https://electroinfo.net

girniy.ru 1


Ата заңым - айбыным


Жоспар

 

Кіріспе

 

1. Қазақтың ата-заңы

2. Әділдікке бастар жол.

3. Қорытынды

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да  еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр  жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.

70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.

КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық  заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.  Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылуда.


 


1. Қазақтың ата-заңы

1.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы

Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.

Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Ә. Назарбаевтың атымен тікелей байланысты.  Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.

Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.

Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп  жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.

Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады.  "Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады.  Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” деп  нақты жазылған.

Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті  біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді делінген.

Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.

Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекіттірді. Енді Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.


Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.


2. Әділдікке бастар жол.


2.1.Ел егемендігінің тұғырына айналған қолданыстағы Ата Заңымыз қабылданған 1995 жылдың 30 тамызы ел тарихының атаулы күні болып табылды. Ата Заңымыздың арқасында еліміз экономикалық тұрғыда үлкен жетістіктерге жеткендігін аса байыппен айта аламыз. Оның өміршеңдігі мен жасампаздығына көзіміз толық жетуде. Тәуелсіз елеміздің қалыптасуындағы қиындықтарды еңсеруде де, өзге мемелекет алдында Қазақстан Республикасының халыөаралық беделін көтеруде де Ата Заңымыздың айбыны биіктенкөрінуде. Егемен еліміз Ата Заңымызға сәйкес құқықтық мемелекет құруда аз ғана уақыт ішінде күллі әлем көшбасшыларын мойындатып, ЕҚЫҰ-ға төрағалық еттік. Азия ойындарында өткіздік. Біздің алар асуларымыз әлі алда. Біз, жастар осы тұрғыда Елбасымыздың сарабдал саясатын қолдап,Ата Заңымызды құрметтей отырып, Егеменді елеміз үшін қызымет етуге әрқашан даярмыз.

Ата заңымыздың ел келешегінің, баянды тәуелсіздігіміздің кемел кепілі екендігін жадымыздан шығармай, тек алға басу біздің міндетіміз деп білемін.


3. Қорытынды

 

Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.

Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.

Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызға бөгет бола бастады.


Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.

Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.

Біздің Негізгі Заң  дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы, сондықтанда, пісіп жетілуіне біздің кқмегіміз, септігіміз қажет деп түсінемін және сол үшін болашаққа ұмтыламын. Ойымды қорытындылай келе Ата Заңымды мына өлең шумағымен дәріптегім келеді.


Атсам, сенің күнің болып атамын,

Батсам, сенің күнің болып батамын.

Ата Заңның айбарымен ант етем,

Енді өзіңе қасиетті Отаным.


Кешегі өткен тарихымның жалғасы,

Алдаспандай ақиқаттың арнасы.

Әр қазаққа ұстам болған Ата Заң,

Ғасырларды ғасырларға жалғашы.


Ата Заңым пана болған жұртыма,

Қасиетін сыйлап берген ұлтына.

Ең бірініші сені сүю керек қой,

Егерде кім қызмет етсе жұртына.

 


4. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.     Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.

2.     Нысанбаев Ә. "Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.

3.     Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. "Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.