girniy.ru 1

Казинода негізінен покер ойыны ойналып, онда кіру тек сенімді адамдар арқылы ғана жүзеге асырылып отырған. Одан кейін заңсыз ойын орталығы бұрынғы «Огни Кокшетау», қазіргі «Шаңырақ» мейрамханасына көшіріледі. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде заңсыз ұйымдастырылған орталықта ойын ойнап отырған И. есімді азамат пен 2 покер үстелі және покерге арналған 2 арнайы жапқыш мата, 1377 фишка және 33 700 теңге көлеміндегі ақшалай қаражат табылды. Қазір заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 269-1 бабы 2 бөлімінің «б» тармағы бо-

йынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Жол-көлік апатының салдарынан 2 бала зардап шекті.

«Екатеринбург – Алматы» тас жолында «Фольксваген» автокөлігінің 33 жасар жүргізушісі Астанадан Қарағандыға бет алған шағында қарсы жолға шығып кетіп, «Тойота» автокөлігіне соғылды. Жол апаты салдарынан 47 жасар азаматша мен 2 баланың бас сүйектері мен миына зақым келді.

***

Есіл ауданының полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, автокөлік ұрлау фактісі бойынша күдіктіні ұстады.

Көлік аударылған күйінде Красивый ауылы маңынан табылды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 32 жасар жергілікті тұрғынның «Сузуки» автокөлігін айдап кеткен Арқалық қаласының 35 жасар тұрғыны ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 185 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Бурабай ауданындағы бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 5 миллион теңге көлеміндегі орындаушылық санкцияны төлеуден заңсыз босатылғандығын анықтады.

Осыған байланысты Бурабай аумақтық бөлімшесінің сот орындаушысы Ж.Тұрысбековке және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 308 бабы 4 бөлімінің «в» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізілуде.

***

Облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында Алшынбек Адаев, Расул Мәдиев және Руслан Қабылбаевтарға қатысты қылмыстық іс қаралуда.

1976 жылы туып, бұдан бұрын сотты болған Алшынбек Адаев адам ұрлады, қарақшылық пен бопсалаушылық жасады деп айыпталса, 1983 жылы туылған Расул Мәдиев жоғарыда аталғандарға қоса, атыс қаруы мен оқ дәріні заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдады деп, ал, 1985 жылы туылып, бұдан бұрын сотты болған Руслан Қабылбаевқа бопсалаушылық жасады деген айып тағылып отыр.

***

Бұланды аудандық соты осы ауданға қарасты Журавлевка ауылының тұрғыны Н.Нестеровты заңсыз аңшылық құрғаны үшін айыпты деп таныды.


Сот сегіз елікті атқан бұл азаматты 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Мұнымен қоса, оның екі автокөлігі, аң аулағыш мылтығы мен қарда жүргіш көлігін және оның тіркемесін тәркіледі. Сондай-ақ, сот үкімімен Н.Нестеров
1 384 800 теңге көлеміндегі шығынды өтеуге міндеттелді. Алайда, сотталушы кінәсін мойындамай, облыстық соттың апелляциялық сот алқасына шағым түсірді.

***

Жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны үшін У. есімді азамат кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 251 бабының 1 бөлімі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сотталушы 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ол жарылғыш заттарды сақтауға еш құқығының жоқтығына қарамастан, Сандықтау ауданының Каменка ауылындағы гранит тас өндіретін карьер аумағындағы күзет бөлмесінде екі құты жарылғыш зат пен алты құрастырмалы жарылғыш қондырғыны сақтаған. Сараптама нәтижесінде бұл заттардың қолдан жасалғаны белгілі болды.

***

Ерейментау аудандық білім бөлімінің экс басшысы Қылмыстық кодекстің 307 бабының 2 бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Экс шенеунік мемлекеттік тапсырыс аясында «Эффект студия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1 миллион 754 мың теңге аудару туралы қағаздарға қол қояды. Алайда, мектепті қажетті жиһаздармен қамтамасыз етуге тиіс болған серіктестік өз уәдесінде тұрмаған. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы прокурор наразылығы бо-
йынша келіп түскен бұл істі қайта қарап, аудандық сот үкімін өзгертті. Енді сотталушы жазасын өтеп болғаннан кейін де мемлекеттік органдарда 1 жыл басшылық лауазымда қызмет ету құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

***

Степногорск қалалық соты жылжымайтын мүлік бизнесімен айналысатын алаяқты соттады.

А.Әубәкіров есімді бұл азамат жүрген жерінде өзін жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын маман ретінде таныстырып, алаяқтық жолмен азамат С-ның пәтерін, азамат Б-ның пәтері мен ауыстыруды қалайтын автокөлігін сатып, одан түскен қаражатты жымқырған. Қалалық сот оны кінәлі деп тауып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Мұнымен қоса, сотталушының жеке дүние-мүлкі тәркіленіп, жәбірленушілерге көрсетілген 2,5 миллион теңге көлеміндегі шығынды өтеуге міндеттелді.


***

Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Жақсы ауданындағы бір мектеп директорына қатысты Қылмыстық кодекстің 176 бабы 3 бөлімінің «г» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ол өз қызын мұғалім ретінде жұмысқа орналасты деп құжат рәсімдеп, оның шотына жалақы аударып отырған. Нәтижесінде мемлекетке 600 мың теңге көлемінде шығын келтірілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.


Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша

топтаманы дайындаған Перизат БӨЛЕКОВА.