girniy.ru 1

Біз туралы


Студент үшін университетте оқығанға дейін, оқу барысында немесе оқуды аяқтағаннан кейін де ең маңызды мәселе болашақтағы мансап болып табылады. Бұл университетте дәреже алудың негізгі мақсаты, бұған қарамастан, адамдар өмір бойы әртүрлі мамандықтарды меңгеруі мүмкін, ал ең алғашқы мамандықты таңдау көбінесе адамның бүкіл өміріне әсер ететіні белгілі. Кәсіптік бағдар студент жоғары оқу орнына түспес бұрын басталады және студенттердің болашақ кәсіптік қызметі бойынша үміттеріне сәйкес ең жақсы жоғары оқу орнын таңдауда, академиялық дәреже алуда маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Оқу барысында студенттер өз оқуын іс-тәжірибемен толықтыруға ықылас білдіреді. Мектептермен келісе отырып, біздің Орталағамыз тәжірибе өту мүмкіндіктерін ұсынатын НУ мектептері мен басқа да ұйымдармен ынтымақтастықтың негізі қаланады.


Оқу барысында студенттер өзінің оқуын тәжірибемен толықтыруға ықылас білдіреді. Іс тәжірибеден өту осы тәжірибені алудың белгілі тәсілі болып табылады. Мектептермен келісім бойынша, Орталық тәжірибеден өтуді ұсынатын сыртқы ұйымдармен, сонымен қатар қатысып, тәжірибеден өту мүмкіндіктерін анықтай алатын Мектептермен байланыс үшін платформа жасау арқылы тәжірибеден өту бағдарламаларын басқаруға мүмкіндік береді және көмектеседі.


Бұдан басқа, Орталық оқуды аяқтағанға дейін немесе одан кейін жұмысқа орналастыру үрдістерін жеңілдету үшін құрылған. Алайда, жұмыс табуда көмек көрсету оқуды бітірумен аяқталмайды. Қажет болса, Орталық университет түлектеріне жұмыс табуда да көмек көрсетеді.

Осы сайттағы сілтемелерді қараңыз. Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда кездесу туралы алдын ала келісіп, НУ Студенттерін кәсіптік бағдарлау және дамыту орталығына хабарласыңыз.






Міндеті

Студенттерді кәсіптік бағдарлау және дамыту орталығының міндеті студенттерге кәсіби мансап бастауында көмектесу және даярлау болып табылады. Біз студенттерге жұмыс іздеуге көмектесетін қызметтердің кең аясын ұсынамыз, сонымен қатар ата-аналар, студенттер, түлектер, жұмыс берушілер, университет департаменттері және жалпы университет бірлестігі арасындағы берік өзара қатынастар орнатуға көмектесеміз. Студенттерге рекрутинг кезінде мамандықты дұрыс таңдау мәселелері бойынша кеңес беру мен негізді шешім қабылдау, және қолайлы оқу бағдарламасын таңдау үшін студенттерді оқуға қабылдау кезінде кеңес беру жұмысымыздың ажырамас бөлігі болып табылады.





Орталық қызметтері: қысқаша шолу


Студенттерді кәсіптік бағдарлау және дамыту орталығының қызметтері


Орталық төмендегідей негізгі қызметтер аясын ұсынатын болып табылады:



  • Қолайлы қызмет түрін анықтауға арналған онлайн тест– студенттерге өздерінің мықты және әлсіз жақтарын, мүдделерін, сонымен қатар аса қолайлы қызмет түрлерін анықтауда көмек көрсету үшін әзірленген. Қолайлы қызмет түрін анықтау, студенттерге болашақ мамандығы мен бейінді пәндерін таңдауға мүмкіндік береді. Жуық арада өз бетінше, сонымен қатар, кеңес берушінің көмегімен анықтауға арналған онлайн тест әзірленетін болады.



  • Студенттерге кеңес беру – біздің орталығымыз НУ студенттеріне және болашақ түлектеріне төмендегі қызметтер арқылы өздерінің кәсіби жоспарларын дамыту, бағалау және жүзеге асыру бойынша жоспар құруда көмек көрсетеді:

    • Мамандықты/кәсіпті таңдау жөнінде

    • Мамандығына сәйкес келетін кәсіп түрін анықтау

    • Қызмет салалары/әлеуетті жұмыс берушілер туралы ақпарат іздеуге үйрету

    • Ұсынылатын жұмысты бағалауға үйрету

    • Жұмыс іздеу жоспарын құру

    • Түйіндемемен жұмыс жасау

    • Сұхбаттасу техникасымен жұмыс жасау

    • Студенттің мамандығы мен болашақ кәсібіне сәйкес келетін тәжірибе орнын анықтау мен табуға көмек беру

    • Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі туралы ақпарат алу

    • Студенттер үшін сынақ түріндегі сұхбаттасуды ұйымдастыру

    • “Networking” техникасы мен мәніне оқыту

    • Жұмыс іздеу үшін интернет қорларды пайдалануға үйрету
    • Құжаттарды магистратураға немесе білім беру/академиялық қызметке байланысты жұмыс орындарына тапсырумен көмектесу





  • НУ кампусында жұмысқа қабылдау Қажет болған жағдайда, кампуста әлеуетті жұмыс берушілер мен студенттер, тәжірибеден өту үміткерлер мен түлектер арасында сұхбаттасу жүргізіледі. Жұмыс берушілер сұхбаттасуға қатысатын үміткерлердің мамандығын, бейінді пәндерін және оқудың аяқталу күндерін көрсете алады. Орталығымыз компанияның алдағы презентацияларын өткізетін күндері және өткізілетін кестелері туралы студенттерге алдын ала хабарлайды. Қолайлы күнді таңдау мақсатында, ынғайлы күнін белгілеп қойған жөн, алайда біз барлық өтінімдерді қабылдау үшін бар күшімізді салуға тырысамыз. Бұл қызмет студенттер мен жұмыс берушілер үшін тегін ұсынылады.



  • Жыл сайынғы және жарты жыл сайынғы бос қызмет орындарының жәрмеңкесі– 2013 жылдың көктемінен бастап Орталық, студенттер мен болашақ жұмыс берушілердің өзара табысты іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету үшін Университеттің аумағында немесе өзге де қолайлы орындарда бос қызмет орындар жәрмеңкесін өткізетін болады.



  • Тәжірибе негіздерін іздеуде көмек– Студенттерді кәсіптік бағдарлау және дамыту орталығы тәжірибе негіздерін іздеуде өз көмегін ұсынады. Тәжірибе - кәсіби қызметін бастағанға дейін біреудің басшылығымен жүзеге асырылатын оқу тәжірибесі, мұнда студенттер өз дағдылары мен білімдерін кәсіби ортада қолданады. Бұл тәжірибенің студенттер мамандығы немесе кәсіби мүдделеріне тікелей қатысы бар. Болашақ мамандығына тұсаукесері болып табылады. Студенттік тәжірибе толық және ішінара жұмыспен қамту, ақылы немесе ақысыз болуы мүмкін, сонымен қатар жұмысы академиялық талаптарға сәйкес болған жағдайда, тәжірибеден өту академиялық несие ретінде танылуы мүмкін.



  • Жұмыс берушілерге арналған қызметтер – жұмыс берушілерге жұмысшы кадрларын іздеуде көмек көрсетуге арналған.
    • НУ бос қызмет орындар банкі. Жұмыс берушілерді анықтағаннан кейін Орталық, бос қызмет орындары туралы хабарландырулар жариялайды Студенттердің түйіндеме базасы арқылы білікті кадрлар іздеуде жұмыс берушілерге көмек болатын анықтама қызметін жүргізіледі. Жұмыс берушілер де, өздерінің бос қызмет орындарын сайтта жариялай алады. Бос қызмет орны туралы хабарландыруда көрсетілген біліктілікке сай келген студенттер автоматты түрде электрондық хабарландыру алып, өз түйіндемесін онлайн режимінде жолдай алады. Қазіргі уақытта рекрутинг қызметінің пайдаланушылары болып табылатын жұмыс берушілер, өз хабарландыруларын НУ Бос қызмет орындары банкінде тегін орналастыра алады. Қалғандары үшін осы қызмет түрі ақылы болады.




    • Түйіндеме іздеу. Кандидаттар іздеу үшін, жұмыс берушілерге түйіндемелер базасына тікелей қол жетімді болуға мүмкіндік беретін веб-қызмет.


  • «Оқу+жұмыс» бағдарламасы – жуық арада Назарбаев Университеті «Оқу+жұмыс» бағдарламасын іске қоспақшы. Біздің Орталығымыз осы бағдарламаның үйлестірушісі болмақ. Университет студенттері арасында бос қызмет орны туралы ақпарат таратылады. Адами ресурстарды басқару департаментімен, сонымен қатар студенттерге көмек көрсететін өзге де департаменттермен қатынас жүргізеді.



  • Семинарлар мен тренингтер – Студенттерді кәсіптік бағдарлау және дамыту орталығы «Қазақстанда және шетелде жұмысты қалай табуға болады», «Тиімді түйіндеме және ілеспе хат» атты және т.б. тақырыптарда түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылып, өткізіледі.



  • Түлектерге арналған қызметтер – Жақын арада Назарбаев Университетінің өз түлектері болады. Олардың, бізбен бірге, барлық мансапты жоспарлау қызметтеріне және жұмыс іздеуге мүмкіндіктері бар.