https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Перизат БӨЛЕКОВА,


«Арқа ажары»

Облыс орталығындағы кәсіптік-техникалық училищені балташы мамандығына оқып бітіргеннен кейін өзі тұратын ауданнан инженерлік-құрылыс институтына арнайы келісім-шартпен оқуға аттанады.

Оны бітірген соң, елге қайта келіп, жұмыс істеуге міндеттелген еді. Бірақ, ол оқуды аяқтайтын уақыт Кеңес Одағы тарап, жұрттың абдырап қалған кезі болатын. Сөйтіп, халық күн көру мақсатымен жаппай қалаға қоныс аудара бастаған. Олардың арасында Рамазан да бар еді. Қалаға алабұртқан арман, жастық жалынмен келген жас бірнеше мекемеде қарапайым жұмысшы болып істейді. Алайда, шайлығына жетпейтін айлық, жатақханадағы жалғыз бөлме ол кездегі екі балалы отбасы үшін қиын еді. Осының бәрі жанына батқан отағасы отбасын асырау мақсатында Оңтүстік Кореяны бетке алып, жолға шығады.

Екінің бірі кәсіпкерлікпен айналысатын ол елде Рамазан бір жеке кәсіпкердің фарфор ыдыстар жасайтын зауытына жұмысқа орналасады.

−Әдеттегі жұмыс күнінің бірінде шаруамыздың бәрін бітіргеннен кейін бастығым мені дүкенге жұмсады. Кореяның жері біздегідей жазық дала емес, ойлы-қырлы жер ғой. Мен велосипедпен келе жатып, құлап түстім. Содан не керек, омыртқам түгел зақымданып, екі айдай ауруханада жаттым. Кейін осының салдарынан елге қайтуға тура келді, себебі, жұмысқа жарамсыз едім. Мұнда келген соң Ресейдің Новосибирск қаласында бірнеше рет ота жасаттым. Сол кездерде осы халіме өкініп, дүниеден безіп те кеткім келген. Бірақ, жарымды жесір, балаларымды жетім қалдыру – азаматтығыма сын еді. «Жігітке арман жеткізіп пе еді, өз сорын өзі жеңбесе, Өмірдің барлық сәтсіздіктері, бақытсыздық емес, ендеше!» деп Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай, өз-өзімді қалайда жігерлендіру қажет болды. Кім біледі, маған үнемі қолдау көрсетіп, жанымнан табылған жан жарым Ақтоқты мен қыздарым Айнұр, Әлия, қиын сәтте қолтығымнан демеген ата-анам, жақындарым болмаса, бұл дүниеден бәз кешіп те кетер ме едім.

Бүгінгі тыныш тіршілігімді осы аяулы жандармен ғана байланыстыра аламын. Себебі, есеңгіреп қалғанда, есімді жидырған осылар... Мен арбаға таңылғаннан кейін көп қабатты үйде күн кешу мүлде қиындап, отбасымызбен ауылға көшіп кеттік. «Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді» демей ме, ауылда да қол қусырып, құр жату намысыма тиді. Сөйтіп, үйде отырғанда өзім қолжуғыштың сызбасын сызып, оны балдызымның көмегімен жасап шықтық. Әлгіні көрген көрші әйел қояр да қоймай, «Сатшы, сат» деп жалынып, үйге басқасын жасауға тура келді. Содан, бірінен бірі көрген ауылдастардан тапсырыстар түсе бастады, одан аудан, сосын ақырындап, қаланың нарығына да шықтық. Өзім жасаған әрбір өнім екі негізгі талапқа толық жауап беруі керек деп ойлаймын. Ол − сапа мен баға.


Қазір құдайға шүкір, заманауи құрылыс материалдарын пайдаланып, қолымыздан шыққан өнімдеріміздің сапасын күннен-күнге арттырудамыз. Менің сол жолы
Кореяда жарақат алуым – тәңірдің маңдайыма жазған бір сынағы шығар. Бірақ, ол да маған үлкен сабақ болды. Мұқалып, мүжіліп емес, керісінше, жігерлене, қайраттана түстім. Осылай саудамыз жүре бастағаннан кейін, жатақханадағы бөлмемізді сатып, пәтер алдық, кейін Корея маған алған жарақатым үшін өтемақы төлеп, жеке үйге қолымыз жетті. Қазір үлкен қызым жоғары оқу орнында, ал, кішісі медициналық колледжде оқиды.

Шағын цехым бар. «Адам шебер емес, аспап шебер» дейді ғой, қажетті құрылғысыз кейбір жасаған дүниелерім сапасыз болып шығатын. Жақында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ағаш өңдейтін бірнеше құрылғыны сыйға тартты. Енді біз тігін машиналарын жөндеуді қолға алдық. Қазір қасымда көмекшілерім бар. Өнімімізге сұраныс артатын болса, тағы бірнеше адамды жұмыспен қамтуды жос-
парлап отырмын. Тігін машиналары ауыр болғандықтан, оны осында алып келу қиындық тудыруда. Сондықтан да, жаныма жағдайымды нақты түсінетін жігіттерді топтастырып, тігін машиналарын тұрғындардың үйлеріне барып жөндеп беретін қызмет түрін ұсынсам ба деймін. Бәріміз де қазақы бесікте өстік қой. Соңғы жылдары осы бесік жасауды қолға алу керек деген ой да санамда әбден пісіп-жетілуде, − дейді көзінде от ойнаған өмірге құштар жан.

Рамазан бұған қоса, үстел теннисімен шұғылданып, облыстық, республикалық деңгейде өткізіліп тұратын спорттық са-

йыстарда топ жарып жүр. Сүйген жары да оны жауапкершілігі мен ешкімнің көңілін қалдырмайтын ақ көңілділігі үшін жоғары бағалайды. Өмірді күрес десек, сол жолда жеңіп шығу тек өзіміздің ғана қолымызда. Рамазан Мұқатаевтың қайыспас жігері соның айқын дәлелі. 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні дегенде, оқырмандарымызға құр құрғақ ақыл айтудан да осы бір оң мысалды үлгі-өнеге етіп ұсынғанды жөн көрдік.