girniy.ru 1 2 3

СМЖ-нің 3 деңгейлі құжаты


Н 01.06-2005



Ғылыми кеңеске/ректоратқа анықтама

Баспа 2

Енгізу күні 05.05.2005





М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

2012-2013 оқу жылының

«Университеттегі тәрбие жұмысы: проблемалар және даму болашағы»


Университетте тәрбие жұмысын ұйымдастыру қазақстандық элитаға кіруге мүмкіндігі мол, сонымен қатар нақты кәсіби салада бәсекеге қабылетті әлеуетті тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған.

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымдастыру сәйкесінше нормативтік-құқықтық базасы жасақталған. Оның мазмұны, ұйымдастыру формалары мен әдістері үнемі толықтырылып отырады.

Университетте тәрбие жұмысы келесідей құжаттар негізінде іске асырылуда:

● ТарМУ-дағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша Ереже

(07.06.2012ж бекітілген)

● Куратор жұмысының Ережесі (31.01.2011 ж бекітілген)

● Оқытушылар мен студенттердің ар-намыс кодексі

● Тәрбие жұмысы Кеңесінің Ережесі (01.02.2011ж бекітілген)

● Куратор мектебінің Ережесі (01.09.2011ж бекітілген)

● «Бүркіт» студенттердің полицияға комектесу жасағы жұмысын

ұйымдастыру Ережесі (01.04.2011ж бекітілген)

● Куратор журналы (01.09.2012ж бекітілген)

ТарМУ студенттерімен тәрбие жұмысының 2012-2013 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 29 маусымда бекіткен №873 қаулысына сәйкес Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары негізінде дайындалған.


Университеттегі тәрбие жұмысы төмендегі жоспарлар негізінде жүзеге асырылуда. Олар:

- университеттегі тәрбие жұмысы Кеңесінің жұмыс жоспары,

- құқықбұзушылықтың алдын алу және жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары,

- Студенттерге діни экстремистік идеологияға қарсы иммунитеттерін қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспары,

- Н.А.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары,

- Н.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбындағы «Назарбаев Университетінде» оқылған дәрісін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар жоспары,

- Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын талқылау, насихаттау және жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары,

- құқықтық салауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар жоспары,

- этнос аралық және ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықты қалыптастыру бойынша жұмыс жоспары,

- салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс жоспары

Сонымен қатар, Конституция күніне, 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне, Мемлекеттік тілдер күніне, Тәуелсіздік күніне, Мемлекеттік рәміздер күніне, халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күніне, Наурыз мерекесін мерекелеуге, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне, Отанды қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні бойынша бірқатар іс-шаралар жоспары жасалынып, іске асырылды.

Тәрбие жұмысының негізгі кешендік мақсаты студенттерді белсенділендіру болып табылады. Алға қойылған мақсатты іске асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:


  1. Азаматтық-патриоттық тәрбие

Университеттегі азаматтық-патриоттық тәрбие студенттер арасындағы ұлттық сананы және Отан алдындағы жауапкершілігін, жастар арасындағы деструктивті саяси ойдың жалпы-саяси сауаттылықтың таралуына жол бермеуге, Қазақстанда тұратын көпұлтты халықтардың діні мен өнерін, мәдениеті пен салт-дәстүріне деген көзқарастарын орынды, толерантты және дұрыс көңіл бөлуге бағытталған.


Бұл бағыт бойынша оқу жылы бойында республика, облыс, қала деңгейінде тақырыптық кураторлық сағаттар, жастар акциялары, дискуссиялар, дөңгелек үстел, флэш-моб, саяси және қоғам қайраткерлерімен кездесулер, түрлі діни конфессия, этномәдени орталықтар өкілдерімен, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлерімен, желтоқсан оқиғасына қатысушылармен 303 түрлі іс шаралар өткізілді. Олардың ішінен айта кететіні:

- «Патриотизм – Қазақстанды құрудың негізгі күші. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері» тақырыптарында міндетті кураторлық сағаттар;

- студенттердің ҚР Конституциясын, ҚР негізгі заңдарды («Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты», «Мемлекеттік жастар саясатының концепциясы») талқылау мен меңгеру бойынша бірыңғай кураторлық сағаттар;

- ҚР Тұңғыш Президенті күніне, Н.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты лекциясын, Елбасының Қазақстан халына Жолдауын талқылау бойынша бірыңғай кураторлық сағаттар.

Оқу жылы басынан бері ҚР Сенат Парламенті және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары: А.Бижанов, С.Жалмағамбетов, Г.Есім, Ж.Ерғалиев, В.Редкокашин, И.Лепех, Е.Сейілханов, А.Қабаев, Б.Бишімбаев, В.Косарев, Н.Нестерева, М.Асина, О.Өксікбаев, Ұ.Сәдібеков, Б.Сорокин, Қ.Жабағиев, О.Асанғазы, Т.Асановпен, дипломатия институтының директоры Т.Сүлейменов және мемлекеттік қызмет агенттігінің төрағасы Ә.Байменовпен кездесулер болып өтті.

ҚР халық әртісі, атақты жазушы, қазақстан кинемотографиясының аңызы А.Әшімовпен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.

27-29 мамыр күні студент жастар арасында Отан тарихын терең игеруіне, отансүйгіштік сезімдерін нығайтуға үлес қосу, халқымыздың біртуар ұлы даңқты, батыр, жазушы Бауыржан Момышұлының бай мұрасы мен өнегелі өмірін кеңінен насихаттау мақсатында біздің университетімізде І республикалық Бауыржан Момышұлы оқулары өткелі отыр.

Азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша іс-шаралар облыс, қала әкімінің, ішкі саясат, жастар саясаты басқармаларымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.



  1. Рухани-адамгершілік тәрбие


Студент жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі негізгі маңыздылық - ол жастардың қоғамдық саяси деңгейін жоғарылату және интернационализмдік рухқа, ұлтаралық татулықта тәрбиелеу, адамгершілік нормаларды меңгеруге, гуманистік көзқарасты қалыптастыруға, дінге сенушілерді қоғамдық өмірге бағыттау болып табылады.

Көрсетілген бағыт бойынша барлығы 159 іс-шаралар атқарылды. Олар: Білім күні мерекесі, ТарМУ студенттерін қатарға қосу, Наурыз, Халықаралық әйелдер күні, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекелері жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар осы жылы университетте алғаш рет Отбасы күніне арналған бірталай іс-шаралар өткізілді.

Жастардың арасындағы тәрбие жұмысындағы үздік адами қасиеттерді қалыптастыру үшін қайырымдылық акциялары, жетім балаларға көмек көрсету мен волентерлік қозғалысқа қатысу жұмыстарының ролі зор. Барлық интитуттар ардагерлерге материалдық көмек көрсетуге қайырымдылық акциясына, аз қамтылған отбасы балалары үшін «Мектепке жол» атты қалалық акцияларға атсалысты.

Мұнай-газ және механика институты мен ҚМФ студенттерінің белсенді қатысуларымен «Ұлан», Сарымолдаев атындағы балалар үйінде, №1 және №2 қарттар үйінде қайырымдылық акциялары өткізілді. «Әйелдер саясатта және ғылымда» Ассоцияциясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Қазіргі замандағы әйел және отбасы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Университетте 2013 жылдың 26 наурызында Халықаралық мүгедектер қоғамдық қозғалысымен бірігіп, БҰҰ ақпараттық қоғамдық Департаментінің өкілеті В.Самектің қатысуымен «Адамдардың мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қарым-қатынасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қазіргі кездегі жастар арасында діні экстремизмнің алдын алу мақсатында, студенттерге университет идеялары мен теріс діни догматтарға қарсы ақпараттық-интеллектуалдық иммунитет қалымтастыруға көмек көрсету үшін барлық академиялық топтарда міндетті түрде «Студент жастар арасында діни экстремизмге қарсы насихат жүргізудің ерекшеліктер» атты тақырыптық кураторлық сағаттары, «Конфессия аралық келісім қоғамның тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел, семинар тренинг, дискуссиялар, Дін істері бойынша Облыстық департамент өкілдерімен, Қазақстан халқының кіші Ассамблея мүшелері, жастар қоғамдық бірлестіктері өкілдерімен кездесулер өткізіліп тұрады. Этнос аралық саладағы ахуал және ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайту, достық пен азаматтық келісім, халықтық және ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды сақтау идеялары мен қоғамдағы бейбітшілік пен достықты арттыру мақсатында өткен іс-шараларға белсенділік танытып жүрген «Философия және мәдениеттану» кафедрасының доценті П.Мамедованың жұмысын екерше атап кету қажет.


Жастардың дінге деген көзқарастарын зерттеу мен қазіргі жағдайды анықтау үшін 1,2,3, курстың 600-ге жуық студенттерінен әлеуметтік сауалнама алынды. «Рухани және діни Қазақстандық қоғам» атты тақырыпта университет жатақхана студенттер арасында жүйелі әңгімелер, пікір-таластар, семинар-тренингтер, деструктивтік ағымдарды насихаттау қылмыстарына саналы түрде қарсы әрекет қалыптастыруға байланысты дінтанушы-лекторлар тобы құрылып, тақырыптық лекциялар ұйымдастырылды.

1 мамыр Қазақстан халқының Бірлігі мен достығы мерекесінде ұлтаралық келсім мен ынтымақтастық рухта қалалық шеруге Унивеситет бойынша жалпы саны 1500 студенттер, магистранттар, оқытушылар мен қызметкерлер шықты. Олардың ішінде 1350 адам тиісті костюмдермен және формалармен қамтылды.



  1. Құқықтық тәрбие


Студенттердің бос уақытын мақсатсыз өткізулері көп жағдайда құқықбұзушылыққа әкеліп соғатыны белгілі жәйт. Осыған байланысты университеттегі құқықтық тәрбие - жастар арасындағы қақтығыс жағдайларды реттеу бойынша бейбіт түрде шешу жолдары бар екендігін түсіндіріп, тең құқықтық әлеуметтік диалогты дамыту бойынша, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Құқықбұзушылықты алдын алу проблемаларын талдау негізінде 1 және 2 курстың 1000 студенттер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Студент жастардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және онымен күрес жүргізу, мемлекеттік заңнамалық актілерінің бағдарламасы бойынша талқылау жұмыстары, құқықтық тіртіпті қамтамасыз етуге жастарды тарту, құқықтық мәдениет пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік деңгейін арттырудағы құқықтық-түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.

Құқықтық тәрбие бағыты бойынша 102 іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде құқыққорғау органдары өкілдерімен кездесулер, көпсалалы колледжде ата-аналар жиналыстары, студенттердің психолог мамандардың кеңестері, сонымен қатар оқытушылардың жатақханалар мен оқу кешендерінде өткізілген іс-шаралар мен кезекшіліктер кіреді.


Осы бағыт бойынша «Бүркіт» полицияға көмектесу жасағының жұмысын айта кету керек. Қазіргі таңда бұл жасақтың ІІД-мен байланыс жұмыстары күшейтіліп, жасақ құрамының саны 70 жауынгер-әскери кафедра студенттерімен толықтырылды. 2012-2013 оқу жылында «Бүркіт» жасағының студенттері университет, көпсалалы колледж аумағында патрульдеу жұмыстарын, сондай-ақ Жамбыл облысы ІІД өкілдерімен бірлесе отырып жүргізілген рейдтерге қатысты.

Аталған жасақтың жұмысына ІІД тарапынан үлкен назар аударылып тұрады. Осы жасақтың жұмысын белсенділендіру маңыздылығы бойынша тараз қалалық ІІД бастығы Е.Тайбеков, Жамбыл облысы ІІД әкімшілік полиция бөлімінің бастығы М.Байсеркенв, полиция полковниктері С.Абдукаримов, Т,Сәулебаев, А.Саққұлов және полиция майоры Н.Байтасовтың қатысуымен кездесу өткізілді.

Сонымен бірге былтырғы жылға қарағанда студент жастар арасындағы құқықбұзышылықтың саны едәуір азайып, студенттердің құқықтық санасының өскендігі байқалады. Осының дәлелі №2 жатақханада тұратын студенттер Ш.Ахмеджанов, Н.Елеусінов, Н.Өмірхан құқықбұзушылыққа жол бермей, оның болмауына белсенділік танытқаны үшін ІІД атынан құрмет қағазымен марапатталды.

Сонымен қатар «Өз құқығыңды білесің бе?», «Өз құқығыңды қорғап, құқықбұзушылыққа жол берме», «Қылмысқа жол жоқ!», «Конвенция адамзат құқығы мен бостандығы ның кепілі» және т.б. тақырыптарда ашық кураторлық сағаттары, дөңгелек үстел отырыстары, пікір-таластар, семинар, ІІД қызметкерлерімен кездесулер, «Фемида» студенттік құқықтық клубы «Жастардың арасындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу, оның алдын алу. Студенттердің сауаттылығын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.

Қазіргі заманда жастарға көркемфильмдер және түрлі теле шоулар көрсетілімдері әсері мол екендігін байқаймыз. Осыған байланысты жастар арасындағы проблемаларды суреттейтін «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Е.Дүйсебайдың қойып түсірген «Үміт» атты көркем фильміндегі режиссерлік жұмысын ерекше айтып кетуге болады.



  1. Мәдени-көпшілік, эстетикалық тәрбие


Университеттегі мәдени-көпшілік, эстетикалық тәрбие студенттердің жалпы мәдени және жеке тұлғасын, кәсіби, эстетикалық және адамгершілік мәдениеттін қалыптастыруға бағытталып, шығармашылық студиялар мен көркем-өнер кружоктарына қатысып, өзге ұлттардың мәдениетін, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мінез-құлықты, мәдени ой-өрісін арттыру. Университет бойынша институттарда осы бағытта 63 іс-шаралар өткізілді.

Университеттегі мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырудың негізгі жауапты құрылымдың бөлімі - Қоғамдық мамандықтар факультетінің қызметі болып табылады.

Факультеттің негізгі мақсаты – студенттердің шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына ықпал етіп, бос уақытын қызықты әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызу.

Биылғы оқу жылы бойынша ҚМФ-мен 19 іс-шаралар өткізіп, 159 концерттік номерлер дайындап, оның ішінде музыкалық дыбыс жазу студиясынмен мемлекеттік, орыс, латын, испания, итальян тілдерінде 124 ән (лирикалық, патриоттық бағытта) жазылып, түрлі ұлттардың 35 би дайындалды.

Студия студенттері облыс, қала, университет деңгейінде өткен түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді түрде атсалысып, өз өнерлерін паш етті. ҚМФ әншілері («Ньювижн», «Айни», квартеттері, «Наз», «Адем-ай», «Нурасыл», «Жыр думан» дуэтері, «Изуми», «Мьюзикденс» триолары, «Лайфсаунд» тобы, магистранттар хоры, ерлер хоры) және би ансамбльдері («Ай-Ару», «Өрлеу», «Карахан», «Арай», «Тарсукз», «Файфстеп», черлидер тобы, «Калинка» ансамблі), ТарМУ сән театры үлкен табыстар мен жетістіктерге ие болды. Осының дәлелі ретінде мынаны атап кету жөн: Қазақ өнер университетінде өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары 2012» атағының иегерлерін марапаттау рәсіміне, Тәуелсіздік күні мен Халықаралық әйелдер мерекесі аясында өткен облыстың зиялы қауымдастыртарымен өткен жиындарға қатысуы.

Жыл сайын өтетін «Жас талант» байқауына барлық институттардан 61жүлделі болған студент қатысты. «Студенттік көктем-2013» фестивалі аясында келесідей іс-шаралар атқарылды:


- «Жалында жұлдыз жарқыра» атты шығармашылық байқау («Мәдениет және өнер» кафедрасы)

- «Нашақорлық жайлы новелла» спектаклі

- институт аралық ақтық КТК ойындары

- «Жыр Думан» және «Әдемі-ай» дуэттерінің шығармашылық кештері

- «Жігіт сұлтаны» байқауы

- «ТарМУ-ым – ортақ үйім» атты институт аралық жалпыұлттық Достық фестивалі

- «ТарМУ Аруы-2013» байқауы

- ҚМФ-ң 55 студенттері 10 ауданға кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсенді қатысып, жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

Әсіресе ТарМУ сән театрының жұмысын атап айтсақ: сән студиясының модель қыздары 33 рет университет көлемінде өткен іс-шаралармен қатар Ш.Мұртазаның тойында, А.Әшімовті қошеметтеу рәсімінде, спорт Департаменті, ІІД, облыстық сот, отбыстық прокуратура, облыстық мәдениет басқармасының іс-шараларына белсенді түрде атсалысты. Сонымен қатар Халықаралық кәсіби және атақты дизайнерлердің «Аспара» сән фестивалінде көрермендердердің нағыз көзайымына айналды.

Астана қаласында өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары 2012» атағының иегерлерін марапаттау рәсіміне белсенді түрде атсалысқандары үшін университет Қазақстан Республикасыны Білім және ғылым министрлігі тарапынан алғысқа ие болды. Сән студиясының студенті Н.Ақылова «ТарМУ Аруы-2012» байқауында алға шығып, одан «Тараз Аруы-2012» сұлулық байқауының жеңімпазы атанып, республикалық «Қазақстан Аруы-2012» байқауына қатысты.

Университетте қорындағы ресурстарды толығымен пайдаланудың нәтижесінде институттар, құрылымдық бөлімдер және сырт ұйымдардың ұсыныс хаттары бойынша 174 түрлі іс-шаралар акт залдарында өтті. Сонымен біргек келіп түскен тапсырыстар бойынша 1985 костюмдер мен атрибуттар (роликтер, жалаушалар, лозунгтар) әр түрлі іс-шараларда пайдаланылды.

Мәдениет саласының атақты зиялы қауым өкілдерімен шығармашылық кездесулердің маңыздылығы тәрбие бағыты негізінде үлкен роль атқарады. Оқу жылында ТарМУ ұжымы мен студенттері ҚР халық әртісі А.Әшімовпен, Қазақстан халық жазушысы Ә.Таразимен кездесулер болып өтті. Сонымен бірге, мәдениет Басқармасы тарапынан университетке сый-құрмет, алғыс ретінде Тараз классикалық «Көктем» атты өнер фестиваліне 100 тегін билет берілді.



  1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене тәрбиесі


Осы бағыттағы тәрбие жұмысының мақсаты жаппай спортқа тартылу, түрлі жарыстарға қатысу студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу.

«Сұңқар» спортклубының 15 спорт түрлерінен (шахмат, волейбол, баскетбол, теннис, футбол, карате-до, еркін күрес, тоғыз құмалақ т.б) 405 студент дәріс алуда. Осыған қосымша «Жас бапкер» клубында 11 студент білім алуда. Былтырғы оқу жылынан бері «Гамбит» шахмат клубында оқытушылар мен студенттер арасында кезеңді шахматтық турнирлер өткізілуде.

Жалпы дене шынықтыру тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптасыру бағыты бойынша университетте 126 іс-шаралар өткізілді.

Қыркүйек-қазан айларында университет оқытушылары, магистранттары мен студенттері ТарМУ түлектері: Азия және Олимпиада ойындарының қатысушылары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оның ішінде ХХYIII Афина олимпиадасының чемпионы, ең техникасы мықты боксерге берілетін Вела Баркер кубогының иегері Б. Артаев, Сингапур қаласында өткен халықаралық Олимпиаданың Грек-рим күресінен жеңімпазы Ж.Қандыбаев, Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпияда ойындарының жеңімпазы А.Таңатаров, «Қазақстан Барысы - 2012» республикалық турнирінің «Алтын белбеу» иегері Б.Ыстыбаевпен кездесулер өткізілді.

Біздің спортшы студенттер халықаралық, республикалық, облыстық, қала көлемінде өткен жарыстардың жүлделі жеңімпаздары.

Стамбул қаласында өткен әлемдік шахматтан өткен чемпионатта гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар институтының 3 курс студенті М. Дәулетбаева ІІІ-і жүлделі орынға ие болды.

Грек-рим күресі бойынша республикалық біріншілікте гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар институтының 4 курс студенті Н.Қуандық спорт-шебері нормативін тапсырып келді. Осы институттың 3 курс студенті А.Утеулиев шахматтан өткен ҚР чемпионатында спорт шебері атағына ие болды. Су шаруашылығы, экология және құрылыс институтының 3 курс студенті С. Кенесов және заң институтының студенті И. Чикморев Қырғыстанда каратэ-додан ІІ халықаралық турнирдің І орын иегері жеңімпазы атанып келді.


«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасымен «Сұңқар» спорт клубы бірлесе отырып, жыл бойында денетәрбиесі бойынша түрлі іс-шаралар өткізіп, оның ішінде оқытушылар мен студенттер және қызметкерлер арасында «Жастық жалын» спартакиадасы өткізілді.

ЖОО арасындағы өткен VIІ – Қазақстандық универсиадада спорттың 11 түрінен өткен ТарМУ құрама командасы белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар:

І орын – карате-до (ұл, қыз)

І орын – футбол

ІІ орын – баскетбол – (қыздар құрамасы.)

ІІ орын – таэквондо -(қыздар құрамасы.)

ІІІ орын - таэквондо - (ұлдар құрамасы.)

ІІІ орын – үлкен теннис

ІІІ орын – спорттық ориентир

ІІІ орын – грек-рим күресі

ІІІ орын – тоғыз кұмалақ

ТарМУ құрама командасының жалпы орны – 3.


  1. Еңбек тәрбиесі


ТарМУ студенттері Елбасының «Жасыл Ел» және студенттер құрылыс еңбек жасақтарының бағдарламасын қолдайды. Біздің студенттер жазғы демалыста Тараз қ. жаңа 13 мөлтек ауданында спорттық кешен мен көп қабатты үйлерді, Қордай ауданында екі мектептің құрылысы нысандарын салуға атсалысты. Жыл қорытындысы бойынша Мұнай-газ және механика институтының тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары Қ.Жылысбаевтың басқаруымен «Алға» құрылыс еңбек жасағы «Үздік жасақ» және «Үздік командир» номинациялары бойынша байқауда жеңімпаз атанды. «Жасыл Ел» жасағының 4 отряды (87 студент) университет аймағы, «Тау Самалы» жазғы лагерінде және қаланы көгалдандыру жұмыстарында еңбек етті.

Жыл бойында университет ұжымы, оқытушылары мен студенттері қалалық «Таза қала», көріктендіру және санитарлық-тазалық жөніндегі сенбілік жұмыстарының қорытындысы бойынша 42 рет белсенді түрде жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта 2013 жылдың жазғы еңбек (СҚО, «Жасыл Ел») жасақтарына студенттер қабылдануда. Осы жылы ТарМУ СҚО-2013 жасағы Жамбыл, Жуалы, Қордай және Тараз қаласының балабақшалар мен мектептерінде құрылыс нысандарында жұмыс жасау жоспарланып отыр.




  1. Кураторлық жұмыс


ЖОО тәрбие жұмыстарының негізі бағыты интитуттар кураторларының жұмысының маңыздылығы болып табылады. Жалпы университеттегі тәрбие жұмысының басты нәтижесі куратордың академиялық топтармен жүргізілген жұмысына тікелей байланысты. Оқу жылында кураторлық жұмысқа университет бойынша 327 куратор, колледж бойынша 81 куратор тартылды.

Кураторлар Кеңесі және тәрбие жұмысы жөніндегі Кеңес жоспарларына сәйкес, университет бойынша академиялық топ кураторларымен оқу-тәрбие жұмысына қатысты сұрақтарды талқылау, студенттердің сабаққа үлгерімі, сабаққа қатысулары, жүріс-тұрыс тәртібіне, университеттің қоғамдық өміріне қатысуы жөнінде семинар-практикумдар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар институт директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі директор орынбасарларының, институт бойынша аға кураторлардың баяндамалары тыңдалып, кураторлар арасында тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, экономика және бизнес институтының аға кураторы Т.Махановтың, «Экономика» кафедрасының доценті А.Молдашеваның, заң институтының аға кураторы Л.Кудлайдың, «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушысы А.Кенжебекованың, «Комютерлер жүйесі» кафедрасының оқытушысы Ж.Садырмекованың жұмыстарын атап айтуға болады.

2013 жылдың 26 сәуірінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының кураторларына арналған «Қазіргі заманғы оқу-тәрбие үдерісіндегі кураторлар ролі» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарда студент жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытумен байланысты педагогика-психология мәселелері, мәдени-эстетикалық тәрбие жөніндегі сұрақтар қарастырылды. Семинар қорытындысы бойынша ТарМУ-дың 70 кураторы және 10 басқа да қалалық оқу орындарының 30 кураторы атсалысып, методикалық әдістемелік жинақ жарыққа шығарылды.


  1. Жастар саясаты

Жастар ұйымының өткен отырысындағы басты мәселе ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан дайындалынған «Жастар саясатының концепциясын» қарастырылып, оның мақсаты, тапсырмасы мен бағытарын меңгерілді. Құрамында 9 ұйымы бар Жастар комитетінің жұмыс жоспарлары осы концепцияның негізінде толықтырылды.


Жастар ұйымдарының жұмыс тәжірибесі студент жастардың даму жолына жан-жақсы үлес қосып жатқандығын көрсетеді. Университтегі студенттік ұйымдардың белсенділері Қазақстан студенттер Альянсы, «Жас Отан» Жастар Қанаты, «Жасыл Ел», СҚО еңбек жасақтары, «Еркін ойлар алаңы», SIFE, Жайдарман-КТК, студенттік Парламент, студенттер кәсіподақ ұйымы тараптарынан 93 іс – шаралар ұйымдастырды. Оның ішінде: 24 акция, 21 дөңгелек үстел, 5 флэш-моб, студенттердің ой-пікірін зерттеу үшін 6 сауалнама, 37 мерекелік іс-шаралар өткізілді. Университет газетіндегі «Студен айнасы» қосымша беті қайта шығарыла бастады. \

Университет жастар ұйымдарының жұмыстары ішкі саясат, жастар саясаты басқармалары, «Нұр Отан» ХДП, СҚО және Жасыл Ел штабтарымен тығыс байланыста жүогізіледі.


  1. Әлеуметтік және қоғаммен байланыс жұмысы


Соңғы жылдары ТарМУ иммиджі айтарлықтай жоғарылап келеді. Оның дәлелі «Қыран» Аймақтын тұтынушылар лигасының облысымыздағы ЖОО арасында өткізген «Халық таңдауы» байқауы қорытындысы бойынша 487 респоденттердің берген жауабының нәтижесінде, 76 % көрсеткішпен ТарМУ «Білім беру қызметі» номинациясы бойынша «Алтын қыран» халықтың сапа белгісінің сертификатымен, «Халық таңдауы-2013» дипломымен және «Алтын қыран» мүсінін жеңіп алды.

Оқу жылы нәтижесі бойынша универсиетте атқарылған түрлі жұмыстары туралы республикалық басылымда - 17, облыстық және қалалық мерзімді басылымдарда - 102 ПОҚ-тың мақалалары жарыққа шықты.

«Университет тынысы» газетінің 12 саны шығып, онда 200 мақала, оның ішінде ПОҚ-105, студенттер-95, мемлекеттік тілде -120, орыс тілінде-80 мақала жарияланды.

ҚР Тұңғыш Президент күніне, Тәуелсіздік күніне, Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын насихаттау мен талқылау мақсатында баспасөз қызметі тарапынан 3 медиа-жоспары құрастырылып толық көлемінде орындалды.

Ұжымы мен студенттер арасында жүргізілетін әлеуметтік жұмыстары универсиеттің жағымды иммиджінің қалыптасуына өзара әсерін тигізуде.


Сондай-ақ өткен оқу жылы бойынша университеттің қоғамдық өміріне белсене атсалысып, қатысқаны үшін, ақшалай сыйақымен 30 республикалық олимпиада қатысушылары, «ТарМУ Аруы-2013» байқауының 8 қатысушысы, «Тараз Тарланы» байқауының 1 қатысушысы; 61 студент алғыс хатпен және 30 студент мақтау қағазымен марапатталынды.

Сонымен қатар, университеттің мәдени-қоғамдық өміріне белсене атсалысқан және қоғамдық мамандықтар факультетінің студияларына қатысатын студенттерге емтихан сессиясына қосымша 15 рейтингтік балл беріледі.

Материалдық көмек ретінде оқу ақысынан жеңілдіктер беріледі. 2012 – 2013 оқу жылы бойынша: 27 жетім, 22 мүгедек, 32 қызметкерлердің балаларына, 162 көп балалы отбасы студенттеріне, 108 спортшыларға, 22 белсенді студенттерге, 1 студенттке университеттік грант және 10 студентке жатақханада тегін тұру жеңілдіктері берілген.


  1. Жатақханадағы жұмыс


Университеттің №1 студенттер жатақханасында - 453, ал № 2 жатақханада -142 (барлығы 595) студент тұрады. Жыл бойы институт тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары, жатақхана коменданттары және студенттік кеңес төрағаларымен тығыс байланыста жоспарлы, жүйелі жұмыстары жүргізілді. Студенттер жатақханасының жалпы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, бөлмелердің санитарлық-тазалығы, тәртіп сақтау туралы сұрақтары тәрбие жұмысы Кеңесінің кезекті отырысында және апта сайынғы тәрбие жөніндегі отырыстарда талқылануда.

Сонымен қатар оқу жылы басынан бері жатақханада колледж және институт директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбалсарларымен, студенттік кәсіподақ ұйымымен түрлі іс-шаралар жоспары ұсынылыған болатын. Соның барысында ІІД өкілдерінің қатысуымен «Түріс-тұрыс ережесі» тақырыбында кездесулер, үздік бөлме, үздік қабат байқаулары, интернационалист жауынгерлерді еске алу бойынша кештер мен концерттер өткізілді.

Оқытушылар барлығы №1 жатақханада – 202 ; №2 жатақханада – 258 рет кезекшілік атқарды.



следующая страница >>