https://electroinfo.net

girniy.ru   1 2 3 4

5. Балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің анықтамасы


ХЕҰ 182 Конвенциясында балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне (БЕЕНТ) мынадай анықтама берілген:

(а) Құлдықтың барлық түрлері немесе құлдыққа ұқсас практика, мысалы балаларды сату және олардың саудасы, борыштық кіріптарлық және крепостнойлық тәуелділік, сондай-ақ мәжбүрлі немесе міндетті еңбек соның ішінде қаруланған шиеленістерде пайдалану үшін балаларды мәжбүрлі немесе міндетті тарту;

(б) Балаларды жезөкшелікпен айналысу, порнографиялық өндіріс немесе порнографиялық көріністерге қатысу үшін пайдалану, тарту немесе ұсыну;

(в) Балаларды заңсыз қызметпен айналысуға, атап айтқанда, тиісті халықаралық шарттарда анықталғандай есірткі өндірісі және сату үшін пайдалану, тарту немесе ұсыну;

(г) Өз сипаты немесе шарттары бойынша балалардың денсаулығына, қауіпсіздігіне, өнегелілігіне зиян келтіре алатын жағдайларда орындалатын жұмыс.

Конвенцияның контекстінде бала - 18 жасқа толмаған адам.

Бұдан басқа осы жобаның шеңберінде Баланың құқықтары туралы, балаларды қарулы қақтығыстарға тарту туралы конвенцияға қосымша хаттамаға сәйкес БЕЕНТ-ге сондай-ақ балаларды экстремистік және лаңкестік қызметтерде пайдалану жатқызылады.



  1. Қазақстандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою саласындағы қызметтің басымдықтары

  1. БЕЕНТ болдырмау жөніндегі алдын алу шаралар кешенін қабылдау

  2. БЕЕНТ мониторингін жүргізуді институционалды қамтамасыз етуді жетілдіру.

  3. БЕЕНТ-ден босатылған балаларды пайдалануды болдырмауға және балаларды оңалтуға бағытталған тетіктерді жетілдіру.

  4. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары технологияларын жетілдіру


7. Көрсетілген басымдықтардың негізінде Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары (қоса беріледі) іске асырылатын болады.

8. Қазақстан Республикасында балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою және ХЕҰ №182 халықаралық конвенциясын іске асыру жөніндегі


2012-2014 жж. арналған бірлескен жұмыс жоспары


р/с№

Іс-шаралардың атауы

Іс-шаралардың мазмұны

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар/ бірлесіп орындаушылар

Қаржыландыру

1

2

3

4

5

6

7

1-басымдық: БЕЕНТ жол бермеу жөнінде алдын алу шаралар кешенін қабылдау

1.

БЕЕНТ жою мәселелері жөніндегі саясатты және заңнаманы жетілдіру, оларды іске асыру және орындалуын бақылау

1. БЕЕНТ жою мәселелері жөніндегі заң актілерінің сақталуын қамтамасыз ету

Үйлестіру кеңесіне ақпарат

жыл сайын, қаңтар

Еңбекмині (БӘҚК),

БП (келісім бойынша), ІІМ, БҒМ, АШМ

Талап етілмейді

2. Құзырлы органдардың БЕЕНТ анықтаумен байланысты жұмысының жай-күйін талдау және оның қорытындысы бойынша шаруашылық субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу тәртібін регламенттейтін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Үйлестіру кеңесіне ақпарат

2012 жылғы шілде


Еңбекмині, ІІМ, БҒМ, БП (келісім бойынша)

Талап етілмейді




1

2

3

4

5

6

7







3. көшіп-қонушылардың (маусымдық қызметкерлердің) балаларының құқығын қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға олардың орта білімге қолжетімділігі тұрғысынан талдау жасау және оның қорытындысы бойынша аталған саладағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Үйлестіру кеңесіне ақпарат

2012 жылғы шілде

БҒМ (Балалардың құқығын қорғау комитеті), ІММ (Көші-қон полициясы комитеті), БП (келісім бойынша)

Талап етілмейді

4. БЕЕНТ жою жөніндегі шараларды салалық, өңірлік үшжақты келісімдерде және ұжымдық шарттарда көздеу

Үйлестіру кеңесіне ақпарат

жыл сайын, желтоқсан

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық, өңірлік комиссиялар, әлеуметтік әріптестер

Талап етілмейді

5. Қолданыстағы еңбек заңнамасы шеңберінде оқудан бос уақытта он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалардың еңбегін пайдалануға рұқсат берілетін жеңіл жұмыстардың тізімін бекіту мәселесін зерттеу



Үйлестіру кеңесіне ақпарат

2012 жылғы желтоқсан

Еңбекмині,

БП (келісім бойынша), ІІМ, БҒМ, АШМ

Талап етілмейді




1

2

3

4

5

6

7

2.

Жергілікті атқарушы органдарға осы саладағы ХЕҰ қолданыстағы жобаларының тәжірибесі мен әдістемесін пайдалана отырып, балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсыну.

1. БЕЕНТ жою мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Үйлестіру кеңесіне ақпарат

2012 жылғы желтоқсан

Облыстардың, Астана мен Алматы ққ. әкімдіктері,

БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің, Еңбекминінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары

Талап етілмейді

2-басымдық: БЕЕНТ мониторинг жүргізуді институционалдық қамтамасыз етуді жетілдіру

3.

БЕЕНТ жою мәселелері жөніндегі ахуалға зерттеу жүргізу

1. Мемлекеттік органдардың балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне мониторингті ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құзыретін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін талдау


Үйлестіру кеңесіне ақпарат

2012 жылғы

3-тоқсан

Еңбекмині, БҒМ, ІІМ, БП (келісім бойынша)

Талап етілмейді

2. Үйлестіру кеңесінің құрылымындағы негізгі мамандардың

функционалдық міндеттерін талдау және БЕМЖ міндеттерін енгізу жөніндегі ұсынымдар

Үйлестіру кеңесіне есеп

2012 жылғы шілде

ХЕҰ-ИПЕК консультант-тары

ХЕҰ-ИПЕК қаражаты




1

2

3

4

5

6

7







3. Балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасындағы балалар еңбегі жөніндегі ұлттық статистикалық зерттеулерді ұйымдастыру мәселелерін талқылау

Хаттамалық шешім

2012 жылғы 2-3-тоқсан


Еңбекмині,

СА, БҒМ, ІІМ,

ХЕҰ – ИПЕК


Талап етілмейді

4. Қазақстан Республикасында балалар еңбегі жөнінде ұлттық статистикалық тексерулер жүргізу

Статистикалық тексеру

2013 жыл

АС, ХЕҰ-ИПЕК, Еңбекмині


ХЕҰ-ИПЕК қаражаты

4.

Балалар еңбегінің мониторинг жүйесін (БЕМЖ) жүргізу

1. БЕМЖ-ні Оңтүстік Қазақстан облысында пилоттау

Жоба бойынша есеп

2012 жылғы желтоқсан

ХЕҰ-ИПЕК, «Сана-Сезiм»

ҮЕҰ

ХЕҰ-ИПЕК қаражаты

3-басымдық: Балаларды пайдалануды болдырмауға, БЕЕНТ босатуға және балаларды оңалтуға бағытталған тетіктерді жетілдіру

5.

Қазақстан Республикасында Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі жұмысты үйлестіру

1. БЕЕНТ күрес жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысын өткізу

Хаттамалық шешім

жылына кемінде екі рет


Еңбекмині,

ХЕҰ-ИПЕК

Талап етілмейді

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің жанында БЕЕНТ жою мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңестерін құру

Үйлестіру кеңесіне ақпарат

2012 жылғы желтоқсан

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Еңбекмині, әлеуметтік әріптестер

Талап етілмейді



<< предыдущая страница   следующая страница >>