https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Ф КГМУ 4/3-19/02


ПП КГМУ 4/02


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Мамандығы «051301- Жалпы медицина»


СИЛЛАБУС


ЭЛЛЕКТИВТІ ПӘН

«Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия»

051301 «Жалпы медицина» мамандығы үшін


Оқу сағатының көлемі _135

Курсы 5 _

Семестр 9 – 10


Қарағанды 2011 ж.

Силлабус кафедраның мәжілісінде қаралып бекітілді

«_____» ____________ 20 __ ж. № ___Хаттама

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.к.: Н.Н.Наурызов


Бағдарлама факультеттің Әдістемелік советінде талқыланған:

«_____» ____________ 20 __ ж. № ___Хаттама

Төрағасы: Қ.Қ.Толеубеков



  • Оқытушылар туралы мағұлмат: тізімі, дәрежесі және лауазымы, ғылыми қызығылушылығы, жетістіктері ж.т.б.

1. Анатомия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к.: Наурызов Нұрлан Нигметович,

педагогикалық стажы – 19 жыл.

Ғылыми қызығылушығы: «морфология»

Ғылыми жетекшісі: госп.хирургия каф. меңгерушісі, м.ғ.д.,проф. Н.Р.Рахметов.

Дәрісті қазақ және орыс тілдерінде оқиды. Қазақ және орыс тілдерінде тәжірибелік

сабақ өткізеді.

2. Аға оқытушы Қайырбекова Қарлығаш Қайырбековна, стаж – 17 жыл.

Ғылыми қызығылушығы: «морфология»

Ғылыми мектеп: ҚММУ-нің анатомия кафедрасының ізденушісі.

Ғылыми жетекшісі: гистология курсының меңгерушісі, м.ғ.д.,проф.А.В.Куркин.

«Цитологическое исследование митогенного и мутагенного эффектов СВЧ –

излучения на клетки паренхимы печени» тақырыбында жұмыс істеуде.

Дәрісті қазақ тілінде оқиды. Қазақ және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ өткізеді.

3. Аға оқытушы Копобаев Фазыл Кауанович, педагогикалық стажы – 18 жыл.

ағылшын және орыс тілдерінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақ өткізеді.

4. Оқытушы Жұмабекова Аманжан Мухамеджановна, педагогикалық стаж 41 жыл.. Қазақ

және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ өткізеді.



  • Байланыс ақпараты: кафедра орналасқан жері –Алалыкина – 7, 2 корпус,56-14-84(105), оқу бөлме №13.




  • Пәннің саясаты: клиникалық анатомиясы мен оперативтік хирургия пәннің барлық тараулар бойыншы оқытылады, дағдыларды оқу кезінде кестелер, мүсіндер, планшеттер, анатомиялық препараттар қолданылады, кейбір сұрақтар тәжірибелік сабақта тереңдетіліп оқытылады; пән бойынша жіберілген тәжірибелік сабақтар өтеледі: сабақты себепсіз жіберсе компьютерлік орталықта өтейді, себепті –ауызша өтеледі.


Кіріспе

Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия біріктірілген пән ретінде дәрігерлерді даярлау жүйесінде өте маңызды роль атқарады. Топографиялық немесе қолданбалы анатомия медициналық практика сұраныстарын ескере отырып адам денесінің құрлысын оқытады. Қолданбалы анатомияның тәжірибелік медицинамен байланысы бар екендігі анықталды. Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия пәнінен алған білім диагнозды дұрыс қою үшін және рационалді емдеу әдісін таңдаудың негізі болады. Топографиялық анатомияны оқудың негізгі әдісі қабат-қабатымен шектелген препаровка жасау болып табылады. Ол белгілі аймаққа хирургиялық операция жасау кезінде қолданылады: операция жасап жатқан кезде қабаттарын көрсетудің бірден бір көрсеткіші болып табылады.

Нақты клиникалық есептерге байланысты әртүрлі бағытта оқытылуы мүмкін, сондықтан оның әртүрлі түрлері бар: топографиялық анатомия, хирургиялық анатомия, рельефтік анатомия, нысаналау анатомиясы, кескінді анатомия, типтік анатомия, жасқа байланысты анатомия және басқалар. Сондықтан қазіргі кездегі топографиялық анатомия көп компонентті пән, өзіне бірнеше анатомия түрлерін біріктіре отырып жалпы бір практикалық медицинамен тығыз байланыста болады және қолданбалы сипатта біріктіріледі.


Дәрігерді даярлау жүйесінде топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия пәнінің маңызы өте зор, өйткені жоғарғы оқу орнында теориялық дайындықта алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануына негіз болады және патологиялық үрдістердің дамуы жағдайын түсінуге көмектеседі, терапиялық және хирургиялық рационалді әдістерді анықтау үшін мүмкіндік туады.

Бұл бағдарлама медициналық жоғарғы оқу орындарының «Жалпы медицина» мамандығы үшін даярланған.

Пәннің мақсаты: студенттер теориялық дайындықта алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануына негіз болады және патологиялық үрдістердің дамуы жағдайын түсінуге көмектеседі, терапиялық және хирургиялық рационалді әдістерді анықтау үшін мүмкіндік туады.

Оқытудың міндеттері: әр бір аймақтың қабаттарының топографиясын голотопиясы, скелетопиясы және синтопиясымен бірге оқытады, оның клиникада тәжірибелік(қолданбалы) маңызы бар және хирург операция жасау үшін белгілі аймақ мүшелері және ұлпалары туралы толық мағұлмат білуі тиіс.


Оқытудың соңғы нәтижелері:


Студент білуге тиісті:

- қол мен аяқтың топографиялық анатомиясын, тірек-қимыл аппаратына, нервтерге, тамырларға және жұмсақ ұлпалараға жасалатын негізгі операцияларды анатомо-физиологиялық негіздеуді;

- бас пен мойынның топографиялық анатомиясын,бастың ми және бет бөліктеріне және мойын мүшелерімен тамыр-нерв құрылымдарына жаслатын негізгі операцияларды анатомо-физиологиялық негіздеуді;

- кеуде мен құрсақтың топографиялық анатомиясы, кеуде мен құрсақ қабырғасына және кеуде мен құрсақ қуысы мүшелеріне жаслатын негізгі операцияларды анатомо-физиологиялық негіздеуді;

- бел аймағының, іш перде артындағы кеңістіктің және кіші жамбастың топографиялық анатомиясы және бүйрекке, несеп ағарға, қуыққа және тік ішекке жаслатын негізгі операцияларды анатомо-физиологиялық негіздеуді.

Студент істей алуға тиісті:


  • қол мен аяқтың жұмсақ ұлпаларын қабат-қабатымен ажырату мен біріктіру әдістерін

және ірі қан тамырларға жетуді мен байлауды және қол бас мен саусақтардың іріңді үрдістері кезіндегі тіліктерді жасауды, буынға, плевра, құрсақ қуысына, қуыққа пункция жасауды;

  • трахеотомия жасауды, сыртқы ұйқы артерияға жетуді және байлау әдісін,

вагосимпатикалық блокада жасауды;- хирургиялық өңдеуді жасауды және ашық пневмоторокс кезінде жай тігіспен тігу әдісін;

  • кіндік және шап жарықтары кезіндегі өте кең тараған жарыққа жасалатын

операция әдісін орындауды;

  • лапаротомия жасауды, құрсақ қуысын тексеруді және құрсақ қуысының қуысты

мүшелерінің жарақатын тігуді, Витцель бойынша гастростомияны, ащу ішекті «бүйірін бүйіріне» анастомоз жасай отырып алып тастауды, құрт тәрізді өсіндіге жетіп және аппендэктомия жасауды, қуыққа шат аймағынан жетіп кесуді және пункция жасауды, паранефралді блокада жасауды.


Студент дағдыларды меңгеруге тиісті:

  • трахеотомия, вагосимпатикалық және паранефралді блокадалар;

  • ірі қан тамырларға жетуді мен байлауды және қол бас мен саусақтардың іріңді үрдістері

кезіндегі тіліктерді жасауды, буынға, плевра, құрсақ қуысына, қуыққа пункция жасауды;

  • сыртқы ұйқы артерияға жетуді және байлау әдісін;

  • хирургиялық өңдеуді жасауды және ашық пневмоторокс кезінде жай тігіспен тігу әдісін;


Студент сұрақ қоюда білікті болуы қажет:

  • құрсақтың алдыңғы қабырғасының, құрсақ қуысының, іш перде артындағы

кеңістіктің, кіші жамбастың және урогениталді аймақтың топографиялық анатомиясының негізін.


Пререквизиты: Анатомия-1, Анатомия-2, Жалпы хирургия,

Постреквизиты: Хирургиялық аурулар, Акушерлік және гинекология.



Пәннің қысқа мазмұны:

Топографиялық анатомия адам денесінің әр бір аймағының топографиясын және аймақтардағы мүшелер мен ұлпалардың қарым-қатынасын, олардың басқа мүшелермен және ұлпалармен, көрші аймақтармен анатомиялық байланысын оқытады. Топографиялық анатомия - бұл барлық клиникалық пәндерге және кез-келген дәрігер мамандықтары үшін қосымша ғылым болып табылады. Әр бір аймақ топографиясының голотопиясын, скелетотопиясын және синтопиясын оқып білудің клиникада тәжірибелік маңызы зор, сонымен қатар операция жасаған кезде дәрігер денедегі әр бір аймақтың мүшелері мен ұлпаларын нақты білуге тиіс. Дененің беткейіндегі ішкі мүшелердің кескінін білу «Топографиялық анатомия» пәнін енгізудің бірден-бір мақсаты болып табылады. Сонымен бірге әр бір дәрігер кезек күттірмейтін жағдайларда шұғыл көмек көрсету дағдыларын білуі тиіс(қанды тоқтату, трахеотомия, кеңірдекке интубация жасау ж.т.б.).


Тақырыптық жоспар

Дәрістің тақырыптық жоспары




Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы

1.

Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургияның мақсаты мен міндеттері. Операциялардың түрлері, хирургиялық операция- лардың кезеңдері. Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургияны оқудың әдістері, пәннің тарихы, ғалымдардың ролі.

Шолу дәрісі

1 сағат

2.


Бастың милық және беттік бөліктерінің клиникалық анатомиясы. Басқа жасалатын операциялардың негізгі ережелері.

Мәселелік дәріс

1 сағат


3.


Мойынның топографиялық анатомиясы. Мойын мүшелеріне жасалатын операциялардың негізгі ережелері.

Мәселелік дәріс

1 сағат


4.


Кеуде қабырғасының, сүт безінің, көк еттің, кеуде қуысының, плевраның, өкпенің, алдыңғы және артқы кеуде аралықтың клиникалық анатомиясы.

Мәселелік дәріс

1 сағат

5.

Кеуде клеткасына және кеуде қуысы мүшелеріне жасалатын операциялардың негізгі ережелері.

Мәселелік дәріс

1 сағат

6.


Құрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасының топографиялық анатомиясы. Жарықтар туралы ілім. Құрсақ қабырғасына жасалатын операциялар- дың негізгі ережелері.

Мәселелік дәріс

1 сағат

7.

Құрсақ қуысының жоғарғы қабатындағы мүшелердің топографиялық анатомиясы. Іш перде жолы.

Мәселелік дәріс

1 сағат

8.

Құрсақ қуысының төменгі қабатындағы мүшелерінің топографиялық анатомиясы.

Мәселелік дәріс

1 сағат

9.

Құрсақ қуысының жоғарғы және төменгі қабатындағы мүшелерге жасалатын операциялардың негізгі ережелері.

Мәселелік дәріс


1 сағат

10.


Бел аймағының және іш перде артындағы кеңістіктің топографиялық анатомиясы. Іш перде артындағы кеңістіктегі мүшелерге жету және жасалатын операциялардың негізгі ережелері.

Мәселелік дәріс

1 сағат

11.


Кіші жамбас және оның мүшелерінің топографиялық анатомиясы. Кіші жамбас мүшелеріне жасалатын операциялардың негізгі ережелері.

Мәселелік дәріс

1 сағат

12.

Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы. Қол мен аяқтың шандырлары және клетчаткалық кеңістіктері. Қол мен аяққа жасалатын операциялардың негізгі ережелері.

Мәселелік дәріс

1 сағат




Барлығы




12



Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары



Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

ұзақтығы

1.

Хирургиялық аспаптар. Ұлпаларды ажырату және біріктіру әдістері мен қағидалары. Тігіс материалдары, механикалық тігіс. тігістің түрлері. Қан тоқтату әдістері. Ультрадыбыс және лазерді, біріктіргіш заттарды қолдану.

Тәжірибелік сабақ

6


2.

Бастың топографиялық анатомиясы. Милық бөлік: маңдай-төбе-шүйде, самай және емізікше аймақтары. Бас сүйектің негізі, мидың қабықтары, веналық қойнаулары. Веналық қойнаулар мен ми тамырлары зақымдалған кездегі қанды тоқтату әдістері. Бас сүйекке трепанация және антротомия жасау.

Оқытудың топтық бағдарланған әдісі

(TBL)

6

3.

Бастың бет бөлігінің топографиялық анатомиясы: шықшыт безі-шайнау және ұрт аймақтары, беттің терең аймағы. Беттің клетчаткалық кеңістіктері. Іріңді паротит және беттің флегмонасы кезіндегі тіліктер. Беттің жарақатын АХӨ. Маңдай және гайморов қуыстарын ашу.

Тәжірибелік сабақ

6


4.

Мойынның топографиялық анатомиясы. Аймақтарға бөлінуі. Мойынның шандырлары және шандыр аралық клетчаткалық кеңістіктер. Мойынның негізгі тамыр-нерв шоғырының топографиясы.

Тәжірибелік сабақ

6

5.

Мойынға жасалатын операциялар. Трахеотомия, кеңірдектің интубация- сы, Вишневский бойынша вагосимпатикалық блокада. Ұйқы артерясын ашу, мойынның флегмонасы кезіндегі тіліктер (жануарға операция жасау).

Тәжірибелік сабақ

6

6.

Кеуде қабырғасының, қабырға аралықтардың, сүт безінің топографиялық анатомиясы. Өкпенің және плевраның клиникалық анатомиясы. Қабырғаны алып тастау, сүт безіне жасалатын операциялар, плевра қуысын пункциялау және дренаждау. Өкпеге жасалатын операциялар(пульмонэктомия, лобэктомия, сегментэктомия).


Тәжірибелік сабақ

6

7.

Алдыңғы және артқы кеуде аралықтардың топографиялық анатомиясы. Толық бітпеген артериялық (боталлов) өзегін байлау. Перикардтың пункциясы, жүрек жарақатын тігу. Өңешке операция жасау.

Тәжірибелік сабақ

6

8.


Құрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасының топографиялық анатомиясы. Аймақтарға бөлінуі, қабаттарының құрылысы. Лапаротомия, -центез, -скопия. Кіндік және іштің ақ сызығы жарықтарының хирургиялық анатомиясы, жарыққа жасалатын негізгі операциялар. Шап және сан жарықтарының хирургиялық анатомиясы. Шап және сан жарықтарына жасалатын операциялар.

Клиникалық жағдай негізінде оқыту (CBL)

6

9.

Асқазанның, бауырдың, өттің және өт өзегінің, көк бауырдың, ұйқы безінің топографиялық анатомиясы. Ақаулардың дамуы. Өт қабына жасалатын операциялар(холецистотомия, холецистостомия, холецистоэктомия), бауырға тігіс салу.

Оқытудың топтық бағдарланған әдісі

(TBL)

6

10.

Құрсақ қуысының төменгі қабатының топографиялық анатомиясы. Шажырқайлық қойнаулар және бүйір өзектер. Ащы және тоқ ішектер бөліктерінің топографиясы, қанмен қамтамасыз етілуі, иннервациясы және лимфа ағысы, іш пердемен жабылуы. Ақаулары. Ішек тігістері. Ащы ішектің жарақатын тігу, ащы ішекті алып тастау, ішек аралық анастомоздар, аппендэктомия, колостомия (комплексте операция жасау).

Клиникалық жағдай негізінде оқыту (CBL)

6


11.

Асқазанға жасалатын операциялар: алдыңғы және артқы гастроэнтеростомия, асқазанды Бильрот I-II, Гофмейстеру-Финстерер бойыншы алып тастау (комплексте операция жасау). Операциялық блокта жануарға операция жасау (гастроэнтеростомия, ащы ішекті алып тастау).

Тәжірибелік сабақ

6

12.


Бел аймағының және іш перде артындағы кеңістіктің, кіші жамбас қабырғасы мен мүшелерінің топографиялық анатомиясы. Ақаулары. Бүйрекке және несеп ағарға, қуыққа және тік ішекке жасалатын операциялар, паранефральды блокада. Ішкі мықын артерияны байлау.

Тәжірибелік сабақ

6

13.

Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы. Тамыр-нерв шоғырларының, шандырлардың және клетчаткалық кеңістіктердің топографиясы. Қол мен аяққа жасалатын операциялардың негізгі ережелері.

Тәжірибелік сабақ

6




Барлығы:




78


Кеңес беру уақыты: сағат 15 00-тен 17.00 –ге дейін

Кеңес беру аптаның әр бір сәрсенбісінде өткізіледі.

Аралық бақылаудың уақыты: кесте бойынша.


№1 аралық бақылау

Мамандығы

Курс/поток/топ

Пән

Апта/күні

Уақыты


Жалпы медицина

5 курс

Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия










501-507 гр.




9.09.2011 г.

16.30-18.00




519-529 гр.




2.12.2011 гр.

16.30-18.00




530-539 гр.




6.03.2012 г.

16.30-18.00




541-544 гр.




27.04.2012 г.

16.30-18.00


№2 аралық бақылау

Мамандығы

Курс/поток/топ

Пән

Апта/күні

Уақыты

Жалпы медицина

5 курс

Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия








501-507 гр.





20.09.2011 г.

16.30-18.00




519-529 гр.




13.12.2011 гр.

16.30-18.00




530-539 гр.




17.04.2012 г.

16.30-18.00




541-544 гр.




08.05.2012 г.

16.30-18.00


СӨЖ тақырыптық жоспары:



Тақырыптардың атауы

орындалу түрі

ұзақтылығы

1.

Жергілікті жансыздандырудың (инфильтрациялық, футлярлы, өткізгіштік анестезия) түрлері. Мүшелер мен ұлпаларды ауыстырудың жалпы ережелері: трансплантология, теріні бос ауыстыру. Жазықтық бойынша бос кесінділерді орын ауыстыруы, Ю.К.Шимановский, А.А.Лимберг әдістері. Теріні В.П.Филатов бойынша пластика жасау.

Тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттер

мен жұмыс істеу, презентация даярлау

3

2.

Қол басының клиникалық анатомиясы. Қол мен аяқтың шандыр аралық клетчаткалық кеңістіктері бойынша іріңдіктің және гематоманың таралу жолдары.


Тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттер

мен жұмыс істеу, реферат даярлау

3

3.

Буындардың топографиялық анатомиясы: буын саңлауының кескіні, буын қапшығыны және оның әлсіз жерлері, қайырылымы, сөмкелері, қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Буындарға жасалатын операциялар: пункция, артротомия, артродез, артрориз, артропластика, артроскопия, эндопротездеу.

Тақырыпты өз бетімен оқу, проект әдісі

3

4.

Ауыз аймағының топографиясы. Аңқа. Пирогова-Вальдейер лимфатикалық сақинасы. Ауыз қуысының түбі: бұлшық еттері, шандырлары, клетчаткалық кеңістіктері, ауыз қуысынан қабыну үрдістерінің таралу жолдары.

Тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттер

мен жұмыс істеу, презентация даярлау

3

5.

Мұрын аймағының топографиясы. Мұрын маңы қойнаулары. Іріңді-қабынулы үрдістері кезінде жаслатын операциялардың ережелері.

Тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттер

мен жұмыс істеу, реферат даярлау

3

6.

Сатылы-омыртқалы үшбұрыштың топографиясы. Қабаттары, шекаралары, бұғана асты артериясы және оның тармақтары, көк ет нерві. Симпатикалық бағананың ортаңғы және мойын-кеуделік (жұлдызшалы) түйіндері, бұғана асты ілмектері.

Тақырыпты өз бетімен оқу, проект әдісі

3

7.

Жоғарғы ерін мен қатты таңдайдың туа болған ақауларының хирургиялық анатомиясы. Бет ақауларына жасалатын операциялар.


Тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттер

мен жұмыс істеу, презентация даярлау

3

8.

Көк еттің топографиясы, өңеш маңы және төс маңы жарықтардың клиникалық анатомиясы. Жасалатын операциялардың ережелері.

Тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттер

мен жұмыс істеу, реферат даярлау

3

9.

Кардиолизис. Жүрек қуыстарын зондтау туралы түсінік, экстракорпоральды қан айналымның тәсілі.

Тақырыпты өз бетімен оқу, проект әдісі

3

10.


Жатыр және оның құрылымдарының топографиялық анатомиясы. Жатырды бекітетін апппарат( кардиналді, сегізкөз-жатыр және шат-жатыр байламдар). Жатырды іліп қойатын аппарат-жалпақ және жұмыр байламдар.

Тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттер

мен жұмыс істеу, презентация даярлау

3

11.

Шат аралықтың топографиясы. Үшбұрыштарға бөлінуі:анальды және несеп-жыныстық.

Тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттер

мен жұмыс істеу, реферат даярлау

3

12.

Перитонит, диагностикасы, емі.

Тақырыпты өз бетімен оқу, проект әдісі

3

13.

Омыртқаның топографиялық анатомиясы. Бөліктері, сыртқы нысаналары. Қабаттары. Омыртқа өзегі және оның құрылымы.

Тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттер

мен жұмыс істеу, презентация даярлау


3

14.

Омыртқа мен жұлынның туа біткен ақауларының клиникалық анатомиясы (spina bifida, жұлын-ми жарықтары).

Тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттер

мен жұмыс істеу, реферат даярлау

3

15.

Омыртқаға жасалатын операциялардың анатомо-физиологиялық негіздеу. Хирургиялық аспаптар. Белдік пункцияның тәсілі. Жұлын-ми жарықтары кезінде жасалатын операциялар.

Тақырыпты өз бетімен оқу, проект әдісі

3




Барлығы




45




  • Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру және орындау графигі:

Апта

2, 13,22,

32,35

2, 13, 22, 32

2, 13, 22, 32, 35

2, 13, 22, 32, 35

2, 13, 22, 32, 35

2, 13, 22, 32, 35

2, 13, 22, 32, 35

3, 14, 23,

33,

36

3, 14,

23,

33, 36

3, 14,

23, 33, 36


3, 14, 23, 33, 36

3, 14, 23, 33, 36

3, 14, 23, 33, 36

3, 14, 23, 33, 36

3, 14, 23, 33, 36

СӨЖ тақырыбының№

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15



Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • Дәрістер: мәселелік

Тәжірибелік сабақтар: ауызша сұрақ, белсенді оқыту түрі бойынша, тестілеу, тәжірибелік сабақтың кейбір сұрақтарын тереңдетіп оқыту, кез-келген туындаған сұрақтар бойынша мұғаліммен кеңесу, анатомиялық препараттарды, муляждарды және планшеттерді қолдана отырып дағдыларды үйрету; жағдайлық есептерді шешу, кері байланыс, оқу фильмдері мен слайдтарды көрсету, оқытудың топтық бағдарланған әдісі

(TBL) .

Студенттердің өзіндік жұмысы: Тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттермен жұмыс істеу,презентация даярлау, тақырыпты өз бетімен оқу, әдебиеттермен жұмыс істеу, реферат даярлау, тақырыпты өз бетімен оқу, проект әдісі.

Білім алушылардың білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:
  • Ағымдық бақылау: жағдайлық есептерді шешу, мәйітте немесе анатомиялық препараттарды көрсете отырып ауызша сұрау, дағдыларды муляждарды, ылғалды препараттарды, планшеттерді, , РВL – жобалау бағытымен оқыту қолдана отырып уйрету.


  • Қорытынды бақылау: емтихан – билет бойынша ауызша.




  • Құралдар мен жабдықтар:

Құралдар: Презентация түріндегі шолу дәрісі. Арнайы мәйіттерге арналған секция үстелдерi, бөлiмдер бойынша препараттар,секционды және хирургиялық құрал-сайманның жиындар, барлық дәрiсханаларды сорма желдету.

Жабдықтар қаңқалар, кестелер, муляждар, электронды кітаптар, тесттік және есептік жинақтардың жиынтығы, бейнефильмдер, кинофильмдер, бүтін жамбас,жамбастың жекелеген сүйектері; ылғалды препараттар: жамбас, буындар, мүшелер кешені; бұлшықеттік мәйіт; тамырлы-нервті мәйіт; жарылған мәйіт; кестелер, муляждар және жүйелер бойынша планшеттер; мұражай препараттары. компьютерлер.


Ұсынылған әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі:

1. А. В. Николаев, Топографическая анатомия и оперативная хирургия: учебник, 2-х том.

2. А. А. Воробьев, Клиническая анатомия и оперативная хирургия головы и шеи: учеб.

пособие, 2008.

3. С. В. Чемезов., И. И. Каган, Топографическая анатомия и оперативная хирургия:

учебник, 2009.

Қосымша:

1. И. А. Баландина, Топографическая анатомия детского возраста: учеб. пособие, 2007.

2. Гайворонский И. В.,Нормальная анатомия человека: учебник, 2-х том, 2007.

3. Неттер, Френк , Атлас анатомии человека, - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007.

4. К.К.Капенова, Ф.К. Копобаев,К.К.Кайырбекова Курс лекций по топографической

анатомии и оперативной хирургии: Учеб. Пособие, 2005 г.

5. Островерхов Г.В., Бомаш Ю.М., Лубоцкий Д.Н. Оперативная хирургия и топографическая

анатомия, Учебник для медвузов, 2005.


Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. А. В. Николаев, Топографическая анатомия и оперативная хирургия: учебник,2-х том.


2009.

2. И. И. Каган, С. В. Чемезов., Топографическая анатомия и оперативная хирургия:

учебник, 2009.


Қосымша:

1. Неттер, Френк , Атлас анатомии человека, - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007.

2. К.К.Капенова, Ф.К. Копобаев, К.К.Кайырбекова, Курс лекций по топографической

анатомии и оперативной хирургии: Учеб. Пособие, 2005 г.

3. Г.Е.Островерхов, Ю.М.Бомаш, Д.Н.Лубоцкий, Оперативная хирургия и

топографическая анатомия: Учебник для медвузов, 2005.

4. К.К.Капенова,Ф.К.Копобаев, Қ.Қ.Қайырбекова, Топографиялық анатомия мен

оперативтік хирургия бойынша дәрістер курсы: Оқу құрал, 2005.

. Білімді бағадау ережесі мен критерийі: әр бір деңгейде білімді бағалау критерийі және шкаласы(ағымды, рубежді, қортынды бағалаулар), сабақтың барлық түрлерін бағалау ережесі(аудиториялық, СӨЖ).


Баға шкаласы**


Таңбалау жүйесі бойынша бағалау

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-


2,67

75-79

С+

2,33

70-74



қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Білім бағасының критерийі

«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады

«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.


«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

* Ескерту: кредит жүйесімен оқыту үшін.

*Ескерту : ҚР МЖМБС негізінде құрастырылған «ҚР білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында білім бағалау және бақылау. Негізгі ережесі».


  • Пән бойынша интеграциялық бағалауды құрастыру және рейтингті санау әдісі

2011 жылғы студенттердің үлгерім бағасының рейтингті жүйесі туралы жағдайды қараңыз.