girniy.ru   1 2 3 ... 8 9

Бақылау сұрақтары:

1.Ағылшынның алғашқы газеттерінің негізгі тақырыптары қандай?

2.АВС­1 тобына қандай газеттер жатады?

3.«Сан» газеті қандай газет?

4.«Нью­Йорк таймс» газетінің әлем журналистикасыныңдағы орны қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Соколов В.С., Виноградова С.М. Периодическая печать Великобритании. СПб., 2000.

2.Мкртинян А. История англиийской журналистики XYII ­ начала XIX вв. М., 1992.

3. История мировой журналистики. М., 2003.

4. Интернет ресурстары.


6-Дәріс. Франция баспасөзі: өткені мен бүгіні.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:


  1. Француздардың алғашқы газеттері.

  2. Франциядағы ірі газет-баспа топтары.

  3. Франуз ақпарат әлеміндегі журналдардың орны.

  4. «Монд» газеті


Франция баспасөзінің қалыптасу тарихы. Алғашқы басылымдары. Жер шарындағы журналдардың негізі - “Журналь де саван“/1665ж/ - Франция журналы.

Ұлы Француз революциясының баспасөзді дамытуға қосқан үлесі. Елдегі саяси жағдайдың баспасөзге әсері. Франция баспасөзіндегі католиктік басылымдардың ролі.

Франциядағы ірі газет-баспа топтары.Франциядағы газет тарату және тасымалдау мекемелерінің қызмет ерекшелігі.

Француз апталықтарының түрлері: информациялық саяси апталықтар, иллюстрациялы журналдар, әйелдерге арналған апталықтар, телевизиялық апталықтар. Әйелдер апталықтарының әлемдік ақпарат рыногындағы рөлі. Француз тележурналдарының ерекшеліктері.

“Франс-Пресс“ ақпарат агенттігі. Франция БАҚ-ның халықаралық рыноктағы рөлі.

1998 жылы Кобе қаласында өткен дүниежүзiлiк газет шығарушылар ассоцияциясының 51-шi конгресiнде “Әлемдiк баспасөз тенденциясы” атты баяндама көптеген мәселелердi көтердi. Ең көп өзгерiстер Батыстық одақтағы елдерде байқалады. Тек Жапонияда ғана қалыпты жағдай сақталған. Бiрте-бiрте баспасөз жарнамалық нарықтың бөлiгiн телевизияға берiп келе жатыр. Бiрiншi орында ұлттық күнделiктi баспасөз, (жарнамалық түсiм 25-% құрайды). Журналдарға түскен түсiмдер тек 11% көрсетiп тұр.


1999 жылы Франция баспасөзiндегi ақпараттық нарықтан “Авас” тобының кетуi елеулi бiр оқиға болып тарихта қалады. 1997 жылы “Компани женераль деез о” келедi де, дәстүрлi салаларының барлығына дерлiк өзгерту енгiзе бастайды. Франция елiндегi соңғы жалдардағы күнделiктi баспасөзде тоқырау мезеттерi байқалып жүрдi. Тек 1998 жылы ғана аздап болса да, оңды өзгерiстер бой көрсетедi. Десек те, зертеушiлердiң мәлiметтерiне қарағанда француздықтар жыл өткен сайын оқырман аудиториясын кемiтуде. 15-жастан, 24 жасқа дейiнгi оқырман саны 3,8% төмендедi. Бiрiншi кезекте бұл “Либерасьонға”, “Фигароға” және “Мондтқа” қатысты. Мұндай жағдайдың тууын аздап та болса газет бағасының өскендiгi деп түсiндiрдi француздық зерттеушiлер. Жастар аудиториясы ұлғайып келедi. “Паризьен-Ожурдюй”, “Франс-суар” және “Экип”. Оқырман аудиториясы анағұрлым үлкен деген 10 күнделiктi газеттердi мысалға келтiруге болады.

Батыстағы ең iрi бес ел iшiнде астаналық күнделiктi баспасөздi оқырман аудиториясының қамту деңгейi өте төменгi көрсеткiш бередi. 1000 тұрғынға тек 37,4 данадан келедi.

Газеттер

Англия


Гол ландия

Германия

Франция

Испания

Италия

Ұлттық

224

131,8

69,3

37,4

59,4

46,1

Аймақ-тық

87,2

169,9

230,4


98,4

46,9

42,9


Ал егер бiз сапалы басылымдарды санайтын болсақ, онда Францияда

Еуропадағы iрi газет-журналдармен бәсекеге түсе алатындар аз емес. “Монд” газетi. Жалпы ақпараттық газеттер iшiнде оқырман аудиториясының көпшiлiгiмен бiрiншi орында тұр. 1999 жылы газетке жазушылардың саны 120 мыңға жеттi. Бұл рекордтық көрсеткiш. Оның себебi, жазушыларға төлеудiң жаңа түрi, (ай сайын) студенттер үшiн жеңiлдетiлген тарифтер енгiзiлдi. 1999 жылы “Мондтың” қаржы нәтежелерiнде жақсы көрсеткiштер пайда болды. 1997 жылмен салыстырғанда сауда айналымы 95% өстi. Жалпы “Монд” басылымның тобы 42,5 лир фр. түсiм алған.

“Монд дипломатик” атты айлық басылымның таралуы 180 мың данаға жеттi. Жарнамадан айтарлықтай 30% түсiм түсіп отырады.

“Стратежи” журналының сараптамашысы Оливе Монсо: “Бұл газеттiң жаңа формуласының жемiстерi – берушiге тiкелей қатысты”, – дедi. “Монд” жарнаманың жаңа бiр түрiне шыға алды. Тек “Люкс” секторы өте жақсы көрсеткiш бердi. Жоғары сәнге және қымбат тауарларға арналған арнайы қосымшалар өздерiнiң жемiстерiн әкелдi.

“Франс-суар” газетi басудың жаңа және түрлi-түстi түрiне көшiп, жарнамадан түсiмдi күшейттi. Бiрақ оқырмандардың саны барған сайын азайып, таралуы 150 мың данаға түстi. Көптеген сарапшылардың ойынша, ол өзiнiң мүмкiндiгi мол мезетiн жоғалтып алды дейдi. Қазiргi уақытта Парижде бұқаралық газет болып “Паризьен” газетi саналады. Редакция ұжымы газеттiң формасын жаңартуды ойластыруда.

Баспасөз интернеттен өз орнын табу үшiн ұмтылуда, iзденiсте. Әлемдiк жүйенi пайдаланып, түсiмдi көбейткiсi келетiндер аз емес. Себебi, интернеттiң аудиториясы күннен-күнге өсуде. 1999 жылы абонентердiң 240%–ге өскенiне қарамастан Франция-Германия және Англиядан қалық. Англияда пайдаланушылардың саны 18%, Германияда 19,4%, Францияда 9,8 %-ке өстi.

Телерадиосы. 2000 жылы Франция телевидиниесiнiң жалпы дамуы тенденциясында аса күрделi өзгерiстер болған жоқ. Соңғы үлгiдегi технология телекоммунациялық жүйелердiң, мультимедиалық жүйелер мен көре алмаушылық, бәсекелестiк, жеке телекомпаниялардың өсуiне әкеп соқты. Олар халықаралық деңгейде шығуды көздеп отыр. Мемлекеттiк телевидение көп уақыттан берi тоқырауда келе жатыр. Ол қаржы жағдайын жақсартып, аудиториясын ұстап қалуға тырысқанмен еш нәтиже шықпады. Спутниктiк және кабельдiк телевидиниенiң ауқымды даму барысында “ТФ-1” деген жеке меншiк канал елдегi ең танымал канал болып қала бердi.


Бүгiнгi таңда көрермендердiң 40%-ы ең сенiмдi ақпарат көзi деп “ТФ-1” есептейдi. Ал оның басты бәсекелесi “Франс-2”-ге тек 20%-i ғана. Арна аудиториясының негiзiн жас әйелдер құрайды. Ендiгi уақытта “ТФ-1” өзiнiң “нысанасы” етiп жанұяларды қоюды мақсат еттi. Көп көңiл 52-минуттық сериалдарға бөлiнедi. “ТФ-1” көбiне спорттық бағдарламаларды сатып алуға тырысады. “ТФ-1” Сиднейде өтетiн Олимпиядалық ойындарды трансляциялауға асығады. Футболдан 2002 жылғы әлем чемпионатынан көрсету үшiн белсендi түрде күрес жүргiзедi. Себебi, жарнамадан түсетiн түсiмнiң үлкен болатындығына кепiлдерi мол. Мемлекеттiң ең iрi телекомпаниялардың бiрi – “Франс Телевизьон” барлық каналдарын есептегенде “Франс-2” және “Франс-3” үлкен бiр тоқырау мезетiнде тұрып қалды. Үкiметтiң компаниядан холдингке ауысу мүмкіндігі тұр. Мемлекет тарапынан компанияны қаржыландыру тоқтатылды. Сондықтан қосымша ақша табу мақсатында бос эфир уақытын (жарнамалар мен хабарландыру үшiн) сату жұмысы болған. 50-минуттық фильмдердiң 12 минуты жарнамалық “тукели”. Қаржының тапшылығы кейбiр хабарлардың сапасыз шығуына себеп болып отыр. “Франс-2” каналы мен финанс жағдайының нашарлығынан емес оның өзiндiк нәтижесi болуы қажет. “ТФ-1”-дi қайталамай, ақшаны қалай табу жолдарын iздестiргенiмiз үшiн бiздi айыптайды. “Франс-телевизьионның” “Франс-2”-нi қайталауы үшiн айыптайды.

1. Beur FM

2. Evasion FM

3. OUI FM

4. Radio compus Paris

5. Radio France

6. Radio France Internationale

7. Radio latina

1. “Beur FM»- Франциядағы магребтiк қоғамдастықтың радиосы. Күнделiктi жаңалықтарды, Франция елiнiң тыныс-тiршiлiгiн, эфирге өзiнiң музыкалық көркемдеумен шығып отырады.

2. «Radio France» - саяси жаңалықтарды, аймақтық, экономикалық, мәдени және халықаралық жаңалықтарды енгiзiп отырады.

3. «Француз радиосының халықаралық қызметi». Бұл дүние жүзiндегi әлемдiк ақпараттық радио деп есептеледi. Франция радиосының барлық ақпараттық газет-журналдары бар. Франция радиосын Интернет картасында бес тiлде ести аламыз. Француз радиосы Париждегi мәдени өмiрдiң көрiнiстерiн ұсынады.


4. «Radio Latina» - қоғамдық радио. Мұнда көбiнесе қоғамдық-саяси, экономикалық жаңалықтарды күнiнде бiр сағат сайын берiп отырады. Кешке ойын-сауық бағдарламалары, сергiтетiн шоулары берiледi. Сондай-ақ, спорттық жаңалықтардан хабардар етеді. Көбiнесе қоғамдық жаңалықтарды беруге уақытты көп бөледi.


Бақылау сұрақтары:


  1. «Гавас» агенттігі қай жылы дүниеге келді?

  2. «Ашетт» тобы қандай өнімдер шығарады?

  3. «Монд» газетінің ұстанымы қандай?

  4. Эрсан тобының басылымдары қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Шарончикова В. СМИ Франции. М.,1985.

  2. Сухорукова Л. Еженедельники в системе средств массовой информации Франции. М., 1990.

  3. Сапунов В.И. Зарубежные информационные агентсва. СПб.,2006.

  4. Рамазан А.Ә. Шетел журналистикасының тарихы. - Алматы, 2006.


7 - Дәріс. АҚШ БАҚ-ның дәстүрлері.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  1. АҚШ ­тағы баспасөз монополиялары.

  2. АҚШ ақпарат әлеміндегі трансұлттық корпорациялардың орны.

  3. АҚШ журналистикасының жарық жұлдыздары ­ Л.Кинг, О.Уинфри.

  4. АҚШ­тың беделді басылымдары.


Америка баспасөзінің пайда болуы. Ағылшын газеттері үлгісіндегі алғашқы басылымдардың бағыт-бағдары.

Электронды ақпарат құралдарының дүниеге келуі. Баспасөздегі монополиялану ісінің қалыптаса бастауы. Әлемді дүр сілкіндірген Херст ісі. Америка БАҚ -ның ұстанымдары.

Баспасөз - бизнес көзі. Америка БАҚ-ның заңмен қорғалынуы. Америка БАҚ - төртінші билік иесі. Америка баспасөзі - демократия сақшысы.

Америка журналдарының ақпарат рыногындағы орны. Журналдардың қалыптасуына Г.Люс пен Б.Хадденнің қосқан үлесі.

Американың беделді газеттерінің баспасөз әлеміндегі орны. Ірі баспасөз монополиялары. Р.Мэрдоктың баспасөз империясы. “Ганнет“ компаниясының ұстанымдары.


“Ассошиэйтед пресс“,“Юнайтед пресс“, “ ЮСИА“ агенттіктерінің қызметі.

Журналистика саласындағы марапаттаулар.

Америка Құрама Штаты - батыс жарты шардағы iрi мемлекет. Оның барлық жерi түгелдей дерлiк солтүстiк Америкада. АҚШ-тың шығысында Атлант мұхиты, ал батыс жағалауында Тынық мұхиты жатыр. АҚШ - федеративтi ел. Астанасы - Вашингтон қаласы. Халқы - 263 млн. Жер көлемi - 9 млн. 363 200 шаршы шақырым. Мемлекет басшысы - Президент. Тiлi - ағылшын тiлi. Валютасы - доллар.

АҚШ басылымдарының көбi газет трестерiнiң, синдикат пен компанияларының еншiсiнде. Олардың алдыңғы қатарлары - «Ганнет компани» - 90 - нан астам газетi бар. «Найт Р идер Ньюзпейперз» - 32 газет; «Херст Корпорейшн» - 26 күнделiктi газет, 17 жексенбiлiк газет, 13 журнал; «Трибюн компани», «Нью - Йорк Таймс компани», «Нью Америка паблишинг», «Тайм инкорпорейтид» компаниялары.

Газет-журналдары


  • -«The Washington Post»; ұлттық және халықаралық жаңалықтарды жазады. Тiлi - күрделi. Оқырмандары, тiптi американдықтардың өздерi де кәсiби сөздiктердi қолдануына тура келедi. Таралымы - 763 305 дана.

  • - «The New York Times»; Негiзiнен Нью - Йорк қаласының жаңалықтары басылады. Саясат, экономика, қаржы, спорт, мәдениет тақырыбындағы материалдарды оқуға болады. Газеттiң ұраны – «Басуға болатын кез-келген жаңалықты басамыз». Таралымы - 1086 293 дана.

  • -«Los Angles Times»; Лос - Анджелес қаласы мен қала сыртқы жаңалықтармен таныстырады. Таралымы - 1078 186 дана.

  • - U.S. News; ұлттық және халықаралық жаңалықтарды таратумен айналысады.

  • - «Milwoky journal»; кешкiлiк газет. 1882 жылдан бастап шығады. АҚШ - тың ең танымал газеттерi ондығына кiредi.
  • - “News day»; таралымы - 214 мың дана. 1905 жылы Манхеттен қаласында құрылып, кейiн орталығы Нью-Йорк қаласына көшiрiлдi. Америка саясаты, бизнес, экономика, мәдениетiне қатысты мақалалар басылады, сонымен қатар спортқа да ерекше көңiл бөлiнген. Таралымы - 634 627 дана.


  • -«The Shadow» – бұл - белгiлi бiр топқа арналған газет. Оқырмандар контингентi шектеулi. Атының өзi «Көлеңке» - газет бағытын көрсетiп тұрғандай.

  • - «Fortune» - АҚШ-қа қатысты әр түрлi материалдар басумен шұғылданады.

  • -«Time» – АҚШ-та беделi бар газет. Түрлi тақырыптағы материалдарды басады. Шетелде 40 басылымы бар.

  • - «Soldier of fortune» - әскери адамдарға арналған газет. Айына бiр рет шығады. Қару-жарақ туралы қызықты материалдарды, АҚШ әскерилерiнiң жайы туралы хабар алуға болады.

  • - «People» - көпшiлiкке арналған газет. Халықаралық қатынасқа жiтi көңiл бөледi.

  • - «Forbes» - ірi бизнес және банк пен корпорациялар жөнiнде хабаршы. Негізінен экономистерге арналған журнал.

  • - «Billboard» - Музыка, музыкалық аспаптар туралы жазатын бірден-бір басылым.

  • - «SF Gate» - Сан-Франциско қаласының газетi. Саясат, экономика, спорт, мәдениет жаңалықтарын қамтиды.

  • - «Chicago tribune» - Чикаго қаласының жергiлiктi газетi . Таралымы - 657 690 дана.

  • - «Boston Herald» - Бостон қаласының ескi газеттерiнiң бiрi. Негiзгi бағыты мәдениет пен өнер жаңалықтары.

  • - «The economist» - Американдық және ағылшын авторларының саясат және экономика туралы мақалалары, сараптау мақалалары жарияланады.

  • - «Better Homes and gardens» - арнаулы газет. Интерьерлер дизайны және өсiмдiктермен шұғылданатын адамдарға арналған iрi басылым.

  • - «TV- Guide» - теледидар бағдарламаларымен таныстыруды мақсат тұтады.

  • - «Select» - көпшiлiкке арналған газет. «Таңда» деп аударылады. Кез-келген тақырыпта мақала, заметка, хабар-ошар оқуға болады.

  • - «Wall Street Journal» - Нью-Йоркта шығатын күнделiктi саяси - экономикалық газет. Таралымы - 1 752 693 дана.
  • - «U.S. Today» - 1982 жылдан бастап «Ганнет компани» тарапынан құрылған: көңiл көтеретiн материалдар, қызықты ойындар басым, тереңдетiлген ақпарат пен сараптауларды таба алмайсыз. Таралымы - 1 671 539 дана.


  • 1. «Cosmopolitan» - қыз-келіншектерге арналған журнал. Сан түрлi кеңестер, көңiл-көтеру мақалалары берiледi. Бiрiншi бетiне мiндеттi түрде танымал өнер жұлдыздарының суретi басылады. Ішi-сырты түрлi - түстi.

Америкадағы әйелдерге арналған басылымдар. “Космополитен” (“Cosmopolitan”). Бұл американың ең көне журналы, өткен ғасырдың 1886 жылы негiзi қаланған. Ол жанұялық, әйелдер журналы және әлемдiк БАҚ-тағы лидерлiк жүйеден орын алған. “Космополитен” Херстiң ең iрi американдық корпорациясында 1895 жылы тағы жарық көрген. Журналдың негiзiн У.Р. Херстом қалаған. Америка мен Европада 1905 жылы 14 күнделiктi және 30 апталық газет, 20 журнал шығады, сондай-ақ кiтап баспа жұмысымен, радио және теледидармен айналысады.

“Космополитен” - әлемдегi 80-ге жуық елде 33 баспа табақ болып 21 тiлде шығады, оның әлемдегi оқырман аудиториясы - 27 млн. қыз-келіншектер.

2004 жылы “Космополитен” журналының орыс тiлiнде жарық көргенiне он жыл толды, “Cosmo» - бұл табыс деген сөзден шыққан болатын. Таралымы 450 мың дана, оның оқырман аудиториясы 2 миллионға жуық, әрбiр нөмiрiн қалдырмай, күнiне шамамен 4-5 млн. адам оқиды. Бiздiң елде ол “Ең бiрiншi басылым” компаниясы “Ендепендет медиа” (endependent media), осы журналды және басқа да журналдарды Херст корпорациясы шығарады. “Ендепендет медиа” – голландық компания 1992 жылы Ресейде құрылған. “Ендепендет медиа” – Ресейлiк нарықтағы газеттер мен журналдар басылымы. Ағылшын тiлiндегi журналдар “Москоу таймс” (“The Moscow Times”), “Санкт-Петербург таймс” (“The St.Peterburg times”), орыс тiлiнде “Капитал” және тағы да ағылшын тiлiнде “Раша ревью” (“Russia revieue”) журналы басылып шықты. Херст компаниясы 1998 жылдың соңында 17 басылым шығарды. “Космополитен” компаниядағы ең бiрiншi әйелдер журналы болып қала бередi. “Пилотный” журналы 1994 жылдың сәуiр айында - “Харперс базар” (70 мың дана) және төртiншi 1997 жылы наурыз айында “Мари Киер” ( 50 мың дана) болып жарық көрдi.

“Космополитен” журналының бiрiншi ресейлiк нөмiрi 1994 жылы 60 мың дана, 130 бетпен жарыққа шықты.


Бұл журнал қазiргi жас әйелдерге арналған, сән, әдемiлiк, денсаулық және тағы басқалары жайында жазады. Бiрақ “Cosmo-ның” басты тақырыбы – әлем әйелдерiнiң сезiмi, оның жұбайына деген сүйiспеншiлiгi, достары және ұжымы, балалары ата-аналары жайында көбiрек жазады.

Бiрiншi нөмiрi үш бөлiмнен тұрған: “Сен және әдемiлiк”(тоғыз мақала). Келесi нөмiрiне тағыда екеуi қосылды: “Өмiр” және “Жұлдыз”. Сондай-ақ журналдың айдарлары: “Бiзбен бiрге”, “Жүрек соғысы” (оқырмандардың хаттарына психолог жауап бередi), “Денсаулық”, “Үйдегi спорт зал”, “Ақша”, “Оның көзқарасы”, “Тамара Глобаның жұлдызнамасы”, “Саяхат”, “Сiз бұны қайдан сатып алдыңыз?” (дүкеннiң мекен-жайы, қайда аяқ киiм сатылады, киiм және аксессуар) осының барлығы журнал беттерiнде жарияланады. Барлық айдарлар ағылшын әйелдер журналы “Космополитеннен” алынған. Журналдың көпшiлiгi аударылған метериалдар. Бiрiншi нөмiрiнде 45-бет болды, сондай-ақ “Cosmo” тегiн таратылады, бұл жарнама негiзiнде батыстық фирмада басылып, “Эскада” (Киiм жарнамасы), “Христиан Диор” (Иiс су және косметика), “Синержи” (Косметика) “Карты” (Сағат). Осы жарнамалар көптеп берiледi, сондықтан “Cosmo” қолдан-қолға таралып отырады. Оны барлық әйелдер оқиды. Ресейде “Космолитен” бiрiншi “Глянцевый журнал” (“glossy magarine”) – сәндi, иллюстративтiк бай журнал болып шықты. Ол американдық марканы қолданып, әлемде өзiнiң экономикалық көрсеткiшiмен танылды. “Космолитен” әйел-аналарға арналған басылым, өте қарапайым, түсiнiктi және сапалы. Кейбiр үлкен жастағы әйелдер “Космоны” оқып, өзiнiң түсiнiктерiн толықтырады деген түсiнiк те жоқ емес. Белгiлi журналдың таралымы - 1997 жылы 350 мың данаға дейiн көтерiлдi деп жазды И.И. Засурский өзiнiң диссертациясында “Cosmopolitan” ағылшын журналы 1994 жылы мамыр айында 320 бет және қосымша арнайы бетпен шығарылды, бағасы 2,5 доллар құрады.

“Космополитен” журналында жарнама көптеп берiледi. Мұнда жарнама мамандары, астрологтар, психологтар және сексологтар, танысу хаттары, әйелдер үшiн әртүрлi сенiм телефондары қызмет атқарады.


“Космополитен” ағылшын әйелдер журналы барлық басылымдар iшiнде бiрiншi орын алады. Пайда болғаннан бастап “Cosmopolitan” (“Космополитен”) журналының таралымы көп болған. Бұл журнал супермаркет және басқа дүкендер арқылы сатылады. Негiзгi сату орындары: дөңгіршіктер мен басқа сауда нүктелерi.

ХХI ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-та күнделiктi газеттердi сату-сатып алу тұрғысында аса iрi мәмiлелер бекiтумен айшықталады. Осының нәтижесiнде елдiң жетекшi газет компаниялары тiзiмiне көп өзгерiс енiп, ол қайтадан жасалынды. Мәселен, Томсон өзiнiң иелiгiндегi барлық 49 газеттi сатып жiбердi. Ол сондай-ақ Канададағы өзiне тиесiлi газеттерден де (“Глоб энд мейлдан” өзгесiнен) құтылды. Ендi бұл баспа тобы бар күш-қаржысын электрондық бизнеске бағыттамақ. Оның 22 газетiн “Ганнет компани” сатып алды. Өзге қожайындардан тағы да бiрнеше газет сатып алған бұл компания бұрындары да өзiнiң күнделiктi басылымдарының ортақ таралымы жөнiнен лидер саналатын. Ендi ол күнделiктi газеттер саны бойынша да бiрiншi орынға шығып отыр – барлығы 99 күнделiктi газеттердiң ортақ таралымы 6,7 млн. данаға жеттi. Томсонның 17 күнделiктi газетiн АҚШ-тың баспасөз нарығында 1995 жылдан бастап жұмыс iстеп келе жатқан “Коммьюнити ньюспейперс холлдингс ИНК” сатып алды. Бұл компания Алабама штатындағы Бирменгемде орналасқан. Иелiгiнде 96 күнделiктi газет, осының сыртында тағы 200 ұсақ газеттер бар. Ол ендi АҚШ-тағы жетекшi газет компаниялары тiзiмiнде Томсонның орнын басты.

“Нью-Йорк Таймс Компани” жетi ұсақ газеттi, төрт күнделiктi және үш күнделiктi емес басылымдарды сатып жiбердi. Бұл басылымдар Флорида, Калифорния, Луизиана штаттарында таралады. Ендi бұл компания иелiгiнде тек iрi газеттерден (“Нью-Йорк таймс” пен “Бостон Глоб”-тан) өзге 14 жергiлiктi iрi басылымдар ғана қалды. Наурыз айында “Трибюн компаниге” “Таймс Миррор Компанидiң” қосылатындығы хабарланды. Бұл бағасы жөнiнен (18 млрд. долл) АҚШ-тағы, тiптi газет индустриясында “жыл мәмiлесi” деген атқа лайық. Осының нәтижесiнде, он бiр күнделiктi аса iрi газеттерден (“Лос-Анджелес Таймс”, “Чикаго Трибюн”, “Балтимор Сан”, “Ньюсдей”) тұратын мегакорпорация құрылды. Күнделiктi газеттерiнiң ортақ таралымы жөнiнен (3,5 млн.) Ол ендi “Танкет компани” мен “Наит-Гиддерден” кейiнгi үшiншi орынға шығып отыр.


Бiздi Америка газет индустриясының жарнамадан түскен түсiмінiң өсiмi қызықтырары сөзсiз. Барлық БАҚ түрлерi iшiнде жарнамалық табыс жөнiнен газет саласы бiрiншi орынды иеленедi. 1999 жылы АҚШ газеттерi жарнамадан рекордтық табыс тапты – 46.3 млрд. доллар (1998 жылмен салыстырғанда өсiм 5.4 %). Ал 2002 жылғы табыс алдын ала мамандар болжамы бойынша, 59 млрд. долларға жеткен.

Газет iсiнiң сарапшылары күтпеген жаңа тенденция – күнделiктi газеттерiнiң таралымының құлдырауы тоқтап, жыл басында шамалы өсiм байқалған. Америка газет ассоциациясының мәлiметтерiне сәйкес бұл өсiм 0,2 %-ы құраған (ал 1999 жылдан берi олардың ортақ таралымы 0,5 %-ке құлдыраған болатын), яғни бұл 113 мың данаға көбейдi деген сөз. Сөйтiп, АҚШ-тағы күнделiктi баспасөздiң жалпы таралымы қайтадан 59 млн. данадан асқан.



<< предыдущая страница   следующая страница >>