https://electroinfo.net

girniy.ru 1


«Turan-junior – 2013»


мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмысқа арналған

XI қалалық конкурс


өткізу тәртібі




Іс-шара

Мерзімі

Қосымша

1.

Конкурстың бірінші мектепішілік кезеңі

18.02 дейін

Өткізу тәртібі білім беру мекемесі директорының бұйрығымен анықталады

2.

Мектеп директорының орынбасарлары мен мұғалімдерге арналған «Біліктілікті оқытудың жетекші әдісі ретінде жобалау қызметі» атты семинарлар (орыс тілінде).

Семинарды Исламгулова С.К. өткізеді.

14.02



11-13 ақпан аралығында мына телефон арқылы жазылуға болады: 3870086. Басталуы 13.30-да.

Семинарға қатысқандарға сертификаттар беріледі.

1 қосымша қар.

Мазмұны: жобалар әдісі туралы (тарихы, типологиясы, күйі, болашағы), жұмысты безендіру және ұғымдық аппараттың жасалуы туралы (тақырыптар, гипотезалар, мақсаты, міндеті және т.б.)

3.

Жобаларды және қосымша құжаттарды қабылдау

25.02–7.03

Мына телефон арқылы: 3870086 техникалық хатшымен алдын ала келісіп алу қажет.



4.

Конкурстың екінші кезеңінің бірінші туры. Ашық түрде қорғауға жобаларды іріктеу

11–20 наурыз

Екінші турға өткен қатысушылар тізімі университет сайтына орналастырылады.

1 қосымша қар.



5.


5.1

Қалалық кезеңнің екінші туры. Ғылыми жобалардың ашық қорғалуы

4–5 сәуір

2, 3, 4, 5 қосымшалардағы түсініктемелер, қосымшалар.

Қорғау графигі университет сайтына орналастырылады 26.03

5.2

5.2.1


5.2.2

5.2.3

Шығармашылық конкурстар

II Фотосуреттер

I Кинофестиваль

I «Жастардың және келешегі барлардың бизнес идеялары» конкурсы


4.04


5.04

5.04

6, 7, 8, 9, 10 қосымшалардағы түсініктемелер, қосымшалар..


Өткізу тәртібі университет сайтына орналастырылады 26.03

5.3


5.3.1


5.3.2


Жоғары сыныптағы оқушылардың қалалық конференциялары:

II «Қазақстан және әлем: тарихы, мәдениеті, аймақтануы» қалалық конференциясы;

I «Қазақстандағы туризм: мүмкіндіктері, мәселелері, даму болашағы» қалалық конференциясы;





11, 12 сәуір


16, 17 сәуір


11 қосымшасындағы түсініктемелер, қосымшалар.


Конференциялардың бағдарламалары университет сайтына орналастырылады 9.04.

6.


6.1


6.2


6.3.

Соңғы іс-шара. Қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

II «Ғылым және мектеп» атты қалалық конференциясы

Фотокөрме

30

апреля

Соңғы іс-шара дәстүр бойынша Алматы қаласы әкімшілігінің акт залында өткізіледі.Конференцияға қатысуға байқауға қатысушылар, мектептік ғылыми қоғамдар, білім беру ұйымдарының жетекшілері және басқа да қызығушылық танытушылар шақырылады.

7.

Жинақты басып шығару және байқау материалдарының жинағын университет сайтына орналастыру

май - июнь

Ғылыми жұмыстың тезистерін жинаққа қосу туралы шешімді ұйымдастыру комитеті қабылдайды. Гран-при, бірінші және екінші орын алған жоба авторлары артықшылыққа ие болады.

1 қосмыша.


Ескерту


  1. Баянаманы, тезисті және СД-ді «Turan-junior» мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмысқа арналған қалалық конкурс туралы Ережеге сәйкес ресімдеңіз.

  2. Жобалардың ғылыми жетекшілеріне арналған семинарға қатысу үшін алдын ала конкурстың техникалық хатшысы Сейткалиева Асель Нсанбековнаға 3870086 телефоны арқылы жазылу қажет.

Қатысушылар тізімі 14 ақпанда сағ. 10.30 университет сайтына орналастырылады. Семинарға қатысушы аты-жөнінінің дұрыс жазылуын мұқият тексеріңіз және қатені тапқан жағдайда жоғарыда көрсетілген телефон бойынша хабарлаңыз, әйтпесе, сертификаттың ресмделуіне қатысты наразылықтар қабылданбайды.


  1. Әсіресе, оқушылар мен ғылыми жетекшілер аты-жөндерінің баяндамада, тезистерде және қосымша құжаттарда дұрыс жазылуын мұқият тексеріңіз.

  2. Екінші турға өткен қатысушылар тізімі сайтқа орналастырылған соң, оқушылар мен ғылыми жетекшілер аты-жөнінің, сонымен қатар баяндама тақырыбының дұрыс жазылуын мұқият тексеріңіз. Қатені тапқан жағдайда Сейткалиева А.Н. хабарлаңыз.

  3. Конкурс нәтижелері сайтқа орналастырылған соң, оқушылар мен ғылыми жетекшілер аты-жөнінің, сонымен қатар баяндама тақырыбының дұрыс жазылуын мұқият тексеріңіз. Қатені тапқан жағдайда Сейткалиева А.Н. хабарлаңыз, әйтпесе, марапаттау құжаттарының ресімделуіне қатысты наразылықтар қабылданбайды.


2 қосымша

2. Ғылыми зерттеудің бағыттары (секциялар)



  1. физика, техника, жер және ғарыш ғылымдары;

  2. математика, информатика;

  3. экономика

  4. құқықтану;

  5. химия, экология

  6. биология, экология;

  7. тарих, мәдениет, аймақтану;

  8. тіл білімі, әдебиет (қазақ, орыс, ағылшын тілдері);

  9. география, өлкетану, туризм;

10) психология;

11) дінтану


3 қосымша


«Тарих, мәдениет, аймақтану» 7-секциясы бойынша қорғау өткізу туралы түсініктеме.

Алғаш рет мектеп оқушылары арасында ең үздік ғылыми жұмысқа арналған қалалық конкурста «Тарих және мәдениет» секциясына «аймақтану» бағыты енгізілді.

Аймақтану (шетелдік аймақтану) казақстандық жоғары білім жүйесінде салыстырмалы түрде жаңа мамандық болып табылады, оның пайда болуы –сән қуалаушылық емес, уақыт талабы. Бұл нақты аймақты, жеке елді немесе елдер тобын кешенді зерттеу қажеттілігімен байланысты. Аймақтанулық білімнің беделдігі барлық – экономикалық, саяси, мәдени, діни, әлеуметтік, демографиялық және т.б. аспектілерді ескере отырып, оқиғалар дамуын талдап болжай алатын мамандар қажеттілігімен түсіндіріледі. Сондықтан аймақтану –еңбек нарығында аса қажетті мамандық. Аймақтанушының ой-өрісі кең болу қажет және оған қоса ол саясат, экономика, халықтың түрлі топ өкілдерінің қарым-қатынасы және түрлі конфессиялар мәселелеріне қатысты кез келген елге тән көптеген өзгешеліктерді білуі қажет.


Бұл мамандық түрлі ғылыми салалар білімін өзінде біріктіруінің арқасында аймақтанушы өзінің кәсіби қабілеттілігін көптеген салаларда пайдалана алады.


4 қосымша


«География, өлкетану, туризм» 9-секциясы бойынша ашық қорғау өткізу туралы түсініктеме.




Алғаш рет мектеп оқушылары арасында ең үздік ғылыми жұмысқа арналған қалалық конкурста «География, өлкетану» секциясына «туризм» бағыты енгізілді.

Бұл мектеп оқушылары арасында туристік қозғалыстың кеңеюіне байланысты. Қаланың бірқатар мектептерінде «Тұран» университетінің оқытушылары мамандандырылған пәндер оқытатын бейіндік сыныптар құрылды.

Туризм – бүкіл әлемдегі даму болашағы өте зор индустрияның бірі. Қазіргі таңда аталмыш саланы дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр, ол келешекте ел қазынасына миллиардтаған теңге әкеледі және, әрине, осы салаға дер кезінде сіңісіп кете алатындарға үлкен ақша бұйырады.

Сондықтан «Туризм» бағыты бойынша жоғары білім алу соңғы жылдары үлкен сұранысқа ие, бұл еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында сәйкесінше факультеттердің пайда болуына себеп болып отыр. Қазақстанда «Туризм» мамандығы алғаш рет «Тұран» университетінде енгізілгенін атап өткен жөн және бұл саладағы жетекші мамандар дәл біздің университетте қызмет атқарады.


5 қосымша


«Дінтану» 11-секциясы бойынша ашық қорғау өткізу туралы түсініктеме.


Алғаш рет мектеп оқушылары арасында ең үздік ғылыми жұмысқа арналған қалалық конкурсына «Дінтану» бағыты енгізілді.

Ұлтаралық шиеленістер, дінаралық және мәдениетаралық диалог жолдарын іздеу қарқыны өскен қазіргі қиын заманымызда дінтану ғана диалогтың орнауына үміт береді. Сондықтан бұл курс орта білім беру мекемелерінің бағдарламаларына енгізілген, ал 2013ж. бастап жоғары оқу орндарына да енгізілді.

Осы жылы конкурста аталмыш ғылымның түрлі аспектілерін зерттейтін жұмыстар болады деп үміттенеміз.



6 қосымша.


Шығармашылық конкурстар


  1. фотосуреттер конкурсы;

  2. кинофестиваль;

  3. «Жастардың және келешегі барлардың бизнес идеялары» конкурсы;

  4. Ең үздік мектептік ғылыми қоғам конкурсы.


7 қосымша


Фотосуреттер конкурсына түсініктеме


Конкурсқа бір тақырып аясына біріктірілген қосымша құжаттармен 10 фотосурет ұсынылады:

  • мектеп өтініші мен жолдама қағазы («Turan-junior» конкурсы туралы Ереже, 1, 2 қосымшаны қар.);

  • әр фотосуретке аннотация – сюжеттің қысқаша мазмұны. Сюжет тақырыпқа сай болуы қажет, эмоциялық әсер тудыруы керек. Фотосуретке аннотациялар кесте түрінде жасалады: фотосурет нөмірі, сюжет атауы, аннотация.

Фотосуреттер ақ-қара және түрлі түсті болуы мүмкін. Өлшем: бес фотосурет 15×20 және бес (автор ойынша ең үздіктері) 20×30 қағаз және электрондық нұсқада (СD).

Фотосуреттің артқы жағында конкурсқа қатысушының фамилиясы, аты, жасы, толтыру күні жазылуы тиіс, фотосурет нөмірі аннотация тізіміне сәйкес көрсетілуі тиіс.

Тақырып таңдауына шектеу жоқ. Ұсынылатын тақырыптар:

  1. «Менің отбасым»;

  2. «Менің мектебім»;

  3. «Жануарлар»;

  4. «Өсімдіктер»;

5) «Менің сүйікті өлкем – менің үйім»;

  1. «Портрет»;

  2. «Қазіргі заман кейіпкері»;

  3. «Экологиялық қауіпсіздік»;

  4. «Салауатты өмір салты»;

10) «Мектеп», басқа да тақырыптар.


8 қосымша

Кинофестивальға түсініктеме



«Turan-junior – 2013» қалалық конкурсы аясында алғаш рет жас кинематогравшылар конкурсы өткізіледі.

Қатысуға 2011 жылдан ерте түсірілмеген кез келген жанрдағы және шығармашылық шешімдегі (ойындық, ойындық емес, ғылыми-танымал кино, бағдарламалар, телесюжеттер) фильмдер жіберіледі. Әр қатысушыдан (шығармашылық топтан немесе жеке автордан) қоымша құжаттамамен бес фильмге дейін қабылданады:


  • мектеп өтініші мен жолдама қағазы («Turan-junior» конкурсы туралы Ереже, 1, 2 қосымшаны қар.);

  • DVD дискіде: AVI, MPEG, FLACH (дискке жазылған) форматындағы фильм;

  • синопсис (фильмнің атауы және қысқаша мазмұны) қағаздық тасымалдауышта.

Фильм ұзақтылығы – 3–10 минут. Аталмыш талапқа сай келмейтін фильмдер катысуға жіберілмейді.

Қатігездікті, зорлықты, азғындықты насихаттайтын жұмыстар қарастырылмайды.

Тақырып таңдауына шектеу жоқ. Ұсынылатын тақырыптар:

:

  1. «Менің отбасым»;

  2. «Менің мектебім»;

  3. «Жануарлар»;

  4. «Өсімдіктер»;

5) «Менің сүйікті өлкем – менің үйім»;

  1. «Портрет»;

  2. «Қазіргі заман кейіпкері»;

  3. «Экологиялық қауіпсіздік»;

  4. «Салауатты өмір салты»;

10) «Мектеп», басқа да тақырыптар.


9 қосымша


«Жастардың және келешегі барлардың бизнес идеялары» конкурсына түсініктеме

«Turan-junior – 2013» қалалық конкурсына алғаш рет «Жастардың және келешегі барлардың бизнес идеялары» конкурсы қосылды. Бастамашы және серіктес ұйымдастырушы «Turan International Business School» (TIBS) жаңа бизнес-мектебі болды.


Кез келген істі ұйымдастыруда ақыл қажет, оқушылардың басында ересектерге қарағанда стереотиптер мен көшірмелер аз болғандықтан, олардың ойына таптырмас идеялар жиірек келеді.

Конкурс шарттары өте жеңіл. Қатысушылардан жаңа, таптырмас бизнес идеяны ойлап табу талап етіледі. Мұнда қатаң шектеулер жоқ. Бұл салымсыз бизнес те, капиталдық салымы бар бизнес те болуы мүмкін (50 000 $ дейін).

Конкурстың басымдыққа ие тілі ағылшын тілі болып табылады. Жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде жазылуы мүмкін, бірақ ағылшын тілінде орындалғаны үшін бонустар қосылады.

Сіздің жұмысыңыз кем дегенде мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:


  • Сіздің бизнесіңіз ен үшін керек?

  • Сіздің бизнесіңіз қандай мәселелерді шешеді?

  • Оның басқа бизнес-идеялардан артықшылығы неде?

  • Табыс қалай түседі?

  • Жобаның негізгі шығындары қандай?

  • Әлеуетті бәсекелестер бар ма?


Ең үлкен көлем – 4 бет (ресімдеу талаптары – «Turan-junior» конкурсы туралы Ережеде).


Басым бағыттар (алайда, сіз бизнестің кез келген басқа саласын таңдауға құқылысыз):

  • IOS (Ipad) және Android (Samsung) жаңа бағдарламаларын (applications) жасау идеялары

  • Франчайзинг қолданысымен байланысты бизнес;

  • Жаңа технологиялармен байланысты бизнес;

  • Біліммен байланысты бизнес.

Конкурстық жұмыстар келесі критерилер бойынша бағаланады:

  • креативтілік – 35%

  • көкейкестілік – 20%

  • құрылым – 35%

  • ағылшын тілі – 10%



Бизнес идеяңыздың сипаттамасын, сонымен қатар мектеп өтініші мен жолдама қағазды («Turan-junior» конкурсы туралы Ереже, 1,2 қосымшалар) мына электрондық мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз: tibs_junior@mail.com


10 қосымша


Ең үздік мектептік ғылыми қоғам конкурсына түсініктеме


Конкурс сырттай өткізіледі. Қатысу үшін turan-junior@mail.ru электрондық мекен-жайына өтініш (кесте) пен мақала (баяндама) жіберу қажет.

Мақалада (баяндамада) мектептік ғылыми қоғамның құрылымы, бағыттары, мазмұны, түрлері мен жұмыстың негізгі нәтижелері айқын көрсетілуі тиіс.

Қорытынды шешім шығару кезінде алуан түрлілік, оқушылардың жобалық жұмысының кеңдігі мен жүйелілігі, нәтижелілігі, сонымен қатар «Turan-junior» конкурсына қатысушылығы (осы саладағы алдыңғы жылдардағы бағыттар және жобалар саны) ескеріледі.

Үздік мақалалар «Шығармашылық педагогика» журналына басылымға шығарылады және Интернетке орналастырылады.


Конкурс қорытындылары бойынша жүлделі орындар және номинациялар беріледі.Жеңімпаздар «Ғылым және мектеп» атты II Қалалық конкурсқа қатысуға мүмкіндік алады. Ғылыми жетекшілер және аталмыш бағытты қадағалайтын білім беру ұйымдарының жетекшілері өз тәжірибесімен бөлісуіне болады.

«Ғылым және мектеп» атты II қалалық конкурсына қатысуға

Өтініш


1.

Фамилиясы, аты, әкесінің аты (толық)




2.

Қызметі




3.

Мекеме атауы (толық атауы)




4.

Ғылыми атағы, Ғылыми дәрежесі




5.

e-mail, телефон




6.

Мекеме мекен-жайы




7.

Мақаланың атауы (баяндаманың)




8.

Тәжірибені көрсету түрі (мақала, конференцияда баяндама оқу және т.б.)





11 қосымша


Жоғары сынып оқушыларының конференциясын өткізуге түсініктеме


Конференциялар ашық қорғау қорытындылары бойынша өткізіледі. 9–11 сынып оқушыларының үздік жеті жобасы Евровидение жүйесі бойынша баяндамаларды балалық қазылар алқасы бағалайтын конференцияға қатысуға жіберіледі.

Әділқазылар ретінде мектептердің 11-сыныптағы 20 оқушыдан шақырылады, олардың жобалары конференцияда көрсетіледі. Барлығы 140 адам. Балалар мектеп қатысушыларынан басқа қатысушылар фамилиясы мен баяндама тақырыбы көрсетілген бюллетеньдер алады. Осылайша, әр баяндамашыға 120 адам дауыс береді.

Балалық қазылар алқасының сайлау қорытындылары конкурс қатысушысының бөлек нәтижесі болып табылады, яғни ашық қорғауда жеңіске жеткен және конференцияға қатысқандар екі сыйлықтан алады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ересек қазылар алқасы (ашық қорғауда) мен балалық қазылар алқасының (конференцияда) ойлары сай келмеуі мүмкін


Конференциялар бөлек қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.


Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары,

«Тұран» университетінің ғылым және аккредитация

жөніндегі проректоры, п.ғ.д, доцент С. К. Исламгулова


Орындаушы:

Сейткалиева Асель Нсанбековна, конкурстың техникалық хатшысы, ғылым және аккредитация жөніндегі проректор көмекшісі.

Телефондар: 3870086, +7 707 8118933; e-mail: [email protected]

050020, Алматы қаласы, Л. Чайкина көш. 12а, «Тұран» университеті, 417 каб..

Университет сайты: http://www.turan.edu.kz