girniy.ru   1 ... 5 6 7 8 9

Газет-журналдары. Мысырда ұлттық баспа ұйымдары мен ұлттық хабарлар тарату компаниясы, сондай-ақ, Таяу шығыс жаңалықтар агенттiгiнiң ұйымдары болып табылатын ұлттық газет-журналдар баршылық. "Әл-Ахрам" ("Пирамидалар") – күнделiктi газетi 30-45-бет болып жарық көредi. Жұма күнi қосымшасымен бiрге шығады, көлемi – 52-60 бет. Бас редакторы – Ибрагим Нави. Газет 1975 ж. 2 желтоқсанынан бастап шығып келедi.

“Әл-Ахбар” ("Хабарлар") газетi күнделiктi жарық көредi, 16-20 бет, сенбi күнi "Бүгiнгi жаңалықтар" қосымшасымен шығады. Бас редакторы – Жала Диуар. Газеттiң негiзiн 1952 ж. ағайынды Мұстафа және Әли Әминдер салған.

“Әл-Гумхурийя” ("Республика") күнделiктi газет. Бұл газет революцияның алғашқы күндерiнен бастап шыға бастаған газеттердiң бiрi.

“Ахир-саа” ("Соңғы сағат") – 55-60 беттiк апталық журнал. Бас редакторы – Мұхаммад Әл-Гайан.

“Әл-Мұзаузар” ("Суреттеу") – апталық журнал, көлемi – 60-70 бет. Бас редакторы – Муккарам Мухаммад Ахмад.

“Әл-Кауамиз” ("Өнер жұлдыздары") – апталық журналы, көлемi – 75-80 бет. 1892 ж. бастап шығады. Бас редакторы – И. Барака.

“Насиф ад-дүния” (Жарты әлем) – әлеуметтiк мәселелерге арналған, 100-беттiк болып шығатын әйелдер журналы. Бас редакторы – Сана.

“Сабак-әл-каир” ("Қайырлы таң") негiзiн 1956 ж. Фатима Әл-Иусур салған апталық журнал. Көлемi – 70-75 бет. Бас редакторы – Рауф Гауфык.

“Сихр” ("Сиқыршылық") - балаларға арналған журнал.

Телерадиосы. Мысырда 1995 жылғы мәлiмет бойынша жалпы қуаттылығы 12617 кВт құрайтын 252 станция жұмыс iстейдi. Аймақтық радиобағдарламаларын қосып есептегенде Мысыр радиосы күнiне 395 сағат хабар таратады. Жердiң жасанды серiктерiн қолданудың арқасында "Мысыр дауысы" бүкiл құрлыққа тарайды. Сегiз дербес радио жұмыс iстейдi.

Ақпарат агенттiктерi. Ұлттық ақпарат агенттiктерi ұлттық газеттердi басып шығарады және де мемлекеттiң меншiгi болып есептеледi. Олардың жұмыстары Шура кеңесiмен бақылауға алынады. Орталық шығыстың жаңалықтар агенттiгi – прессаның тәуелсiз институты. Бүгiнгi таңда аталмыш агенттiк аумақтық агенттiктер арасында елеулi орын алады. 1998 ж. алғаш рет 6-9 наурыз аралығында Қазақстанға Мысыр Араб Республикасының журналистер делегациясы келiп кеттi. Олардың мақсаты – Қазақстан жайында ақпараттық материалдар дайындау болатын.


Бақылау сұрақтары:


  1. Наполеон баспасөзі қандай мақсатты көздеді?

  2. «Әл­ахрам» газеті туралы не білесіз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Халиль А. Ежедневная печать Египта. М., 1976.

  2. Рамазан А.Ә. Шетел журналистикасының тарихы. - Алматы, 2006.


3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

1 семинар.
Тақырыбы: «БАҚ эволюциясы».

Сабақтың жоспары:

1. Журналистиканың бастау көздері.

2.Еуропадағы кітап басу ісінің дамуы.

3.Ұлы Француз революциясы тұсындағы публицистика.

4.Ағылшын буржуазиялық революциясы тұсындағы баспасөз.

Сабақтың мақсаты:
Бұқаралық ақпарат құралдарының эволюциясы туралы түсіндіру.


Бақылау сұрақтары:

  1. Журналистиканың дамуына түрткі болған жағдайларды атаңыз.

  2. Қоғамдағы саяси жағдайлардың журналистикаға әсері қандай болды?

  3. Ұлы Француз революциясы тұсындағы баспасөздің рөлін көрсетіңіз.


Әдістемелік нұсқау:

1.Журналистиканың дамуы, қоғамдағы жағдайы туралы түсінік.

2. Қоғамдағы саяси жағдайлардың журналистикаға әсерін анықтау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. История печати : Антология : Т. 11. / Сост. Я.Н. Засурский, Е.Л. Вартанова. – М., 2001.

2. Беспалова А.Г., Корнилов Е.А., Корченский А.П., Лучинский Ю.В., Станько А.И. История мировой журналистики. М., 2003.

3.Попов Ю. В. Публицисты Великой французской революции.М.,1989.


2 семинар. Тақырыбы: «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі журналистика».

Сабақтың жоспары:

1.Баспасөзді біріктіру мен монополиялаудың жалпы тенденциялары.

2. Қазіргі БАҚ-тың экономикалық негізі.

3 БАҚ-тағы жарнаманың маңызы.


4. БАҚ-ты саяси бақылаудың негізгі типтері.


Сабақтың мақсаты: Баспасөз жұмысын жүргізудің түрлі формалары жайлы түсіндіру.


Бақылау сұрақтары:


  1. БАҚ­қа иелік етудің түрлері қандай?

  2. Трансұлттық монополиялардың айырмашылығы неде?

  3. Шетелде жарнама қанша пайыз беріледі?

  4. БАҚ ­бизнес көзі дегенді қалай түсінесіз?


Әдістемелік нұсқау:

БАҚ жұмысын жүргізудің түрлі формаларына шолу жасау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Михайлов С.А. Современная зарубежная журналистика: правила и парадоксы.Спб., 2002.

2. Назайкин А.Н.Рекламная служба газеты. М., 1996.

3. Андрунас Е.И. Информационная элита: корпорация и рынок новостей. М., 1991.

4. Журналистика в мире политики / Под редакцией док. Полит. наук, проф. С.Г. Корконесенко. СПб., 2004.


3 семинар. Тақырыбы: Мемлекет және журналистика.

Сабақтың жоспары:

1. БАҚ туралы заңдар:әр елдегі ерекшеліктері және жалпы тенденциялары.

2.Сот және орындаушы биліктің БАҚ-на ықпалы.

3.Саяси партиялар және баспасөз.

4.Клерикальды-католиктік журналистика.


Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің БАҚ­қа, БАҚ­тың мемлекетке ықпалы.


Бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекет тарапынан бақылау қалай жүргізіледі?

  2. Мемлекет тарапынан бақылау жасау сөз бостандығын шектемей ме?

  3. Мунит сектасының иелігіндегі АҚШ ­тың «ЮПИ» агенттігінің болашағы қалай деп ойлайсыз?

  4. Ватикан басылымдары туралы не білесіз?


Әдістемелік нұсқау:

Тақырыпты ашу үшін, жұмысты жүйелі орындау үшін, жұмысты орындау барысында көрсетілген мәселелер жайлы мәліметтер мен әдебиеттерді, басылымдарды оқып қарулану керек.



Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Шетелдің БАҚ туралы заңдары.

  2. Михайлов С.А. Журналистика Соединенных Штатов Америки. СПб., 2004.

  3. Журналистика в мире политики. СПб., 2004.

  4. Интернет парақтары.


4 семинар. Тақырыбы: Шетелдердегі бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі.

Сабақтың жоспары:

1. Ғаламдану және БАҚ. Пікірталас.

2. Сапалы және сары басылымдар ерекшеліктері.

3. Ақпарат агенттіктерінің қызметі.

4. Қазақстандық сапалы және сары басылымдарға анализ жасау.


Сабақтың мақсаты: Шетелдік БАҚ­тың құрлымдық өзгешеліктері туралы түсіндіру.

Бақылау сұрақтары:

  1. «Сапалы» газеттер дегеніміз не?

  2. «Аралас» газеттер дегеніміз не?

  3. Бәсекелестен қайтіп озып шығуға болады?

  4. Шетелдік басылымдардың оқырман тартудағы әдіс­тәсілдері қандай?


Әдістемелік нұсқау:

Шетелдік БАҚ жүйесіне жалпы сипаттама. Сапалы, танымал және аралас газеттер бөлінісі, олардың спецификасына назар аудару. Шетел журналдарының типологиясы, ақпарат агенттіктері мен БАҚ-тың құрылымдық өзгешеліктері туралы мағлұматтары қарастыру.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Воснобойников Я.С. Журналист и информация. Профессинальной опыт западной прессы. М., 1993.

  2. Михайлов С.А. Современная зарубежная журналистика: правила и парадоксы. СПб., 2002.

  3. Сапунов В.И. Зарубежные информационные агентства. Спб., 2006.

  4. Қазақстандық басылымдар: «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Айғақ»,т.б. сараптама жасау.


5 семинар. Тақырыбы: Дамыған елдердегі баспасөзі.


Сабақтың жоспары:

1.Сапалық газет – «Таймс».

2. Ірі баспасөз монополиялары.


3.Ағылшын баспасөзінің бүгінгі күні.

4.«Таймс», «Гардиан», «Файненшл таймс» газеттерінің электронды беттерінің материалдарын талдау.


Сабақтың мақсаты: Дамыған елдердегі баспасөзі туралы мағлұмат беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Ағылшынның алғашқы газеттерінің негізгі тақырыптары қандай?

2. АВС­1 тобына қандай газеттер жатады?

3.«Сан» газеті қандай газет?

4.«Нью­Йорк таймс» газетінің әлем журналистикасыныңдағы орны қандай?


Әдістемелік нұсқау:

Ұлыбритания баспасөзінің тарихы мен басылымдарына ерекше назар аудару.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Михайлов С. Современная зарубежная журналистика: правила и парадоксы. СПБ., 2002.

2 . Соколов В.С., Виноградова С.М. Периодическая печать Великобритании. СПБ., 2000.

3. Интернет парақтары.


6 семинар. Тақырыбы: Франция баспасөзі: өткені мен бүгіні.

Сабақтың жоспары:

1.Француз апталықтарының ақпарат рыногындағы орны.

2. Францияның ірі медиа – империялары.

3. Француз БАҚ-ның бүгінгі жағдайы.


Сабақтың мақсаты: Франция баспасөзінің тарихы және бүгінгі жағдайы туралы мәлімет беру.


Бақылау сұрақтары:


  1. «Гавас» агенттігі қай жылы дүниеге келді?

  2. «Ашетт» тобы қандай өнімдер шығарады?

  3. «Монд» газетінің ұстанымы қандай?

  4. Эрсан тобының басылымдары қандай?


Әдістемелік нұсқау:

Франция баспасөзінің қалыптасу тарихы мен бүгінгі жағдайы туралы мәліметтерге тоқталу.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сухорукова Л.Н. Еженедельники в системе средств массовой информации Франции . М., 1990.

  2. Шарончикова В.СМИ Франции. М., 1985.
  3. Рамазан А. Шетел журналистикасы. А., 2006.



7 семинар. Тақырыбы: АҚШ БАҚ-ның дәстүрлері.

Сабақтың жоспары:

1. Америка БАҚ-демократия сақшысы.

2. Беделді басылымдарының ұстанымдары

3. Журналистік зерттеулер – АҚШ журналистикасының ерекше тәсілі.

4. «Нью-Йорк таймс», «Вашингтон пост», «Ю-эс-эй-тудей» басылымдарына сараптама жасау.


Сабақтың мақсаты: АҚШ БАҚ туралы мәлімет беру.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Уотергейт» оқиғасының маңызы неде?

  2. «Нью­Йорк таймс» газетінің ұстанымы қандай?

  3. «Ю­эс­эй тудей» газетінің жетістікке жету себебі неде деп ойлайсыз?

  4. О.Уинфри бағдарламалары несімен ерекшеленеді?

  5. К.Грэммнің АҚШ журналистикасындағы орны қандай?


Әдістемелік нұсқау:

1.Америка баспасөзінің пайда болуына шолу жасау.

2.Американың беделді газеттерінің баспасөз әлеміндегі орнын анықтау. 3.Р.Мэрдоктың баспасөз империясын қарастыру.

4.«Ассошиэйтед пресс», «Юнайтед пресс», «ЮСИА» агенттіктерінің қызметтері туралы конспект жасау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Михайлов С.А. Журналистика Соединенных Штатов Америки. СПб.,2004.

  2. Селиверстов А.А. Тенденция развития американской журналистики. М., 1996.

  3. Журналистика в США: время перемен.ЮСИА,

  4. 1996.


8 семинар. Тақырыбы: Германия баспасөзінің даму ерекшеліктері.

Сабақтың жоспары:

1.Баспасөз концерндерінің әлемдік ақпарат рыногындағы рөлі.

2.Баспасөздің қазіргі жағдайы.

3.Г.Вальрафтың публицистикасы.

4.А.Шпрингер монополиясы.


Сабақтың мақсаты: Германия баспасөзінің өткені мен бүгіні туралы мәлімет беру.


Бақылау сұрақтары:

  1. Бурда тобы туралы не білесіз?


  2. Г.Вальраф журналистік зерттеуді қалай жүргізді?

  3. Шпрингер оқырман тартуда қандай әдіс­тәсілдер қолданды?


Әдістемелік нұсқау:

Тақырыпты ашу үшін, жұмысты жүйелі орындау үшін, жұмысты орындау барысында көрсетілген мәселелер жайлы мәліметтер мен әдебиеттерді, басылымдарды оқып қарулану керек.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Вальраф Г.Г. Репортер обвиняет.М., 1988.

2.Ворненкова Г.Ф. СМИ Германии в 90-е годы. М., 1998.

3.Орлов Ю.Я. Печать ФРГ. М., 1976.

4. История мировой журналистики. М., 2003.


9 семинар. Тақырыбы: Италия бұқаралық ақпарат құралдары.

Сабақтың жоспары:

1. Италия БАҚ-ның ерекшеліктері.

2.С.Берлускони-баспасөз магнаты.

3. Италия баспасөзінің бүгінгі бет- бейнесі.


Сабақтың мақсаты: Италия бұқаралық ақпарат құралдары туралы мағлұмат беру.


Бақылау сұрақтары:

  1. Италиялық «аралас» газеттердің тақырыптары қандай?

  2. С.Берлускони монополиясы жайында не білесіз?

  3. Италиядағы діни басылымдардың рөлі қандай?


Әдістемелік нұсқау:

1.Ежелгі Рим шежірелері қарастыру.

2.ХVII ғасырдағы басылымдарының баспасөз тарихына шолу жасау.

3. Италия журналдарының типологиясы, аудиториясына назар аудару.

4. Италиядағы діни басылымдарындағы басты мәселелер туралы конспект жасау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Михайлов С.А. Современная зарубежная журналистика: правила и парадоксы. СПб., 2002.

  2. Урина В.Н. СМИ Италии. М.,1990.

  3. Рэндалл Д. Универсальный журналист. А., 1996.

  4. Интернет парақтары.

10 семинар. Тақырыбы: Азия елдерінің журналистикасы. Жапония баспасөзі.


Сабақтың жоспары:

1.Беделді басылымдарының ұстанымдары, әдіс-тәсілдері

2.Баспасөз монополиялары

3. Жапон баспасөзінің бүгінгі бет-бейнесі


Сабақтың мақсаты: Жапон журналистикасының ерекшелігін көрсету.


Бақылау сұрақтары:


  1. «Асахи симбун» газеті туралы не білесіз?

  2. Ірі концерндері қандай?

  3. Ақпарат агенттіктерін атаңыз.



Әдістемелік нұсқау:

Жапония басылымдарының ұстанымдарына, әдіс-тәсілдеріне, баспасөздің бүгінгі бет-бейнесіне, ерекшелігіне шолу жасау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Лазарев А.М., Полякова Н.А.,Смирнов Б.В. Печать,радио и телевидение японии.М., 1974.

  2. Актуальные проблемы журналистики Азии, Африки и Латинской Америки. М., 1989.

  3. Интернет парақтары.


11 семинар. Тақырыбы: «Түркия баспасөзінің өткені мен бүгіні».

Сабақтың жоспары:

1.Ататүрік және баспасөз.

2. «Тамашаланатын газеттердің» ақпарат рыногындағы рөлі.

3. Түріктің ірі медиа –империялары.

4.Беделді басылымдары.


Сабақтың мақсаты: Түрік БАҚ туралы таныстыру.


Бақылау сұрақтары:

  1. Түрік жеріне тараған француз басылымдарының мақсаты не?

  2. М. К. Ататүріктің түрік баспасөзін дамытуға қосқан үлесі қандай?

  3. Беделді түрік басылымдарын атаңыз.

  4. «Заманның» бағыты қандай?



<< предыдущая страница   следующая страница >>