girniy.ru 1 2 ... 11 12

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

393 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2012.17.08. № 1059 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Еңбек ету қабілетінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілігіне және

босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты

табысынан айырылу; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік

қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық органдар) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беруді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті ұйым бөлімшесі) және мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - орталық) арқылы жүзеге асырылады.


Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметін орталық арқылы көрсету көзделмеген.

Мемлекеттік қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 20, 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесінің негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;


2) уәкілетті ұйым бөлімшесінің www.gcvp.kz интернет-ресурсында;

3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

4) уәкілетті ұйым бөлімшесіндегі, орталықтағы стенділерде орналастырылады.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны және уәкілетті ұйымның call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тағайындау не бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық орган шешімінің көшірмесін бере отырып қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) орталық уәкілетті ұйым бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен қоса хабарлама береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі уәкілетті ұйымның бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушының өтініші немесе мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған құжаттармен қоса хабарлама тіркелген сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде.


2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін (тіркеу, талон алу кезінде) мемлекеттік қызмет алғанға дейін күтудің ең ұзақ шекті уақыты - 20 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты - 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті ұйым бөлімшелерінің: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді.

Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

2) орталықтың - мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес.

10. Мемлекеттік қызмет мыналарда көрсетіледі:


1) мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесінің ғимаратында уәкілетті ұйымның жеке кіреберіс, күту залы бар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар көзделген, қажетті құжаттарды дайындау үшін орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен, ақпараттық стенділермен жабдықталған ғимаратында.

Уәкілетті ұйым бөлімшелерінің үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.

2) мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша орталықтың мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар көзделген ғимаратында. Аумақтық органдардың үй-жайларында және орталықтың ғимаратында күту залы, ақпараттық стенділер бар.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы:

1) еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

жеке басын куәландыратын құжат;

тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай бюросының анықтамасы не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін куәландыруды жүргізу және белгілеу туралы мәліметтер.

Уәкілетті ұйым бөлімшесіне өтініш бергенде салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы орталық арқылы өтініш бергенде осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылады.


2) асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

жеке басын куәландыратын құжат;

отбасы құрамы туралы мәліметтер;

асыраушысының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі;

қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қарым-қатынасын растайтын құжаттың (неке туралы, қайтыс болған асыраушы балаларының тууы туралы, асырап алу туралы куәліктерінің) көшірмесі;

отбасы мүшелері оқушы немесе студент болып табылатыны туралы оқу орнынан анықтама (жыл сайын оқу жылының басында жаңартылады);

қорғаншылық туралы құжат (қажет болған кезде);

мүгедектік тобына куәландыру жүргізу және белгілеу туралы мәліметтер (балалары, оның ішінде асырап алған он сегіз жасқа толмаған және бұл жастан асқан балалары, інілері, қарындастары/сіңлілері және немерелері бала кезінен І және ІІ топтағы мүгедек деп танылған жағдайда).

Уәкілетті ұйым бөлімшесіне өтініш бергенде салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы орталық арқылы өтініш бергенде осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

3) жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:


жеке басын куәландыратын құжат;

тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы.

Уәкілетті ұйым бөлімшесіне өтініш бергенде салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы орталық арқылы өтініш бергенде осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

4) жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

жеке басын куәландыратын құжат;

тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

еңбекке жарамсыздық парағы;

салық төлеушінің тіркеу куәлігі;

әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;

жұмыс орнынан әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы белгіленген үлгідегі анықтама.

Уәкілетті ұйым бөлімшесіне өтініш бергенде салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады.

5) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін:


жеке басын куәландыратын құжат;

тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;

салық төлеушінің тіркеу куәлігі;

әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;

отбасы құрамы туралы мәліметтер.

Уәкілетті ұйым бөлімшесіне өтініш бергенде салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін:

1) уәкілетті ұйым бөлімшесіне өтініш нысанын мемлекеттік қызмет үшін өтініш берген мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшесінде уәкілетті ұйымның маманы береді.

2) орталықтарда бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Құжаттарды қабылдау тікелей:

1) мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесінің ғимаратында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректері www.gcvp.kz  интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкілетті ұйым бөлімшесі үй-жайларының көрнекті жерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.


2) орталықта «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі;

2) орталыққа өтініш бергенде:

сұраудың нөмірі мен қабылдаған күні;

сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

орталық құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

15. Уәкілетті ұйымның бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушыға дайын құжаттарды беру күн сайын мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті тіркеген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талонның негізінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешімнің түпнұсқасы мемлекеттік қызмет алушының қолына берілмейді.

Әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартылған жағдайда бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық орган шешімде бас тартудың негіздемесін көрсетеді және шешімді уәкілетті ұйымға жібереді, олар мемлекеттік қызмет алушыға бас тарту туралы хабарлайды және оған бас тарту туралы шешімнің көшірмесімен бірге құжаттарын (өтініштен басқасын) қайтарады.


Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға беруді орталық қызметкері «терезе» арқылы күн сайын, қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.

Егер мемлекеттік қызмет алушы қызметтің нәтижесін алу үшін белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, орталық оларды бір ай мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті ұйымға тапсырады.

16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздемелерде қаралады.

Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат беріледі.

 

 



следующая страница >>