https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3


Тіркеу № 045-ЦО


Б

анктік шот


ШАРТЫ


Алматы қ. «___» ________________20___ж.


Бұдан былай «БАНК» деп аталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тіркелген және әрекет ететін «Жинақ Банкі» Акционерлік Қоғамының Еншілес банкісі атынан __________________________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________________бірінші тараптан және бұдан былай «КЛИЕНТ» деп аталатын, ___________________________________________ заңнамасы бойынша тіркелген және әрекет ететін _______________________________________________________ атынан ____________________________________ негізінде әрекет ететін ___________________________________ екінші тараптан, (бұдан былай «Банк» пен «Клиент» бірге атағанда «Тараптар» деп аталады) төмендегілер туралы осы Шартты жасады.


Осы Шартта қолданылатын анықтамалар мен терминдер келесідей мағынаға ие:

«Құжаттар пакеті» - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банк шотын ашып, жүргізу үшін тапсырылуға тиісті құжаттар.

«Хат-хабарлар» – Клиенттің банк шотының үзінді жазбалары, үзінді жазбаларының қосымшалары мен Клиентке тапсырылуы тиіс басқа құжаттар (соның ішінде төлемдік талап-тапсырыстар, хабарламалар).

«Жұмыс күндері» – Банк Клиенттермен жұмыс істеу үшін ашық болатын күндер.

«Операция күні» - Банк банктік операцияларды жүзеге асыратын уақыт аралығы.

Шот/ағымдағы шот” – осы Шарт бойынша ашылатын және осы Шарттың 1.1 тармақшасында аталған банктік шот.


Осы Шартта қолданылатын арнайы терминдер «Төлемдер және ақша аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа банктік заңнамасымен анықталған мағыналарға ие.


1. Шарт мәні

1.1. Банк Клиент үшін шот ашып, Шот жүргізуді жүзеге асырады, сол бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына және осы Шартқа сәйкес, ЖСК №_________________________________________________ бере отырып, банктік операцияларды жүзеге асырады.



2. Клиенттің құқықтық жағдайы

2.1. Шотты ашу барысында Клиент Банкке Қазақстан Республикасының заңнамасымен сондай шотты ашу үшін міндетті және жеткілікті деп табылған құжаттар пакетін тапсырады.

2.2. Шотты ашу, шот бойынша операцияларды жүргізгендігі және Банктің осы Шартқа сәйкес көрсететін басқа қызметтер үшін Клиент Банкке Банктегі қолданыстағы тарифтерге сәйкес сыйақы төлейді.

2
Банктің атынан/от Банка _____________________________


Клиенттің атынан/от Клиента _________________________
.3. Клиент Банкке құжаттар пакетінде болған өзгерістер (мемлекеттік қайта тіркелу, орналасқан орны мен төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшылардың, лауазымдық тұлғалардың, СТН және т.б. ауысуы) туралы, сонымен қатар, мөр жоғалған кезде қажетті растаушы құжаттарды беру арқылы дереу хабарлауға міндеттенеді.


2.4. Клиент Банкке Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Шартпен анықталған талаптарға сәйкес ғана нұсқаулар, нұсқауды қайтарып алу немесе орындауды тоқтату туралы өкім беруге құқылы. Клиенттің нұсқаулары мен тапсырмалары Банкке қағаз түрінде тапсырылады. Аталмыш құжаттарды беру, сондай-ақ электрондық нысандағы басқа құжаттармен алмасу тек тараптардың сәйкес келісімдері негізінде ғана жүзеге асырылады.


2.5. Клиент нұсқауын акцепттеу Клиенттің шотын нұсқауды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дебеттеу болып табылады. Клиенттің төлем құжатындағы Банктің белгісі (мөртабаны) төлем құжатының Банкке келіп түскенін растайды және нұсқау акцепті болып табылмайды.

2.6. Клиенттің төлем құжатын Банкке орындауға уәкілетті тұлға ұсынуы немесе электронды түрде (Банкпен тиісті шартқа қол қойылған жағдайда) Операциялық күн ішінде, сонымен қатар Банкте төлем құжатын орындау мүмкіндігі болған кезде, Операция күні өткен соң жіберілуі мүмкін. Банктің қызметкері рұқсатсыз төлемдерден қорғау әрекеттері ретінде, төлем құжатындағы қолтаңба (-лар) мен мөрдің (егер болса) Банкте болатын Клиенттің қолтаңбасы (-лары) мен мөріне (егер болса) сәйкестігін визуалды бақылауды жүзеге асырады. Олар сәйкес болған жағдайда, Банк рұқсатсыз төлем үшін жауап бермейді. Тараптардың келісімі арқылы рұқсатсыз төлемдерден қорғау әрекеттерінің қосымша элементтері қарастырылуы мүмкін.


2.7. Клиенттің төлем құжаты немесе оны шақыртып алу немесе оны орындауды уақытша тоқтату жөніндегі өкімі мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінде құрастырылуы мүмкін.


2.8. Клиенттің нұсқауды қайтарып алу немесе орындауды тоқтату жөніндегі өкімі Банкке нұсқауды Банк акцептеуді жүзеге асырғанға дейін тапсырылуы мүмкін. Ондай нұсқау Банкке келіп түскен күні орындалады. Клиент өкімдерін Банк осы Шарттың 2.6. т. анықталған рұқсатсыз төлемдерден қорғау әрекеттерін орындай отырып жүзеге асырады.


2.9. Клиент күнделікті Банкте хат-хабарлар алып тұруды міндетіне алады.


2.10. Ақша шотқа қате аударылған жағдайда, Клиент ол жөнінде дереу банкке хабарлауға міндеттенеді.

2.11. Клиент Банктің Клиенттің төлем тапсырмаларын қате орындауы жөнінде ондай орындалған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенеді.

2.12. Басқа банкте шот ашқан жағдайда, Клиент шот ашқан күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде ол жөнінде Банкке жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

2.13. Осы арқылы Клиент Банкке осы Шартпен анықталған жағдайларда және оның қолданылу мерзімі шегінде, осы Шарт және басқа шарттар бойынша Банкте ашылған Клиенттің банктік шоттарынан (теңгедегі және/немесе шетел валютасындағы) ақшасын тікелей дебеттеу арқылы акцептсіз алуға (шығарып тастауға) өзінің пікірсіз келісімін береді.


2.14. Клиент Шотындағы ақша қалдығы жеке тұлғалардың салымдарының (депозиттер) міндетті кепілдік (сақтандыру) объектісі болады.

2.15. Клиент Банкке штрих-код түсірілген төлем құжаттарын ұсынуға құқылы. Клиент штрих-коды бар төлем құжаттарын қалыптастыру үшін, Банк Клиентке Internet желісіндегі банктың сайтында www.sberbank.kz мекенжайында орналастыру арқылы бағдарламалық модульді ұсынады. Клиент Банк ұсынған бағдарламалық қамтамасыз етуді өз бетінше инсталляциялайды.

3. Банктің құқықтық жағдайы


3
Банктің атынан/от Банка _____________________________


Клиенттің атынан/от Клиента _________________________
.1. Банк Клиентке Клиенттің шотын ашу мен ол бойынша операцияларды жүзеге асыруға қатысты жеке қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Шарт негізінде және оларға сәйкес көрсетеді.

3.2. Банк Клиенттің шоты бойынша операцияларды жүзеге асыру барысында міндеттенеді:

- Клиент шоты бойынша операцияларды Клиент шотындағы бос ақша шегінде дер кезінде және толық көлемде жүзеге асыруға;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталған жағдайлардан басқа жағдайларда Клиент шотына қатысты банк құпиясын жарияламауға.

3.3. Банк Клиент шотынан ақшаны оның келісімінсіз (акцептсіз тәртіпте) тек Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Шартпен және Банк пен Клиент арасында жасалынған басқа келісімдермен анықталған жағдайларда және тәртіпте алуға міндеттенеді. Ақшаны Клиенттің келісімінсіз алудың негізділігі үшін төлеттіріп алушы жауап береді.


3.4. Банк келесі жағдайларда ақшаны Клиент шотынан, оның ішінде шотты тікелей дебеттеу арқылы акцептсіз тәртіпте алуға құқылы:

- ақшаны Клиент шотына қате аудару дерегі анықталған жағдайда,

- төлем құжаттарының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда,

- осы Шарттың 3.8 т. анықталған жағдайларда,

- Клиент шоты бойынша банк операцияларын жүзеге асыру қызметтері үшін қызмет көрсету мезетінде Банктегі қолданыстағы тарифтер бойынша,

- Банкке Клиенттің өзінің банк шотынан ақшаны акцептсіз тәртіпте алып қалуға келісімін растайтын құжаттармен (шарттар, кепілдіктер, шағым талап жауаптарды және т.б.) қоса төлем талап-тапсырыстарын тапсырған жағдайда,

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Клиент акцептін талап етпейтін үшінші тұлғалардың нұсқауларын Банкке ұсынған кезде;


- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа жағдайларда.


3.5. Банк Клиент нұсқауын алған күннен бастап оны 3 жұмыс күні барысында акцептеу құқығына ие.

3.6. Банктің Клиент алдындағы ақшаны аудару бойынша міндеттемелері Банктің Клиент нұсқауларын Қазақстан Республикасының заңнамасыа сәйкес орындау мезетінен бастап орындалды деп есептелінеді. Банк Клиент алдында ақшаны аударуға қатысатын басқа банк-қабылдаушылардың (соның ішінде банк-делдалдардың) нұсқауларды орындамауы немесе қажетті түрде орындамауы үшін жауапты емес.

3.7. Банк төлем тапсырмасын акцепттеуден бас тартуды қоса алғанда, барлық хабарлама мен ескерту қағаздарын Шарттың қолдану мерзімі ішінде осы Шарттың 9 тарауында көрсетілген мекенжайға пошта жіберілімдері түрінде, факс бойынша, тапсырыс хат, электронды хабар арқылы жібереді. Акцепттен бас тартқан күн осы хабарлама/ескерту жіберілген/тапсырылған күн болып есептеледі.

3.8. Банк Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Клиенттің төлем талап-тапсырмаларын инкассоға қабылдауға құқылы.


3
Банктің атынан/от Банка _____________________________


Клиенттің атынан/от Клиента _________________________
.9.
Клиентте шот (шоттар) бойынша операциялар жүргізу және Банк ұсынған басқа қызметтер үшін Банкке сыйақы төлеу бойынша берешегі пайда болған жағдайда, Банк осы Шарт және басқа шарттар бойынша Банкте ашылған Клиенттің кез келген банктік шоттарынан Банк алдындағы берешегі мөлшерінде кез келген валютадағы ақша сомасын, сондай-ақ операция жасау кезіндегі қолданыстағы Банк тарифтерімен қарастырылған шығын сомаларын, Клиенттің осы Шарт бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты басқа шығындар мен шығыстарды акцептсіз және даусыз тәртіпте, соның ішінде тікелей дебеттеу арқылы алуға (шығарып алуға) құқылы болады.

3

Банктің атынан/от Банка _____________________________



Клиенттің атынан/от Клиента _________________________
.10. Клиенттің берешегі болған валютадан басқа валютада шоттан ақша акцептсіз алынған жағдайда, ақшаны алу Клиенттен айырбастауға байланысты барлық комиссиялар ұсталына отырып, тиісті айырбастау жүргізілген күні Банкте белгіленген бағам бойынша берешек валютасына айырбастау арқылы жүргізіледі.

3.11. Банк Клиентке өз офисінің жалпыға көрінетін жерлерінде , сондай-ақ Internet желісіндегі Банктің ресми сайтында сондай өзгерту енгізілгенге дейін кем дегенде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жария хабарландыру беру жолымен хабарлай отырып, Банктің көрсететін қызметтерінің тарифтеріне өзгерістер енгізуге құқылы.


3.12. Хат-хабарлар Клиентке немесе басқа тұлғаларға Клиент берген сенімхат негізінде бірінші немесе екінші қол қою құқығы бар тұлғаларға тапсырылады. Хат-хабарлар тапсыру оларды Банкте Клиенттің аталмыш уәкілетті өкілдеріне тапсыру жолымен жүзеге асырылады. Осы Шарттың Тараптары хат-хабарлардың тапсырылуы әр ретте құжаттық (жазбаша) растауды қажет етпейтінімен келіседі. Клиенттің қосымша жазбаша өтініші негізінде Банк хат-хабарларды Клиенттің уәкілетті өкілдеріне тапсыру фактісінің әр ретін міндетті түрде құжаттық (жазбаша) растай отырып тапсыратын болады.


3.13. Банк Клиент шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтату немесе Клиент шотындағы ақшаға тыйым салу құқығына ие уәкілетті органдардың тиісті шешімдері (қаулылары) негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатуды немесе Клиент шотындағы ақшаға тыйым салуды жүзеге асыруға құқылы. Клиент шотындағы операцияларды қайта қалпына келтіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіледі.


3.14. Банк Клиенттен Шот ашылған және Шот бойынша операция жүргізілген кезде қажетті қосымша ақпарат беруін талап етуге құқылы.

3.15. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес келмей ресімделген Клиенттің нұсқауларын орындаудан бас тартуға құқылы.


3.16. Банк ЖСК нөмірі туралы дұрыс мәлімет көрсетілмеген төлем құжаттарын өңдеуге қабылдамауға және орындаусыз қайтаруға құқылы.


4. Чектерді пайдалану

4.1. Банк Клиентке уәкілетті тұлғалармен қол қойылған және Клиент мөрі басылған Клиенттің өтініші негізінде чектердің 25 бланкінен тұратын қолма-қол ақша алуға арналған чек кітапшасын сатады.

4.2. Клиент чек кітапшасының құнын Банк қызметтерінің тарифтеріне сәйкес чек кітапшасын алған күні төлейді.

4.3. Чек бланктері қатаң есеп құжаттары болып табылады және болмауы чектің жарамсыздығына әкеп соғатын қорғаудың 5-тен көп дәрежесіне ие.

4.4. Чек кітапшасы жазылып берілген ағымды шот жабылғанға дейін жарамды.

4.5. Банк чек бойынша қолма-қол ақшаны Клиенттің ағымдағы шотындағы ақша қалдығы шегінде ғана береді.

4.6. Чек бойынша қолма-қол ақшаны беру үшін комиссиясы Банк қызметтерінің тарифтеріне сәйкес алынады.

4.7. Чекті жазып беру барысында чек бланктерінің нөмірлерінің кезектілігін сақтау керек.

4.8. Чек сомасы санмен және жазбаша түрде көрсетіледі (жазбаша сома жолдың ең басынан, бас әріптен басталып, «теңге»/«доллар»/«еуро» сөздері жазбаша сомадан кейін, орын қалдырмай көрсетілуі тиіс, чекте «тиын»/«цент» сөздері көрсетілмейді, яғни чекте көрсетілетін соманы бүтін санға дейін дөңгелектеу керек, санмен және жазбаша түрде жазылған сомадан кейінгі бос орын екі сызықпен сызылады).


Банктің атынан/от Банка _____________________________


Клиенттің атынан/от Клиента _________________________



4.9. Бағандағы «төлеңіз» сөздерінен кейін атына чек жазылатын тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты жазылады.

4.10. «Чек ұстаушының СТН» бағанында атына чек жазып берілетін тұлғаның СТН көрсетіледі.

4.11. Чектің келесі бетінде атына чек жазылатын тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі, аталмыш құжат кіммен және қашан берілгені көрсетіледі.


4.12. Чекті жазып берілген күні қойылады (күні мен жылы – санмен, айы - жазбаша).

4.13. Чек Клиенттің қолдары мен мөр үлгілері бар құжатқа сәйкес келетін қолдарымен және мөрімен ресімделеді.


4.14. Чек түбіртегінде чек жазылған ақша сомасы (сома санмен және жазбаша түрде көрсетіледі), чекті жазып берілген күні мен шотты билеуге уәкілетті тұлғалардың қолдары қойылады және Клиент мөрінің үлгісі қойылады.

4.15. Жоғалған немесе ұрланған чектер, чек кітапшалары,чекке қол қоюға уәкілетті тұлғалардың құрамының өзгеруі жөнінде Банк Клиентке осы Шарттың 9-б. көрсетілген Банктің мекенжайына, Операциялық Бөлім/Әмбебап қосымша кеңсе бастығына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға жазбаша өтініштерді жіберу жолымен хабардар етеді.


4.16. Төленген және бүлінген чектердің түбіртегі, сонымен қатар, бүлінген чектердің бланктерін Клиент кем дегенде 3 (үш) жыл сақтауға міндетті.

4.17. Клиент шотты жапқанда Банкке қалып қойған пайдаланылмаған чек бланктері бар чек кітапшасы мен бүлінген чектердің бланктерін қайтарып, шотты жабу жөніндегі өтініште пайдаланылмаған және бүлінген чектердің бланктерінің нөмірлерін көрсетуі тиіс.

4.18. Чектерді төлеуден бас тарту және ақауы бар және жасанды чектер жөнінде Клиент Банкке осы Шарттың 9-б. көрсетілген Клиенттің мекенжайына жазбаша өтініштер жіберу жолымен немесе жеке өзі Банкке келгенде хабардар етеді.


5. Тараптардың жауапкершілігі

5.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін қасақана орындамау үшін және тек іс жүзіндегі шығын үшін ғана жауапты.

5.2. Клиент өзі жасаған мәмілелердің заңдылығы, төлемнің заңдылығы және төлем құжаттарының қажетті түрде рәсімделуі үшін жауапты.

5.3. Банк Клиент алдында Клиенттің ақшаны Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен анықталған мөлшерде және тәртіпте төлеу немесе аудару жөніндегі нұсқауларын тиісті түрде орындамағаны үшін жауап береді.

5.4. Клиент осы Шарттың 2.10. т. бұзған жағдайда, Клиент Банк алдында қате есептелген соманың шегінде, қате төлем тапсырмасының орындалуына байланысты Банкке келтірілген шығындар үшін жауап береді.


5.5. Клиент осы Шарттың 2.3. т. бұзған жағдайда, Клиент қажетті құжаттарды бергенге дейін Банк Клиенттің Банкте ашылған барлық ағымдағы шоттарына қызмет көрсетуді тоқтатуға құқылы.

5.6. Клиент осы Шарттың 4.15 тармағын бұзған жағдайда, Банк міндеттемелердің бұзылуы нәтижесінде келтірілген шығындар үшін жауап бермейді.

5.7. Банк Клиентке Шоттары бойынша операциялардың тоқтатылуы/немесе Клиенттің Шоттарындағы ақшаға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, уәкілетті органдардың шешімдері/әрекеттері негізінде тыйым салыну нәтижесінде келтірілген шығын үшін, сонымен қатар Клиенттің акцептін талап етпейтін инкассалық өкімдері және/немесе талап-тапсырмалары негізінде үшінші тұлғалардың Клиенттің Шотынан ақшаның акцептсіз шығынға шығарылуы нәтижесінде Клиентке келтірілген шығын үшін жауап бермейді.


Банктің атынан/от Банка _____________________________


Клиенттің атынан/от Клиента _________________________



5.8. Тараптар, осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын мүмкін емес ететін табиғи апаттар, соғыс, лаңкестік, ереуілдер, өрттер, қопарылыстар сияқты форс-мажор жағдайлары, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және өзге де мемлекеттердің кез келген әрекеттері мен шешімдері болған кезде, қаржы нарығындағы төтенше жағдайлар болған кезде, осы Шарт бойынша міндеттемелерінің бұзылуы нәтижесінде келтірілген шығындар үшін жауап бермейді.

5.9. Банк төлем құжаттары тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, Шот бойынша операциялардың уақытында жүргізілмегені, Клиентке тиесілі ақшаны аударғаны үшін жауап бермейді.

5.10. Банк осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін, егер көрсетілген міндетемелердің орындалуына осы шарт бойынша қызметтерді орындау үшін қажетті электрмен қамтамасыз етудегі бұзылушылықтарға әкеп соққан төтенше жағдайлар кедергі жасаса, жауап бермейді.


5.11. Клиент, егер Банк Клиенттің Шоттан ақша аударуы жөніндегі нұсқауын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін, Банктің кінәсі болған жағдайда, Банктен ақша аударымы сомасының 0,01% мөлшерінде айыппұл төлеуді талап етуге құқылы.

5.12. Клиент штрих-коды бар төлем құжатын ұсынған кезде, төлем құжатындағы қол(дар) мен мөр таңбаның (бар болса) Банкте қолданыстағы Клиенттің қол(дар)ы мен мөр таңбасы ұқсас болған (1) жағдайда және қағаз түріндегі төлем құжатындағы мәліметтер кодтан алған соң банктің уәкілетті қызметкерінің жұмыс терминалына түскен мәліметтерге сәйкес болған (2) жағдайда, Банк санкцияланбаған төлемге жауап бермейді.


6. Шарттың күшінде болу мерзімі мен Шартты бұзу тәртібі


6.1. Тараптардың кез келгені екінші тарапқа сондай тоқтату болжанған сәтке дейін кем дегенде он бес (15) күнтізбелік күн бұрын хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайдан басқа кезде, осы Шарт бойынша қатынастарын бір жақты түрде тоқтатуға құқылы. Хабарлама екінші тарапқа осы Шарттың 9 б. көрсетілген мекенжайына тікелей тапсырылған немесе тиісті пошта ұйымымен жеткізілген сәттен бастап тапсырылды деп есептеледі.


6.2. Осы Шарт осы Шарт бойынша екі тарап қол қойған кезден бастап күшіне енеді және тараптардың кез келгені оны тоқтату ниетін білдіргенше күшінде болады. Осы Шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісімі бойынша жүргізіледі.


6.3. Банк осы Шартқа сәйкес банктік шот ашқан кезінде Клиенттің Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілері талаптарын бұзу деректері анықталған жағдайда, осы Шартты бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы.


7. Қорғаныс әрекеттері.

7.1. Санкцияланбаған төлемдерден қорғаныс әрекеттері ретінде Тараптар төменде берілген шараларды атқаруға келісті.

7.2. Банктің уәкілетті қызметкерлері Шоттан санкцияланбаған төлемдерден (шығын операциялары) қорғаныс әрекеттері ретінде, ҚР заңнамасына және Шартқа сәйкес акцептсіз тәртіпте атқарылатын шығын операцияларынан басқа, төлем құжатындағы қол (-дар) мен мөрді (бар болса) Банкте бар Клиент қолының (-дарының) және мөрінің (бар болса) үлгісіне сәйкестістігін көзбен қарап бақылайды. Олар ұқсаған жағдайда, Банк санкцияланбаған төлемге жауап бермейді.



Банктің атынан/от Банка _____________________________


Клиенттің атынан/от Клиента _________________________



7.3. Тараптар Шоттан санкцияланбаған төлемдерден (шығын операциялары) қорғаныс әрекеттері ретінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа сәйкес акцептсіз тәртіпте атқарылатын шығын операцияларынан басқа, биометриялық қорғау жүйесінің бірін, атап айтқанда: дактилоскопия (саусақ таңбасы) орнатады.


7.4. Санкцияланбаған төлемдерден биометриялық қорғануды орнату мақсатында Клиент Банкке ҚР заңнамасына және Банктің талаптарына сәйкес рәсімделген Сенімхатты Банкке ұсынады және онда Клиент жұмыскерлері (қолдар және мөр таңбасының үлгілері бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалар; төлем құжаттарын жеткізуге және ұсынуға уәкілетті тұлғалар; Клиенттің банктік шотына қызмет көрсетумен байланысты Хат-хабарларды ұсынуға және алуға уәкілетті тұлғалар) көрсетіледі, сонымен қатар ондай жұмыскерлердің саусақ таңбаларының үлгілері алынады және Банктің ішкі ережелеріне сәйкес сақтауға тапсыралады.


7.5. Банк Банкке төлем құжаттарын тапсыратын Клиент қызметкерінің (уәкілетті тұлғасының) саусақ таңбасының үлгісі Банктің биометриялық сәйкестендіру жүйесіндегі саусақ таңбасына сәйкестігін бақылайды. Олар сәйкес болған жағдайда Банк санкцияланбаған төлем үшін жауап бермейді.


7.6. Тараптардың келісімі бойынша санкцияланбаған төлемдерден қорғау әрекеттерінің қосымша элементтері қарастырылуы мүмкін.


8. Шарттың басқа талаптары

8.1. Тараптар, шот ашылған күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін Банкке осы Шарттың 1.1 тармағында көрсетілген ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын жүзеге асыру құқығын беру туралы келісімге келді.

8.2. Тараптар, құжатта бірінші және екінші қолдардың үлгісі мен мөр таңбалары болған жағдайда, Банк Клиенттің төлем құжаттарын уәкілетті тұлғалардың біріншісінің біреуі және екіншісінің біреуі қолы болған жағдайда орындауға қабылданатыны жөнінде келісті.



8.3. Тараптар мемлекеттік және орыс тілдерін осы Шарт тілдері деп таңдап алды. Тараптар осы Шарттың тілдерін толықтай түсінетіндерін, жалпы Шарт пен оның жеке бөлімдерінің мәні мен мағынасы толығымен анық деп баяндайды. Осы Шарттың түрлі тілдердегі мәтіндері әр түрлі оқылған жағдайда (қайшылықтар) орыс тіліндегі мәтін басым күшке ие болады.


8.4. Клиент осы арқылы, осы Шарттың, оның ішінде осы Шарттың 3.15. және 5.9 тармақтарының талаптары оған түсінікті және анық екендігін растайды және Клиент төлем құжаттары тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, осы Шарт бойынша басталуы мүмкін залалдары туралы хабардар екендігін растайды.

8.5. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде, бірдей заңды күшке ие 2 (Екі) бірдей данада құрастырылып, Банктің және Клиенттің мөрімен (егер болса), Тараптардың уәкілетті тұлғаларының қолдарымен немесе Банктің уәкілетті тұлғасының жеке қолының баламасымен бекітілген, Тараптардың әрқайсысына бір-бірден жасалған Шарттың екі данасы бірдей заңды күшке ие.

8
Банктің атынан/от Банка _____________________________


Клиенттің атынан/от Клиента _________________________
.6. Осы Шартпен Тараптар өзара қатынастардың негізгі қағидаларын анықтап алды және Тараптардың арасында туатын кез келген қайшылықтар мен даулар әділетті келіссөздер барысында сол қағидалар негізінде шешілуі тиіс. Ондай даулар әділетті келіссөздер барысында реттелмейтін болса, Тараптар сот көмегіне жүгінеді. Тараптар арасында туатын даулар сот тәртібінде шешілген жағдайда, сотта қарау Банктің және/немесе оның филиалының орналасу орны бойынша анықталады.


8.7. Осы Шартпен тікелей реттелмеген қатынастар ҚРЗ анықталған процедураларға сәйкес реттеледі.


9. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері


Банк:

«Жинақ банкі» АҚ ЕБ, Алматы қ., Гоголь/Қалдаяқов к-сі, 30/26, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің монетарлы операцияларын есепке алу Басқармасындағы (ООКСП) коды 125, Кор.шоты KZ82125KZT1001300306.


БСК SABRKZKA, СТН 600900050984, БСН 930740000137.


Банктің атынан, толық қол қою өкілеттігімен,


___________________________________________________ м.о.

(аты-жөні, лауазымы, қолтаңбасы)


Клиент:

_______________________________________________________

Мекенжайы ____________________________________________

СТН __________ ________________________________________

ЖСН __________________________________________________

«Жинақ банкі» АҚ ЕБ-дегі

ЖСК №________________________________________________


Клиенттің атынан, толық қол қою өкілеттігімен, «Жинақ банкі» АҚ ЕБ көрсететін қызметтердің тарифтерімен» танысып шығып, олармен келісетіндігін растай отырып


___________________________________________________ м.о.

(аты-жөні, лауазымы, қолы)


трационный 08

Регистрационный № 045-ЦО


рационный 08



следующая страница >>