girniy.ru 1






Алғы сөз

С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханасы жыл сайын аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді. Көрсеткіш кітапханашыларға, оқытушылар мен студенттерге, мәдениет қызметкерлерге және жалпы оқырмандарға арналады.


Мемлекеттік мерекелер



1,2 қаңтар

Жаңа жыл

8 наурыз

Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз

Наурыз мейрамы

1 мамыр

Қазақстан халықтары бірлігінің мейрамы

7 мамыр

Отан қорғаушылар күні

9 мамыр

Жеңіс күні

6 шілде

Астана күні

30 тамыз

Қазақстан Республикасы Конституциясының күні

1 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

16 - 17 желтоқсан


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні



Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелері



Геологтар күні

Сәуірдің алғашқы жексенбісі;

12 сәуір

Ғылыми қызметкерлер күні

31 мамыр

Қазақстанда саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні

Мамырдың соңғы жексенбісі

Химиялық өнеркәсіп қызметкерлері күні

4 маусым

ҚР мемлекеттік рәміздер күні

  1. маусым

Экологтар күні

6 маусым

Қаржы полициясы күні

17 маусым

Медицина қызметкерлерінің күні

Маусымның екінші жексенбісі

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні

  1. Маусым

Полициялар күні

Маусымның екінші жексенбісі

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні

28 маусым

Байланыс және ақпарат қызметкрелері күні

2 шілде

Дипломатиялық өкілдерінің қызмет күні


13 шілде

Ұлттық қауіпсіздік орган қызметкерлері күні

Шілденің үшінші жексенбісі

Металлургтер күні

Тамыздың бірінші жексенбісі

Көлік қызметкерле рі күні

Тамыздың екінші жексенбісі

Құрылысшылар күні

Тамыздың үшінші

жексенбісі

Спорт күні


Тамыздың соңғы жексенбісі

Шахтер күні

1 қыркүйек

Білім күні

Қыркүйектің бірінші жексенбісі

Мұнай-газ кешені қызметкерлері

күні

Қыркүйектің үшінші жексенбісі

Қазақстан Республикасы

халқының тілдер күні

28 қыркүйек

Атом саласының қызметкерлерінің күні

30 қыркүйек

Әділет органы қызметкерлері

күні

Қыркүйектің соңғы жексенбісі

Мәдениет және өнер

қызметкерлері күні

Қыркүйектің соңғы жексенбісі

Машина жасаушылар күні

Қазанның алғашқы жексенбісі

Мұғалімдер күні

19 қазан


Құтқарушылар күні

15 қараша

Ұлттық  валюта – теңге күні

Қазанның соңғы жексенбісі

Әлеуметтік қорғау жүйесі

қызметкерлері күні

8 қараша

Статистика күні

Қарашаның үшінші жексенбісі

Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күні

6 желтоқсан

Прокуратура күні

12 желтоқсан

Кеден органы қызметкерлері күні

Желтоқсанның үшінші жексенбісі

Энергетик күні



Өлкетану



  • 85жыл бұрын (1929 ж.) Балқаш мыс балқыту комбинатының құрылыс орны белгіленді.

  • 80 жыл бұрын (1934ж. 11мамыр) ақын Шашубай Қошқарбаевтың, скрипкашы Әмірбек Тілешовтың, жас күйші Мағауия Хамзиннің қатысуымен бірінші рет көркемөнерпаздардың концерті өтті.

  • 80 жыл бұрын (1934ж. 29-30 қараша) Прибалхашстрой поселкелік кеңесінің бірінші пленумі өтті.

  • 75 жыл бұрын (1939 ж. 1 қазан) Қарағанды-Балқаш темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.

  • 50 жыл бұрын (1964 ж. 20 желтоқсан) №47 Дзержинский атындағы (қазіргі №5) орта мектебінің ашылуы болды.

  • 50 жыл бұрын (1964ж. 1сәуір) Балқаш қаласының теледидары тұңғыш эфирге шықты.
  • 45 жыл бұрын (1969 ж. 22 тамыз) алғаш рет «Әкелер даңқы жолымен» қалалық слеті өткізілді.


  • 45 жыл бұрын (1969 ж. 1 қыркүйек) №16 орта мектебі ашылды.

  • 20 жыл бұрын (1994 ж. 25 наурыз) бірінші ұйымдастыру сессиясында Балқаш қалалық Мәслихат-депутаттар жиналысы құрылды.

  • 20 жыл бұрын (1994 ж. 18 қараша) қалалық мешіттің ашылуы болды.

  • 15 жыл бұрын (1999 ж. 13 қыркүйек ) С.Сейфуллин атындағы №7 жалпы білім беретін мектебі С.Сейфуллин атындағы мектеп-гиназиясы болып қайта құрылды.

  • 100 жыл бұрын (1914, желтоқсан) Социалистік Еңбек Ері Жарнаков Петр Матвеевич дүниеге келді

  • 80 жыл бұрын (1934, желтоқсан) Орталық қалалық кітапханасы құрылды.




  • 75 жыл бұрын (1939 ж., желтоқсан) ақын, ұстаз Махмет Нұртазаұлы дүниге келді.

  • 65 жыл бұрын(1949 ж., желтоқсан) жазушы, журналист Жанболат Башар дүниеге келді

  • 50 жыл бұрын (1964 ж. желтоқсан ) Саяқ кен орны ашылды.

  • 60 жыл бұрын (1954, желтоқсан) журналист, жазушы Оралбек Жүнісов дүниеге келді.



Балқаш қаласының Құрметті азаматтары



  • Липовка Николай Иванович – 95 жыл

  • Пессин Яков Исакович – 100 жыл

  • Дмитрий Александрович Буравов – 105 жыл

  • 40 жыл бұрын (1974, 4 сәуір).1996 жылы Атланта XXVI Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров дүниеге келді.



Қазақстан тарихындағы атаулы күндер

Қаңтар

  • 13 қаңтар Қазақ мемлекеттік музыкалық драма театрының ашылғанына 80 жыл (1934). (Қазір Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры).

  • 15 қаңтар Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің ашылғанына 75 жыл (1934).



  • 29 қаңтар «Түркістан» газетінің шыға бастағанына 20 жыл (1994).




Сәуір

  • 12 сәуір Көрнекті ғалым, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының бірінші президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 115 жыл (1899).

  • 12 сәуір Саяхатшы Н.М. Пржевальскийдің туғанына 175 жыл

  • 20 сәуір Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың туғанына 90 жыл



Мамыр

  • 25 мамыр Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның «Халық Қаһарманы» генерал Сағадат Қожахметұлы

Нұрмағамбетовтың туғанына 90 жыл (1924).


Маусым


  • 12-18 маусым Қазақстан жазушыларының 1 съезінің болып өткеніне 80 жыл (1934 ж.)

  • 25 маусым Орда өңірінде Жәңгірдің хандық дәрежесіне көтерілгеніне 190 жыл (1824).( Рәсім хан тоғайында өткізілген).

  • 26 маусым Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық оркестрінің құрылғанына 80 жыл (1934).



Шілде

  • 1 шілде Қазақстан Республикасының ғарышкері Талғат Мұсабаев басқарған «Союз ТМ-19» ғарыш короблінің «Мир» орбиталық кешеніне ұшырылғанына 20 жыл (1994).



Тамыз

  • 29 тамыз КСРО-да Семей полигонында бірінші ядролық қарудың сынақтан өткізілгеніне 65 жыл (1949).



Қыркүйек

  • 3 қыркүйек Қазақ жазушысы, сыншы, филология ғылымдарының кандидаты Шерияздан Рустемұлы Елеукеновтың туғанына 85 жыл (1929)

  • 16 қыркүйек Мемлекет қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты Қабиболла Қабенұлы Жақыповтың туғанына 65 жыл (1949).



Қазан
  • 10 қазан Семей ядролық полигонында соңғы жерасты сынағы өткізілгеніне 25 жыл (1989).


  • 19 қазан «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 90 жыл (1924).



Желтоқсан

  • 9 желтоқсан Мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Исаевтың туғанына 115 жыл (1899).

  • 17 желтоқсан «Егемен Қазақстан» газетінің шыға бастағанына 95 жыл (1919).

  • 19 желтоқсан Қазақтың дарынды тіл танушы ғалымы Құдайберген Жұбановтың туғанына 115 жыл (1909).

  • 25 желтоқсан Кеңес әскерінің Ауғанстанға кіргізілгеніне 35 жыл (1979).

  • 25 желтоқсан Алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист Мұстафа Шоқайдың туғанына 125 жыл (1889-1941).

  • 26 желтоқсан Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 120 жыл (1894-1938)



Қазақстан жазушылары

Қаңтар

  • 30 қаңтар Қазақтың танымал жазушысы Саттар

Ерубаевтың туғанына 100 жыл (1914).


Ақпан

  • 2 ақпан Мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 80 жыл (1934).

  • 4 ақпан Қазақтың танымал ақыны, драматург,әдебиеттанушы Әбділда Тәжібаевтың туғанына 105 жыл (1909).

  • 11 ақпан Қазақ жазушысы, драматург Сәкен Нұмақұлы Жүнісовтің туғанына 80 жыл (1934).



Наурыз

  • 15 наурыз Жазушы Г. Черноголовинаның туғанына 85 жыл

  • 18 наурыз Жазушы М.Симашконың туғанына 90 жыл

  • 29 наурыз Қазақстандық жазушы, аудармашы И.В. Шуховтың туғанына 75 жыл



Сәуір
  • 1 сәуір Танымал жазушы Қойшығара Салғараұлының туғанына 75 жыл (1939).




Мамыр

  • 1 мамыр Көрнекті қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің туғанына 120 жыл (1894).

  • 4 мамыр Қазақтың тамаша сықақшы-жазушысы Оспанхан Әубәкіровтың туғанына 80 жыл (1934).

  • 12 мамыр Қоғам қайраткері, Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 135 жыл (1879).

  • 15 мамыр Қазақтың танымал ақыны Сағи Жиенбаевтың туғанына 80 жыл (1934).



Тамыр

  • 17 тамыз Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі тілтанушы Рабиға Ғалиқызы Сыздықованың туғанына 90 жыл (1924)

  • 28 тамыз Танымал ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 70 жыл (1944).



Қыркүйек

  • 7 қыркүйек Қоғам қайраткері, ақын, журналист Рахметолла Сүйіндікұлы Егізбаевтың туғанына 90 жыл (1924).

  • 16 қыркүйек Жазушы Сәтімжан Санбаевтың туғанына 75 жыл (1939)



Қазан

  • 5 қазан Жазушы-сықақшы Шона Смаханұлының туғанына 90 жыл (1924).

  • 15 қазан Қазақтың танымал ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл (1894).

  • 15 қазан Қазақтың тамаша жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 85 жыл (1924).

  • 22 қазан Қазақтың көрнекті жазушысы, КСРО мемлекеттік сыйлығының Лауреаты Әбдіжамал Керімұлы Нұрпейісовтың туғанына 90 жыл (1924).

  • 28 қазан Қазақстандық танымал неміс жазушы, әдебиет сыншысы , аудармашы Герольд Бельгердің туғанына 80 жыл (1934). Президенттік Бейбітшілік сыйлығының лауреаты.



Қараша
  • 11 қараша Қазақтың танымал жазушысы, драматург Берқайыр Аманшинның туғанына 90 жыл (1924).


  • 15 қараша Қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл (1894).



Желтоқсан

  • 5 желтоқсан Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына 75 жыл (1939).

  • 6 желтоқсан Қазақстан Республикасының халық жазушысы Ә. Кекілбаевтың туғанына 75 жыл

  • 16 желтоқсан Ақын, Қазақтан журналистер Одағының мүшесі Амангелді Шахиннің туғанына 60 жыл (1954).

  • 30 желтоқсан Қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, әдебиет зерттеушісі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125 жыл (1889).



Қазақстан актерлері, композиторлары, суретшілері және орындаушылары

Қаңтар

  • 1 қаңтар

  • Қазақтың халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің

туғанына 110 жыл (1904).

  • Көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 105 жыл (1909).

  • Қазақтың айтулы сахна шебері, КСРО халық әртісі Сәбира Майқанованың туғанына 100 жыл (1914).

  • 2 қаңтар Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері,композитор Мансур Сағатовтың туғанына 75 жыл(1939). Жәнібек ауданында дүниеге келген.



Ақпан

  • 15 ақпан Қазақтың атақты театр және кино актері, режиссер КСРО халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 100 жыл (1914).



Наурыз

  • 8 наурыз Әйгілі киноактриса Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл .

  • 20 наурыз Зерттеуші А.В. Затаевичтың туғанына 145 жыл

  • 22 наурыз Әнші Жәнібек Кәрменовтың туғанына 65 жыл (1949).



Маусым

  • 19 маусым Қазақтың композиторы, ақын, әнші Кенен Әзірбаевтың туғанына 130 жыл (1884)




Тамыз

  • 12 тамыз Қазақсанның халық әртісі, әнші Жүсіпбек Елебековтің туғанына 110 жыл (1904).



Қыркүйек

  • 5 қыркүйек Қазақстан халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 90 жыл (1924)



Қазан

  • 6 қазан Қазақ ССР-ның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Әбуғали Көптілеуовтың туғанына 105 жыл (1909).



Желтоқсан

  • 15 желтоқсан Қазақтың тамаша суретшісі Гүлфайруз Исмаилованың туғанына 85 жыл (1926)

  • 17 желтоқсан Қазақтың тамаша әншісі Бибігүл

Төлегенованың туғанына 85 жыл (1929).


Жазбалар

http://www.calend.ru/holidays/un/

25 қаңтар

  • Татьяна күні (барлық студенттердің мерекесі)

27 қаңтар

  • Бүкіләлемдік кеден күні

15 ақпан

  • Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні

21 ақпан

  • Туған тілдің халықаралық күні

1 наурыз

  • Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні

15 наурыз


  • Бүкіләлемдік тұтынушылар құқығын қорғау күні

21 наурыз

  • Бүкіләлемдік Жер күні

  • Халықаралық нәсілдік кемсітушілікке қарсы күрес күні

22 наурыз

  • Бүкіләлемдік суды қорғау күні

24 наурыз

  • Халықаралық  туберкулезбен күрес күні

27 наурыз

  • Халықаралық  театр күні

30 наурыз

  • Жерді қорғау күні

1 сәуір

  • Халықаралық құстар күні

2 сәуір

  • Халықаралық балалар кітабы күні

7 сәуір

  • Бүкіләлемдік денсаулық күні

  1. сәуір

  • Фашистік концлагерь тұтқындарын азат ету күні

12 сәуір

  • Бүкіләлемдік авиация мен ғарыш күні

  1. сәуір

  • Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

23 сәуір

  • Халықаралық кітап күні

24 сәуір

  • Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні


29 сәуір

  • Халықаралық би күні

3 мамыр

  • Бүкіләлемдік баспа күні

8 мамыр

  • Бүкіләлемдік Қызыл крест пен Қызыл жарты ай күні

15 мамыр

  • Бүкіләлемдік отбасы күні

18 мамыр

  • Халықаралық мұражай күні

1 маусым

  • Халықаралық балаларды қорғау күні

5 маусым

  • Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні

22 маусым

  • Аза тұту күні . 1941-45 жж.Ұлы Отан

соғысының басталған күні

23 маусым

  • Бүкіләлемдік  Олимпиада күні

26 маусым

  • Халықаралық есірткі және  есірткі

саудасымен күрес күні

11 шілде


  • Бүкіләлемдік халықтың тұрақтану күні (1989 жылдан бастап)

6 тамыз

  • Бүкіләлемдік ядролық  қаруға қарсы күрес күні

9 тамыз
  • Бүкіләлемдік жергілікті халық күні


12 тамыз

  • Халықаралық жастар күні

18 тамыз

  • ҚР шекара әскерінің құрылған күні (1992 жылдан бастап)

8 қыркүйек

  • Халықаралық  сауаттандыру күні (1967 жылдан бастап.)

  • Халықаралық  журналистер ынтымақтастығының күні  (1958 жылдан бастап  Юлиус Фучек қайтқан күні аталып өтіледі)

9 қыркүйек

  • Бүкіләлемдік сұлулық күні (1995 жылдан бастап)

  • Бүкіләлемдік фашизм құрбандарын еске алу күні( 1962 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісінде)

27 қыркүйек

  • Бүкіләлемдік туризм күні

28 қыркүйек

  • Бүкіләлемдік теңіз күні

30 қыркүйек

  • Халықаралық мылқаулар күні ( 1951 жылдан бастап қыркүйектің соңғы жексенбісінде)

1 қазан

  • Бүкіләлемдік қарттар күні ( 1990 жылдан бастап)

  • Халықаралық музыка күні (1975 жылдан бастап ЮНЕСКО шешімімен атап өтіледі)

  • Бүкіләлемдік сәулет күні, әрі Халықаралық баспана күні

( 1996 жылдан бастап қазанның

алғашқы дүйсенбісі)

4 қазан

  • Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні

10 қазан

  • Халықаралық табиғи апаттар қаупін кеміту күні ( 1999 жылдан бастап қазанның екінші сәрсенбісінде)


17 қазан

  • Халықаралық кедейшілікке  қарсы күрес күні

24 қазан

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының  күні

10 қараша

  • Бүкіләлемдік жастар күні

13 қараша

  • Халықаралық зағиптар күні

14 қараша

  • Диабет күні, қысқаша Дүниежүзілік диабетпен күрес күні (2007 жылдан бастап БҰҰ –ның қолдауымен аталып келеді).




15 қараша

  • Халықаралық темекіден бас тарту күні (қарашаның үшінші бейсенбісінде атап өтіледі)

16 қараша

  • Халықаралық  толеранттық күні (шыдамдылық) ( 1995 жылдан баст.

7 қараша

  • Халықаралық  студенттер күні

19 қараша

  • Халықаралық темекімен күрес күні

21 қараша

  • -Бүкіләлемдік телевидения  күні

( 1996 жылдан бастап)

  • Бүкіләлемдік амандасу күні (1973 жылдан бастап)




25 қараша
  • Халықаралық әйелдерге жасалатын қиянатқа қарсы күрес күні


26 қараша

  • Бүкіләлемдік ақпарат күні

1 желтоқсан

  • Бүкіләлемдік АҚЖҚ қарсы күрес күні

3 желтоқсан

  • Халықаралық мүгедектер күні



Нақты күні мен айы анықталмаған атаулы күндер



  • Түркі ғалымы, Махмұт Қашқари, (Махмұд ибн әл-Құсайн ибн Мұхаммед) туғанына 985 жыл (1029 ж.т.-ө.ж.б.)

  • Атақты ғалым-астроном Ұлықбектің (Мұхамед Тараған) туғанына 620 жыл (1394).

  • Жазушы, мемлекет қайтаркері, философ, ғалым-тарихшы, қолбасшы, әдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1561) туғанына 515 жыл

  • Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батыр, қолбасшы Өтеген Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген, Өтеген батыр) туғанына 315 жыл (1699-1773

  • «Аңырақай шайқасына» 285 жыл (1729)

  • Бөкей хандығының басқарушысы, мемлекет қайраткері, қазақтың соңғы ханы Жәңгірдің туғанына 210 жыл (1804).

  • Қазақтың дарынды ақыны, әнші, композитор Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 180 жыл (1834).

  • Верный (қазіргі Алматы) қаласының іргесі қаланғанына 160 жыл (1854).

  • Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы, педагог Аспандияров Санжар Жафарұлының туғанына 125 жыл (1889).

  • Мемлекет қайраткері Жангельдин Әліби Тоғжанұлының туғанына 130 жыл (1884-1953)

  • Әскери ұшқыш. ҰОС Батыры Нүркен Әбдіров (1919-1942) туғанына 95 жыл

  • Тың игеру жылдарына 60 жыл (1954)



Мерейгер-жазушылар (алыс, жақын шетел)
  • 20 қаңтар Орыстың балалар жазушысы Аркадий Петрович Гайдардың туғанына 110 жыл (1904).


  • 28 қаңтар Орыстың ұлы жазушысы П.Бажовтың туғанына 135 жыл (1879)

  • 8 ақпан Элементтердің периодтық заңын ашқан ірі химик Дмитрий Иванович Менделеевтің туғанына 180 жыл (1834).

  • 12 ақпан Орыстың балалар жазушысы В.В.Бианкидің туғанына 120 жыл (1894)

  • 13 ақпан Белгілі орыс жазушысы, Иван Андреевич Крыловтың туғанына 245 жыл (1769).

  • 4 наурыз Орыстың ұлы жазушысы Ю.Олешаның туғанына 115 жыл (1899)

  • 9 наурыз Украинаның көрнекті ақыны, халықтық нышанға арналған Тарас Шевченконың туғанына 200 жыл (1814).

  • 9 наурыз Әлемнің бірінші космонавт Юрий Алекссевич Гагариннің туғанына 80 жыл (1934).

  • 16 наурыз Орыстың фантаст-жазушысы А.Беляевтың туғанына 130 жыл (1884)

  • 1 сәуір Орыстың ұлы жазушысы, драматург Николай Васильевич Гогольдің туғанына 205 жыл (1809).

  • 23 сәуір Ұлы ағылшын жазушысы, драматург Уильям Шекспирдің туғанына 450 жыл (1564).

  • 9 мамыр Орыс кеңес жазушысы, ақын Булат Шалвович Окуджаваның туғанына 90 жыл (1924)

  • 31мамыр Орыстың ұлы композиторы И. Глинкидің туғанына 200 жыл (1814)

  • 6 маусым Ұлы орыс ақыны, әлем әдебиетінің жұлдызы Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 215 жыл (1799).

  • 25 шілде Орыс жазушысы, актер, драматург Василий Макарович Шукшиннің туғанына 85 жыл (1929).

  • 29 қыркүйек Орыстың ұлы жазушысы Н.Островскийдің туғанына 110 жыл (1904)

  • 3 қазан Көрнекті орыс ақыны Михаил Юрьевич Лермонтовтың туғанына 195 жыл (15 қазан, 1814).

  • 12 қараша Орыстың тамаша ақыны Анна Ахматованың туғанына 125 жыл (1889).


Дайындаған: «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»КММ әдістеме бөлімінің меңгерушісі Ж.Қ. Сопина