girniy.ru 1

Астана ақшамы.- 2011.- №47.- 26 сәуір


Сүлейменов О.


Астаналық «Аграрка» алда

Елорданың «Жастар» сарайында ҮІ Бүкілқазақстандық Универсиаданың бокс турнирі мәресене жетті. Еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы байрақты бәсекеде Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрамасы командалық бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, үшінші орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің боксшылары иеленді.

Бес күнге созылган боксшылар турнирінде ерлер және әйелдер боксы катар өтгі. АИБА ережесіне сәйкес 10 салмак дәрежесінде өткен жарыста 4 алтын медальді астаналык «аграрканың» боксшы-студенттері жеңіп алды. Атап айтканда, 49 кг салмакта бірінші курс студенті Нүрлан Әбжанов жеңіске жетгі. Ол төрт кездесуінде өте жаксы өткізді. 52 кг салмақта агрономия факультетінің студенті Ілияс Сүлейменов жартылай финалда халықаралык, дәрежедегі спорт шебері тараздык Олжас Сәттібаевты тізе бүктірген еді. Алайда, финалда қарсыласына жол беріп койды. ҚазАТУ-дың бірінші курс студенті Дархан Жұмсақбаев ересектер арасындағы жарыска енді қосылған тастүлек. Соған қарамастан Дархан әр жекпе-жегін жақсы өткізіп, универсиада чемпионы атаңды. Алмат Ағыбаев 60 кг. салмақта күміс жүлдегер атанды. 64 кг салмақта тағы бір астаналык студент Азат Құдасов чемпион атанды. Осы турнирдегі ең тартысты бәсекенің бірі 69 кг. салмақтағы финал болды десе жарасады. Олай дейтініміз ақтық кездесуде ҚазАТУ-дың екі студенті қолқап түйістірді. Техникалық факультеттің төртінші курс студенті халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бақытжан Қожабеков пен спорт шебері Нұрсүлтан Мұстафин арасындағы жекпе-жекте Бақытжанның мерейі үстем болып, универсиада чемпионы атанды. Ең ауыр салмакта (+91кг) Александр Бегняк та финалға шыккан еді. Бірак жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Бүл салмақта Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Досжан Оспанов топ жарды. Басқа салмақтарда, 52 кг салмақта Қ.Тұрғанбаев (Е.Букетов атыңдағы Қара­ғанды мемлекетгік университеті), 60 кг сал­мақта А.Жеңісбеков (Қазақ туризм жене спорт академиясы), 75кг салмақта А.Рақышев (Семей мемлекеттік университеті), 81кг салмақта А.Әбдіғалиев (Тараз мемлекеттік университеті), 91кг салмақта А.Әбідцинов (Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті) жеңімпаз атанды. Қыздар арасындағы бәсекеде алматылық Марина Түменбаева 51кг салмақта, 60кг салмақта қызылордалық Шахноза Исаханова, 75кг салмақта карағандылык, София Ковалевская универсиада жеңімпазы атанды.


Осылайша он салмақтың төртеуінде ҚазАТУ боксшылары жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, төртеуі күміс жүлдеге ие болды. Бұл үлкен жетістік. Астанадағы «аграрканы» бокстың академиясы деп әзілдеп айтатын әңгіменін. жаны бар екені осы жарыста көрінді деуге болады. Бұл осы оқу ордасы басшыларының спортқа деген ықыласының бір көрсеткіші десек те жарасады.

Турнирді ұйымдастырушылар бірнеше арнайы сыйлықтар тағайындаған екен. «Ең үздік боксшы» сыйлығын КазАТУ студенті, бапкер Кайыр Жарылқасыновтың шәкірті Нұрлан Әбжанов иеленді. «Ең үздік бапкер» сыйлығы Казақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КазАТУ құрамасын баптаған Жанат Манашевқа тапсырыдды. «Ең үздік төреші» сыйлығына шымкенттік Ержан Оспанов ие болды.

Сонымен универсиаданың
бокс турнирі өз мәресіне жетті. Жарыстың бас терешісі, АИБА төрешісі Елеусіз Дүйсеков жеңімпаз командаға тағайындалған кубокты С.Сейфуллин атындағы Казак, агротехникалық университетінің ректоры, профессор Айтбай Бұлашевқа салтанатты жағдайда табыс етті.

Осы жарыста топ жарған боксшылар дүниежүзілік универсиада және басқа да халықаралык жарыстарда ел намысын қорғайтын бола