https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 2 3 4 5

Барлығы:

10


5

15

15



2.2. Лекциялық сабақтардың тезисі.

Психологияның ғылым ретіндегі жалпы мән-мағынасы

1- Лекция тақырыбы. Психологияның пәні міндеттері және әдістері.


  1. Психология пәні, міндеттері

  2. Психологияның негізгі әдістері.

  3. Психолгия көп салалы ғылым ретінде.

  4. Психика жайлы түсінік.

  5. Жануарлар психикасының дамуы.

  6. Адам психикасының дамуы.

Психология пәні, міндеттері. “Психология” сөзі нені білдіреді. Психика дегеніміз не. Психикалық құбылыстарға не жатады. Дүниедегі басқа құбылыстардан психикалық құбыфлыстардың айырмашылығы неде. Психикалық құбылыстар қай жерде зерттеледі және адам өмірінің қай жерлерінде бұл білімдер пайдаланылады.Адамдар психика жайлы қандай білімдерді біледі.

Психолгия көп салалы ғылым ретінде. Ғылыми және тұрмыстық психологиялық білімдер. Олардың айрмашылықтары. Ғылыми психологиялық білімдер қайда және қалай пайдаланылады. Психология психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процесстер: танымдық, эмоциялық және ерік-жігерлік. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағыттылығы, интенсивтілігі. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағыттылық, темперамент, қабілеттер, мінез. Психология көп слалалы дамушы ғылым ретінде. Ғылыми және пратикалық психология. Түрлі психологиялық ғылымдардың сипаттамасы.

Психологиядағы зерттеу әдістері. Психологиялық әдістердің негізгі топтары: обьективті және субькетивті. Обьективті әдістер: бақылау, өзін-өзі бақылау, араласа бақылау, сырттай бақылау. Психикалық құбылыстарды сандық бағалаудың субьективті әдістері. Психоолгиялық тесттердің негізі типтері. Проективті тестер мен эксперимент.

Психика жайлы түсінік. Психика жоғары ұйымдасқан материя қасиеті ретінде.Психикалық құбылыстар табиғаты мен механизмдері. Тітіркенгіштік. Сезісталдық пен түйсік, олардың тітіркенгіштікпен салыстырғандағы ерекшеліктері. Мінез-құлық сыртқы орта жағдайлаына бейімделу процессі ретінде. Сана психикалық бейнелеудің ең жоғарғы формасы ретінде. “Мен-концепция” және адамның сыншылдығы, олардың адам мінез-құлқының қалыптасуындағы ролі. Психиканың негізгі функциялары. Сыртқы орта жағдайларына бейімделу- психиканың интегрнативті функциясы. Адам психикасының шығу тегінің жалпы мәселелері.


Жануарлар психикасының дамуы. Жануарлардың инстинктивті жүріс-тұрысы және қарапайым жүріс-тұрыс сатысы. Психиканың қарапайым сенсорлық сатысындағы жануарлардың жүріс-тұрысының қалыптасуындағы сыртқы тітіркендіргіштер қасиеттерінің ролі. Сезімталдық мүшелерінің ддифференццациясы. Жүйке жүйесі және жануарлардың жүріс-тұрысы. И.П.Павовтың шартты және шартсыз рефлекстер жайлы ілімі. Дағдылар сатысы, оның ерекшеліктері. Интеллектуалдық мінез-құлық сатысы. Леонтьв-Фабри концепциялары. П.Шарден идеалистік көз қарасы.

Адам психикасының дамуы. А.Н.Леонтьев пен Б.Г.Ананьеатің жастық кезеңдері. Адам психикасының сатыларының жалпы сипаттамасы: нәресте, ерте сәбилік жас, кеш сәбилік жас, мектепке дейінгі, жеткіншек жас, жастық шақ, акмеололгиялық кезең, герантогенез кезеңі.

Негізгі әдебиеттер: №1-8.

Қосымша әдебиеттер: № 11, 13,18,19,24,25,33,27.


2 - лекция тақырыбы. Адам санасының шығу тегі мен дамуы.


  1. Сана туралы жалпы түсінік.

  2. Саналы әрекеттердің санасыз түрткілері.

  3. “Сана үсті” процесстері.

Сана туралы жалпы түсінік. Сана психикалық бейнелеудің ең жоғары деңгейі және өзін-өзі реттеудің ең жоғарғы деңгейі ретінде. Белсенділік пен интенционалдық – сананың негізіг сипаттамасы. Рефлекия және сананң мотивациялық-құндылыұ сипаты. Адам санасының дамуы мен қалыптасуындағы еңбек ролі. А.Н.Леонтьев концепциясы.

Саналы әрекеттердің санасыз түрткілері. Санасыз механизмдер мен әрекеттер. Санасыз психикалық процесстер мәселесінің жалпы сипаттамалары. Санасыз процесстердің классификациясы. Д.Н.Узнадзенің санасыз ұстанымдар концепциясы. Вегетативтік компоненттердің психологиялық зерттеулер үшін мәнділігі.З.Фрейдтің санасыз процесстерді зерттеуі. Санасыздық теориясы. Ығыстыру және қарсыласу механизмдері. З.Фрейд теориясының невроткалық симптомдарды емдеудегі мәні.

Сана үсті” процесстері. Саналы және сана алды процесстердің арақатынасы. Қабылдау иллюзиясы, ұстанымдар қателігі, фрейдтік феномендер.


Негізгі әдебиеттер: №1-8.

Қосымша әдебиеттер: № 17,18,19,24,25,33,27.


3 - лекция тақырыбы. Іс-әрекетті психологиялық талдау.


  1. Адам іс-әрекетінің жалпы психологиялық сипаттамасы.

  2. Іс-әрекеттің психоолгиялық теориясының негізгі түсініктері.

  3. Тұлға бағыттылығы мен іс-әрекет түсінігі.

Адам іс-әрекетінің жалпы психологиялық сипаттамасы. Іс-әрекет түсінігі. Іс-әрекетті тудырушы себептер. Іс-әрекет мақсаты. Іс-әрекеттегі ерік пен зейін. Адам іс-әрекетінің ерекшелігі мен атрибуты. Адам іс-әрекетінің түрлері. Іс-әрекет және адамның дамуы.

Іс-әрекеттің психологиялық теориясының негізгі түсініктері. Кеңестік психологтардың еңбектеріндегі іс-әрекет мәселесі. Іс-әрекет құрылымы. Әрекет іс-әрекеттің орталық компоненті ретінде. әрекеттің негізгі сипаттамалары. Іс-әрекеттің психологиялық теориялапрының негізгі заңдылықтары. Іс-әрекет шарттары. Опеарция жайлы түсінік. Автоматты әрекеттет мен дағдылар. Іс-әрекеттің физиологиялық функциялары.

Тұлға бағыттылығы мен іс-әрекет түсінігі. Бағыттылықтың негізгі формалары: әуестік, қалау, ұмтылыс, қызығу, идеалдар, иланымдар. Адам іс-әрекетінің мотивациясы мәселесі. Қажеттіліктер жайлы түсінік. Іс-әрекет мақсаты. Адамның мотивациялық сферасының негізгі сипаттамалары: кеңдігі, икемділігі, иерархиалануы. Мотив жайлы түсінік.

Негізгі әдебиеттер: №1-8.

Қосымша әдебиеттер: № 17,18,19,24,25,33,27.

4-лекция тақырыбы. Мотивация.

  1. Адам іс-әрекетінің мотивациясы мәселесі.

  2. Мотивтендірілген мінез-құлық тұлға мінездемесі ретінде

  3. Мотвациялық сфера дамуының негізгі заңдылықтары.

Адам іс-әрекетінің мотивациясы мәселесі. Бағыттылықтың негізгі формалары: әуестік, қалау, ұмтылыс, қызығу, идеалдар, иланымдар. Адам іс-әрекетінің мотивациясы мәселесі. Қажеттіліктер жайлы түсінік. Іс-әрекет мақсаты. Адамның мотивациялық сферасының негізгі сипаттамалары: кеңдігі, икемділігі, иерархиалануы. Мотив жайлы түсінік.


Мотивтендірілген мінез-құлық тұлға мінездемесі ретінде. Табысқа жету және қашқақтау мотивациясы. Тартылу деңгейі және өзін-өзі бағалалу. Аффиляция және билік мотивациясының көріну ерекшеліктері. Терістеу мотивациясы. Просоциалды мінехз-құлық. Агрессия және агрессиялық мотиві. А.Бандура бойынша агрессивті мінез-құлық типтері. Агрессияға деген тенденция және агррессияны басу тенденциясы.

Мотвациялық сфера дамуының негізгі заңдылықтары. А.Н.Леонтьев бойынша мотивтердің даму механизмдері. Балалардағы мотивациялық сфераның қалыптасуының негізігі сатылары. Балалрадың алғашқы қызығуларының ерекшеліктері. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардағы мотивациялық сфераның қалыптасуының еркшеліктері. Мотивациялық сфера қалыптасуындағы ойынның ролі.

Негізгі әдебиеттер: №1-8.

Қосымша әдебиеттер: № 17,18,19,24,25,33,27.


5-лекция тақырыбы. Эмоциялар.


  1. Эмоция түрлері және олардың жалпы сипаттамасы.

  2. Эмоциялардың дамуы және олардың адам өміріндегі мәні.

  3. Эмоционалдық стресс түсінігі.

  4. Эмоциялық күйді реттеу.

Эмоция түрлері және олардың жалпы сипаттамасы. Түйсіктердің сезімдік астары. “сезім” және “эмоция” түсініктерінің арақатынасы. Эмоциялардың негізгі сипаттамалары. Эмоциялардың негізгі түрлері. Эмоция классификациялары. Эмоциялардың амбиваленттілігі. Жоғарғы сезісдер. Көңіл-күйдің негісгі сипаттамалары.

Эмоциялардың дамуы және олардың адам өміріндегі мәні. Органикалық қажеттліліктер балалардағы алғашқы эмоциналдық көрінулерді тудырушы ретінде. Жағымды және теріс эмоциялар қалыптасуына ықпал етуші факторлар. Фрустрация эмоция қалыптасу механизмі ретінде. Балаларда эмоциялар мен эмоциялық күйлердің қалыптасуындағы ересек адамдардың ролі. Жоғары сезімдердің қалыптасу заңдылықтары. Мінез-құлықты реттеудегі эмоция ролі. Эмоциялардың негізгі функциялары. Эмоционалдық көрінулердегі даралық айырмашылықтар.


Эмоционалдық стресс түсінігі. Стресс организмнің өзгеше реакциясы ретінде. Г.Селье бойынша стресстің негізгі сатылары. Психикалық стресс классификациясы. Ақпараттық стресс пайда болу шарттары. Эмоционалдық стресстің көріну ерекшеліктері. Үрейлер классификациясы. Стресс көрінуі және даралық ерекшеліктері.

Эмоциялық күйді реттеу. Ф.Б.Березин бойынша психикалық күйлерді реттеу механизмдері. Психологиялық қорғаныс классификациясы. Психологиялық қоғаныс функциялары. Стресстік күйдің қалыптасуындағы фрустрацияның ролі. Қажеттіліктер және олардың стресс дамуындағы ролі. Интрапсихикалық қақтығыс. Қақтығыс түрлері. Қақтығыстың алдын алу. Қақатығыс шешу жолдары.

Негізгі әдебиеттер: №1-8.

Қосымша әдебиеттер: № 11,16,17,18,19,24,25,33,27,20,21,26.

Таным процесстерінің психологиясы.

6-лекция тақырыбы. Түйсік және қабылдау


        1. Түйсік туралы жалпы түсініктер,түйсік түрлері.

        2. Түйсіктің физиологиялық негізі.

        3. Түйсіктің негізгі қасиеттері мен сипаттары.

        4. Қабылдаудың жалпы сипаттамасы.

        5. Қабылдаудың негізігі қасиеттері мен түрлері.

        6. Елес.

Түйсік туралы жалпы түсініктер, түрлері. Таным процесстерінің жалпы адам өміріндегі алатын орны мен атқаратын рөлі. Түйсік заттардың жекеленген қасиеттірінің сезімдік бейнеленуі ретінде. Түісік туралы ілімдер. И.Мюллердің “арнайы энергия” жайлы заңы. Г.Гельмгольцтың “белгілер” концепциясы.. Түйсік адамдардың тарихи даму өнімі ретінде. Түйсіктердің классификациясы жайлы жалпы түсініктер. А.Р. Луриның түйсіктердің жүйелік классификациясы. Интероцептивті, проприоцептивті және экстероцептивті түйсіктер. Контактылы және дистанттылы түйсіктер. Түйсіктердің генетикалық классификациясы: протопатикалық және эпикритикалық түйсіктер. Б.М.Тепловтың түйсіктер классификациясы. Түйсіктердің модальдығы түсінігі. Түйсіктерді модальдығы бойынша классификациялау.


Түйсіктің физиологиялық негізі. Түйсіктің физиологиялық механизмдері. Жүйке жасушаларындағы импульстер қозғалысы. И.П.Павлов теориясы. Анализаторлар, туралы түсінік. Рефлекторлық доға жұмысы.

Түйсіктің негізгі қасиеттері мен сипаттары.Түйсік қасиеттері: сапасы, иньенсивтілігі, ұзақтығы, кеңістіктік локализация. Абсолюттік сезімталдық және айырмашылыққа деген сезімталдық. Түйсіктердің абсолюттік және салыстырмалы табалдырықтары. “Субсенсорлық аймақ” Г.В.Ганушкин. Вебер –Бугер заңы. Вебер –Фехнгердің негізігі психофизиологиялық заңы. Стивенс заңы. Ю.М. Забродинаның жалпылыанған психофизикалық заңы.

Қабылдаудың жалпы сипаттамасы. Қабылдау түсінігі. Түйсік пен қабылдаудың өзара байланысы. Қабылдау заттардың тұтастай бейнеленуі ретінде. Бейнелерді тану теориясы. Фонға байланысты заттарды қабылдау. Қабылдау күрделі перцептивті процесс ретінде.

Қабылдаудың негізігі қасиеттері мен түрлері. Қабылдаудың негізгі қасиеттері: заттылық, тұтастық, құрылымдық, мағыналық, апперцепция, белсенділік. Апперцепция құүбылысы. Қабылдау иллюзиясы жайлы түсінік. Қабылдаудың мәнділігі. Қабылдаудың негізгі классификациясы. Модальдылық бойынша жіктеу. Материяның тіршілік ету формасы бойынша жіктеу: кеңістік, уақыт және қозғалыс.

Елес. Түйсіну мен қабылдау негізіндегі сезімдік бейнеленудің күрделі формасы ретіндегі түсінік. Елес – сезімдік бейне мен абстракты ойлау арасындағы өтпелі кезең. Б.Г.Ананьевтің елес туралы түсінігі.

Негізгі әдебиеттер: №1-8.

Қосымша әдебиеттер: № 10,11,16,17,18,19,24,25,33,27.


7-Лекция тақырыбы. Ойлау және сөйлеу


  1. Ойлау туралы жалпы ұғым, ойлау табиғаты.

  2. Ойлау процессінің сипаттамасы. Ойлаудың негізгі түрлері.

  3. Ойлаудың формалары.

  4. Сөйлеудің жалпы сипаттамасы.

  5. Сөйлеу пайда болуының теоретикалық мәселелері.
  6. Сөйлеудің түрлері


Ойлау табиғаты және негізгі түрлері. Ойлаудың негізгі сипаттамалары. Ойлау және сезіс мүшелері. Ойлаудың әлеуметтік табиғаты. Ойлау және интеллектуалдық процесстердің ассоциатитвті ағымы. Ойлау мен сөйлеудің өзара байланысы. Л.С.Выготский бойынша ойды сөзбен жеткізу процессі. Ойлау ерекшеліктері: ойлаудың проблемалылығы, жалпыламалылығы, жанамалығы.

Ойлау процессінің сипаттамасы. Ойлаудың негізгі түрлері. Ойлау процессінің басталуы. Талдау және саралау (анализ және синтез). Салыстыру. Оцлау процессіндегі топтау және жүйелеу. Жалпылау, абстракциялау және нақтылау сипаттары. Ойлаудың жіктелуі: теоретикалық және практикалық.. Ойлаудың негізігі түрлерінің ерекшеліктері: түсініктік, бейнелік, көркем-бейнелік, көркем-әрекеттік.

Ойлаудың негізгі формалары. Түсінік. Жалпы және жекеленген түсініктер. Түсініктерді игеру процессі. Түсінікті игеруге ықпал ететін факторлар. Саналау және түсіну. Түсіну ерекшеліктері. Ой тұжырымдау ойлаудың ең жоғары формасы ретінде. Ұғым. Пікір.

Сөйлеудің жалпы сипаттамасы. Сөз және тіл. Тіл – белгілер жүйесі. Тілдің лексикалық, грамматикалық және фонетикалық құрамы. Сөз және оның мағынасы. Сөйлеу тілдік қарым-қатынас процессі ретінде. Сөздің эмоциялық-мәнерлік жағы. Сөйлеудің физиологиялық негізі. Сөйлеудің филогенезде дамуы. Сөйлеудің сигнификативтік, жалпылау және коммуникативті қызметі.

Сөйлеудің пайда болуының теоретикалық мәселелері. Сөйлеужің туа берілген және жүре қалыптасқан құрылымдарының ара қатынасы. Үйрену теориясы. Н.Хомскийдің арнайы нышандар теориясы. Ж.Пиаженің когнитивті теориясы. Л.С.Выготсктий теориясы. Ойлау мен сөйлеудің өзара қатынас мәселесі.

Сөйлеудің түрлері. Комплекстік кинестикалық сөйлеу, қол арқылы кинестикалық сөйлеу, дыбыстық сөйлеу және полисемантизм, жазбаша сөз. Іштей сөйлеу: интериоризация және экстериоризация. Адамның сөйлеу қасиеті (көпшілдік, тұйықтық, шешендік, сөзуарлық т.б.)

Негізгі әдебиеттер: №1-8.


Қосымша әдебиеттер: № 16,17,18,19,24,25,33,27.


8-Лекция тақырыбы. Зейін, ес және қиял – танымдық процесстер


  1. Зейін туралы түсінік, Зейіннің психологиялық теориялары.

  2. Зейіннің негізгі түрлері, қасиеттері.

  3. Естің жалпы анықтамасы. Естің негізгі түрлері.

  4. Естің негізгі механизмдері мен процесстері.

  5. Қиялдың жалпы сипаттамасы, психикалық іс-әрекеттегі ролі

  6. Қиял түрлері, даралық ерекшеліктері мен дамуы.

Зейін туралы түсінік. Зейіннің психологиялық теориялары. Зейін психикалық феномен ретінде. Зейіннің негізгі сипаттамалары. Объект және субъект ерекшеліктеріне қатысты сананың шоғырлануы. Зейін және сана. Зейіннің физиологиялық механизмдері мен бағдарлаушы рефлекс. Танымдық процесстер аясындағы зейіннің алар орны. Зейіннің көріну формалары. Н.Н.Лнге бойынша зейін теорияларының жіктелуі. Т.Рибоның зейін теориясы. П.Я.Гальпериннің зейін концепциясы. Д.Н.Узнадзенің ұстаным концепциясы және зейін. Ухтомскийдің доминанттық теориясы. Шерингтонның тізбектелген индукция түсінігі.

Зейіннің негізгі түрлері. Ырықсыз зейін және оны тудырушы факторлар. Ырықты зейін ерекшеліктері. Ырықты зейіннің әлеуметтік факторлары. Ырықтан кейінгі зейін. Үйреншікті зейін түсінігі. Зейін қасиеттерінң ерекшеліктері. Зейін тұрақтылығының психофизиологиялық сипаттамалары және оның негізгі шарттары. Зейін тұрақтылығын зерттеу әдістері. Зейіннің ауспалылығы мен көлемі. Зейін көлемін зерттеу әдістері. Жасанды және шынайы салғырттық.

Естің жалпы анықтамасы. Естің негізгі түрлері. Ес психикалық процесс ретінде. Естің негізгі механизмдері: әсерлену, есте сақтау, тану және қайта жаңғырту. Ес процесстерін зерттеу тарихы. Ассоциация туралы түсініктер. Аристотель еңбектері. Д.Юмның, У.Джемстің, Г.Спенсердің ассоциативті психологиясы. Кеңестік психологтардың еңбектңріндегі ес мәселесі. Ассоциация көріну заңдылықтарын эксперименталыд зерттеу. Г.Эббингауз: оқиғалардың ассоциация үшін маңызы, “шет эффектісі”, ұмыту заңы. Гештальтпсихологиядағы ес мәселесі. Квазиқажеттілік. Бихевиоризм және психоанализ өкілдерінің зерттеулеріндегі ес мәселесі. А.Бине мен К.Бюллердің мағыналық теориясы. П.Жане және Л.С.Выготский еңбектеріндегі естің жоғарғы формаларының қалыптасу мәселесі.


Естің жекеленген түрлерінің жіктелуі: психикалық белсенділік сипаты бойынша, іс-әрекет мақсатының сипаты бойынша, материалды бекіту мен есте сақтау ұзақтығы бойынша. Қозғалыстық ес. Эмоционалдық ес. Бейнелік ес. Сөз-логикалық ес. Ырықты және ырықты ес. Қысқы мерзімді, ұзақ мерзімді және оперативті ес.

Естің негізгі механизмдері мен процесстері. Есте сақтаудың негізгі түрлері: ырықты және ырықсыз. Жаттау. Мнемикалық іс-әрекет жайлы түсінік. Мағыналау және механикалық жаттау. Қайталау әдісі. Есте сақтаудың тұтас, жеке және комбинациялық тәсілдері. Ақпаратты диеамикалық және статикалық сақтау. Әдейі және әдейі емес қайта жаңғырту. Еске түсіру. Танудың қайта жаңғыртудан айырмашылығы. Ұмытудың негізгі формалары. “Ес деңгейлері”. Эббингауздың ұмыту заңы. Ұмыту процессін баяулату әдістері.

Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психикалық іс-әрекеттегі ролі. Қиял елестетулердің түрлену процессі ретінде. Қиялдау процессінің механизмдері. Қиялдауды ңадам өміріндегі ролі. Қиялдауды ңфизиологиялық негіздері. Қиялдың органикалық процесстер және қозғалысты реттеудемен байланысы.

Қиял түрлері, даралық ерекшеліктері мен дамуы. Әдейілік дәрежесі бойынша қиялды классификациялау: ырықты және ырықсыз қиял. Қайта жасаушы қиял. Творчестволық қиял. Арман. Кеңістіктік қиял. Активті және пассивті қиял.

Адамдардың арасныдағы олардың қиял дәрежесі мен елестетулер түрі бойынша айырмашылығы. Қиялдың даму дәрежесі бойынша сипаты. Қиялдың негізгі типтері. Қиялдың даму сатылары. Қиял дамуының даралық айырмашылықтары.

Негізгі әдебиеттер: №1-8.

Қосымша әдебиеттер: № 9,10,16,17,18,19,24,25,33,27.


9-лекция тақырыбы. Темперамент және мінез

1. Темперамент жайлы ілімдерге қысқаша шолу.


  1. Темпераменттің физиологиялық негідері.

  2. Мінез жайлы түсінік.

  3. Мінез қалыптасуы.
  4. Мінез зерттеудегі теоретикалық және эксперименталдық ықпалдар.


Темперамент жайлы ілімдерге қысқаша шолу. Темперамент тұлға қасиеті ретінде. Б.М.Теплов бойынша темперамент анықтамасы. Темпераменттің негізіг типтері: холериктік, сангвиникалық, меланхоликтік, флегматикалық. Темперамент пен қабілет арақатынасы. Гиппократтың темперамент жайлы ілімі. К.Галеннің темперамент типтері. Э.Кречмер типологиясы. У.Шелдонның дене бітімі мен темперамент түрлерін жіктеуі. И.П.Павлов еңбектеріндегі темперамент мәселесі. Б.М.Теплов бойынша темпераменттің негізігі қасиеттері мен олардың көрінуі. В.М.Русаловтың темперамент концепциясы.

Темпераменттің физиологиялық негідері. Жүйке жүйесінің қасиеттері темперамент негіздері ретінде.И.П.Паволв ілімі. Қозу және тежеу күштері, жүйке процесстерінің салмақтылығы мен шапшаңдығы. И.П.Павлов бойынша жүйке жүйесінің типтері. Жүйке жүйесінің қасиеттерін зерттеу.

Мінез жайлы түсінік. Мінез анықтамасы. Мінездің психикалық феномен ретіндегі ерекшелігі. Мінез өмірлік қалыптасу ретінде. Мінез қалыптасу заңдылықтары. Мінез қырлары туралы түсінік. Мінез қырларын жіктеу. Мінездің іс-әрекет арқылы, басқа адамдарға қатынасынан, қызығулары мен эмоционалдық ,ерік арқылы көрінуі. Тұлғаның мотивациялық және интрументалды қырлары.

Мінез зерттеудегі теоретикалық және эксперименталдық ықпалдар. Мінез типологиясы эксперименталды зерттеулер мен теоретикалыө ізденістердің орталық мәселесі ретінде. “Характерологияның” түрлі бағыттары. Мінез акцентуациялары.К.Леонгард және А.Е.Личко концепциялары. Э.Фром бойынша мінез типтерін классификациялау. К.Юнг бойынша мінез классификациялары. Мінез және темпераменттің өзара байланысы.

Мінез қалыптасуы. Мінездің балалық шақта қалыптасу ерекшеліктері. Мінез қалыптасуындағы синзетивті кезең. Мінез қалыптасуындағы ересек адам мен баланың өзара араласу ролі. Мектепке дейінгі және мектептегі жас кезінде мінез қалыптасуының ерекшелігі. Мінездің өмір барысындағы трансформациясы. өзін-өзі тәрбиелеу. Мінез қалыптасуындағы еңбек ролі.


Негізгі әдебиеттер: 1-7, 9-12.

Қосымша әдебиеттер: 16,22.

10-лекция тақырыбы . Қабілеттер мен ерік.


  1. Адам қабілеттерінің жалпы сипаттамасы.

  2. Адам қабілеттерінің табиғаты.

  3. Еріктік іс-әрекеттердіәң жалпы сипаттамасы.

  4. Еріктің негізгі психологиялық теоретиялары.

Адам қабілеттерінің жалпы сипаттамасы. Қабілеттер жайлы түсінік. Б.М.Теплов бойынша қабілеттер анықтамасы. Қабілеттер мен оқыту табыстылығының арақатынасы. Қабілеттер мен адам дамуы. Қабілеттер классификациясы. Жалпы қабілеттер сипаттамасы. Теоретикалық және практикалық қабілеттер. Оқу және творчестволық қабілеттер.

Адам қабілеттерінің табиғаты. Қабілеттің алғашқы теориялары. Френология. Ф.Галлей мен Ф.Гальтонның қабілеттер концепциясы. Қабілеттерді зерттеудегі егіздер әдісі. Қабілеттер дамуныдағы тәрбие ерекшеліктерінің ролі. К.А.Гельвецийдің қабілеттре концепциясы. Адам қабілеттерінің биоәлеуметтік табиғаты.

Еріктік іс-әрекеттердіәң жалпы сипаттамасы. Ерік мінез-құлықты саналы реттеу процессі ретінде. Ерікті және еріксіз қозғалыстар. Ерікті қозғалыстар мен әрекеттердің ерекшеліктері. Ерік іс-әрекеттерінің ерекшеліктері. Еріктік әрекет сипаттмалары. Ерік пен сезім арақатынасы.

Еріктің негізгі психологиялық теоретиялары. Антикалық философтар еңбектеріндегі ерік-жігер мәселесі. Ортағасыр кезеңіндегі ерік-жігер мәселесі. Қайта өрлеу дәуіріндегі “Ерік бостадығы мәселесі”. Экзистенциализм – “тіршілік ету философиясы”. И.П.Павловтың ерік мәселесіне қатысты ықпалы. Бихевиоризм позициясы тұрғысынан еріктің талдауы. Н.А.Бернштейн еңбектеріндегі е,рік концеепцтясы. Еріктің психоаналитикалық концепциясы.

Негізгі әдебиеттер: №1-8.

Қосымша әдебиеттер: № 9,11,16,17,18,19,24,25,33,27.

2.3 Семинар сабақтарының жоспары.

1- семинар. Психиканың эволюциясы және пайда болуы.


  1. Психиканың дүниедегі басқа құбылыстардан айырмашылығы.

  2. Адамдағы жоғары психикалық функцияның дамуы

  3. Жаунарлардың психикасы мен жүріс-тұрысы.

  4. Қарапайым психикалық құбылыстар түсінігі.

  5. Психикалық процесстердің адам миымен байланысы.

Негізгі әдебиеттер: №1-8.

Қосымша әдебиеттер: № 9,11,17,18,19,24,25,33,27.

2--семинар. Адам аралық қарым-қатынастар психологиясы.

  1. Қарым-қатынас анықтамасы, оның мазмұны, мақсаты мен құралдары.

  2. Адамзат қарым-қатынасының түрлері.

  3. Қарым-қатынас және адамның тұлғалық дамуы.

  4. Қарым-қатынас техникалары мен тәсілдері.

  5. Қарым-қатынас тәсілдерінің жастық және кәсіби ерекшеліктері.

Негізгі әдебиеттер: №1-8

Қосымша әдебиеттер: № 17,18,19,24,25,33,27,16.


3-семинар Таным процесстерінің психологиясы.

  1. Қабылдаудың түрлері,

  2. Елес жайлы түсінік.

  3. Ойлау түрлері және олардың айрмашылықтары.

  4. Ойлау және сөйлеу.

  5. Зейіннің негізгі қасиеттері, функциялары мен түрлері.

  6. Қиял анықтамасы және түрлері.

  7. Қиял және шығармашылық

Негізгі әдебиеттер: №1-8.

Қосымша әдебиеттер: № 9,10,12,17,18,19,24,25,33,27.


4-семинар. Тұлға және оның жеке дара өзгешеліктері

  1. Тұлға ұғымы.

  2. Тұлға құрылымы.

  3. Тұлға қалыптасу мен дамуы.

  4. Тұлға теориялары.

Негізгі әдебиеттер: №1-8,12,13,14.

Қосымша әдебиеттер: № 17,18,19,24,25,33,27.


5-семианар. Қабілеттер мен ерік.

  1. Қабілетер, түрлері.

  2. Дарныдылық түсінігі.
  3. Қабілеттер, нышандар және адамдардың индивидуалды айрмашылықтары.


  4. Ерік түсініктері.

  5. Ерік теориялары.

  6. Мінез –құлықты ерік-жігермен реттеу.

Негізгі әдебиеттер: №1-8.

Қосымша әдебиеттер: № 9,11,17,18,19,24,25,33,27.


Әдістемелік нұсқау. Семинар сабақтарына конспект жазылып, ауызша сабақ айтылады. Семинар сабағы барысында жауап беріп үлгермеген студенттің коспектісі тексеріліп, тиісті баға қойылады.

2.4 Лабораториялық сабақтар бағдарламада қарастырылмаған

2.5 СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ШЕГІНДЕГІ САБАҚТАР ЖОСПАРЫ. (СОӨЖ)



<< предыдущая страница   следующая страница >>