girniy.ru 1
Конкурс өткізу туралы хабарландыру



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалы, 030006, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ к-сі, 45-үй, анықтама үшін телефондар 8 (713) 2210-747, факс 8 (713) 2210-643, қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.


1. Ф-4 тобы үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақтөбе филиалының қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы (бір бірлік).

Функционалдық міндеттері:

Қаржы нарығы, оның филиалдары, өкілдіктері, микроқаржы ұйымдары субъектілерінің қызметін жоспарлы, жоспардан тыс және құжаттамалық тексеруге қатысады; қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссияларының қызметіне тексерулер жүргізуге қатысады; микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу мен тізілімін жүргізеді; микроқаржы ұйымдарының қаржылық және өзге де есептілігін кейін оларды Ұлттық Банктің Статистика департаментіне беру арқылы жинайды және бақылайды; өз құзыреттілігі шеңберінде қаржы қызметтерін және микроқаржы ұйымдарының қызметтерін беру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында қаржылық қызметтерді және микроқаржы ұйымдарының қызметін тұтынушылар үшін, сондай-ақ осы қызметтерді тұтынушылардың құқықтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға ықпал етеді; мемлекеттік органдармен, қоғамдық және өзге де ұйымдармен қаржылық қызметтерді және микроқаржы ұйымдарының қызметін тұтынушылар мәселелері бойынша өзара іс-әрекет жасайды; бөлім қызметіне қатысты басқа да тапсырмалар мен нұсқауларды орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар:

Білімі – жоғары кәсіби (экономикалық, мамандығы – қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит), осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында немесе Ұлттық Банктің Магистратурасында оқуды аяқтау.


Осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл жұмыс стажы болған кезде құқықтық білімге рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексін (қаржы ұйымдарын қадағалау бөлігінде), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Микроқаржы ұйымдары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікті қамтамасыз ету туралы», «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

2. Ф-5 тобы үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақтөбе филиалының қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің жетекші маманы (бір бірлік).

Функционалдық міндеттері:

Қаржы нарығы, оның филиалдары, өкілдіктері, микроқаржы ұйымдары субъектілерінің қызметін жоспарлы, жоспардан тыс және құжаттамалық тексеруге қатысады; қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссияларының қызметіне тексерулерді жүзеге асыруға қатысады және қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссияларының құрамына кірген жағдайда тиісті функцияларды орындайды; қаржы ұйымдарының қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну мерзімін сақтауын, толықтығын және шынайылығын (сапасын) бақылайды; өз құзыреттілігі шеңберінде қаржы қызметтерін және микроқаржы ұйымдарының қызметтерін беру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; қаржылық қызметтерді және микроқаржы ұйымдарының қызметін тұтынушылардың, сондай-ақ осы қызметтерді тұтынушылардың құқықтары бойынша қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық материалдарды тарату жөніндегі жұмысты жүргізуге ықпал етеді; бөлім қызметіне қатысты басқа да тапсырмалар мен нұсқауларды орындайды.


Конкурсқа қатысушыларға талаптар:

Білімі – жоғары кәсіби (экономикалық, мамандығы – қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит) не жоғары құқықтық білім. Нақты лауазымның тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл болу құптарлық.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексін (қаржы ұйымдарын қадағалау бөлігінде), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Микроқаржы ұйымдары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікті қамтамасыз ету туралы», «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

  1. түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);


  2. Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

  3. Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

  4. білімі туралы құжаттардың нотариат растаған көшірмелері;

  5. Еңбек кодексіне сәйкес нотариат растаған (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін), еңбек қызметін растайтын құжат;

  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 тіркелген) нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама;

  7. 3 х 4 өлшемді 1 (бір) фотография;

  8. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурсқа қатысушылар олардың біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. конкурс өткізу туралы хабарландыру;

  2. конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

  3. құжаттар қабылдау;

  4. конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау;

  5. кандидаттармен әңгімелесу;

  6. конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

  7. кадр резервін қалыптастыру.

Конкурсқа қатысу бойынша шығыстардың (сынақ жүргізілетін және/немесе әңгімелесетін орынға барып қайту жолы, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдарының барлық түрлерінің қызметін пайдалану және басқалары) конкурсқа қатысушылар өз есебінен төлейді.


Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, құжаттарды қабылдауды аяқтаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалында өтеді. Үміткерлермен әңгімелесу уақыты, күні және орны туралы хабарлама электронды пошта және/немесе телефон байланысы құралдары арқылы хабарланады.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

және оның ведомстволарының

қызметшілерін лауазымға тағайындау

және олармен еңбек шартын

тоқтату қағидаларына

2-қосымша


Нысан


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі


ӨТІНІШ


Маған Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына ___________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(лауазымның, бөлімшенің атауы)

орналасу конкурсына қатысуға рұқсат беруді сұраймын.


Берілген құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.


__________________ _______________________________

қолы Тегі мен инициалдары


20___ жылғы «_____» _____________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

және оның ведомстволарының

қызметшілерін лауазымға тағайындау

және олармен еңбек шартын

тоқтату қағидаларына

3-қосымша


Нысан

САУАЛНАМА

(өз қолымен толтырылады)


Тегі ___________________________________________________________________________

Аты ____________________________________________________________________________

Әкесінің аты_____________________________________________________________________


Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан өзгертілгенін көрсетіңіз ____

_______________________________________________________________________________

Азаматтығы ____________________________________________________________________

Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз _____________________________

________________________________________________________________________________

Жеке куәлігінің/паспортының нөмірі және берілген күні _______________________________

Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін _______________________________________________

________________________________________________________________________________

Шетелде оқу не жұмыс істеу

Барған елі _____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Болу уақыты ____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Жұмыс немесе оқу орны __________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз соттың күшіне енгізілген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін __________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік органда лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________

________________________________________________________________________________


Сіз белгіленген мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлерімен жақын туыстық немесе жекжаттық (ата-ана, ерлі-зайыпты, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары, сондай-ақ ерлі зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары және балалары) қатынастарда барсыз ба

________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

20___ жылғы «_____» _________________ _________