girniy.ru 1

Курстың мақсаты студенттерді ботаниканың қазіргі ғылыми жетістіктері мен жинақталған білімге жүгіне отырып өсімдіктердің қүрылыстык ерекшеліктерімен, өсу жөне даму заңдылықтарымен таныстыру.


Студенттер өсімдік клеткалары мен үлпаларының, тамыр және өркендер жүйесінің морфологиясы және анатомиясы сонымен қатар өсімдік генеративтік мүшелерінің қүрылыстық ерекшеліктері туралы мәліметтер алып, өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының басты бағыттарын, көбею мен үрпақ жалғастырудың биологиялық негізін (менін), олардың жастық жөне маусымдык өзгерістерін білуі қажет.

Студенттер алған білімін және пайдаланған әдебиеттерін өздерінің теориялық деңгейін одан өрі тереңдету үшін пайдалана білуі керек.

Міндеттері: Пөнді терен менгеру үшін лекциялық курста, лабораториялық жаттығуларда жене оку-далалық тәжрибелерде, табиғи тірі есімдіктерді, гербарий қорын, препараттарды, жоба суреттерді, слайдтарды, таблицаларды үйлестіре дүрыс пайдалана білуі қажет. Зертханалық сабақтарда студенттер микроскоппен жұмыс жасау әдістерін үйренеді.

Мазмұны: өсімдіктер дүниесі тіршілік формаларының алуан түрлілігі, олардың құрылысы мен тіршілік процестеріндегі заңдылықтар туралы ғылым. Өсімдіктердің алуан түрлілігі, морфологиялық құрылым деңгейі (бір клеткалы, клеткаланбаған, колонияльды, көп клеткалы). Өсімдіктердің құрылысы туралы жалпы түсінік. Автотрофты және гетеротрофты өсімдіктер. Өсімдіктердің төменгі және жоғарғы сатыдағылар, талломдылар, өркенділер болып бөлінуі. Курстың пәні мен міндеттері. Ботаника бөлімдері;

- Өсімдік жасушасының құрылысы мен құрылымы. Ұлпалар туралы жалпы түсінік. Ұлпалар түрлері. Гүлді өсімдіктер тұқымының құрылысы. Өскіннің құрылысы және типтері. - өсімдіктің вегетативті мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысы, атқаратын қызметіне сәйкес ерекшеліктері; тамыр және өркен метаморфозының түрлері; генеративті мүшелердің морфологиясы мен анатомиясы, өсімдіктердің көбею жолдары, гүлдің құрылысы, тозаңдану, жеміс; өсімдіктің тіршілік формалары.