https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4
«Есімді сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымы» атты тармақшада есім сөз тіркестерінің ұйытқы сөзі қай сөз табынан келетіндігіне орай айтылған зерттеулерге, сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымдарына, байланысу амал-тәсілдеріне, түрлеріне талдау жасалады.


Есімді сөз тіркестерінің басыңқы сыңары, көбінесе, зат есімнен келеді. Зат есімдердің жетегінде келетін сөздер де зат есімдерден тұрады. Олардың бірқатары қабыса байланысады. Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, алдыңғысы соңғысына бағына байланысады.

Ал К.А.Бейсенбаева «Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің жалғаусыз тіркестерінің кейбір түрлері», «Безаффиксное сочетание имен существительных в современном казахском языке» еңбектерінде жалғаусыз зат есімнің арнайы зерттеу обьектісі болмағандығын және күрделі мәселенің бірі екендігін атап өтеді.

Зат есім мен зат есімнің тіркесі туралы М.Балақаев: «Осы сияқты қатар тұру арқылы бірін-бір анықтайтын зат есімдер тобы екі, үш, төрт сөзден құралуы мүмкін: темір қанат балапан, қой көзді бала, шоқпар бас таяқ», – сияқты бағыныңқы сыңары бірнеше зат есімнен де болып, күрделі түрде жұмсалатындығын көрсетеді. Жалғаусыз зат есімдер тек екі сөзден келіп, жай сөз тіркесін құраумен қатар, күрделі түрлерін де жасайды.

Алдыңғы екі зат есім басыңқы зат есімге әрқайсысы тікелей қатысты болмай, екеуі сатылана байланысу негізінде өзара түйдекті топ құрауы тілімізде түйдекті топтар деп аталып жүрген топтарға қарағанда, көп кездесе бермеуі мүмкін. Әдетте, түйдекті топтар, көбіне, күрделі сын есім, сан есім, етістік сөз таптарының негізінде және түрлі негізгі сөздер мен көмекші сөздердің тіркесуі, сондай-ақ фразалық тіркестердің қатысы арқылы жасалады. Ол толық мағыналы зат есімдерден жасалады дейтін пікір жоқ екендігін профессор Қ.Жұбанов зерттеулерінен де кездестіреміз.

Зат есім басыңқылы тіркестер тілімізде жиі кездесе отырып, төмендегідей құрамда келеді және өзара қабыса, матаса байланысады:

Қабыса байланысып келгендер:

1. Басыңқы сыңары жалқы немесе жалпы зат есімдерден жасалады: Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Әуелі – білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне де керек болар еді деп іздемесе керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар... (Абай. Отыз екінші қарасөзі.).


Түпсіз ой, түпсіз қиял неше мыңдап,

Бірі бүйт, бірі сүйт деп тұрады ымдап.

Тұңғиық тұманданған алдыңғы өмір,

Тұрғанын біліп болмас не дайындап (Шәкәрім). Білектей арқасында өрген бұрым (Абай.).

2. Басыңқы сыңары жіктік жалғаулы зат есімнен келуі:

Мен жаралы – жолбарыспын.

Жұрттың атқан оғы өтіп.

Сен есірке, сорлы жаспын.

Шын сөзіме рақым етіп (Абай. Онегиннің Татьнянаға жауабы).

Мен бір тілсіз көлікпін,

Басымда соққан дауым жоқ (Шәкәрім. Өлген көңіл ындысыз өмір).

Қазір тірі, дүниеге мен де ортақпын,

Осы күн батпай батып жоғалмақпын.

Алдыңдағы асау жас қайнап тұрған.

Мен болмаспын – бір уыс топырақпын (Абай.М.Ю.Лермонтовтан).

Матаса байланысқан тіркестер:

1.Басыңқы сыңары тәуелдік жалғаулы сөзден келуі арқылы: Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды (Абай. Жиырма төртінші сөзі.). Екеуінің мойнына арқан салып, Екі аттың құйрығына байлап алып... (Шәкәрім. «Қалқаман-Мамыр») .

..Таусылар деп ойлама сөздің кені.

Тауып айтса – дауасыз дерттің емі.

Сырты сау, іші науқас елдің дені,

Арсыздықпен не болар алған шені. (Шәкәрім. «Ғайсада жан беретін таңның желі»). Адамшылдық міндетім, айт дейді адам індетін. Еріксізбін, шын ниетім, Алды деме мазамды. (Шәкәрім. «Ескіден қалған сөз теріп»).

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен (Абай. «Жазғытұры»).

Сын есімді сөз тіркестері. Қазіргі қазақ тілі жайлы еңбектерде сөз тіркестерінің басыңқы компонентінің қызметінде сын есімдердің келуі ерекше айтылып жүр. Бірақ ескеретін жайт сын есімдердің кез келген семантикалық тобы бұны құрай алмайды.

Тілдің даму барысында сын есім, сан есім, етістіктер үнемі зат есіммен тіркесіп қана қоймай, керісінше, зат есімдердің, сан есімдердің, т.б. сөз таптарының сын есімге тіркесуі нәтижесінде қалыптастанқан тіркестер де пайда болады. Яғни, олар сөз тіркесінің басыңқы сыңарында қолданылғанда, сындық мағына білдірмей, ең алдымен, субстантивтеніп барып, тіркеседі.

Мысалы, Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады (Абай. Жиырма бірінші қарасөзі.). Оның жоқ тілегінің алалығы, Менімен бірге өткен балалығы. Ықтиярсыз кезімнен жас шығарған – Қаяусыз ыдысының тазалығы (Шәкәрім. «Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы»).

Сүйер кісім, сүйенер жақыным жоқ,

Бір өзіңе сиындым, бар құдай-ау (Шәкәрім. «Көкіректе толған шер, көңіл қаяу»).

Сын есімдердің басыңқы компонент қызметінде жұмсалып қалыптасу тарихын айтқанда, лексика-грамматикалық факторларды есепке алу қажет. Көне түркі материалдарына сүйеніп, бірнеше мысалдарға назар салайық: Андағ күчлугмен – Сондай күштімін. Анығ едгү ол – оның жақсы ол (Ж). Кемісі алптідіКелгені батыр деді. (Т). Қағаны алп ерміс, айғуанысы білге ерміс – Қағаны батыр, уәзрі білгіш еді. Толағұлуғ алп ермі, – Топтағандар батыр болады, – Үзгүлүқ алп ерміс – Үзе алған батыр болады (Т). Ічре ашсыз, тарша йабыз, йаблақ бүдүнта. – Ішсе ассыз, тысы тонсыз, жалаңаш бейшара халықта (ҚТ). Ол тенріден дағы поп тан қарғышлыдыр – Ол тәңірден және поптан қарғыс алды. Барчадан қүчлі, барчадан атлы - Бәрінен күшті, бәрінен татымды, барша қатынлар арасында алғыстың (К.Қ). Келтірілген сөйлемдер құрамындағы андағ-қүчлүгмен, андағ едүг ол, келмісі алп ерміс, айғучнсы білге ерміс, ічре ашсыз, тарша тонсыз, плоптан алғышлыдыр т.б. сөз байланыстарынан мынадай жай аңғарылады: бұл жердегі сын есім сөздер тек сөз тіркестерінің басыңқы компоненті ғана емес, сөйлемнің баяндауыш мүшесі, синтаксистік байланысты құраушы діңгек. Бұл – сын есімнің осы қызметте қолданысы тек сөйлемнің құрамында ғана мүмкін болатындығын дәлелдейді.


Сын есімдердің сөз тіркестерінде басыңқы компонент қызметінде қолданыла бастауын бір мезгілдік құбылыс деп қарауға болмайды. Көне түркі жазбаларында сын есімдер басыңқы компонент қызметінде сирек қолданылған. Бұл функцияны көп жағдайда көмекші етістіктермен тіркесіп, не болмаса жіктік формада атқарған. XIV ғасырдағы «Кодекус куманикус» тілінде де осы жағдай кездеседі: барчадан күлчі, барчадан татлы, поптын қарғышлы дыр. Морфологиялық құрылымы бірыңғай сын есімдердің өзі де бірде көмекші етістікпен қолданылса, бірде жалаң тұрып осы қызметті атқарады. Бұл фактілер мынаны дәлелдесе керек: сын есімдердің басыңқы компоненттің қызметін атқаратын болып қалыптасуы олардың көмекші етістіктермен тіркесіп (не баяндауыштық жалғаумен, оның өзі жіктеу есімдігі) қолдану негізінде орныққан. Баяндауыштық қызметке икемдеуші тәсіл көмекші етістіктер мен жіктік жалғаулары. Осындай ыңғайда қолданыла бастаған сын есімдер сөйлемнің ырғақты әуенімен, кейде көмекші етістіксіз жалаң қолданыла бастаған. Соның әсерінен қазіргі тіліміздегі бірқатар сын есімдердің басыңқылық функциясы осы тенденцияның негізінде пайда болса керек. Сөйтіп, сын есімдер басыңқы компонентте орналаса отырып, өзара қабыса және меңгеріле байланысады. Қабыса байланысып келуі:

Көкіректе толған шер, көңіл қаяу,

Ермейсің деп елім жау, досым баяу (Шәкәрім. «Көкіректе толған шер, көңіл қаяу»).

Азат құстар аспанда ойнап ұшса,

Ұялып қарай мендей сорлы.

(Абай.«Тұтқындағы батыр» /М.Ю.Лермонтовтан/).

Халқым надан болған соң,

Қайда барып оңайын (Абай. «Жүректе қайрат болмаса»).

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»).

Меңгеріле байланысуы: сын есімдердің контексте басыңқы компонент қызметінде жұмсалуы – дамудың, кейінгі кезеңнің жемісі. Ең негізгісі, сын есімдердің баяндауыштық позицияда қолданыла бастауы және сол сөздің лексикалық семантикасы болып табылады. Осы позицияда қолданылуын көмекші етістіктер мен жіктік жалғаулары қалыптастырды. Басыңқы сыңар етістіктен болса - етістікті меңгеру, басыңқысы есім сөзден болса - есімді меңгеру, егер басыңқы сөз етістікті де, есім сөзден де қатар келсе, онда ортақ меңгеру болатындығы белгілі. Мысалы: етістікті меңгеру: Пайдасынан бой суыт (Абай. «Қажымас дос халықта жоқ»), есімді меңгеру: Өзбек жұртыменен аталас едік. (Абай. «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы»), ортақ меңгеру: Осындай үлкен жиында мынадай суырып салма сөз Абайға қызық сияқты көрінді (М.Әуезов). Енді құдай тағала бір антұрғанға еңбексіз мал береді екен (Абай. Жиырма сегізінші қарасөзі).


Сонымен, меңгеруде бағыныңқы мүше барыс, табыс, шығыс, жатыс және көмектес септіктерінің бірінде тұруы тиіс.

Сан есімді есім сөз тіркестері. Сан есімдер өзі бағынатын сөздерді сан мөлшері жағынан анықтап, анықтауыштық есім сөз тіркестері құрамына еніп отырады. Қабыса байланысады, ал басыңқы компонент заттың атын білдіретін сөз, не заттық ұғымын жоймаған қатыстық сын есімдерден келеді. Сөйтіп, сан есімді есім сөз тіркестеріндегі бағыныңқы компоненттің қандай сөз табынан болғандығына қарай есептік сан есімді сөз тіркесі, реттік сан есімді сөз тіркесі, болжалды сан есімді сөз тіркестері болып бөлінетіндігін А.В.Севортян «Септік категориясы. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» атты зерттеу еңбегінде келтіреді.

Сан есімдер қазақ тілінде (басқа да түркі тілдерінде) деректі (конкретті) санауға келетін затты білдіретін сөздерді ғана айқындайды, да сөз тіркесін жасайды. Сан есімді есім сөз тіркестеріндегі сандық қиысуды қазақ жазбаларында да кездестіруге болады. Профессор Т.К.Қордабаев бұл туралы еңбегінде былай дейді: «Көптік қиысу XV-XVIII ғасырларда шыққан шежірелерде сан есімнен болған анықтауыш пен анықталушы мүше (он екі адамлар, беш кішілер) арасында да ұшырайды» [12, 27 б.]. Бұл сан есімді есім сөз тіркестеріндегі көптік қиысу түркі тілдерінде болғанын, оның осы тілдер құрылымына жат құбылыс емес екендігін дәлелдейді. «Оның үстіне бұған орыс тілінің әсері болуы мүмкін» деген көзқарасты профессор Ә.Аблақов зерттеулерінде анықтай түседі. Сан есімдер, әсіресе, септік жалғауларының бірінде тұрып көп субстантивтенеді. Олардың ішінде жинақтық субстантивтік сан есімдер ешбір қосымшасыз да, сөз түрлендіруші аффикстердің барлық түрін қосып та, әрі сандық мағынасын сақтап, әрі зат есімдік мағынада қолданылатыны туралы айтылып келеді. Мұндайда өздері заттық мағынада, зат есім орнында тұрады. Сонымен бірге мұндай құрамды тіркестер көбінесе матаса байланысып келеді. Мысалы, Берерменде бесеуің, Аларда және алтауың, Топ болғанда көрерсің, Түрлі дауда жүз тарау (Абай. «Күлембайға»).


Есімдікті есім сөз тіркестері. Анықтауыштық қатынасты білдіретін есім сөз тіркестері құрамында есімдіктер де көне дәуірден бері қолданылып келеді. Мысалы, Азу бу сабымда ігіз барғу (ҚТ.) – Менің бұл сөзімде жалған бар ма? Қамқұқ балыққа тегдірім (Он.) – Барлық қалаларға шабуыл жасадым. Қантү бүдүнүм тідім (МЧ.) – Өз халқым дедім. Жіктеу есімдіктері басыңқы компонентте жұмсалады, алайда көпшілік жағдайда жалаң сөйлем түзеді, яғни оның басыңқы қызметте болуы – баяндауыштың орнында жұмсалғаны.

Өздік есімдіктер де көне жазбаларда кездеседі. Ежелгі дәуірлерден белгілі болып келе жатқан өздік есімдіктері – “өз” және “кентү”. Бұлар да көне түркі жазбалар тілінде анықтауыштық қатынастығы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарының да, басыңқы сыңарының да қызметінде жұмсала берген. Қазіргі қазақ тілінде өздік есімдіктердің басыңқы компонентте қолданылуы жиі айтылмаса да, тілімізде ұшырасып отырады. ...Өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ (Абай. Бірінші қарасөзі).

Сілтеу есімдіктері, әдетте, түбір тұлғада тұрып анықтауыштық қатынасты білдіретін есім сөз тіркестерінің бағыныңқы компоненті болып жұмсалады. Егер сілтеу есімдігі есімді сөз тіркесінің басыңқы компонентінде жұмсалса, онда сөз тіркесі тіркес болудан қалады да, сөйлемге ауысады. Мысалы, Тілім саған айтайын, осы сөздің келісін тап (Абай. «Әбдірахманға Кәкітай атынан хат»). Бұл жерде осы сөз сөздің осы... Міне, осы хабарды естіп, қайта жүрген Әділдің кәрі шешесі... ( Шәкәрім. «Әділ – Мәрия»). Осы хабарды – хабарды осы.

Жалпылауыштық, белгісіздік және сұрау, болымсыздық есімдіктері де анықтауыштық қатынастағы есім сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалуымен қатар, есімді сөз тіркестерінің басыңқы сыңарын жасауға қатыса алады. Ғибрат етіп Алланың дүниесін, Ойланып отыр еді әр немесін. (Шәкәрім. «Дубровский әңгімесі»). Олар бұл қызметте сөз тіркесіне жинақтаушы, жалпылаушылық, белгісіздік және сан-мөлшерлік мән береді.


Ғалым А.Н.Наджип еңбегінде «барлық» сөзі «бар» сөзінің фонетикалық варианттары, бір түбірден тарағандығын айтады. Ауызекі тілде «бар» сөзі «бәрі» деп, фонетикалық өзгеріске ұшырап та қолданылады. Көп кісі жолаушының бәрінің аты арығаны жақсы ма? Жұт келсе, елдің бәрінің түгел жұтағаны жақсы ма? (Абай. Жиырма үшінші қарасөзі).

Сұрау есімдіктері, көбінесе, драмалық шығармаларда, монологтарда, ауызекі тілде басыңқылық қызметте пайдаланылуы мүмкін. Ал күнделікті қатысымда басыңқы сыңарда қолданылса, бастауыш-баяндауыштық қатынастағы сөйлем түзеді.

«Есімді басыңқы сыңарлы сөз тіркестері арқылы берілген Абай, Шәкәрім шығармаларының танымдық мәні» атты тараушада есім сөз тіркестері арқылы берілген тіркестердің танымдық мәні талданады.

«Махаббат» концептісі – адам өмірінде ерекше орын алатын табиғи дүние. «Махаббат – Алла» концептісінде Жаратқан Алла адамды сүйіспеншілік махаббаттан жаратса, адам баласы Алланы сол рахымымен иманды болу арқылы Аллаға деген махаббатты туғызады. Екі ақын шығармаларында да махаббат сезіміне Алланың адамзатқа берген үлкен сыйы деп қараудың басымдығы көрінеді. Шынайы махаббат сезімі ішкі рухани жан тазалығымен үндесіп жатыр. Абай да, Шәкәрім де махаббатты – жалпы адамзаттық таным, түсінік деңгейіне көтерілген мәдениетті, адамгершілікті, ізгілікті ұлы сезім екендігін бағалайды. Абай: Көрік – тәңірі дәулеті, Қылса ұнар құрметі. Сұлуды сүймектік – Пайғамбар сүндеті, – деген айшықты жолдарынан кездестіруге болады.

Ер мен әйел арасындағы сүйіспеншілік екі ақын шығармаларының өзекті тақырыптарының бірі. «Махаббат – бейнет сусыны», «махаббат – ғашықтық» деген логикалық молельдер түзейтін концептісінде жастықтың жалынымен қатар жүретін құбылыс екендігін баяндайды.

Абай:

Кейде есер көңіл құрғырың,

Махаббат іздеп талпынар.

Ішсем деп бейнет сусынын

Асау жүрек алқынар! – деп, «жастықтың отын» іздеп шарқ ұрады.

Шәкәрім:

Барады екі уақыт сабағына,

Қайтады мезгілімен тамағына.

Бұларда

<< предыдущая страница   следующая страница >>