girniy.ru 1
Саптүзеудің тақырыбы:


Театр әлемінде

«Ежелгі қалалар өркениеті»


10 «В» сынып жетекшісі: Бабиева У.С.

«Ғасырдан ғасырға»

Қатысушылар:

1.Манасова Ақмарал –жүргізуші

2.Муратов Асқад -уәзір

3.Суанбеков Мейіржан – хан

4.Мамбетов Жасулан - саяхатшы

5.Тусупова Зарина –қыз бала

6.Нуртай Тумар–дос құбыры

7.Закарьянова Динара – саудагер (қала таныстырушы)

8.Капез Индира– саудагер (қала таныстырушы)

9.Нурланова Динара – саудагер (қала таныстырушы)

10.Қаманұр Тілек – саудагер (қала таныстырушы)

11.Қамар Тайырхан – саудагер (қала таныстырушы)

12.Еркенова Даяна – биші қыз

13.Сексенбаева Диана – биші қыз

Музыка ойналады, ұл бала нашник тыңдап, сахнада отырады. Артынан қыз келіп, көзін жабады.

Қыз: Сәлем, туған күніңмен! Мынау саған, - деп кітап ұсынады(ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ)

Ұл:
уууууууй кітап па?! Бұның маған керегі не? Рахмет әрине, бірақ кітап оқымаймын.

Қыз:( таңқала) қалайша? Бұл кітаптың астында қандай сиқырлар, қандай тарих жатқанын білесін бе?

Ұл: ал, қандай екен? (онша менсінбей )

Қыз: ммммммм мысалы сен, «Ұлы Жібек Жолы» неліктен – Жібек жолы деп аталғанын білесің бе?

Ұл:
жоқ білмеппін

Қыз:
міне көрдің бе, былай істейік, мен саған бір абзацын оқып берейін, егер ұнамаса кітапты қайта алып кетемін, келістік пе?

Ұл: әәәәәйййй жарайд енді, оқысан оқышы сол кітабынды.

Қыз:жүр, ааал тыңда....

Бұл жол біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырда болған. Ол Қытайдың Хань патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хань патшасы У -Ди  өз елшісін батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған........ – деп сахнанын оң жағына қарай кетіп қалады.


(Музыка ауысады, сахнаның сол жағынан биші қыздар саудагерлер шығады, 20 секунд олар тұрып болғаннан кейін, сахнаға, уәзір шығады)

Уәзір: мәртебелі патша Хан У-Ди (бәрі артқа қарай кетіп бастарын иіп отыра қалады, патша кіріп өз орнына отырады)

Патша: сарайда не болып жатыр?

Уәзір:мәртебе, біз бүгін базар аралап бәрін сұрастырып жүрген, күдікті кісіні ұстап алдық

Патша: кіргіз

Уәзірі саяхатшыны алып келеді

Патша: иә, кім боласыз, менің халқымды мазалап, шулатыпсыз ғой

Саяхатшы:Құрметті мәртебелім, мен араб саяхатшысы Хаукәл ибн едім «Китаб әл-масалик уә-л-мамалик», сіздің тілге аударғанда «Жолдар мен патшалықтар кітабын» жазып жүрген едім,сол үшін сіздің хандықтың адамдарымен сөйлесіп жүргенмін.

Патша: солай ма, онда тыңда

1 саудагер: Мен Талғар қаласынан келдім. Біздің өңірдің ерекшелігі біз айналар, фарфор ыдыстарын, ирандық қола құмыралар мен табақтарын шебер жасаймыз. Оған дәлелі міне, қараңыздар,-деп өзінің тауарын көрсетеді. –Біздің қаламызда сауда ғана емес, қолөнер мен қоса ауыл шаруашалық, аңшылық, егіншілік те дамыған.

2 саудагер: Мен Баласағұннан келіп тұрмын. Біздің қаламыз игі жақсылығы мол, үлкен елді мекен. Біз соғдыша да, түркіше де сөйлей аламыз. Біздің халық түркілерге ұқсайды және түркілердің әдет-ғұрыпын қабылдаған. Бізде түрлі әдемі маталар тоқып, қоладан ыдыстар жасалады, көріңіздер,-деп ол да өз тауарын көрсетеді.

3 саудагер: Мен болсам сонау Испиджап қаласынан келдім. Білмейтін болсаңыз, біздің қаламыз “ақ қала” деген атақпен белгілі. Біздің қаламызда үсті жабық базар, маталар жәрмеңкесі, үлкен мешіт орналасқан. Жемістеріміз болса шырынды, ірі, әрі тәтті. Испиджаптан мен шебер тоқылған маталар әкеліп тұрмын. Біздің қаламызда кітаптар, аспаптар жинақталған.

4 саудагер: Мен Тараз қаласынан келдім. Тараз қаласы-үлкен қала. Бізде моншалар бар, шебер, оюланып жасалған кесенелер тұрғызылған. Біздің қолөнершілеріміз қыш бұйымдарын, әшекейлерді, ақшаларды да шебер жасайды.


5 саудагер: Менің туған елім-Сарайшық. Сарайшық сауда өңірінің жанданып тұрған жері емес пе? Сондықтан тауарларымыз міне көріңіздер, әдемі жасалғын: жібек маталар, әшекей-бұйымдар, сәнді киімдер.

(Бұл уақытта саяхатшы бәрін жазып алып отырады)

Бәрі айтып болғаннан кейін,

Саяхатшы: иә шынымен мен көп нәрсені білмеппін ғой, менің топырақ басып жүрген жерлерім, осындай үлкен назар аударарлық заттарға тұрарлық. Құрметті мәртебем, сізге мыңдаған алғысымды білдірем, сіздің қолдауыңызбен міне кітабымды да аяқтайтын болдым.

Патша:керісінше саған рахмет, сенің жазғандарың келер ұрпаққа үлкен байлық (пауза) біздің халық сізге ризашылығын білдіреді. (сахнадан бәрі кетеді, келесі жақтан қызбен бала шығады)

Қыз:(қолында кітабымен) осылай патша саяхатшыны шығарып салады.

Ұл: берші андағы кітабынды, ары қарай өзім оқимын- деп сахнадан кетіп қалады.

Қыз:дегенмен тарихтын аты тарих, Ұлы Жібек Жолының бойындағы Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Бұрынғынды білмей, алға қадам басу қиын!