https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Ата заңым – айбыным



Тәртіпке бағынған – құл болмайды.

Бауыржан Момышұлы.

Күн суыта құстар жылы жаққа ұшар болса, бозторғай өзінің жылы ұясын, Отанын тастап, өзге тіршілік иелері секілді жылы жаққа ұшпайды екен. Туған ұясыныңың суығы мен ыстығына бірдей көнген сол елеусіз бозторғай әрекеті – көз алдыма бейне бір қазақ еліндей елестейді. Еліміз басынан нелер заманды өткермеді. Қаншама қантөгіс,нәубет, зобалаң, ашаршылық, көтеріліс, жер үшін талас, ел үшін болған күрес, қазақтың ешқашан еңсесін түсірмеген. Әрқашан озбырлық танытқан тағдыр қиыншылығына мойымаған қазақ бүгінгі күні сол табанды әрекетінің жемісін ала алды деп айтсақ, артық болмас.

Тәуелсіздік алғалы бері еліміз жаңа, заңғар, биік белестерге қол жеткізді. Соның бірі әрі бірегейі - азаттықты айқындайтын, дербес мемлекет екендігімізді көрсететін аса бағалы құжат – Ата Заңымыз. Заң деген ұғым менің түсінігімде, ең бірінші Бауыржан атамыз айтпақшы, тәртіптен басталған. Тарихымыздағы “Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы”, «Жеті жарғы» деген заң жинақтары - біздер үшін әлі күнге дейін өшпес, асыл да құнды мұра. Сол заңдардың жалғасы болып келе жатқан қазіргі Ата Заңымыз - бейбітшілігіміздің белгісі, барлық заңдарымыздың Темірқазығы, тәуелсіздігіміздің тірегі. Заң деген - асыл да құнды дүние, біздің тұрмыс - тіршілігіміздің куәсі, салтымыздың айнасы, қоғамымыздың берік тұтқасы. Сондықтан да, адамзат баласының әрбірі сол заңға бағынуға және оны қалтқысыз орындауға құқылы. Заңды құрметтеуге, оны оқып- үйренуге және әр уақытта намысымыздың туы ретінде бағамдауға міндеттіміз! Мен тәуелсіз, азат елдің ұланы ретінде өз замандастарымды заң аясында еңбек етуге шақырар едім. Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына он бес жыл толып отыр.Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген, айдарынан жел ескен айбынды елімнің келешегі нұрлы да жарқын боларына кәміл сенемін! Мен биыл тоғызыншы сыныпқа көштім.Алар асуларым әлі алда. Елімнің өркен жайып,әл – ауқатының молайып,дами беруіне өз үлесімді қосамын, сол үшін бар күш – жігерімді жұмсауға дайын екндігімді жеткізгім келеді.


Сондықтан да, менің алаңсыз білім алып, өмір сүруіме жағдай жасап отырған Ата Заңымызға деген шексіз құрметімді, жүрекжарды алғысымды ақындарша бір шумақ өлең жолдарымен былай жеткізсем деймін:

Ата Заңым - сен боласың әрқашанда айбыным,

Сенсіз бәлкім туылмайды менің жаңа ай, күнім.

Мен еңсемді түсірмеспін ,түсірмеспін сен барда,

Сен менің көктен биік саналатын байлығым.

Сенің арқаң Ата Заңым , қазақ биік белесте,

Қасым хан мен Есім хандар осы заңнан,

Осы заңнан бастау алған емес пе?!

Әр азамат сені сақтар мәңгі есте.

Ата Заңымыз туралы шағын шығармамды түйіндей келе айтарым, күллі адамзат баласы табиғат заңына бағынғандай, Ата Заңымызды құрметтеп, қастерлейік! Ата Заңым, сен менің әрқашан да намысымның айбыны болып қаласың!