https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 4 5

Сатып алу-сату шартын жасасу туралы

Бас келісім


Атырау «___» __________ 2013ж.


Генеральное соглашение

о заключении договора купли-продажи


Атырау «___» __________ 2013г.


General Agreement

for the Purchase Contract


Atyrau the __th of __________ 2013


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылып, әрекет етуші Атырау филиалы арқылы ұсынылған «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясы, алдағы уақытта «Сатып алушы» деп аталып, 02.05.2013 жылғы Бас Сенімхаттың негізінде әрекет етуші Аймақтық директоры Жанесенов Б.К., атынан, бір жағынан, және ____________________алдағы уақытта «Сатушы» деп аталып, Жарғы негізінде әрекет етуші ____________________, мырзаның атынан, екінші жағынан, алдағы уақытта бірлесіп «Тараптар» деп атала отырып Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын басшылыққа алып және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесінің» негізінде, алдағы уақытта – «Сатып алу ережесі» деп аталады, осы Бас келісімді (алдағы уақытта-«Шарт») жасасып төмендегідей келісімге келді,


  1. Шарттың мәні

1.1. Шарттың талаптарына сай Сатушы, Сатушы мен Сатып алушының арасында жасалған Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті Сатып алу-сату Шартының, алдағы уақытта бірлесе отырып «Сатып алу-сату шарттары», ал бөлек «Сатып алу-сату шарты» деп аталады (одан әрі «Тауар» деп аталады) қосымша нысанында (Шартқа тіркелген №2 Қосымша) көрсетілген өнімнің санына, сұрыпталымына, сапасына, бағасына, төлеу және жеткізу шарттарына сәйкес, Сатып алушының жеке меншігіне жеткізуге және тапсыруға міндеттенеді. Шарттың 4 бөліміне сай, Сатып алушы жеткізілген Тауардың құнын төлеуді жүзеге асыруға міндеттенеді.



1.2. Тауардың кездейсоқ апат болу немесе бұзылып қалу тәуекелдігі Сатып алу-сату шарты құжатында аталған шарттарға сәйкес, Сатушыдан Сатып алушыға ауысады.

1.3. Сатушы Тауардың жаңа түрінде жеткізілетіндігіне және оған тыйым салынбағанына немесе кепілге салынбағанына және үшінші тұлғалардың құқықтарынан бос екендігіне кепілдік береді.

2. Тараптардың міндеттері

2.1. Сатушы міндеттенеді:

2.1.1. Тауарды Сатып алушыға Шартта, Сатып алу-сату шарты ескертілген шарттарға және Инкотермс 2010 ережелерінде берілген терминдерге сай, егер тиісті термин Сатып алу-сату шартында құжатында көзделетін болса, Сатып алу-сату шарты құжатында көрсетілген санына, сұрыпталымына, сапасына, бағасына, төлеу және жеткізу шарттарына сәйкес жеткізуге.


2.1.2. Тауармен бірге қоса Сатып алу-сату шарты құжатында ескертілген тауар жөнелтпе құжаттарының жинақталымын ұсынуға.

2.1.3. Сапасы, сұрыпталымы, жинақталымы және шығарылатын жері Шарттағы белгіленген талаптарға сәйкес келетін Сатып алу-сату шарты бойынша өзіне жүктелген өз уақытындағы және тиісті Тауар жеткізілімі бойынша міндеттемелерді орындауға.

2.1.4. Шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерді үшінші жаққа бермеуге және/немесе Сатып алушының хат түріндегі келісімінсіз Тауарды ауыстырмауға.

2.1.5. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында көзделген жеткізілетін тауар жайында, өз қызметкерлері жайында барлық құқық белгілейтін және рұқсат беру құжаттарына ие болуға. Сатушы Сатып алушыны қажетті рұқсат беру құжаттарының болмауына байланысты жағымсыз салдарлардан қауіпсіздендіруге және одан сақтауға міндетті.

2.1.6. Өзінің салық есебінде ҚҚС бойынша Сатып алушыга қызмет көрсету бойынша барлық айналымдарды көрсетуге. Егер Сатушының қарсы тексерісі кезінде салық органдары Тапсырысшыдан қызмет көрсету бойынша айналымдарды жасыру немесе Сатушының заңды мекенжайында болмау фактісі анықталған жағдайда, Сатушы Сатып алушының талабы бойынша ҚР Салық кодексінің 635 бабы, 5 және 6 тармақтарына сәйкес, есептеуден немесе қайтарымнан алынған 1,5 мірте көлемінде ҚҚС сомасын өтеуге  және бұл ретте өзара есептесудің тиісті салыстыру актісіне қол қоюға міндетті. Бұл ретте, Сатушының ҚҚС сомаларын декларациялау бойынша міндеттемелерін орындамауы жөнінде куәландыратын негізі болып салық органдардың қарсы тексерістерінің актілері саналады.   


2.1.7. Шартты, (Сатып алу-сату шартын) орындау барысында қолданыстағы Сатып алу ережесін сақтауға.  

2.2. Сатып алушы міндеттенеді:

2.2.1. Шарттың 5 бөліміндегі ережелерге сәйкес Тауарды тексеруге және қабылдауға.

2.2.2. Шарттың 4 бөліміне сәйкес, Сатушының есептесу шотына қаржы құралдарын аудару арқылыТауарға төлеуге.


3. Тараптардың жауапкершіліктері

3.1. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті емес орындағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Шарттың ережелерін есепке алып жауапқа тартылады.

3.2. Егер Шартқа сәйкес Тауардың немесе оның қандайда да бір бөліктерінің немесе бөлшектерінің жеткізілімі жеткіліксіз немесе мерзімі өткен жағдай туындаса, Шартқа сәйкес Сатушы келісім-шарттың жалпы сомасының 0,5% көлемінде мерзімі өткен әрбір күн үшін Сатып алушыға жеткізу және тапсыру кезіне дейін, бірақ келісім-шарттың жалпы сомасының 10 % (он) асырмай өсімпұл төлеуге міндетті.

3.3. Егер қандай да бір жеткізілімге келісілген Тауар топтамасына төлеу алдын ала нысанында жүргізілсе және бұл ретте Сатып алу-сату шарты құжатында ескертілген жеткізілімнің мерзімі өткен сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылмаған жағдай туындаса, Сатушы Сатып алушыға оның Шарт бойынша бұрын алдын ала жүзеге асырған төлемін қайтаруды қамтамасыз етуге, сонымен бірге Сатып алу-сату шарты құжатында ескертілген жеткізілімнің мерзімінен 30 (отыз) күнтізбелік күн өтіп кету сәтінен бастап 3 (үш) банктік күн ішінде Тауардың жалпы құнынан 10 (он) пайыз көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.

3.4. Егер Тауар сапасыз түрінде немесе жинақтылықсыз түрінде жеткізілген жағдай туындаса, Сатушы Сатып алушыға сапасыз немесе жинақтылықсыз Тауардың жалпы құнынан 1% көлемінде мерзімі өткен әрбір күн үшін және көрсетілген жетіспеушіліктің жойылуына дейін өсімпұл төлеуге міндетті. Бұл ретте, Сатып алушы өсімпұлдың төлемінен тәуелсіз түрде талап етуге құқылы:


• сатып алу бағасын мөлшерлес азайтуға;

• Сатып алушыға қолайлы мерзімде Тауардың жетіспеушіліктерін өтеусіз жоюға;

• Тауардың жетіспеушіліктерін жоюға байланысты өз шығындарын өтеуге;

• Шарттың 7.1. тармағында көрсетілген мерзімде Сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес келмейтін Тауарды ауыстыруға; немесе

• Қаржыны қайтару жөніндегі жазбаша хабарламаны беру сәтінен бастап Сатып алу-сату шартын орындаудан бас тартуды және Тауарға төленген қаржы сомасын Тауардың жетіспеушіліктерін және жинақтылығын бұдан былай жоюға дейін 3 (үш) банктік күн ішінде қайтаруға.

3.5. Сатып алу-сату шартықұжатында көзделген төлеу мерзімдері бұзылған жағдайда, Сатып алушы мерзімі өткен қарыздың сомасынан 0,1 % көлемінде қарызды толықтай өтегенге дейін әрбір мерзімі өткен күн үшін, бірақ мерзімі өткен сомасынан 10 (он) % асырмай өсімпұл төлейді.

3.6. Келісілген Тауар топтамасының жеткіліксіз жеткізілуі жағдайында, Сатып алушы барлық топтамадан немесе Тауардың жеткіліксіз бөліктерінен бас тартуға және Сатушыға Шарттың 3.3. тармағында көзделген айыппұл санкцияларын ұсынуға құқылы.

3.7. Шарттың 3.3,,3.4. және 7.1. тармақтарына сәйкес, Сатып алушының есептеу шотына қаржыны қайтару мерзімдері бұзылған жағдайда, Сатушы төленген қаржы сомасынан 0,5 % көлемінде қарызды толықтай өтегенге дейін әрбір мерзімі өткен күн үшін өсімпұл төлейді.

3.8. Егер Сатушы тендердің қорытындысы туралы хаттамада белгіленген мерзімде Сатып алушыга қол қойылған сатып алу туралы Сатып алу-сату шарттын ұсынбаса, онда бұл і Сатушы Сатып алу туралы шартын жасаудан бас тартқан болып танылады.

3.9. Егер Шарттың 11 Бөліміне сәйкес қазақстандық қамту үлесі бойынша есеп беру мерзімі бұзылған жағдайда және (немесе) дәйексіз ақпарат ұсынылған болса, Сатушы Сатып алушыға Шарт бойынша Тауардың жалпы құнынан алғанда 1% эквиваленттік соманы айып төлем ретінде төлейді. Айып төлемін төлеу Сатушыны Сатып алушыға қазақстандық қамту үлесі бойынша есеп беруден босатпайды.



3.10. Егер Сатушы Шартты орындау барысында Сатып алу-сату шартынын ережесін сақтамаған жағдайда, Сатушы Сатып алушыға әрбір осындай бұзушылық жағдайларына Шарттың жалпы құнынан алғанда 3% мөлшерінде айыппұл төлейді.

3.11. Сатушы Сатып алушыға тиісті Сатып алу-сату шартында көрсетілген жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемесін орындамағаны үшін Шарттың жалпы сомасынан 5 % көлемінде айыппұл төлеуге міндетті, сондай-ақ әрбір 1%орындалмаған жергілікті қамту бойынша САтып алу-сату шартының жалпы сомасынан 0,15 % , бірақ Шарттың жалпы сомасынан 15 %артық емес айыппұл төлейді.


4. Төлеудің тәртібі мен шарттары

4.1. Тауар бағасы нақты болып табылады және өзгертуге жатпайды.

4.2. Төлеу шарттары және ақшалай валютаның түрі Сатып алу-сату шарты құжатында Тараптармен белгіленеді.

4.3. Шартта көрсетілген Тауарға төлеу, қаржы құралдарды Сатушының есептеу шотына банктік аудару арқылы жүзеге асырылады.

4.4. Сатып алушы кез келген уақытта және мезгілімен Сатып алушы мен Сатушының арасында жасасқан Шарт немесе басқа да келісімдері бойынша Сатушы Сатып алушыға қарыз болған қандайда да бір көлемде немесе барлық қаржы сомасын және Сатып алушы мен Сатушының арасында жасасқан Шарт немесе басқа да келісімдері бойынша Сатып алушы Сатушыға қарыз болған қандайда да бір қаржы сомасынан шегеріп қалуға құқылы.

4.5. Сатып алушы Тарапынан артық төлеуді талап етпеуі немесе оның осы шегерімге қатысты әрекетсіздігі, мұндай оған тиесілі сомасына Сатып алушының наразылығына ешбір зиян келтірмейді және оны кемітпейді, сонымен қатар, мұндай шегеріп қалу барысында тиесілі сомаға қарағанда қандайда да бір азайтылған шегерім сомасы келісімді және қанағаттандыруды немесе Сатушы Сатып алушыға қарыз болған толық қаржы сомасына қатысты талап етуден немесе құқығынан бас тартуды қамтып алмайды.

4.6. Егер Сатушы тиісті емес үлгіде рәсімделген шот-фактурасын ұсынған жағдайында, Сатып алушы бұл жөнінде 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Сатушыға хабардар етеді. Шоттар бойынша келіспеушілік туғызатын есептер, төлеудің кешігіп қалуы үшін айыппұл санкцияларын қолданбай келіспеушіліктердің реттелгеніне дейін тоқтатылады.


4.7. Егер Сатушы келіспеушіліктерді шешу мақсатында өзінің шот-фактураларына түзету енгізген немесе шоттарда қамтылған деректерді дәлелдеу үшін қажетті құжаттаманы ұсынған жағдайларында, есептерді жасауға берілген және Сатып алу-сату шарты құжатында көрсетілген уақыт кезеңі, түзетілген шот-фактурасын немесе қажетті құжаттаманы алған кезден бастап әрекет етеді.

5. Тауарды жеткізу және қабылдау шарттары мен мерзімдері

5.1. Тауар жеткізілімі Сатып алу-сату шартықұжатында ескертілген мерзімдерге және шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

5.2.Мерзімінен бұрын Тауар жеткізілімі Сатып алушының жазбаша келісімі арқылы жүзеге асады.

5.3. Тауардың саны, жинақтылығы және ассортименті бойынша қабылдануы жөнелтпе құжатында және шот-фактурасында көрсетілген номенклатураға сәйкес, ал сапасы бойынша – егер басқалары Сатып алу-сату шарты құжатында белгіленбеген болса, жеткізілетін Тауар сапасына талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының стандарттары мен техникалық шарттарына сәйкес жүзеге асады.

5.4. Егер Тауарды қабылдау-тапсыру барысында Сатушының кінәсімен жіберілген оның қандайда да бір ақаулары мен жеткіліксіздігі анықталған жағдай туындаса, Сатып алушы Сатушының өкілі қатусуымен Тауардың бұзылып қалуы, жеткіліксіздігі, жинақтылықсыздығы немесе сапаға сәйкессіздігіне байланысты Сатып алушының кез келген талабын ұсыну үшін негіздеу болып танылатын коммерциялық акт жасалады.


6. Ыдыс, қаптама және Тауардың таңбалануы

6.1.Тауар қаптамасы стандарттардың салалық қалыпты талаптарына немесе техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс, сонымен бірге Тауардың тасымалдануы, сақталуы, тиелуі, жүгін түсіру кезіндегі тиісті сақталуын, сондай-ақ атмосфералық әсерінен қорғалуын қамтамасыз ету қажет.


6.2.Барлық жәшіктерге таңба салынуы қажет.

6.3. Сатып алу-сату шартқа сәйкес Тауарды Сатып алушыға тапсыру кезіне дейін қаптаманың бүтіндігі бұзылып қалуы салдарынан туындаған Тауардың бұзылып қалуына Сатушы жауапты болады.


6.4. Сатып алу-сату шартқа сәйкес Тауарды тапсыру фактісінен тәуелсіз, Тауардың тиіссіз түрде қаптау салдарынан туындаған Тауардың бұзылып қалуына Сатушы жауапты болады.


6.5. Сатып алушыға Сатушыға ыдысты қайтару бойынша ешбір міндеттемелер жүктелмейді.


7. Кепілдіктер

7.1. Егер Сатып алушы Сатып алу-сату шарты құжатында белгіленген (бірақ Тауар өндіруші-зауытының кепілдік кезеңінен аспайтын) кепілдік кезеңі ішінде Тауардың қандайда да бір ақауларын анықтаған жағдайында, Сатып алушы Шарттың 8 бабына сәйкес, көрсетілген кезең ішінде Тауардың сапасы жайында Сатушыға шағым жолдайды, ал Сатушы өз кезегінде жоғарыда аталған шағымды алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде өзінің есебінен аталған Тауарды жөндеуді немесе толық не бөлшектеп ауыстыруды қамтамасыз етеді, не болмаса жоғарыда аталған шағымды алған күннен бастап 7 (жеті) банктік күн ішінде жеткізілген ақаулы Тауар үшін Сатып алушының аударған қаржы сомасын өтейді.


7.2. Сатушының кепілдігі Тауардың қалыпты тозуы жағдайында, сондай-ақ Сатып алушы тауардың сақталуы оның құрастырылуы, қолданылуы және қызмет көрсетілуі бойынша Сатушының нұсқаулықтары мен нұсқамаларын сақтамау нәтижесінде тартылған зарар жағдайында, сонымен қатар Сатушының келісімінсіз жүзеге асқан, ақауларды жою бойынша жұмыстарды жөнсіз немесе сапасыз орындағаны үшін де таратылмайды.

7.3. Сатушы кепілдік кезеңі ішінде Тауарды қолдану барысында оны ауыстыруға немесе жөндеуге байланысты Сатып алушыға келтірілген барлық көліктік және басқа да шығындарды өтеуге міндетті.

7.4. Шарттың осы бабы, Сатып алу-сату шарт аясында жеткізілімге жататын қандайда да бір Тауар топтамасына кепілдік мерзімі белгіленген жағдайында қолданысқа жатады.


8. Шағымдар

8.1. Осы Шарт (Сатып алу-сату шарты) бойынша барлық шағымдар факс бойынша беріле алады және шағымдану себебі анықталған мезеттен бастап жумыс күн 10 (он) күн ішінде тапсырыс хат арқылы расталуы тиіс.


8.2. Тараптар шағым қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оны қарауға және дәлелді жауап беруге міндеттенеді.


9. Дауларды шешу тәртібі

9.1. Шартты, (Сатып алу-сату шарты) жасасу және орындауға байланысты туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер, олардың туындау күнінен бастап 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде келіссөздер арқылы шешімін табады.

9.2. Келіспеушіліктер мен даулар келіссөздер арқылы шешімдерін таппаған жағдайда, Шартқа (Сатып алу-сату шарты) немесе оған қатысты бұзылысқа, тоқтатылуға, жарамсыздыққа байланысты туындайтын барлық даулар, келіспеушілктер, талаптар айрықша және кесімді болып табылатын Қазақстан Республикасының сот органдарында реттелуі тиіс.


10. Форс-мажор

10.1. Осы Шарт (Сатып алу-сату шарты) бойынша Тараптардың кез келгеннің өз міндеттемелерін орындамауы немесе орындауды кешіктіру, өзінің міндеттемелерін атқармаған Тараптардың бақылауынан тыс жағдайлары арқылы туындаған, атап айтқанда: дүлей зілзалалар, өрт, соғыстар, ереуілдер, әскери әрекеттер, қоғамдық тәртіпсіздік, эмбарго немесе Тараптардың еркінен тыс басқа жағдаяттармен туындаса (алдағы уақытта – «Форс-Мажор» деп аталатын), өз міндеттемелерін атқармаған Тараптан жолданған Форс-Мажордың туындауы немесе аяқталуы не ұзартылу мерзімінің аяқталуы туралы хабарламасында көрсетілген мерзімнен басталатын кезеңінде, өз міндеттемелерін атқармаған Тараптың Форс-Маэжорды жеңіп шығуға бағытталған барлық негізделген шараларға кіріскен жағдайында ғана артынан ешқандай жауапкершілік тартпайды.

10.2. Шарт, (Сатып алу-сату шарты) бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі автоматты түрде Форс-Мажордың ірекет ету кезеңіне қарай ұзартылады. Егер Форс-Мажордың әрекеті 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, жоспарланған Шартты бұзу күніне дейін 7 (жеті) күн ішінде жазбаша хабарламаны жолдау арқылы әзірге жеткізілмеген Тауарларға қатысты Тараптардың әрқайсысының аталмыш Шартты бұзуға құқығы болады. Шартты , (Сатып алу-сату шарты бұзу барысында Сатушы Шартты , (Сатып алу-сату шарты бұзу кезінде жеткізілмеген Тауарға алдын ала төлеген Сатып алушының қаржы сомасын өсімпұлды және айыппұлды төлеусіз өтеуге міндетті.



следующая страница >>