girniy.ru 1
Ф КГМА 4/3-07/02

ПП КГМА 4/02


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы


Тақырыбы: Қышқылға тұрақты бактериялар. Циль-Нильсен бойынша бояу. Бактерияларды тірі күйінде зерттеу. Қарапайымдылар, спирохеталар, актиномицеттер, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, вирустардың морфологиясы. Микроорганизмдердің өсіп-көбеюі. Өсу факторлары. Бактериофагтар. Фаготиптеу.


Микробиология пәні


051101 «Мейірбике ісі»

Курс II


Құрастырғандар
: доц. Абдулина Г.А.

оқытушылар: Котенева Е.Н.,Қабдуова Ә.Қ.






Қарағанды 2009 ж




Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

«___» __ 2009 ж. № Хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. ________________ Ахметова С.Б.


Та
қырыбы: Қышқылға тұрақты бактериялар. Циль-Нильсен бойынша бояу. Бактерияларды тірі күйінде зерттеу. Қарапайымдылар, спирохеталар, актиномицеттер, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, вирустардың морфологиясы. Микроорганизмдердің өсіп-көбеюі. Өсу факторлары. Бактериофагтар. Фаготиптеу.

Мақсаты:Циль-Нильсон әдісімен жұғын дайындау техникасын білу, микроорганизмдердің қозғалғыштығын анықтау үшін бактерияларды тірі күйінде зерттеу; қарапайымдылар, спирохеталар, актиномицеттер, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, вирустар морфологиясы; қоректік орталарда бактерияларды дақыл-дандыру принциптерін және инфекционды аурулар қоздырғыштарын идентификациялауда микроорганизмдердің тыныс алуын, қоректенуін білу; бактериофагтардың құрылысы және тәжірибеде қолданылуы.

Сабақ мақсаты:


Студент білуге тиіс:

- микобактериялардың жасуша құрылымының химиялық құрамы.

- қарапайымдардың, спирохеттердің, актиномицеттердің, риккетсиялардың, хламидияның, микоплазмдердің, вирустардың морфологиясын.

- бактерия популяциясының өсу ерекшеліктері. Бактерия өсуіне әсер ететін фактор in vitro.

- микроорганизмдердің көбею түрлері (бинарлы бөліну, спора түзу, бүршіктену, бөлшектену)

- бактериофагтардың морфологиясы және ультрақұрылымы, фагтың бактерия жасушасымен өзара байланысу кезеңдері;

- фагтардың тәжірибеде қолданылуы.


Студент істей алуға тиіс:

- Циль-Нельсен әдісімен жұғын-препаратты бояу.

- витальді микропрепараттардың микроскопиясын жүргізу.

- бактериялардың өсу фазаларын сипаттау;

- фагтың көмегімен микробтарды салыстыру;

- фаговарын анықтау, орта обьектісінен бактериофагтарды анықтау.


Лабораторлық жұмысты орындау түрі

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Дайын жұғын-препаратты Циль-Нельсен әдісімен бояу (қақырықтан алып)

2. Нативті және боялған препараттарды « езілген» немесе « ілінулі» тамшы әдістерін қолдана отырып үйрену.

3. Жұғын-препаратты микроскопиялау.

4.Қарапайымдардың, спирохеттердің, актиномицеттердің, риккетсиялардың, хламидияның, микоплазмдердің, вирустардың морфологиясын демонстрациялық препараттар бойынша оқыту және суретін салу.

5.Таза дақылдың құрамын жазу ( колония формалары, көлемі, тығыздығы, түсі, шеткі түрі, беткі көріністері).

6. Хаттама толтыру


Тарату материалы


  1. Демонстрациялық препараттар:

    1. Treponema pallidum

    2. Penicillium spp.
    3. Actinomyces spp..


    4. Candida albicans

    5. Mycobacterium tuberculosis

  2. Кестелер:

    1. Микобактериялардың жасуша құрылымының химиялық құрамы

    2. Циль-Нельсен әдісімен бояу

    3. Саңырауқұлақтар микроскопиясы

    4. Спирохеталар

2.5.Қараңғы аймақтағы лептоспиралар


Қышқылға тұрақты бактерияларды бояу

Қышқылға тұрақты микроорганизмдер бейорганикалық қышқылдарға, спиртке, сілтіге айтарлықтай тұрақтылық байқатады. Олардың осындай қасиеті клетка қабырғасында және цитоплазмасында липидтердің көп болуымен (воск тәрізді заттар) байланысты. Микобактериялар қарапайым бояуларды дұрыс қабылдамайды, сондықтан жылытылған концентрирленген бояулар ертінділері қолданалады. Бояу барысында микробтық клеткаларды қышқылмен өңдегенде, олар алғашқы бояуын жоймайды. Осы қасиеті бойынша басқа қышқылға тұрақсыз бактериялардан ажыратуға болады. Қышқылға тұрақты бактерияларды Циль-Нельсен әдісімен бояйды .

Циль-Нельсен әдісімен бояу

Әдістемесі:

1. фиксацияланған жұғын-препаратқа карбол фуксинінің бірнеше тамшысын тамызады, фильтр қағазбен жауып бу шыққанға дейін қыздырады, тағы 1-2 рет бояу тамызып қыздырады (3—5 мин);

  1. фильтр қағазын алып тастап, жұғын-препаратты салқындатады, 5% күкірт қышқылы ертіндісі немесе 3% тұз қышқылды спиртпен 2-4 с) түссіздендіреді;

  2. жақсылап сум ен шаяды

4. Леффлер сия көгімен бояу (3-5 мин); сумен жақсылап шайып, кептіру керек

Қышқылға тұрақты бактериялар рубинді-қызыл түске, ал қалғандары – сия көк түске боялады.

Микроорганизмдерді тірі күйінде зерттеу

Микроорганизмдерді тірі күйінде олардың пішінін, қозғалғыштығын немесе тірі күйіндегі ішкі құрылысын анықтау үшін зерттейді. «Езілген тамшы» немесе «ілінген тамшы» әдісін қолдана отырып нативті және боялған препараттарды оқиды.


Тірі күйінде (витальді) бояу. 0,001% метилен көгінің немесе бейтарап қызылдың ерітіндісінің тамшысына микроорганизмдердің қоспасын енгіземіз. Содан соң «езілген» немесе «ілінген» тамшы препаратын дайындаймыз және микроскоптаймыз

«Езілген тамшы» препаратын дайындау. Майсыздандырылған заттық шынының ортасына сұйық сорпа дақылының 1 тамшысын тамызамыз. Егерде дақыл тығыз қоректік ортада өсірілген болса, онда 1тамшы стерильді натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін тамызып, сосын ілмекпен дақылдан алып, ілінген бактерияны тамшымен араластырамыз.

Немесе изотоникалық ерітіндіде микроорганизмдер қоспасын дайындап,содан 1 тамшы алуға болады. Зерттелетін материалға жабын шыныны жабамыз, ауа тамшыларын қалдырмай. Тамшы алғанда оның көлемі заттық шыны мен жабын шынының ортасын ғана толтырып, жиегінен аспауы керек. Препаратты құрғақ жүйемен де иммерсиондық жүйемен де көруге болады. 40х және 90х объективті қолдана отырып, микроскоптайды. Қараңғы аймақтық немесе фазалы – контрасты құрылымдарды қолдану арқылы өте жақсы нәтижелерді алады. Препараттар жылдам кеуіп кетеді, егер оларды біршама уақыттан кейін қарайтын болса, онда оны ылғал камераға (Петри ыдысына ) түбіне 2-3 ылғал дөңгелек сүзгіі қағазы, оның бетін екі құрғақ қағазбен жауып орналастырамыз. Препарат кеуіп кетпес үшін және сұйықтықтың турбулентті қозғалысының конвекциясын тудырмас үшін оны герметизациялауға болады. Бұл мақсатта парафин майын, парафин мен вазелиннің тең көлемін немесе тырнаққа арналған лакты қолдануға болады. Қозғалғыш микроорганизмдер кейде шыныға адгезияланбайды, сондықтан қозғалғыштықты «ілінген тамшыда» оңай көруге болады.

Микоплазмалардың морфологиялық сипаттамасы.

Микоплазмалар- жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты липопротеидті цитоплазматикалық мембранадан тұрады. Микоплазмалар пішіні бойынша шар, сопақша, жіпшелі, жұлдыз тәрізді болуы мүмкін. Микоплазмаларды Берги жіктелуі бойынша жеке топқа жатқызады. Олардың өлшемдері әртүрлі: бірнеше микрометрден 125—150-ге нм дейін. Ұсақ микоплазмалар бактериальді сүзгі арқылы өткендіктен оларды сүзгілі форма деп атайды Микоплазмалар топырақта, ағынды суларда, әртүрлі субстраттарда табылған.Адам және жануарлар ағзасында патогенді және шартты-патогенді түрлері кездеседі. Патогенді микоплазмалар тыныс алу жолодарын, зәр шығару және ОЖЖ зақымдайды. Адам үшін патогенді Mycoplasma pneumonia, ал шартты-патогенді - Mycoplasma hominy және Т- топтары.


Спирохеталардың морфологиялық сипаттамасы.

Спирохеталар (Speira – иілген /изгиб/, chaite - шаш) – спиральға ұқсас иілген, өте жіңішке (шаш сияқты) қозғалғыш бактериялар. , ұзындығы 5 - 500 мкм. Жасушалар протоплазмалық цилиндр секілді фибриллалармен оралған,қозғалғыш, спора түзбейді,грам теріс, жасуша ішілік қосындылар бар. Кейбір спирохеталар анилинді бояулармен нашар боялады. Спирохе­талар туыстастықтарын санына және жіпшелердің орамдарына, аяқтамаларына байланысты жіктейді.

Риккетсиялардың морфологиялық сипаттамасы.

Риккетсиялар— микроорганизмдер көлемі 0,2-н 30 мкм-ге дейін.Олардың жасуша қабырғасы екі қабатты қабықшадан, цитоплазмадан, нуклеоидтан тұрады. Риккетсиялар пішіндері бойынша таяқшалы,жіпшелі және конус тәрізді болады. Барлық риккетсиялар жасуша ішілк паразитер, сондықтан олар тек тірі ағзада ғана көбейе алады. Олар бөртпелі сүзек және әртүрлі қызбалық инфекциялық ауруларды тудырады.Тасымалдаушылары болып: кенелер, биттер, бүргелер табылады.Осылардың ағзаларында риккетяилар көбейеді.

Вирустардыңов морфологиялық сипаттамасы.

Вирустар – тұқым қуалаушылық қасиеті бар, өзгеруге, көбеюге бейім өте ұсақ, тірі микроорганизмдер. Вирустардың бактериялардан айырмашылығы – Жасушалық құрылысы болмайды, тек қана бір нуклеин қышқылы – ДНҚ немесе РНҚ болады. Жасуша ішінде генетикалық дәрежедегі паразиттер болып саналады. Ақуыз синтездейтін рибосомалары болмайды, сондықтанда оларда зат алмасу жүрмейді. Вирус құрылысының компоненттері: капсомер-белокты бөлек бірлігі, капсид-капсомерлерден құралған, нуклеокапсид – нуклеин қышқылы мен капсид белогының комплексі, вирион – вирустың бүтін бөлшегі. Вирустардың құрамы өте қарапайым. Олар нуклеин қышқылынан және оларды қоршап жататын – капсид және суперкапсид деп аталатын қабаттардан, сондай-ақ вирус қабығының сыртындағы рецепторлардан (синонимі – бекітуші белоктар, тікенектер) құралады. Аздаған ферменттер болады, олардың біреулері вирус нуклеин қышқылдарының репликациясына және вирус белоктарының транскрипциясына қажет, албасқалары – клетканың ішіндегі метоболиттік процесстерді өзгертіп немесе тежей отырып, зат алмасу процесстерінің вирустардың бөлшектерін құрастыру үшін жұмыс істетеді.


Морфологиялық құрылысы бойынша вирустар 2 топқа бөлінеді:

1.жай, қарапайым құрылысы – нуклеин қышқылы және оны қоршаған капсидтен тұрады (полимиелит вирусы, аденовирустар, құтыру вирусы)

2.күрделі құрылысты – нуклеин қышқылынан, капсид және суперкапсидтен тұрады.

Саңырауқұлақтардың морфологиялық сипаттамасы.

Саңырауқұлақтар және қарапайымдылар эукариоттарға жатады. Саңырауқұлақтар ірі бактериялар, эволюциялық жағынан өсімдіктерге ұқсас ( жасуша қабырғасында, хитин немесе целлюлоза , вакуолі жасушалық шырынмен, ауысуға қабілетсіз). Саңырауқұлақтардың ядролық материалы цитоплазманың ядролық мембранасынан бөлек. Ащытқы саңырауқұлақтар жеке сопақшалы торшалар түзеді. Көгерткіш саңырауқұлақтар құрылысы жасушалық жіпше тәрізді - гифтер. Мицелий- гифтердің шоғырлануы- басты морфологиялық құрылысы Саңырауқұлақтар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Вегетативті көбею барысында мамандандырылған репродуктивті құрылысы - споралар- конидии түзеді. Медициналық маңызы бар көптеген саңырауқұлақтардың түрлері үшін конидиялардың болуы ( немесе экзоспора), жыныссыз жолмен көбею түрі. Олардың жиі кездесетін түрлері- бластопоралар, хламидоспоралар, артроспоралар, конидиоспоралар.

Актиномицетов морфологиялық сипаттамасы. (ескі жіктелуі бойынша сәулелі саңырауқұлақтар). Актиномицеттердің саңырауқұлақтардан айырмашылығы жасуша құрылысы прокариоттық, жасуша қабырғасында хитин немесе целлюлозасы болмайды Тек жыныссыз жолмен көбейеді.Актиномицеттерді ң мицелийі субстратты және ауалы болып екіге бөлінеді. Мицелиальді бактерияларға микобактерияларды, накардия және актиномицеттер туыстастықтарын, бірнеше жоғары актиномицеттер туыстастықтарын жатқызамыз..

Қарапайымдылардың морфологиялық сипаттамасы.

Жасуша құрылысы эукариоттық, бактериялар мен саңырауқұлақтарға қарағанда морфологиялық және функциональді құрылымдары күрделі. Қарапайымдылардың сыртынан эластикалық және ригидті пелликула қоршайды. . Қарапайымдылардың бірнеше ядросы болуы мүмкін. Көптеген қарапайымдылар псевдоподий, талшықтар немесе қылшықтар арқылы қозғалады. Қарапайымдылардың басты класстары: саркодовые немесе амеба- қарапайым орналасқан қарапайымдылар, споровиктер ( безгектік плазмодии, токсоплазма, пневмоциста, бабезии), жгутиконосцы (трихомонада, лейшмании), инфузории . Қарапайымдылардың 7 мыңдай түрлері белгілі. Қарапайымды-ларды оқытатын ғылым- протозоология.


Микроорганизмдердің өсіп-көбеюі. Бактерия салмағының өсуі және бөліну үшін қоршаған ортадан макро және микроэлементтер, көптеген заттар ( глюкоза СО2 көміртегі үшін және NН3 -азот үшін). Жасуша қарапайым құрылымнан күрделі құрылым синтездей алмайды, сыртқы ортада өсе алатын, оларды ауксотрофтар деп атайды

Қоректік ортаның тотығу реакциясына өту үшін қатысатын энергетикалық метаболизмге және молекуладан АТФ түзуге, соңынан биополимер синтезіне қатысатын клетканың соңғы қорегі электрон акцепторымен қамтамасыз етуге тиіс.

Жасушалық цикл нәтижесінде клетка биомассасы көбейіп бинарлы бөлінеді. Сол уақытта бактерия клеткасында биохимиялық процесс өте жақсы жүреді.

Өзін -өзі реттеу механизмі:

1. Өсу және бөліну механизімінің арнайы емес тобы.

2. Өзін - өзі реттеу механизімінің арнайы тобы.

Арнайы емес тобы: физика - химиялық фактордың ұқсастығы, клеткадағы биосинтетикалық процестердің барлық клеткасына әсер етуі (температура, рН, иондар саны, жұтылған оттегі дәрежесі, қысым және т.б)

Арнайы тобы: ферменттермен байланысты, биохимиялық процесіне катализатор болу үшін фермент - субстрат деңгейінің өзара қатынасы - бұл өзін - өзі реттеудің арнайы және арнайы емес интеграциясы осы деңгейде болады.

Арнайы түрі генетикалық детерминирленген және қосымша реттеу механизімін қажет етпейді.Ферментті реакция жылдамдығын дәрежемен көрсетуге болады: V= K+2 (E0) (S )/ Km +(S) ;

E0 - ферменттің бастапқы концентрациясы ;

S - субстрат концентрациясы

S - өскенде, S > Km фермент активтілігінің жылдамдығы V,Vm- максималды реакция жылдамдығына қарай бағытталады V= K+2(E0) =Vm.

Ферментті реакция жылдамдығы және субстрат концентрациясына байланыысты Михаэлис-Ментен дәрежесін белгілеуге болады


V = V m (S) / Km+ (S)

Субстрат мөлшері аз болған жағдайда реакция жылдамдығы субстрат мөлшеріне тікелей байланысты, ал субстрат мөлшері көп болған жағдайда мах бағытталады және әрі қарай субстрат концентрациясына байланысты емес.


Хаттама толтыру кесте үлгісі:


Хаттама №___ Күні:____________

Тақырыбы: ____________________________________________________

Зерттеу материалы: (тексерілетін материалды көрсету, қолданатын бактерия дақылы және т.б.).

Зерттеу жолы: (этаптары бойынша көрсету, зерттеу этаптарын альбомға түсіру)

Қорытынды нәтижесі: (микроскоптан қараған суретті салу, иммунологиялық реакцияларды, бөліп алынған дақылдың биологиялық қасиеттерін көрстеу, сурет салу).

Қорытынды


Әдебиеттер

1.Жалпы микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасы-ның профессорлары Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы. 2006. – 176 б.

2.Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

3.Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 1184 С.

4.Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 1998. – С.159-176.

5.Борисов Л.Б., Смирнова Л.Н. Микробиология // М: Медицина, 1996, уч.пособие., 192с.

6.Поздеев О.К. Медицинская микробиология: Учеб.для вузов /О.К.Поздеев; под ред. В.И. Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004.-768 с

7.Лабинская А.С. Микробиология с техникой микробиологических методов исследования // М: Медицина, 1968, 466с.

8.Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования / под. ред. М.О.Биргера // М: Медицина, 1973., 456с.


9.Красильников А.П., Романовская Т.Р. Микробиологический словарь –справочник // Минск: Асар, 1999. – 399с.

10.Стейнер Р., Эдельберг Э., Ингрэм Дж. Мир микробов // М: Мир. - 1979, Т.1. - 317с.

Определитель бактерии по Берджи (в 2-х томах)// М: Мир, 1997.

Бақылау

Сұрақтар:


1.Қышқылға тұрақты бактериялардың жасуша қабырғасының құрылысы. Химиялық құрамы.

2.Циль-Нильсен әдісінің негізі. Қолданылатын реактивтері мен бояулары.

3.Бактерияларды тірі күйінде тексеру әдістері ("езілген тамшы" және "ілінген тамшы" препараттары).

4.Спирохеталардың жіктелуі, морфологиялық ерекшеліктері. Романовский-Гимзе әдісі бойынша бояу.

5.Риккетсиялардың жіктелуі, морфологиялық ерекшеліктері. Здродовский әдісі бойын-ша бояу.

6.Микоплазмалардың жіктелуі, морфологиялық және тинкториалдық ерекшеліктері.

7.Саңырауқұлақтар морфологиясы. Мицелий түрлері. Құрылыстық ерекшеліктері.

8.Вирустардың жалпы морфологиялық сипаттамасы.

9.Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі.

10.Бактериофагтардың құрылысы. Фагтың бактерия жасушасымен өзара байланысу кезеңдері. Бактериофагтардың тәжірибеде қолданылуы.


Тест тапсырмалары:

1.Микроорганизмдердің қышқылға төзімділігі байланысты:

а) нуклеин қышқылымен

в) капсуламен

с) майлы заттармен

д) цитоплазматикалық мембранамен

е) көмірсулармен

2.Қышқылға төзімді тән:

а) гемофильді таяқшалар

в) іш сүзегінің таяқшалары

с) стафилококктар

д) туберкулез таяқшасы

е) риккетсиялар

3.Қышқылға төзімді бактерияларды анықтау әдісі:

а) Ожешко

в) Грам

с) Циль-Нильсен

д) Романовский-Гимзе


е) аталғандардың барлығы дұрыс

4.Циль-Нильсен әдісімен бояу арқылы анықтайды:

а) спора

в) капсула

с) волютин дәндері

д) қышқылға төзімді бактериялар

е) клетка қабырғасы

5. Спирохетаның қозғалғыштығы байланысты:

а) талшықтарға

в) осьтік жіпшеге

с) қылшықтарға

д) фимбрииге

е) волютин дәніне

6. Спирохеталар жатады:

а) саңырауқұлақтарға

в) қарапайымдарға

с) бактерияларға

д) вирустарға

е) прионда

7. Актиномицеттер:

а) прокариоттар

в) эукариоттар

с) саңырауқұлақтар

д) вирустар

е) приондар

8. Микоз қоздырғышы жатады:

а) саңырауқұлақтарға

в) қарапайымдарға

с) бактерияларға

д) вирустарға

е) приондарға

9. Саңырауқұлақ мицелиясының көлденең айналымдары қалай аталады:

а) гиф

в) септа

с) конидия

д) стеригма

е) спорангия

10. Морфологиясы бойынша актиномицеттер жатады:

а) спора түзетін таяқшаларға

в) түйреуіш тәрізді таяқшаларға

с) бұтақшалы таяқшаларға

д) кокк тәрізді бактерияларға

е) стрептобактерияларға

11. . Бактерия метобализмі неден құралады:

а) энергетикалық және транскрипция.

в) конструктивті және трансляция

с) энергетикалық және коструктивті.

д) транскрипция және трансляция.

е) репликация және трансдукци.

12. Бактерияның ферментативті активтілігін зерттеу үшін:

а) Гисса ортасы.

в) ЕПБ.

д) қышқылды агар.

е) қанды агар.

13. Қанды агар дайындау үшін міндетті түрде:

а) қан сарысуы.


в) қан.

с) глюкоза.

д) пептон.

е) қан плазмасы.

14. Сұйық қоректік ортаға жатады:

а) ЕПА.

в) Эндо ортасы.

с) Қанды агар.

д) ЕПБ.

е) Сарыуызды тұзды агар.

15.Бактериялардың көбеюі жүзеге асады:

а) ұзынынан бөліну

в) көлденеңінен бөліну

с) бүршіктенумен

д) зкзоспорамен

е) фильтрлеуші түр түзумен


Жауаптар кілттері:1-С, 2-D, 3-С, 4-Д, 5-В, 6-Д, 7-А, 8-С, 9-В, 10-Е,11-С, 12-А, 13-В,

14-Д,15-В

Жағдайлық есептер

1.Студент жұғын-препаратты дайындау барысында заттық шыныға қыздырмай карбол фуксинін тамызды, сумен шайып, жұғынды метилен көгімен бояды.Микроскопиялау кезінде бактериялар анықталған жоқ.Себебін атаңыз.

2. Жұғын-препаратты дайындау барысында зерттеуші шұңқыры бар заттық шыныға бір тамшы дистиллденген су құйып,оның үстіне тәуліктік агарды қосып,кептіріп, оттықтың үстінде бекітті. Микроскопиялау кезінде бактериялар анықталған жоқ.Себебін атаңыз.

3. Сарыуызды тұзды агарда сары түстес колониялар өскен, шеттері бұлыңғыр.Сіздің тұжырымыңыз.Бөлінген дақылдың идентификациясы үшін қандай зерттеулер жүргізуге болады.

4. Бөлінген бактерия дақылының қанттық қасиетін анықтау керек. Оны қалай жүргізу керек және жүргізілген тесттердің қорытындысын қалай тұжырымдау керек?

5. Бөлінген бактерия дақылының протеолитикалық қасиетін анықтау керек. Оны қалай жүргізу керек және жүргізілген тесттердің қорытындысын қалай тұжырымдау керек?

6. Зертханаға жедел ішек инфекциясымен ауырған науқастың клиникалық материалы келіп түсті. Тез арада қоздырғыштың таза дақылын алу керек.Қандай қоректік ортаныаласыз және клиникалық материалды қоректік ортаға егу үшін қандай әдістерді қолданасыз?