https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 9 10
19-20 МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР СТАНДАРТТАРЫ ЖОБАЛАРЫНА ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗУ


2013 жылдың 18 қыркүйегіннен бастап «электрондық үкімет» порталында және мемлекеттік органдардың сайттарында МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАНДАРТТАР ЖОБАСЫН КӨПШІЛІК ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау (бұдан әрі – жария талқылау) дегеніміз не?

  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – бұл мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейтін, яғни мемлекеттік қызмет алу үшін негізгі іс-қимылдарды сипаттайтын құжат (қажетті құжаттар пакеті, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі, уақыты, орны).

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қоғамдық пікірді есепке алу үшін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 15-бабында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасына  жария талқылау өткізу бойынша норма көзделген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жақсарту бойынша әрқайсымызға пайымдауға  мүмкіндік беретін ашық диалог алаңы болып табылады.

Егер де, Сіз стандарттар жобасын көпшілік талқылауына қатысмын деген шешім қабылдасыңыз WWW.mk.gov.kz сілтемесі бойынша кіріңіз.

ПУБЛИЧНОЕ ОБСУЖДЕНИЕ ПРОЕКТОВ СТАНДАРТОВ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ


С 18 сентября 2013 года на портале «электронного правительства» и сайтах государственных органов проводится ПУБЛИЧНОЕ ОБСУЖДЕНИЕ ПРОЕКТОВ СТАНДАРТОВ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ.

Что такое публичное обсуждение проекта стандарта госуслуги

(далее – публичное обсуждение)?

Как известно, стандарт госуслуги – это документ, который устанавливает порядок оказания госуслуг, т.е. описание основных действий для получения госуслуг (пакет необходимых документов, срок, время, место оказания госуслуг и т.д.).

Вместе с тем, для учета общественного мнения при оказании госуслуг статьей 15 Закона РК «О государственных услугах» предусмотрена норма по проведению публичного обсуждения проекта стандарта госуслуги.


Публичное обсуждение проекта стандарта госуслуги является открытой диалоговой площадкой, позволяющей каждому из нас выражать свое видение по улучшению процедур оказания госуслуг.

Если Вы решили принять участие в публичном обсуждении проектов стандартов, пройдите по ссылке WWW.mk.gov.kz


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы «___»_________

№ «__» қаулысымен бекітілген


«Мұрағаттық анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызметтің стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен әзірленген.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетімен (бұдан әрі – қызмет беруші), облыстардың Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО), «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты», «Орталық мемлекеттік мұрағат», «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемелерімен, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және оның филиалдары (бұдан әрі – Мұрағаттар), халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) қызмет берушіге, ЖАО, Мұрағаттарға жүгінген кезде:

қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағының 1)-тармақшасында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде;

пошта арқылы жазбаша жүгінгенде осы стандарттың 9-тармағының 1)-тармақшасында айқындалған қажетті құжаттар келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде;


қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минут;

қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минут.

2) Орталық арқылы жүгінген кезде:

қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағының 2)-тармақшасында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде, құжаттар қабылданған және берілетін күн мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді;

қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минут;

қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минут.

3) Портал арқылы жүгінген кезде – күнтізбелік он бес күн ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда қызмет берушінің, ЖАО немесе Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін әрбір бес жылдық кезең үшін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қызметті алушыға хабарланады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) қағаз тасығышта мұрағаттық анықтаманы беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы қызмет берушінің дәлелді жауабы болып табылады;

2) Порталда – мұрағаттық анықтаманың дайын екендігі туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы қызмет берушінің дәлелді жауабы болып табылады.

Анықтама өтініште көрсетілген мекенжай бойынша поштамен жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.


8. Жұмыс кестесі:

қызмет көрсетушінің: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

ЖАО, Мұрағаттардың: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

Орталықтың: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін, дүйсенбіден сенбі аралығында, үзіліссіз.

Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

Портал арқылы – тәулік бойы.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушы төмендегі құжаттарды ұсынады:

1) қызмет берушіге, ЖАО және Мұрағаттарға жүгінген кезде:

мемлекеттік қызметті алу үшін (жеке өзі келгенде) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілетті тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат;

қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш;

2) Орталыққа жүгінген кезде:

мемлекеттік қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш.

Қызмет көрсетушінің немесе Орталықтың кеңсесінің қызметкері құжат қабылдаған кезде мемлекеттік органның мемлекеттік ақпарат жүйесінен алынған мәліметтермен салыстырғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады.

Мемлекеттік қызметті Орталық арқылы алған жағдайда қызмет алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Орталық ұсынған нысан бойынша пайдалануға жазбаша келісімін береді.


3) Порталда:

қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сауалы.

Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметті уәкілетті орган ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы Орталықтың ақпарат жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйесінен алады.

Мемлекеттік қызметті алушы Орталыққа өтініш білдірген кезде, бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ Орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

10. Осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін тапсырмаған жағдайда қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

Қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты осы стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде қызмет көрсетушіден немесе Порталда электрондық құжат түрінде «жеке кабинетінде» алады.

Қызметті алушы осы стандарттың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқару органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқару органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы, немесе қызмет көрсетушінің, ЖАО, Мұрағаттардың немесе Орталықтың кеңсесі арқылы қабылданады.


Шағымды берген кезде әрекеттері шағымдалынып жатқан лауазымды тұлғалардың лауазымдары, тектері және аты-жөндері, шағым берудің негізі және талаптары көрсетіледі.

Шағымға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі қоса беріледі.

Қызмет алушыға оның шағымын қабылданғанына растау ретінде шағымды қабылдаған тұлғамен байланыс деректерін көрсетумен, нөмірі, күні, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі көрсетілген түбіртек беріледі.

Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет көрсетуші, ЖАО, Мұрағат немесе Орталық кеңсесінің қызметкерімен шағымды қабылдау туралы түбіртекте көрсетілген телефондар бойынша беріледі.

Портал арқылы электронды шағымданған жағдайда қызмет алушыға «жеке кабинетінен» өңдеу барысында жаңарып отырылатын өтінім туралы ақпарат қол жетімді (жеткізілгендігі, тіркеу, орындау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы белгілер).

Шағымды қараудың нәтижелері бойынша қызмет алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.


4. Көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар


12. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.

13. Мемлекеттік қызмет: еңбек өтілі мен еңбекақысын, жасын, білімі мен біліктілігін, мемлекеттік және ведомстволық марапаттауларды, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуді, ғылыми дәреже және атақ берілгенін, емделу, қамау орындарында болғанын, көшірілгенін және ақталғанын, экологиялық апат аймақтарында болғанын растайтын, күштеп айдалғаны және репатриацияланғаны туралы, азаматтық хал-жағдайы актілері туралы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер жөніндегі мұрағаттық құжаттар негізінде беріледі.

14. Қызмет берушінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 215-кабинет, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, ЖАО, Мұрағаттардың мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда берілген, Орталықтардың мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.


15. Портал арқылы жүгінген жағдайда қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.

16. «Жеке кабинетте» алшақталған қол жеткізу тәртібінде мемлекеттік қызметті көрсетудің дәрежесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті Портал арқылы алуға жүгінген жағдайда мүмкін.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпаратты www.mki.gov.kz мекенжайы бойынша, 1414 телефоны бойынша Байланыс-орталықтың анықтама қызметінде, немесе қызмет көрсетушінің 8 (7172) 74-05-29 телефоны бойынша алуға болады.

Мемлекеттік қызметті алудың тәртібі туралы қысқаша ақпарат және мемлекеттік қызметті алудың сызбасы осы стандартқа 4, 5, 6 және 7-қосымшаларда көрсетілген.


______________________


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» мемлекеттік қызметінің стандартына

1-қосымша


__________________________________

__________________________________

(көрсетілетін қызмет алушының тегі, аты, болса әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә) немесе қызмет алушы ұйымының атауы)

____________________________________

____________________________________

(көрсетілетін қызмет алушының мекен-жайы)


Құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2) тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекен-жайы көрсетілсін) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:


Жоқ құжаттардың атауы:


  1. _______________________________;

  2. _______________________________;

  3. ....

ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.


Аты-жөні (ҚКО қызметкерінің) (қолы)


Орындаушы. Т.А.Ә.

Телефон.

Алды: аты-жөні/ көрсетілетін қызмет алушының қолы

«___» _________ 20__ ж.


_____________________________

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің стандартына

2-қосымша


Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының

жергілікті артқарушы органдарының тізбесі


Р/с



Жергілікті атқарушы органның атауы

Жергілікті атқарушы органның мекенжайы

Телефон нөмірі

1

Алматы қаласының тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Алматы қаласы,

Алтынсарин даңғылы, 23

8 (727) 239-58-91

2

Астана қаласының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Астана қаласы,

Сауран көшесі, 7а

8 (7172) 796194

3

Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Алматы қаласы,

Желтоқсан көшесі, 112


8 (727) 279-69-83

4

Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Көкшетау қаласы,

Красная көшесі, 23

8 (716 2) 26-54-89

5

Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Ақтөбе қаласы,

Ағайынды Жұбановтар көшесі, 255

8 (713 2) 54-79-73

6

Атырау облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Атырау қаласы,

Гагарин көшесі, 7 А

8 (712 2) 27-12-58

7

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Өскемен қаласы,

Пермитин көшесі, 23

(723 2) 26-48-47

8

Жамбыл облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Тараз қаласы,

Бөлтірік шешен көшесі, 1 б

8 (726 2) 45-32-75

9

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Орал қаласы,

Қ. Аманжолов көшесі, 85

8 (711 2) 51-06-34

10

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы


Қарағанды қаласы,

Бейбітшілік даңғылы, 30

8 (8721 2) 56-91-08

11

Қостанай облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Қостанай қаласы

Таран көшесі, 82

8 (714 2) 54-29-71

12

Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Қызылорда қаласы,

Ы. Жақаев көшесі, 76

8 (724 2) 27-23-50

13

Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Ақтау қаласы,

24 шағын аудан

8 (729 2) 60-51-79

14

Павлодар облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Павлодар қаласы,

Ж. Бектұров көшесі, 62/1

8 (718 2) 32-58-78

15

Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Петропавл қаласы,

Интернациональная көшесі, 1

8 (715 2) 49-20-50

16

Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

Шымкент қаласы,

Байтұрсынов көшесі, 20

8 (725 2)

21-29-38



_________________________

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің стандартына

3-қосымша



следующая страница >>