girniy.ru   1 ... 2 3 4 5 6 ... 8 9

Ақпарат агенттiктерi

  1. "Anadolu Ajansi" (AA) – 1918-1920 ж. негiзi қаланған ескi ақпарат агенттiктердiң бiрi. Бас офистерi – Анкара мен Стамбулда орналасқан. Тек жазба материалдарды таратумен айналысады.


  2. "Cihan Haber Ajansi" (CИA) – 1994 ж. бастап жұмыс iстейдi. 1996 ж. бастап бейне материалдарды тарата бастады. Шет елдерде тiлшiлерi, Қазақстанда өз өкiлеттiгi бар.

  3. "Uluslararasi Basin Ajansi" (ИВА) – 1994 ж. бастап жұмыс iстейдi. Халықаралық жаңалықтарды таратушы бiрден-бiр агенттiк.

  4. " Yurt Haber Ajansi" (УНА) – iшкi хабарларды таратумен айналысатын ақпараттық агенттiк.

  5. "Ihlas Haber Ajansi" (IHA) – "Turkiye" газетi және "TGRT" телеарнасымен байланыс жасайды. Еуропа елдерiнде тiлшiлерi бар.

  6. "Milliyet Haber Ajansi (MILHA) – 1990 ж. бастап жұмыс iстейдi және тек iшкi хабарларды таратумен айналысады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Түрік жеріне тараған француз басылымдарының мақсаты не?

  2. М. К. Ататүріктің түрік баспасөзін дамытуға қосқан үлесі қандай?

  3. Беделді түрік басылымдарын атаңыз.

  4. «Заманның» бағыты қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.
Желтяков А.Д. Печать в общественно ­ политеской и культурной жизни Турции.М., 1972.

2.«Заман­Қазақстан» газетінің тігіндісі.

3.Интернет ресурстары.


12-Дәріс. Қытай баспасөзінің даму жағдайы.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  1. Алғашқы қытай басылымдары,

  2. «Музыкалық палатаның» қоғамдағы ахуалдағы зерттеудегі рөлі,

  3. Қытай БАҚ-ның ақпараттар берудегі өзіндік ерекшеліктері.

  4. Газет-баспа корпорацияларының пайда болуы.

Азия елдерiнiң құрамына кiретiн Қытай мемлекетi бүгiнгi таңда алдыңғы қатарлы дамыған елдердiң бiрi болып саналады. Ендiгi жағдайда осы мемлекеттiң айнасына айналып отырған бұқаралық ақпарат құралы туралы әңгiме қозғау заңды.


Қытай Халық Республикасында 202 миллионнан астам шамамен шығатын 1777 газет басылады. Ең көп тарайтын, күнделiктi шығатын бұқаралық газет Қытай Коммунистiк партиясы Орталық комитетiнiң ұйымы - "Жэнь-мин жибао". Оның таралымы 3,68 млн. дана. Таралымы жағынан екiншi орында тұрған газет - "Гуан - мин жибао". Сондай-ақ, айтарлықтай таралыммен спорттық, жастар, шаруаларға арналған және экономикалық, спорттық газеттер шығады.

Бүгiнде әлем бойынша Қытайдағы журналистиканың деңгейi жоғары бағаға ие. Редакцияларға 1960-1970-шi жылдары репрессияға ұшыраған бұрынғы мамандар қайтып келiп жатса, жоғарғы оқу орындарынан келген жас, әрi бiлiктi мамандармен журналистер қатары толығуда. Барлық арнайы емес газеттерге тән сипат экономикалық тақырыпты жиi көтеру болып табылады. Осы тақырыптағы материалдар газет бетiнiң жартысын алып жатады. Мұның себебi, бiрiншiден, Қытай экономикасын дамыту көзделсе, екiншiден, газеттiң өтiмдiлiгiн арттыру. Ал, қалған материалдар түрлi тақырыпта және белгiлi бiр идеологиялық бағытты ұстана отырып жазылады, жарияланады.


«Дибао» (У111ғ) - қытай баспасөзінің алғашқы қарлығашы. Миссионерлік басылымдардың қалыптасуы. Публицист Ван Таоның қытай журналистикасын өркендетуге қосқан үлесі. Демократиялық басылымдардың қалыптасуы.Төңкеріс тұсындағы баспасөз.

ҚХР-дың жаңа жүйедегі БАҚ- ның қалыптасуы. Шектен тыс идеологияланған Қытай баспасөзі. Мәдени төңкеріс тұсындағы баспасөздің жағдайы.

Қытай БАҚ-ның ақпараттар берудегі өзіндік ерекшеліктері. Басылымдар арасындағы тақырыптық бөлініс. Экономикалық реформа тұсындағы журналистика. Компартияның бас басылымы -“Жэнминь жибао“ газетінің рөлі.

Газет-баспа корпорацияларының пайда болуы.

“Синьхуа“ ақпарат агенттігі. Қытайдағы қазақ басылымдарының даму деңгейі.

“Синь тиюй" - "Спорт жаңалықтары" - спорт iсi бойынша
республикалық комитеттiң органы болып табылады. 1950 жылдан

1 млн. данамен ай сайын шығады. Спорт жетiстiктерi мен

проблемалары, спорт жанкүйерлерiнiң пiкiрлерi үзбей жарияланып
тұратын бiрден-бiр басылым.

"Сычуань дасюэ" - "Сычуань университетi" - 1974 жылдан
Сычуаньнан тоқсан сайын жарық көретiн журнал. Журнал
философия, тарих, саясат және әлеуметтiк мәселелердi кеңiнен
қозғайтын жарияланым.

"Тиюй бао" - "Спорт өмiрi" - 1958 жылдан бастап 720 мың
данамен шыға бастаған басылым. Пекинде аптасына үш рет шығып
тұрады.

"Туаньцзе бао"- "Бiрлiк"- Қытай кеңесi халықтық саяси
елшiлiгi комитетiнiң ұйымы болып табылады. 120 мың данамен
Пекинде шығатын апталық газет.

"Цзефанзюль бао" - "Халықтың қауiпсiздiк әскерi" - Қытай
армиясының ресми ұйымы. 1956 жылдан бастап Пекинде 1.58 млн.
данамен күнделiктi шығып тұрады.

"Чжунго фунюй" - "Қытай әйелдерi" қытай және ағылшын
тiлдерiнде басылып, көркем безендiрiлiп шығатын айлық журнал.
Бұл журналдың ұйымы - Жалпы қытай әйелдер федерациясы. 1949 жылдан бастап шығуда. Таралымы – 1.3 млн. дана.

"Чжунго циннянь бао" - "Қытай жастары" - Қытай Жастар
одағының ресми ұйымы болып табылады. 1951 жылдан 3.1 млн.
данамен аптасына төрт рет шығып тұрады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>