https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 6 7
Жоба



Қазақстан Республикасының

Заңы


Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қарама- қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


1-бап. Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1.1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж.,
№ 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17,
155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13,
53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат;
№ 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7,
32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82,
83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2,

5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашадағы «Егемен Қазақстан» және 15,16 және 19 қарашадағы «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» және желтоқсандағы «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заѕнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористiк және экстремистiк қызметке қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы

29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»
2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.):


1) 241-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Өкiмет өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру,

екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

2) 338-1-бап мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«338-1-бап. Төтенше жағдай режимін бұзу

Ауыр зардаптарға әкеп соққан, төтенше жағдай кезінде қолданылатын уақытша шектеулер мен шараларды бұзу, сол сияқтыжергілікті жердің комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындамау-

екі жүзден бес жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас босатындығынан айыру түрінде жазаланады.».

2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж.,
№ 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16,
239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32,
33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18,
142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154,

156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1,

2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12,
48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7,
32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113,
115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2,
4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»
2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы
18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

137-бапмынадайредакциядажазылсын:

«137-бап. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды қамауда ұстаудың тәртiбi

Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше гаупвахталарда және бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады. Төтенше жағдай режимі жағдайларында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар жергілікті жердің коменданты белгілейтін жерлерде ұсталуы мүмкін. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары заңнамада айқындалады.».


3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13,
86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж, № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат):

1) 170-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) тараптардың өтінішімен немесе өз бастамасымен медиация рәсімдерінің ұстанымдары мен тәртібін және кәсіби медиаторлар ұйымдары түсініктемелерін тараптардың алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;»;

2) 250-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Талап қоюшының не жауапкердің өтінішімен осы Кодекстің
249-бабының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша, егер тараптар өздерінің сот отырысында өтініш берген адамның қатысуымен болмауының дәлелді себептерін растайын дәлелдемелер ұсынса, сот арызды қараусыз қалдыру жөніндегі өз ұйғарымының күшін жояды. Сот арызды қараусыз қалдыру жөніндегі ұйғарымның күшін жою туралы өтінішті сот отырысында ол сотқа келіп түскен сәттен бастап он күн ішінде қарайды.».

3) мынадай мазмұндағы 317-16-баппен толықтырылсын:


«317-16-бап Шығарып жіберу туралы сот актісін орындауды тоқтата тұру

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот көрсеткен мерзімге дейін шағым немесе наразылық түскен жағдайда, сот шешімі шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағын тастап кетуі қажет шағым немесе наразылық қарастырылғанға дейін тоқтатыла тұрады.»

4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36):


1) 69-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар, салық салу және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар мен монополияға қарсы заңнама саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.

3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын, қаржы және бюджет саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатпайды.

Қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.»;

2) 122-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«122-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

Жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,-


жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, жер қойнауын қазу құралдары, көлiк құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралдары болған өзге де заттары тәркiлене отырып немесе онсыз үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

жеке тұлғаларға - әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары тәркiлене отырып, айлық есептік көрсеткiштiң жүзден екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, аталған құқық бұзушылықты жасау құралдары болған өзге де заттары тәркiлене отырып, бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3) 147-11-бап мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

«8. Газ желілік ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бұзу -

аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейінгі мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға –


үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Аккредиттеу туралы куәлікті алу кезінде арыз берушінің көрінеу жалған ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың жетінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,(әрекетсіздік), сондай-ақ аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейінгі мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;



следующая страница >>