына) сараптама жүргізу

Актіге (акт телқұжатына) қол қою

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық - өкімдік шешім

Бұрыштама жазу үшін құжаттарды басшылыққа жолдау

Құжаттарды қабылдау және беру тобына тапсыру

Құжаттарды өндірістік бөлімшеге тапсыру

Актіні (акт телқұжатын) қабылдау және беру тобына тапсыру

Актіні (акт телқұжатын) басшылыққа тапсыру


Актіні (акт телқұжатын) кеңсеге тапсыру

Орындау мерзімі

1 сағат
актіні әзірлеудің жалпы мерзімі - 6 жұмыс күні, акт телқұжатын әзірлеу мерзімі -4 жұмыс күні

30 минут

2 жұмыс күн ішінде

30 минут

30 минут ішінде

30 минут

Келесі әрекет нөмірі

8


9

10

11

12

13




Әрекет №

(барысы, жұмыс легі)

13

14

15

16

17

ҚФБ атауы

Мамандандырылған кәсіпорынның кеңсесі


Уәкілетті орган қызметшісі

Уәкілетті орган басшылығы

Уәкілетті орган қызметшісі

Орталық инспекторы

Әрекет атауы (процесс, процедура, операция) және оларға сипаттама

Актіні (акт телқұжатын) уәкілетті органға жолдау

Әзірленген актіні


(акт телқұжатын) тексеру


Актіге (акт телқұжатына), дәлелді бас тартуды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарламаға қол қою

Актіні (акт телқұжатын) елтаңбалы мөрмен куәландыру, актіні (акт телқұжатын) актілерді беру кітабына тіркеу, актіні (акт телқұжатын) тұтынушыға немесе Орталыққа беру

Актіні (акт телқұжатын), мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға беру

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық -өкімдік шешім

Актіні (акт телқұжатын) уәкілетті органға тапсыру

Актіні (акт телқұжатын) уәкілетті орган басшылығына қол қоюға тапсыру

Актіні (акт телқұжатын), мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты орындаушыға тапсыру

Актіні (акт телқұжатын), мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға немесе Орталыққа беру

Актіні (акт телқұжатын), мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға беру

Орындау мерзімі

1 жұмыс күн ішінде

30 минут

30 минут

30 минут

30 минуттан артық емес

Келесі әрекет нөмірі

14

15

16

17




2-кесте.

Пайдалану нысандары. Негізгі процесс.


1 топ

ҚФБ

Орталық инспекторы

2 топ

Уәкілетті органның қызметшісі

3 топ
ҚФБ
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

4 топ
ҚФБ
Уәкілетті орган басшылығы

5 топ

ҚФБ
Мамандандырылған кәсіпорын




1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, өтінішті тіркеу, құжаттарды уәкілетті органға тапсыру үшін Орталықтың жинақтаушы бөліміне жолдау

№ 2 әрекет
Орталықтан немесе тұтынушыдан өтінішті қабылдау, қолхат беру, тіркеу, өтінішті уәкілетті орган басшылығына жолдау




№ 3 әрекет
Жауапты орындаушыны белгілеу, бұрыштама жазу




 

 

4 әрекет
Өтінішті қарау, мамандандырылған кәсіпорынға жолдау үшін құжаттарды дайындау

 

№ 5 әрекет
Уәкілетті органның жолдаған сұрауын қарау, актіні (акт телқұжатын) әзірлеу, актіні (акт телқұжатын) уәкілетті органға жолдау







№ 6 әрекет

Әзірленген актіні (акт телқұжатын) тексеру


№ 7 әрекет
Актіге (акт телқұжатына) қол қою










№ 8 әрекет

Актіні (акт телқұжатын) елтаңбалы мөрмен куәландыру және актілерді беру кітабына тіркеу, актіні (акт телқұжатын) тұтынушыға немесе Орталыққа беру

 




№ 9 әрекет
Актіні (акт телқұжатын) тұтынушыға Орталықта беру

 












3-кесте. Пайдалану нысандары.
Баламалы процесс.


1 топ

ҚФБ

Орталық инспекторы

2 топ

ҚФБ
Уәкілетті органның қызметшісі

3 топ

ҚФБ
Уәкілетті органның

жауапты орындаушы

4 топ

ҚФБ
Уәкілетті орган басшылығы

№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, өтінішті тіркеу, құжаттарды уәкілетті органға тапсыру үшін Орталықтың жинақтаушы бөліміне жолдау

№ 2 әрекет
Орталықтан немесе тұтынушыдан өтінішті қабылдау, қолхат беру, тіркеу, өтінішті уәкілетті орган басшылығына жолдау




№ 3 әрекет
Жауапты орындаушыны белгілеу, бұрыштама жазу

 

 


№ 4 әрекет
Өтінішті қарау. Бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау

№ 5 әрекет
Бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою




№ 6 әрекет
Бас тарту туралы дәлелді жауапты Орталыққа немесе тұтынушыға тапсыру







№ 7 әрекет
Бас тарту туралы дәлелді жауап тұтынушыға Орталықта беру

 









«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді

ресімдеу және беру» мемлекеттік

қызмет регламентіне

3-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесіндегі әкімшілік әрекеттердің қисынды бірізділігі арасындағы өзара әрекеттесуді бейнелейтін сызба






    








5. Жауапты қызметші

Құжаттардың толықтығын тексеру, құжаттарды мамандандырылған кәсіпорынға жолдау, дәлелді бас тартуды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама дайындау, мамандандырылған кәсіпорынға жолдаухат дайындау ( 30 минут)





















7. Жауапты қызметші

Әзірленген актіні тексеру, уәкілетті орган басшылығына қол қоюға беру

(30 минут)








«Тұрақты жер пайдалану

құқығына актілерді

ресімдеу және беру» мемлекеттік

қызмет регламентіне

4-қосымша


Жер телімдеріне арналған түгендеу құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыс құны республикалық бюджет туралы заңымен сәйкес қаржылық жылға бекітілген айлық есептік көрсеткіш өлшемінен есептелінеді (бұдан әрі – АЕК)


Субъектілердің атауы

Жер учаскесінің аумағы, гектар (га)

Жұмыс құны

АЕК




Жеке тұлғалар










Жүргізу үшін:












Бақшалық және бақша құрылысы







1,9




Жеке тұрғын үй құрылысы






1,9




Жеке қосалқы шаруашылық






1,9




Гараждар






1,9




Шаруа және фермер қожалығы



50 дейін

3,2

100 га дейін – 1,1;
500 га дейін – 1,2;
1000 га дейін – 1,3;
1000 га аса – 1,4

Заңды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері



0,5 дейін

3,2

1 га дейін – 1,1;
10 га дейін – 1,2;
50 га дейін – 1,3;
50 га аса – 1,4

Кеңсе меншіктері (кондоминиум қатысушылары)



1 дейін

3,2

1,5 га дейін – 1,1;
2,0 га дейін – 1,2;
2,5 га дейін – 1,3;
2,5 га аса – 1,4