girniy.ru 1 2 3 4
ӘОЖ 329 (574) Қолжазба құқығында



Нургалым Кәдір Салықұлы




Қазақстанда саяси институттардың қалыптасуында қоғамдық ойдың модернизациялану мәселелері (салыстырмалы саяси талдау)




23. 00.02 - Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша


Саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ





Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетінің теориялық-қолданбалы саясаттану және әлеуметтану кафедрасында орындалды



Ғылыми жетекшілері:

философия ғылымдарының докторы,

профессор Сыдықов Ұ.Е.

саяси ғылымдарының докторы

Симтиков Ж.Қ.



Ресми оппоненттері:

саяси ғылымдарының докторы,

Әуелғазина Т.Қ.





саяси ғылымдарының кандидаты

Байсұлтанова К.Ш.


Жетекші ұйым:

Қазақстан Республикасы Білім

және ғылым министрлігі

Ғылым Комитетінің

Философия және саясаттану

институты


Дисссертация 2010 жылы 27 тамызда сағат 14.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі 23.00.02. - саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша саяси және философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғалатын Д 14.21.03. диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.


Мекен   жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, диссертациялық зал. (ауд. 215).


Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30) танысуға болады.


Автореферат 2010 жыл 26 шілдеде таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалыми хатшысы, саяси

ғылымдарының докторы Жабина Ж.Р.




КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстандағы саяси институттардың қалыптасуындағы қоғамдық ойдың модернизациялану мәселелеріне саяси салыстырмалы талдау жасалып, нақты ұсыныстар берілген. Мемлекеттің қалыптасуындағы демократиялық билікке көшу процесіне теориялық тұрғыдан пайымдаулар жасалынған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Саяси тарихымыздың тәлімі мен сабағынан қоғамымыз үйренеді, артық-кемін ашық талқыға салып талдап, қайталанбаудың алдын алады. Неге солай болды деп ойланып ұғыну, себеп-салдарына үңілу, қателігін көңілге мықтап тоқу арқылы ғана кешегі халқымыздың басына түскен қасіретті оқиғалардың қайталанбасына кепілдік бере аламыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылды «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» [1], 1998 жылды «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» [2] деп жариялауы   ұлттық саяси тарихымыздың ірі саяси оқиғаларына сабақтастықпен баға беріп отыруының нақты көрінісі. Ендеше еліміздің зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан жиында Елбасының: «Бұл – Қазақ елінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп: Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? – деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл әрбір азамат туған елінің, туған халқының тағдыры ешкімдікінен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз»– деп тереңінен толғауы жалпы жұртшылыққа ой салумен қатар, қоғамдық ғылым салаларына, әсіресе саясатшыларға зор міндеттердің жүктеліп отырғандығын көрсетті.


Бүгінгі Қазақстан халқы азат, тәуелсіз елге айналды. Ол - қазақ жұртының ғасырлар бойғы арманы еді. Егемендік алғаннан бергі 19 жыл ішінде Қазақстан Республикасы ғасырларға тән сан-салалы өзгерістерді басынан кешірді. Дүние жүзіне өзімізді бейбітшілік сүйгіш халық, өркениетті саясаты бар ел ретінде танытып үлгердік. Алайда «өзгеге таныту үшін өзімізді тану қажеттігін» билігімізді нығайтып, шаруамызды қолға алғанда барып түсіндік. Тәуелсіздік ұзақ жылдарғы ұлтты азат ету жолындағы саяси күресінің заңды нәтижесі болғандығын өскелең ұрпақтың мықтап есінде ұстағаны жөн деп ойладық. Саяси тарихымыздың өткен ғасырдың басындағы маңызды оқиғаларының саяси сабақтарына көңіл қойып, зерделеу саяси прагматизм мақсаттарынан туындап отыр.

Осынау кезеңдегі күрестің көшбасында халқының ақыл-айнасы, жанашыр саяси акторлары болған ұлтымыздың таңдаулы қайраткерлері тұрды. Егер төңкеріске дейін-ақ езілген жұртының санасына саяси ойдың сәулесін түсіріп, оятқан, азаттық жайлы идеяның негізін қалап бағыттаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатовтардай көсемдері ұйытқы болған Алаш зиялыларының ісі деп білсек, ізінше 1916-17 жылдардың ұлт-азаттық күресі мен саяси төңкерістерінің аласапыранында қалыптасып, шынығып, айқындалып, саяси билікке көтерілген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, Ы.Мұстамбаев т.б. секілді қайратты жастарды көреміз. Алдыңғылар негізінен ағартушылық, саяси-идеялық қызметімен еліміздің болашақ даму жолын саралап берген болса, кейінгілер кеңес билігі шеңберінде ұлттық мұраттарды жүзеге асыруда бар күш-жігерімен саяси стратегия жасады. Олар жоғалтып алған мемлекеттік белгілерімізді қалпына келтіріп, Қазақстанның шынайы саяси тәуелсіздігінің негізін қалауға орасан зор күш жұмсады. Бөлшектелінген қазақ жерін біріктірді, шаруасын түзеп, мәдени дамуына жағдай жасады.

Өкінішке орай, ұлтымыздың зиялылары түгелдей дерлік тоталитарлық жүйенің қысымын көрді, абақтыға қамалды, елден қуылды, кейінгі қуғын сүргін науқанында репрессия құрбанына айналып, жазықсыз мерт болды.


Алайда, олардың еңбектері мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, озбыр режим олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін санамыздан өшіре алған жоқ. Тіпті, қатал саясаттың тоңы жібіген тұста көпшілігінің ақталғанымен де, олар туралы толық шындықты айтып, ақ-қарасын тануға идеологиялық құрсау мүмкіншілік бермеді. Осылайша, халықтың тарихи жадында сақталып келген сол ұлтжанды азаматтарымыздың есімдері мен мол мұралары тәуелсіздік тұсында қайта жаңғырды. Бірқатар ғылыми жұмыстың арқауына айналып, жүйеленген саяси тақырыпта немесе жеке саяси тұлға ретінде зерттелді.

Қоғамды модернизациялауда ұлттық интеллигенция мұрасы өткен мен болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқаттын бағалаудың өзі, саяси болжам жасауға жарайтын білімі мол үрдіс. Әсіресе елдің сындарлы кезең аясындағы қажеттіліктеріне бағыт бағдар жеткізіп отыратын саяси зиялылардың ұлағаты. Сондықтан да аталмыш тақырып өзекті болып табылады.

Демек, біздің де жұмысымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде саяси иниституттардың қалыптасуына ықпал еткен ұлт зиялыларының қызметі, демократиялық бағыттағы модернизациялық саяси ойлар мен құқықтық көзқарастардың қалыптасып дамуы, мәні, қоғамымызды ілгерлетудің рөлі мен ерекшеліктері, яғни, оған ат салысқан акторлар, саяси күштер мен ағымдар, көрнекті саяси қайраткерлерінің жанкешті қызметінің айтылмай, зерттелмей келген олқылығын саясаттану пәні бойынша, саяси талдай отырып толтыру қажеттігінен туындап отыр.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Көтерілген мәселе бойынша отандық тарих пен әдебиет философия және де басқа ғылым саласында біршама зерттеулердің бар екені рас. Дегенмен де саясаттану пәні бойынша саяси тұрғыдан талданған еңбектер жоқтың қасы, жалпы тақырып бойынша жарияланған зерттеу еңбектерін саяси сипатына орай былайша топтауға болады. Бірінші кезеңде, 1920-1980 жылдары яғни Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін жарияланған еңбектерде қазақ қоғамдық ойын модернизациялауға тырысқан алаш азаматтары туралы, олардың ұлт азаттық қозғалыстары, республикамызда саяси ойды қалыптастырудағы жетекшілік рөлін зерттеуге тиым салынды, оларға сол кездегі режимге қарсы азаматтар деген айдар тағылды. Олардың есімдері саяси санамыздан күштеп өшіріліп тасталды. Ұзақ жылдар бойы зерттеу еңбектерінде, оқулықтарда ұлтжанды кеңес қайраткерлері, әсіресе, Алаш қозғалысы мен оның жетекшілерінің қызметтеріне, саяси ой пікірлеріне, саяси мақсаттары айқын ұлт азаттық қозғалыстарға теріс баға беріліп келді. Бұл кеңестік иделогияның талабы болатын. Екінші кезеңде, қазақ елі азаттыққа аяқ басқан алғашқы жылдарының өзінде тарих ақиқатын толық жеткізе алмай, жалтақтықпен, кеңестік идеологияның тар құрсауынан шыға алмаған еңбектер де жарық көрді. Жарияланған зерттеулер дерекнамалық сипатта болуы, терең методологиялық талдаудың жетіспеуі заңды болатын. Саяси ғылым тұрғысынан арнайы зерттеліп, оған объективті баға берілмеді. Қазақ қайраткерлерінің мемлекетті қалыптастырудағы қызметі, саяси көзқарастары, жалпы саяси ойларының қалыптасып, дамуының бүгінгі күнмен сабақтастығы зерттелмеген еді. Үшінші кезеңде яғни бүгінгі таңдағы қазақ қайраткерлерінің саяси-қоғамдық қызметіне байыпты түрде жаңаша көзқарас білдірген және мемлекеттік қызметіне жалпы саяси ойының дамуына қатысты табылған тың құжаттарды ұсынып, саяси қызметінің ұлтжандылық мәні жайлы тұжырым жасаған мақалалар да, зерттеу еңбектері де жарық көре бастады. Сондай-ақ, демократиялық бағыттағы саяси-қоғамдық, құқықтық көзқарастардың қалыптасуы, мәні мен ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан арнайы эмпирикалық зерттеудің нысанына айналды


Саяси жүйелер мен саяси ойдың қоғамдық модернизациялау мәселесі жарты ғасыр бұрын батыстық ғылымның зерттеу нысанына айналған. Дамуда, саяси ойдың қоғамды модернизациялау теориялары АҚШ, Еуропа және тағы да басқа елдердегі қоғамдық-саяси жаңартулар тәжірибесін зерттеу нәтижесінде ғылыми негізделген тұжырымдамаға айналды. Модернизация – қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі. Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады. Модернизация саяси жүйеде қоғамдық институттар қызметі өзгерістерінің әртүрлі қырларына назар аударады. Кейбір зерттеушілердің еңбектерінің Қазақстандағы әлеуметтік-саяси шындыққа қатыстылығы шектеулі екенін айта кету керек. Себебі, олар батыстық әлеуметтік-мәдени дәстүрлерге бағытталған. Дегенмен, батыстық авторлардың өзге елдердегі саяси ойдың қоғамды модернизациялау үдерісінің ерекшеліктерін экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер аясында анықтауға тырысқан еңбектерінің зерттеулер үшін маңызы бар. Егер саяси ойдың қоғамды модернизациялауы әлеуметтік өзгерістердің белгілі бір түрі ретінде ұғынсақ, Т.Гоббс, Дж.Локк, Т.Джефферсон, Ж.Ж.Руссо, И.Шумпетер елеулі үлес қосты.

Алғаш рет қазақ зиялыларының қоғамдағы атқаратын рөлі, шынайы миссиясы турасында А.Байтұрсынов[3], Ә.Бөкейханов[4], М.Дулатовтар [5] сияқты алаш қайраткерлері терең толғанған болатын. Олар өздері үлгі-өнеге көрсете отырып, «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы т.б. ана тіліміздегі төл баспасөзде жарияланған шығармаларымен сол кезеңдегі қоғамдық ой-пікірді дамытты, бағытын белгіледі. Саяси мәселелерді көтеріп, халықтың саяси сауатын көзін ашуға жалпы оқыған зиялы қауымға үндеу тастап, қоғамды саяси модернизациялауға негіз салды.

Ал, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін саясаттану ғылымында билік жүйесін модернизациялауға байланысты ғылыми еңбектер жазып зерттеген ғалымдар қатары соңғы жылдары молая түсті. Оларға А.С.Балғымбаев[6], Д.Т.Медеуова[7], К.Ж.Жаулин[8], Ж.Қ.Симтиковтың [9] және т.б. еңбектерін жатқызуға болады.


Қазақстан Республикасындағы биліктің президенттік вертикалінің контексіндегі басқарудың жергілікті органдары, сондай ақ қоғамды модернизациялаудың кейбір өзекті мәселелері С.И.Абдулпаттаевтың[10], Ә.Бәкірдің[11], К.Н.Бурхановтың[12], Л.М.Иватованың [13] зерттеулерінде қаралады.

Саяси модернизациялаудың эмпирикалық тәжірибесінің жинақталуының теориялық негізі ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапты. Ресейлік Б.М.Лазарев[14], А.И.Черкасов[15], Б.Курашвилидің[16] еңбектері модернизация мәселесін ғылыми сараптауымен ерекшеленеді.

Тәуелсіздіктің орнауымен қазақ зиялыларының саяси ой мәселесіне, қоғамдық саяси қызметіне мүлде жаңаша баға беру үрдісі басталды. Әсіресе қазақ қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық қызметін қамти отырып, ең бастысы шығармашылық жолы және саяси жүйені модернизациялауда алатын орны туралы мерзімдік басылымдарда мақалалар мен жекеленген ғылыми еңбектер, жинақтар жариялана бастады.

Қазақстандық қоғамды жаңартудың демократиялық негіздерін зерттеген алғашқылардың қатарында белгілі ғалымдар Ә.Н. Нысанбаев[17], А.Қ.Бижановтар[18] болған. Сондай-ақ, қоғамды демократияландырудағы жаңарту үрдісінің саяси маңыздылығы мен оның кейбір қырлары отандық саясаттанушылар Г.Н.Иренов[19], Е.К.Әлияров[20] еңбектерінде де көрініс тапқан. Саяси жаңарудың этносаяси аспектілерін кешенді зерттеуге Р.Б.Әбсаттаров[21], Н.В.Романова[22], Н.А.Абуеваның[23] зерттеулері үлкен үлес қосты.

Қазіргі саяси жүйелерді зерттеу бойынша, негізгі ережелер белгілі Қазақстан саясаттанушысы М.С.Машанның[24] тұжырымдамалық сипаты бар еңбектерінде мазмұндалған және Қазақстанның саяси институттарын дамыту динамикасын модернизациялауға мүмкіндік берді. Салыстырмалы әдіс әлемдік тәжірибедегі жергілікті өкілді органның әр түрлі моделдерінің тиімділігін айқындады.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстандағы саяси қоғамдық ойларды модернизациялау барысын тиянақты түрде жан-жақты зерттеп-талдаудың барысындағы басты мақсатымыз – қоғамымыздағы ой-пікірлердің еліміздің дамып-өркендеуіндегі атқарған рөлі мен оның көрнекті өкілдерінің ұлтына әр кез бүйрегі бұратын ұлтжанды қайраткер болғандығын және олар құрып басқарған қоғамдық ұйымдар, партиялар, үкімет органдарының елдің, халықтың мүддесіне қызмет атқарғанын гносеологиялық дәлелдеу.


Мақсатымызға жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойып отырмыз:

- Қазақстандағы саяси иниституттардың қалыптасуында қоғамдық ойлардың қайнар көздері, әлеуметтік негіздерін тарата отырып, жалпы көзқарастардың қалыптасу негіздерін саралау;

- Қазақстанды модернизациялаудағы саяси қоғамдық, құқықтық көзқарастар, қалыптасуы, мәні, ерекшеліктерін бейнелеу және себептерін талдау;

- Ұлт мәселесін шешу жолындағы саяси-мемлекеттік және құқықтық көзқарастар мен тәлімін жүйеге келтіріп, қоғамымызды демократияландырудағы рөлін ашу;

- Саяси иниституттардың қалыптасуындағы қоғамдық ой-өрістің негізгі бағыттары және олардың сол қоғамда өткір қойылуы, саяси айтыстардың өзегіне айналуы (1924 жылдың қарашасы – 1927 жылдың ақпаны) қазақ қайраткерлерінің Қазақстандағы халық шаруашылығын дамыту жолындағы саяси талас-тартыстарға түсуінің негізі жерді, елдігімізді сақтау талабынан туындағанын айқындау;


  • Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының факторы ретінде Қазақстандағы саяси ойдың қоғамды модернизациялаудағы рөлі (салыстырмалы саяси талдау) – мәселелердегі ойтұжырымдылық негіздерін ашып көрсету.

Зерттеудің деректемелік негізі. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері және саяси иниституттардың қазіргі кезеңдегі маңызын талдап көрсетудегі мұрағат қорларының, басқа да дерек көздерінің өзіндік орны бар

Зерттеудің объектісі. Диссертациялық жұмыстың объектісіне Қазақстандағы саяси иниституттардың қалыптасуындағы саяси ойдың қоғамды модернизациялаудағы рөлін саяси, салыстырмалы талдау болып табылады.

Зерттеудің пәні. Саяси көшбасшылардың ой пікірлерінің саяси иниституттардың қалыптасуына әсері, қазақ мемлекеттін модернизациялау ерекшелігі мен оның қайшылықтарын, үрдістерін талдау. Қазақ қайраткерлерінің көзқарасына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси қақтығыстарды заман тұрғысынан сараптамадан өткізу. Тәуелсіз Қазақстанның өзіндік дамуының болашағын іске асыруда қоғамды модернизациялау маңыздылығын көрсету.


Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Объективтілік, саяси-тарихилық, жүйелілік және саяси-салыстырмалы талдау принциптері басшылыққа алынды. Бұған дейін отандық саяси тарих марксистік-лениндік методологиясы тұрғысынан талданып, шешіліп келген болса, тәуелсіздік заманында саяси ұйымдар мен партиялардың, саяси тұлғалардың қызметін жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеу талабы қойылуда. Сондықтан зерттеудің үлгісіне соңғы жылдарда жарық көрген саяси қоғамдық тақырыптарға, жазылған зерттеу жұмыстары, қоғам қайраткерлерінің саяси қызметі мен өмір жолы туралы жарық көрген еңбектер негізге алынды. Елбасы, үкіметтің жүргізіп отырған саяси бағыттары негізінде бағаланып, қазіргі республикамыздағы жетекші партиялардың қызметі мен саяси бағдарламалары салыстырмалы талданды.

Зеттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Біріншіден, Қазақстандағы қоғамдық-саяси пікірлер мен мемлекеттің саясаты туралы ойлар мен тұжырымдар, тәжірибелер, сабақтар, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, ұлттық қайраткерлердің қызметі жаңаша қырынан жүйелі түрде зерттеліп отыр; екіншіден, қоғамдық ұйымдар мен партиялардың ұйымдық құрылымы және саяси-қоғамдық қызметі зерттеліп, сарапталған. Қазақ қайраткерлерінің үкімет мүшесі ретіндегі мемлекеттік маңызды шаруаларды республика көлемінде жүзеге асырудағы саяси ұстанымдары, көзқарастары, ойлары жан-жақты талданып, саяси жүйені модернизациялауда рөлі айқындалды. Қазақтарды отырықшылдандыру, мал шаруашылығын сақтап, дамыту, тәлкілеу мәселесі, өнеркәсіпті өркендету және т.б. шаруашылық науқандарындағы үкіметіміздің бағыттары мен қазақ қайраткерлерінің саяси көзқарасын көрсететін тың деректер мен тұжырымдар зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығын құрайды. Сондықтан қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар, саяси билік және қазақ қайраткерлерінің атқарған қызметі бүгінгі күнмен салыстырылып, талданып гносеологиялық заңдылықтарын ашып көрсетті.

  • Саяси талдау, саяси көзқарастар арқылы методологиялық негізде талданып, саяси технологияның өміршеңдігі дәлелденді. Саяси қайраткерлердің Қазақстандағы қоғамдық саяси, ұлттық мемлекеттік құрылыс принциптері туралы пікірлері, саяси ойлары, теориясы зерттеліп, саяси ғылым тұрғысынан талдау жасалынды. Қазақ саяси қайраткерлерінің көзқарастары тәуелсіздік принциптерімен сабақтастығы дәлелденді. Осы ғылыми бағыт Қазақстандағы саяси ойдың қоғамды модернизациялаудағы рөлін арттырып, саяси жүйесінің даму потенциалын ашуға мүмкіндік береді.


  • Ғасыр басындағы Ж. Мыңбаев, Ы.Мұстамбаев, Н.Нұрмақовтардың ұлттық мүддені қорғау жолындағы ой пікірлері, халық шарушашылығын дамытудағы саяси шешімдері алғаш рет саяси тұрғыдан қаралып, аксеологиялық талдау жасалды.

  • Қазақстанның көппартиялық үрдісі зерттеліп, оның дамуында орын алған өрлеу – құлдырау – қайта өрлеу құбылыстарының себептері мен салдарлары сарапталынған. Қазақстан Республикасын ары қарай демократиялық жолмен модернизациялауды жүзеге асыру шарттары анықталды және болжам жасалды. Саяси жүйенің дамуының болашағы қоғамдық қатынастарда модернизациялауды тереңдете берумен тікелей байланысты екендігі дәлелденген.

  • Мемлекеттік басқаруды модернизациялаудың әлеуметтік-саяси мазмұны ашылды және бұл құбылыстың елдің нарықтық экономикалық даму үрдісімен өзара байланыстылығы дәлелденіп, қоғамның негізгі салаларын модернизациялау бір біріне міндетті түрде ықпалы болатындығы айқын көрсетілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар. Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты - тәуелсіздік жолында саяси иниституттардың қалыптасуындағы саяси ойының қоғамды модернизациялаудағы рөліне салыстырмалы саяси талдау жасау. Тұжырымдамалық сипаты бар отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстарына сүйене отырып, төмендегі саяси мәселелерді негіздеуге бағытталды:

1. Бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси иниституттардың қалыптасуында қоғамдық ойдың модернизациялану рөлін салыстырмалы саяси талдау өзекті мәселе, көшбасшылардың жалпыұлттық тұлға болуына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси шиеліністің пайда болу себептерін, оны шешудегі саяси талпыныстардың мәнін ашу және сол мәселелерді шешудегі саяси әрекеттерін талқылауда, теориялық терең зерттеудің объективті қажеттілігі бар екендігі анықталды;

2. Саяси иниститутарды қалыптастыруда қоғамдық ойдың модернизациялану қазақ қайраткерлері саяси іс әрекеттерінде болашақ қазақ мемлекетінің жерінің тұтастығы мен ұлт қауіпсіздігін сақтаудағы түрткі болған ішкі себептерге: аймақтағы ауыр әлеуметтік экономикалық жағдай, Ресей империясының езгісінде болған қазақ елінің де азаттық пен бостандықты баянды ету мақсатындағы саяси күресінің өсуі және т.б. кіреді;


3. Модернизациялау нәтижесінде саяси көшбасшылар бейнесі қазақ халқының жадында тәуелсіздік символы ретінде айғақталып, саяси құндылық болып табылады. Қазақ қайраткерлері армандап, жоғалтып алған мемлекеттік белгілерімізді қалпына келтіріп, Қазақстанның шынайы саяси тәуелсіздігінің негізін орнықтырып, оның дамуында, саяси ғылыми болжамдарды пайдалануға негізделді. Бұл үлгілердің қалыптасуы барысында нақты елдің ұлттық, саяси, экономикалық, мәдени, құқықтық даму ерекшеліктері ескеріледі;

4. Саяси иниституттарды қалыптастыруда қоғамдық ойды модернизациялау мәселесі қоғамда саяси мәдениет қалыптастырады, бұл көп ұлтты Қазақстан үшін аса өзекті мәселе, сондықтан қоғамды модернизациялауда жалпыұлттық идеяны басшылыққа ала отырып дамуы шарт. Қазақстандағы саяси ойдың қоғамды модернизациялаудағы рөлін анықтауда, қоғамда әлі де болса жаңару ісіне кедергі келтіретін келеңсіз жағдайлар баршылық. Мысалы, шенеуніктердің немқұрайлылығы мен жауапкерсіздігі қоғамда орын алып жатқан жемқорлық және т.б. Олай болса қоғамдық саяси ойдың модернизация процесін әлі де жетілдіре түсетін тұстары аз емес. Қоғамда жеке адамның құқы және міндеттерін жүзеге асырудың кепілі елімізде қабылдайтын заңдар арқылы қамтамасыз етілуі керек. Бұған дейінгі жүйедегідей тек бұйрық арқылы іске асырылмауы керек. Конституциялық өзгерістерге сәйкес енді заң актілерінің нақтылы жүзеге асырылуын Парламент толық қадағалай алатын өкілеттілікке ие болуы, Қазақстандағы саяси ойдың қоғамды модернизациялаудағы рөлінің қажеттілігі айқындалды. Осы ғылыми бағыт Қазақстанның саяси жүйесінің дамуының жетістіктерін ашуға мүмкіндік береді.

5. Толыққанды саяси иниституттардың қалыптасуына, қоғамды модернизациялауға оның барынша тәуелсіз Қазақстан жағдайында толық жүзеге асуына мүмкіндік бар, саяси ойлардың тарихи идеялық астарлас сабақтастығы елімізде бірлік саясатының орнығуына қолайлы әсер етуде. Болашақта 2 немесе оданда көппартиялық жүйеге көшу мәселесін жүзеге асыру туралы шаралардың қолға алына бастауы, сондай-ақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері бір топ өкілдерінің Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайлануы ұлтаралық татулықты қолдау екені сөзсіз.


6. Жергілікті өкілді органдардың маңыздылығын теориялық жағынан және олармен атқарылатын қоғамдық іс-қимылдарының саласын зерделеу, біріншіден, халық билігінің Конституциялық институты ретінде, екіншіден, жергілікті мемлекеттік басқарудың біртұтас субъектісі ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Мәслихаттардың осындай материал маңыздылық ерекшелігін ескере отырып, олардың саяси-құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктер көлемінің заң шығарушылық реттелуі жүзеге асырылуы керек;

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі мазмұны, нәтижелері Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-теориялық конференцияларында және Халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушы профессорлар құрамының ғылыми-теориялық конференцияларында баяндалып, қорытындысы мақала түрінде жарық көрді.

Зерттеу тақырыбы бойынша жалпы 9 еңбек, оның ішінде 4 мақала арнайы ғылыми журналдарда және 4 ғылыми мақала халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда талқыланып, нәтижесі жарияланды. Саяси талдамадан тұратын бір мақаламыз Қырғыз республикасының жоғары оқу орындарының бас журналы «Известие ВУЗ-ов» атты басылымында жарық көрді.

Диссертацияның ғылыми және тәжірибелік маңызы. Диссертацияда Қазақстандағы саяси иниституттардың қалыптасуында қоғамдық ойды модернизациялау рөлі мен даму ерекшеліктері және қазіргі кезеңдегі саяси қоғамдық ойлар негізінде салыстырмалы талдау мен жеке саяси тұлғалардың ара қатынасын анықтап, баға беру қорытындылары, айналымға қосылған тың мұрағаттық құжаттар мен ғылыми тұжырымдарды зерттеушілердің пайдалануына болады. Cаяси, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы болашақ магистр, бакалавр мамандары үшін теориялық, әдістемелік мәселелеріне байланысты арнайы курстар дайындауда қолданылатындығын айтуға болады

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертация жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 144 беттік компьютермен терілген мәтінді құрайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ



следующая страница >>