https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Балалар бойында АИТВ инфекциясының өтуі



Балалар бойында АИТВ –инфеккциясы дүние жүзінің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өзекті болуда. Балаларға АИТВ –ның қайнар көзі, әдеттегідей, инъекциялық есірткі тұтынатын , және қалай-болса солай жыныстық қатынаспен өмір сүретін, тәуекелді топтарынан шығатын әйелдер болып табылады. Әдебиеттердегі деректер бойынша балалардың 90% оның қаны арқылы жұқтырады, және 20-25% жағдайы ғана қаны мен оның препараттары арқылы жұқтырады. Балалар бойындағы патогенетикалық АИТВ инфекциясының бірқатар ерекшеліктері бар, бұл иммундық жүйесінің жеткіліксіз қалыптасуына байланысты болады. Балалардың бойында терең иммунды супрессия басталады. Ерте мерзімде иммунитеттің Т – жасушалық және В жасушалы буындарының жеткіліксіздігі байқалады.

Тез өршуі: (15-20%)

Алғашқы 3 жылда ЖИТС не өлім

Баяу өршуі: (75-80%)

Өмірінің орташа ұзақтығы 8-9.5 жас

Ересектерге қарағанда жылдамырақ өршиді

Өршуінің ұзақ мезгіл болмауы

АИТВ-инфекциясының факторлары мен тез өршуінің белгілері:
туған кезіндегі жетілмеуі, шала тууы, туған кезінде клиникалық көрініс беруі, туған кезінде ПЦР нәтижесі (+), оппортунистік инфекциялардың ерте дамуы, ерте өршіген неврологиялық симптомдары, өсіп-жетілуінің бұзылуы, диареидің ерте басталуы.

Бір айлық бала бойындағы АИТВ-инфекциясының ерте белгілері:

- Клиникалық:

- гепатоспленді-мегалия, ПГЛ (әсіресе аксиллярды және шап ауруы), қайта жүйеленетін оральды кандидоз, өсіп-жетілуі мен бойы өсуінің тежелуі, асқынған диарея

- Зертханалық:

- анемия, лейкопения, тромбоцитопения, повышение трансаминаз гипергамма-глобулинемияның трансаминазының артуы.

Бүгінгі күнге біздің облыс бойынша 5 жастағы бір бала диспансерлік есепте тұрады. Баланың хал-жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі кезде емдеуді қажет етпейді. Баланың хал-жағдайын, тұрғылықты жері бойынша емханалық қызметімен бірлесіп қадағалаудамыз.

ЖИТС МОО диспансерлік бөлімінің меңгерушісі А. Жиенғалиева.