https://electroinfo.net

girniy.ru 1
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ



Мамандығы 051101 «Емдеу ісі», дәрігер – хирургы


Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы





Интерндерге арналған әдістемелік нұсқау


Тақырыбы: Рационалды емдеу принциптері. Науқастың жағдайын анықтау және емдеу мақсаты. Емдеуді қолданудың рационалды саясаты.


Курс: VII


Құрастырушы: Сагадатова Т.К.






Қарағанды 2007 ж.


Тақырыбы: Рационалды емдеу принциптері. Науқастың жағдайын анықтау және емдеу мақсаты. Емдеуді қолданудың рационалды саясаты.


Оқу сағатының мөлшері: 2

Тақырыптың маңыздылығы (оқуға тарту):

Клиникалық фармакология дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздік ерекшеліктерін науқастың патологиялық және физиологиялық жағдайын ескере отырып, фармакотерапияны оптимизациялауды қамтамасыз ететін ғылым. ХХ ғасыр ХХI ғасырға бай ғылыми, фармакологиялық мұра қалдырды. Бірақ, бұл мұраны ұтымды қолдану оңай нәрсе емес. Дәрігер көп дәрілік заттардың ішінен белгілі бір науқастың ауруының этиологиясына, патогенезіне, клиникасына және еміне сай келетін дәрілік затты таңдау қажет. Жаңа фармакологиялық топтарға жататын дәрілік заттар фармакодинамикасымен ұқсас болғанымен фармакокинетика жағынан ерекшеленеді. Сонымен қоса науқастар бір дәрілік затқа әр түрлі реация береді. Студенттер препаратты ұтымды тағайындау үшін фармакотерапияның жалпы принциптерін (стратегиясы мен тактикасын) жете біліп, нақты медициналық білімдерді шеше білуі қажет.

Сабақтың мақсаты: тақырыпты оқып білген соң «дәрігер – хирург» бағыты бойынша оқитын интерн дәрілік заттардың жағымсыз жанама реакцияларын, өзара әсерлесуін, фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының негізгі мәліметтерін қолдана отырып, бақылаулы, жекеленген, тиімді де қауіпсіз фармакотерапияны жүргізу үшін персоналдық дәрілік заттарды және олардың мөлшерлеу тәртібін ұтымды таңдау жүргізуге қабілетті болуы керек.



Дәрігер– интерн білуге тиісті:


  • ұтымды фармакотерапияның принциптері

  • ұтымды фармакотерапияның кезеңдері

Дәрігер-интерн жүргізуге тиісті:

  • жеке дәрілік затты (Ж-дәрілік затты) таңдау әдістемесін

  • белгілі бір клиникалық жағдайдың фармакотерапиясы үшін жеке тізімді (Ж-тізімді) құрастыруды


Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

А) бастапқы білім бойынша: клиникалық тәжірибеде емді негіздеуге және жүргізуге арналған жалпы ыңғайын табу.

Б) қазіргі тақырыптың тақырыбы бойынша:

- ұтымды фармакотерапияның қағидалары;

- ұтымды фармакотерапияның сатылары;

- дәрілік заттарды «орынды тағайындау жүйесі» туралы түсінік;

-фармакотерапияның «тиімділігі», «қауіпсіздгі», «қолайлылығы», «құны» түсініктерінің анықтамасы;

- жеке дәрілік затты (ж-дәрілік затты) таңдау концепциясы және жеке тізімді (ж-тізімді) құрастыру.


Ақпаратты-дидактикалық блок:

Кіріспе

Ұтымды этиотропты немесе патогенетикалық ем үшін дәрілік заттарды таңдау медицинаның ең қиыңды да негізгі мәселелеріне жатады. Фармакотерапия жүргізгенде кездесетін қателіктер дәрі тағайындаған маманның квалификациясымен тәжірибесінің жеткіліксіздігінен ғана емес, сонымен қатар медикаментозды препараттардың шығарылу түрінің көбеюі және ақпарат ағымының аса көп болуына да байланысты. Соңдықтан бұл мәселенің шешілуі үшін әр арнайы аурудың еміне қолданылатын препараттардың тізімін жасап, онымен қоса тізімге препараттардың ең нәтижелі, қауіпсіз және экономикалық тиімді препараттарды кіргізу қажет, бұндай тізім жасау қиын, себебі ұтымды фармакотерапия ағзадағы дәрілік заттардың көптеген фармакодинамикалық, фармакокинетикалық айналым ерекшеліктеріне негізделген. Кейбір жағдайларға байланысты жоғарғы медициналық оқу орындарында дәрілік заттарды тағайындау мәселелеріне жеткіліксіз көңіл бөледі және соған байланысты көптеген дәрігерлер жүргізілген еміне ұтымды фармакотерапияны қолданбайды.


Ұтымды фармакотерапияның сатылары

Ұтымды фармакотерапияға дұрыс икем науқас жағдайын дұрыс бағалаудан (шағымдары, анамнез, субъективті және объективті зерттеу мәліметтері) және нақты диагноз коюға байланысты. Келесі кезең немесе саты ем мақсатын анықтау болып табылады. Мысалы «жедел пневмония, асқынбаған ағымы» диагнозы бар науқас. Ем мақсаты дене қызуды төмендету, жөтел мен тыныс алу уақытындағы кеудесінің ауырсынуын басу емес, оларды тудырған, яғни патогенді микрофлораны басу болып табылады. Осы сәттен бастап оптимальды бактерияға қарсы дәрілік заттарды таңдау басталады, ол төтр критерияға негізделген: нәтижелі, қауіпсіз, колдану ыңгайлығы және бактерияға қарсы дәрілік заттың бағасы. Препарат нәтижелілігін бағалау үшін оның келесі кұрамын ескеру қажет, ол препараттың көрсеткіші мен фармакодинамикасы, оның негізгі фармакокинетикалық параметрлері және ағзаның препаратқа болуы мүмкін тұрақтылық. қауіпсіздігі антибиотиктерді тағайындауға қарсы көрсеткіштер мен жанама әсерлермен анықталады. Қолдану ыңғайлығы препараттың әртүрлі еңгізу жолдарына байланысты, ал бағасы бір реттік немесе курстық мөлшеріне кететін шығынға байланысты. Төрт критерийдің шешілуі ең тиімді ұтымды бактерияға қарсы ДЗ немесе персональді дәрілерді (П) таңдау болып табылады.

Ұтымды фармакотерапияның келесі сатысы емді бастау, құрау, науқасты жасалатын ем мен препарат әсері туралы хабарлау және ем барысын бақылау.

Осылайша, ұтымды фармакотерапияның негізгі сатыларына жатады:


  1. науқас жағдайы мен нақты диагнозын анықтау.

  2. ем мақсатын анықтау.

  3. ұтымды фармакотерапияны таңдау (Ж-дәрігер және Ж-тізімді құрау).

  4. емді бастау.

  5. науқасқа ем туралы хабарлау

  6. ем барысын бақылау.

Ж-дәрілік заттарды таңдау және Ж- тізімді жасау

Ж- дәрілік заттарды таңдау және Ж-тізімді жасау диагнозды қойғаннан және ем мақсатын анықтағаннан кейін бастайды, ол келесі кезеңдерге негізделген:


  • нәтижелі дәрілік зат топтарын таңдау;

  • Ж-тобының дәрілік заттарын таңдау;

  • Ж-дәрілік заттарды таңдау;

  • Ж-дәрілік заттардың дәрілік түрін, мөлшерлеу режимін және енгізу жолын таңдау.

Ж-дәрілік затты таңдау келесі келтірілген диагнозда «жедел пневмония, асқынбаған ағым» қарастырайық.

1 саты: науқас жағдауын анықтау.

Келтірілген диагнозбен мүмкін болатын науқастың шағымдары: шырышты немесе шырышты-іріңді қақырықпен жүретін жөтел, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, кеуде қуысындағы ауырсыну, тершеңдік, әлсіздік.

Анамнезінде – салқын тиген. Науқасты қарағанда: айқын емес синусты тахикардия; зақымдалған өкпе – үрдіске енген бөліктін үстінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, қатқыл тыныс аясында құрғақ және ылғал сырыл, әлсіз дауыс дірілі. Зертханалық – құралды зерттеу мәліметтері: рентгенограммада ошақты инфильтрация немесе ұсақ ошақты диссеминация, өкпе түбірінің кеңеюі; өкпе суретінің күшеюі; жалпы қан анализі – ЭТЖ-ң жоғарлауы, лейкоцитарлы формуланың ығысуы; жалпы зәр анализі – аздаған ақуыздың болуы, эпителиальді торша мен лейкоциттердің болуы. Биохимия ерекшеліксіз.

Диагноз: жедел (орналасуы мен түрі) пневмония, асқынбаған ағым.

2 – саты: ем мақсатын анықтау.

Қойылған диагноздың емі эмпирикалық басталады, себебі ылғида пневмонияның қоздырғышы бактериальды себудің нәтижесіне дейін белгісіз болады. Бірақта, жедел пневмонияны дамытатын қоздырғыштардың түрлері әдебиеттер мәліметтеріне сүйене анықталады. Ең жиі аудуды дамытатын қоздырғыштарға жатады: пневмококк (23-45%), алтын стафилококк (20-31%), пневмониялық клебсиелла (16-21%), А тобының стрептокогі (10-11%), энтерококк (9-15%), staphyiococcus albae (4-12%). Ем мақсаты анықталған - берілген микроағза спектрін басу.

3 – саты: ұтымды фармакотерапияны таңдау.

- Ең нәтижелі дәрілік заттар тобын таңдау. 2 саты барысында анықталған микроағзаларға әсері бар нәтижесі зор антибиотиктер тобын анықтау қажет. Бұл микробтар тобы пенициллиндер, цефалоспориндер, аминогликозидтер, фторхинолондар және басқа топтардың әсер ету спектріне кіретіні белгілі. Енді бір туындайтын сұрақ осы көрсетілген топтардың қайсысы ұтымды антибиотикотерапияда қолдануға жатады.


- П-тобындағы дәрілік заттарды таңдау. П-тобындағы антибиотиктерді таңдау кезеңі препараттардың нәтижелігі, қауіпсіздігі және бағасының критерийлеріне қарай баяндап және коэффициенттерін жүйелендіруден басталады. Топпен бағаланғанда оның қолдану ыңғайлығы есептелмейді, себебі бір топта бір немесе бірнеше еңгізу жолдары болып, бір параметрге келістіре алмайсын. Топтың нәтижелілігі, қауіпсіздігі және бағасы 10 баллды жүйемен есептеледі.


топ

нәтижелілігі

қауіпсіздігі

бағасы

жалпы балл

пенициллин

0,4 (40%)

0,4 (40%)

0,2 (20%)

1,0 (100%)

9 (3,6)

9,5 (3,8)

9 (1,8)

9,2

цефалоспорин

9,5 (3,8)

8,5 (3,0)

7 (1,4)

8,2

фторхинолон

...

...

...

6,0

аминогликозидтер

...

...

...

7,8

Балл бойынша бағалаудың алдында критерийлердің коэффиценттерін қойып шығу керек, ол 100% немесе бірлікпен белгіленеді; мысалы, нәтижелілігі мен қауіпсіздігі бұл жағдайда бағасынан маңызды.


Топты бағалау критерийлері бойынша жүргізіледі; мысалы, пенициллиндердің нәтижелілігі, оның критериінің параметрлерін ескерсе (көрсеткіш, фармакодинамика, кинетика, толеранттылық). Жедел пневмония пенициллиндерді тағайындауға көрсеткіш болып саналады, себебі оның микробқа қарсы әсерінің құрамына бізге белгілі микроағзалар кіреді. Бірақта, алтын стафилококк көп жағдайда спектр құрамына кірмейді, себебі ол үш жағдайда в-лактамазаны түзеді: пирамидалық, плазмидиялық және хромасомалы – бұлар пенициллинді бұзады. Сол себептен 10 балдан мысалы 0,5 балл шегеріп (басқа топтарда да бұндай әсер етпейтін микробтары болса 0,5 балл шегеріледі), аяғында 9,5 балл қалады. Қалған микроағзалар пенициллиннің әсер ету спектріне ерекшеліксіз кіреді. Клебсиелла плазмидияны в-лактамазаны түзеді, бірақ тек табиғи пенициллиндерді бұзады, ал жартылай синтетикалық пенициллиндер белсенді. Фармакодинамикасы жағынан пенициллиндер бактерицидті әсер етеді; микробқа қарсы әсерінің механизмі – эмпирикалық антибиотикотерапияның берілген критерилеріне сай цитоплазматикалық мембраманың синтезін тежейді. Топтың фармакодинамикасын анықтау қиын әрі күрделі, сондықтан, мысалы ортақтанған параметрлер қолданады: әсер ету ұзақтығы (орташа 4-6 сағат), бактерицидті концентрацияға жету уақыты (0,4 – 1 сағат) бір реттік енгізуден кейін, жартылай ыдырау кезеңі (өкпедегі концентрация плазмадағы концентрацияға қарағанда енгізгеннен кейін 30 мин. соң жоғарылайды). Берілген параметрлер пневмония еміне сай келеді. Бұл препараттың бір кемшілігі – тез дамитын тұрақтылық (төзімділік), бұл тағы 0,5 балды шегереді. Нәтижесінде пенициллиннің нәтижелілігі 9 балл, оны приоритет коэффицентіне көбейтеміз (3,6 балл).

Қауіпсіздікті бағалау. Жанама әсерлерінің ең жиі кездесіп әрі ауыр тиетіні – аллергиялық реакциялар (10 – 0,5 = 9,5) 3,8 коэффицентіне көбейтіледі.

Бағасын бағалау. Топтың құнын бағалағанда орташа құнын алады. Мысалы, пенициллиндерде ол 67 теңгеге тең (бензилпенициллин – 38 теңге 1 млн. бірлік, ампициллин – 42 теңге 1,0 г., метициллин – 54 теңге 1 грамм үшін). Бір апта ішінде тәулігіне 4 рет ем ұзақтығына – 1876 теңге кетеді. Бұл сумма Қазақстанда мақұлданған. 1999 (3400) минималды қолданыс корзинасының жарты бағасынан көп, сол үшін бір балл шегеріледі – 9. Нәтижесінде приоритет коэффицентіне көбейткенде 1,8 шығады.


Пенициллинднрдің жалпы баллы 9,2. осындай әдіспен басқа топтарды да бағалауға болады. Мысалы, цефалоспориндер.

Нәтижелілігін бағалау. Алтын стафилококк в-лактамазаны түзіп, цефалоспориндердің в-лактамды сақинаны бұзады – 9,5. Фармакодинамикасы мен фармакокинетикалық параметрлері нәтижелілік критериилеріне сай тұрақтылық болу дамиды, пенициллинге қарағанда нәтижесінде – 3,8 балл.

Қауіпсіздікті бағалау. Аллергиялық реакция (-0,5 балл); нефротоксикалық (-0,5 балл); гепатотоксикалық (-0,5 балл); нәтижесінде – 8.5 (3,2).

Құнын бағалау. Бір реттік мөлшерінің орташа құны – 380 теңге 1 грамм препаратқа. Үш реттік енгізуін ескере отырып курстық құны – 7980 теңге (-3балл). Нәтижесінде – 7,0 (1,4). Басқа топтарды да осы әдіспен бағалағанда, бірінші орында пенициллин тобы, сосын цефалоспориндер, аминогликозидтер, фторхинолондар. Осылайша, П-тобының немесе таңдалғал топ «жедел пневмония, асқынбаған ағым» диагнозына пенициллиндер тобы жатады. Цефалоспориндер мен аминогликозидтер топтарын альтернативті топтарға, ал фторхинолондарды – резервті (қордағы) антибиотиктерге жатқызады.


Ж-дәрілік заттарын таңдау

Ж-тобының анықталғанына қарай пенициллиндер таңдамалы топқа жатады. Бұл топтан берілген диагнозды емдеу үшін П-дәрілік затты таңдау керек. Таңдау алғашқы әдіс сияқты өткізіледі, бірақ оған «қолдану ыңғайлығы» немесе «тиімділігі» деген критериилеріне қосылады. Приоритет коэффиценттері жаңа критерийлерді ескере отырып


препарат

нәтиже

қауіпсіздік

ыңғайлылық

құны

жалпы балл

пенициллин


0,4 (40%)

0,3 (30%)

0,1 (10%)

0,2 (20%)

1,0 (100%)

7,5 (3,0)

9 (2,7)

9,5 (0,95)

9 (1,8)

8,45

ампициллин

8,5 (3,4)

9 (2,7)

9,5 (0,95)

8,5 (1,7)

8,75

Мысалы пенициллин

Нәтижелік бағасы. Алтын стафилококқа (-0,5), энтерококқа (-0,5) әсер етпейді. Төмен биожетімділік (-0,5), тұрақтылықтың тез дамуы (-0,5). Нәтижесінде – 7,5 (9,0).

Қауіпсіздігін бағалау. Аллергиялық реакциялар (-0,5 балл); дисбактериоз (-0,5). Нәтижесі – 9 (2,7).

Қолдану ыңғайлығын бағалау. Пероральды және парентеральды енгізу жолы 4-6 рет (-0,5). Нәтижесі – 9,5 (0,95).

Құнын бағалау. Бір реттік мөлшер – 38 теңге. Курстық – 1064 теңге (-1,0). Нәтижесі – 9 (1,8). Жалпы балл - 8,45.

Ампициллин.

Нәтижелілігін бағалау. Алтын стафилококк (-0,5) әсер етпейді. Төмен биожетімділік (-0,5), тез дамитын тұрақтылықтың (-0,5). Нәтижесі – 8,5 (3,4).

Қауіпсіздігін бағалау. Жанама әсерлеріпенициллиндікіндей – 9 (2,7).

Қолдану ыңғайлығын бағалау. Пероральды және парентеральды енгізу жолы - 9,5 (0,95).

Құнын бағалау. Бір реттік – 42 теңге. Курстық құны – 1174 теңге (-1,5). Нәтижесі – 8,5 (1,7). Жалпы балл - 8,75.

Мысалы, пенициллин тобындағы басқа дәрілердің балдарын санағанда, ампициллин ең жоғарғы сумманы жинады, сосын пенициллин. Ж-дәрі ретінде берілген диагнозда пенициллинді тағайындайды. Пенициллин пенициллин тобындағы резервті (қордағы) препаратқа жатады.


Осылайша, цефалоспориндер, аминогликозидтер, фторхинолондар және т.б. есептейді. Содан кейін ғана «жедел пневмония, асқынбаған ағым» диагнозына П-дәрілік заттар тізімі жасалады. Мысалы, таңдаулы препарат ампициллин, альтернативті - цефамандол және гентаминцин, резерв – ципрофлоксацин. Көңіл аударарлық жағдай бұл П-тізім тек берілген назологияға арналған. Егерде мысалы диагноз «жедел біріккен пневмония», «жедел плевропневмония» немесе аурухана ішілік инфекциямен дамыған пневмония, пневмонияның асқынуы болса жаңадан бұлардың қоздырғышына сай Ж-тобын, Ж-дәріні және Ж-тізімді жасау қажет.

Дәрілік заттың түрін, мөлшерлеу режимін және енгізу жолын таңдау.

Дәрілік заттың түрін таңдау оның нәтижелілігі, қауіпсіздігі, қолдану ыңғайлығы мен П-дәрінің шығарылу түрінің құнына байланысты. Мысалы, ампициллиннің үш шығарылу түрі бар: капсула 0,25; таблетка 0,25 және флаконда 1 гр. Айта кету керек, берілген диагнозда бактерияға қарсы препараттарды ауыз арқылы қолдану тағайындалмайды, егерде олардың бұлшықет ішіне енгізетін түрлері болса.


препарат

нәтижелілігі

қауіпсіздігі

ыңғайлылығы

құны

жалпы балл



капсула 0,25

0,4 (40%)

0,3 (30%)

0,1 (10%)

0,2 (20%)

1,0 (100%)


8 (3,2)


8,5 (2,5)


9 (0,9)

9,5 (1,9)



8,5

таблетка 0,25

8 (3,2)

8,5 (2,5)

9 (0,9)

9,5 (1,9)

8,5

флакон 1 гр

10 (4,0)

9,5 (2,85)

9 (0,9)

9 (1,8)

9,55

Ампициллин капсула 0,25 грамм.

Нәтижелілігін бағалау. Төмен биожетімділік (-0,5), минимальді емдік мөлшер (-0,5), тұрақтылықтың тез дамуы (-0,5), өкпедегі төмен концентрация (-0,5). Нәтижесі – 8 (3,2).

Қауіпсіздігін бағалау. Аллергиялық реакция (-0,5 балл); дисбактериоз (-0,5), бауырдағы метаболизм (50%) (-0,5). Нәтижесі – 8,5 (2,5).

Қолдану ыңғайлығын бағалау. Берілген диагнозда орташа емдік мөлшер 0,5 грамм, сондықтан екі таблетка қолдану қажет (-0,5). Әдетте, берілген диагноз бойынша ампициллинді ауыз арқылы қолданғанда алты рет ішу керек (-0,5). Нәтижесі – 9 (0.9).

Құнын бағалау. Ампициллиннің бір қорабы 0,25 – 10 капсула – 28 теңге. Бір ем курсына 84 капсула қажет - 252 теңге (-0,5). Нәтижесі – 9,5 (1,9). Жалпы балл - 8,5.

Ампициллин таблетка түрінде 0,25 г. капсула түрінднгі ампициллинге сай.

Ампициллин флакондарда 1 грамм.

Нәтижелілігін бағалау. 10 (4,0)

Қауіпсіздігін бағалау. Аллергиялық реакция (-0,5 балл); Нәтижесі – 9,5 (2,85).

Қолдану ыңғайлығын бағалау. Бұлшық ет ішіне инъекциялар тәулігіне төрт рет, сумен араластырады (1,0). Нәтижесі – 9,0 (0.9).

Құнын бағалау. Берілген патологиядағы ұсынылатын емдік мөлшер 0,5 грамм. Бір флакон екі инъекцияға арналған. Тәулігіне 84 теңге. Курсына - 568 теңге (-1,0). Нәтижесі – 9 (1,8). Жалпы балл - 9,55.


Осылайша берілген нозологияда ұсынылатын дәрі: флакондағы ампициллин 1 граммнан, 0,5 мөлшерде тәулігіне 4 рет бұлшық ет ішіне жеті тәулік бойы.

Диагноз: жедел пневмония, сақынбаған ағым. П-тобы: пенициллиндер. П-дәрілік зат – ампициллин. Дәрілік түрі флаконда 1 грамм№ Мөлшері: 0,5 грамм№ Енгізу жолы: бұлшықет ішіне. Енгізу реті: тәулігіне 4 рет. Ем ұзақтығы: 7 тәулік.

4 саты. Емнің басталуы.

Рецепттің құрастырылуына назар аударыңыз:

Науқастың Т.А.Ж.

Жасы:

Күні:

Мекен-жайы:

Recipe: Ampicillini 1,0 in flac.

D.t.d. № 14.

S. по 0,5 г 4 р/тәу. б/і новокаиннің 0,25% ер-де 5,0 флаконда.

Дәрігердің мекен-жайы немесе телефоны.

Қолы.

5 саты. Ақпараттандыру, инструктаж. Студенттердің назарын науқасқа дәрілік заттың қабылдау уақыты туралы дұрыс жеткізе білуіне көңіл аудару. Науқастың келесі қабылдау мерзімін анықтау, мүмкін болатын жанама әсерлерін түсіндіру. Жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда жасалатын әрекет.

6 саты. Ем барысын бақылау.


Сабақтың мазмұны:


  • Білімнің деңгейін бақылау (ауызша сұрастыру)
  • Интерндердің өзіндік жұмысы өз мамандығын ескеріп, ауру тарихының, науқастарды курациялау мәліметтерін қолдана отырып, диагнозға сәйкес тағайындалатын дәрілік заттарды клиникалық-фармакологиялық сараптауға негізделеді .


  • Оқытушымен жұмыс топ ішінде жүргізіледі, сабақтың тақырыбын және CӨЖ нәтижелерін талдау, сонымен қатар сабақтың тақырыбын ескере отырып, клиникалық жағдайлардың дәрі-дәрмектік терапиясын клиникалық-фармакологиялық ретро- және проспективті сараптау түрінде өткізіледі.

  • Білімнің қорытынды деңгейін бақылау: есептер.


Бақылау.

1 есептің үлгісі.

Cаты 1. Науқастың мәселелерін анықтау.

Науқас түскен кездегі шағымдар: шырышты немес шырышты-іріңді қақырықтың бөлінуімен жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, қалтырауға, тыныс алу актісімен байланысты кеуде клеткасындағы ауырсынуға, тершеңдікке, әлсіздікке. Анамнезінде – суық тию. Науқасты қарағанда: шамалы синусты тахикардия; оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің проекциясында – перкуторлы дыбыстың қысқаруы, қатаң тыныстың фонында ылғалды және құрғақ сырылдар, әлсізденген дауыс дірілі. Зертханалық – аспаптық зерттеу мәліметтері: рентгенограммасында өкпе түбірлерінің кеңеюімен және өкпе суретінің күшеюімен оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақтық инфильтрация; жалпы қан анализі – лейкоцитарлы формуланың ығысуымен ЭТЖ жоғарлауы. Диагнозды анықтаңыз.

Саты 2. Емнің мақсатын анықтау.

Бактериалдық себудің қорытындыларына дейін бұл нозологияның қоздырғышы белгісіз болғандықтан, қойылған диагноздың емі эмпирикалық түрде басталады. Диагноздың верификациясы кезінде ем мақсатын және қоздырғыштар шеңберін анықтаңыз.

Саты 3. Ұтымды фармакотерапияны таңдау. Дәрілік заттардың нәтижелі топтарын таңдау. Бұл клиникалық жағдайда эмпирикалық терапия үшін дәрілік заттардың Ж-тобын және Ж-дәрі-дәрмегін анықтаңыз.


2 есептің үлгісі.

Саты 1. Науқастың мәселелерін анықтау.

Науқас түскен кездегі шағымдар: бел аймағында ауырсынуға, жиі және ауырсынатын зәр шығаруға, дене температурасының жоғарлауына, қалтырауға. Анамнезінде – суық тию. Науқасты қарағанда: шамалы синусты тахикардия; көбінесе сол жақтан ұрғылау симптомы оң. Зертханалық – аспаптық зерттеу мәліметтері: жалпы қан анализі – лейкоцитарлы формуланың ығысуымен ЭТЖ жоғарлауы, жалпы зәр анализі – шамалы лейкоцитурия, протеинурия, УДЗ мәліметтері бойынша – нефроптоз, қабыну үрдістерінің белгілері. Диагнозды анықтаңыз.


Саты 2. Емнің мақсатын анықтау.

Бактериалдық себудің қорытындыларына дейін бұл нозологияның қоздырғышы белгісіз болғандықтан, қойылған диагноздың емі эмпирикалық түрде басталады. Диагноздың верификациясы кезінде ем мақсатын және қоздырғыштар шеңберін анықтаңыз.

Саты 3. Ұтымды фармакотерапияны таңдау. Дәрілік заттардың нәтижелі топтарын таңдау. Бұл клиникалық жағдайда эмпирикалық терапия үшін дәрілік заттардың Ж-тобын және Ж-дәрі-дәрмегін анықтаңыз.


Сабақ бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:


  1. Клиническая фармакология: учебник для вузов/ Под ред. В.Г.Кукеса.- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. –640с.

Қосымша:

1. Основы клинической фармакологии и рациональной фармакотерапии / Под общ. ред. Ю.Б.Белоусова, М.В.Леоновой. М.: Бионика, 2002.

2. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине:Пер. с англ./Под ред. Ю.Л.Шевченко, В.И.Кулакова, Р.М.Хаитова.- 2-е изд., испр.- М.:ГЭОТАР-МЕД, 2002.

3. Доказательная медицина. Ежегодный справочник: Пер с англ./ ред. О.Н.Анкудиевой, О.Л.Лобачева, Т.В.Мелешенко, М.Н.Солововой. - М: Медиа Сфера, 2002.

4. Михайлов И.Б. Клиническая фармакология.- СПб.- 1998

5. Окороков А.Н. Лечение болезней внутренних органов. Практ. рук-во в 4т. Мн., Высш.школа,1996.

7. Справочник-путеводитель практикующего врача: Лекарственные средства / Под. ред. Р.В.Петрова, Л.Е.Зиганшиной. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003

8. Федеральное руководство для врачей по использованию лекарственных средств (формулярная система).- Выпуск II. М.: «ЭХО», 2006.