https://electroinfo.net

girniy.ru 1
І. Ұйымдастыру кезеңі


Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру,сабақтың мақсатымен

таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

§ 23. Мыстытас ғасырының энеолит археологиялық ескерткіштері.

Еңбек бөлінісінің пайда болуы.


  1. Мыстытас ғасыры,адамдар қоғамындағы өзгерістер.


Ғаламтормен жұмыс.


Сұрақ Еңбек бөлінісінің пайда болуы.

Сұрақ Адамдар қоғамында аталық рудың патриархат үстемдік етуі.


Сұрақ Мал шаруашылығының п.б.,оның адамдар өміріндегі орны.


2. Мыстытас ғасырының ескерткіштері

а) Ботай мәдениеті.

б) Мағыстау мәдениеті

в) Ыдыс-аяқтарды жасау


ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.







Мыс құралдарының пайда болуының

адамдар қоғамына әкелген өзгерістері.















Еңбек бөлінісінің п.б.





Аталық рудың үстемдік етуі





Егіншілікпен және

мал шаруашылығымен

айналысатын тайпалардың

қалыптасуы.





Адамдар қоғамында

Аталық рудың патриархат

үстемдік ете бастауы.



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


§ 24 Қола дәуіріндегі Қазақстан.

Қола дәуірінің негізгі сипаты.

а) дәптермен жұмыс

б) сабақтың мақсатымен таныстыру

в) жаңа тақырыпты түсіндіру.


Жаңа сабақтың жоспары.

1. Қола дәуірінің басталуы.

2. Қола дәуірінің ерекшеліктері.

3. Орталық Қазақстандағы қола дәуіріндегі археологиялық зерттеулер.


1. Б.з.б.ІІІ мыңжылдықтың соңы мен ІІ мыңжылдықтың бас кезінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар өмірінде үлкен өзгерістер болды. Адамдар өздеріне қажет құрал-саймандарын бұрынғыдай ағаштан, тастан емес, мыстан жасауды үйренді.Кейінірек қоладан да жасады. Өйткені, мыс жұмсақ болды. Ол қатты затты шапқанда, соққанда майысып қалатын еді. Мысты қатты ету үшін оған қалайыны қосып қорытты. Мыс пен қалайы қоспасынан қатты металл-қола пайда болды. Сөйтіп, адамдар қоладан сапалы

құрал-саймандар жасай алатын болды. Қоладан құрал-сайман жасау кең өрістеді. Осымен тас дәуірі аяқталып, қола дәуірі басталды. Бірақ тас құралдары бірден пайдаланудан қалып қойған жоқ. Кейбір тас құрал-сай- мандар темір дәуіріне дейін қолданылды.





Қыш ыдыстары








Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштері


2. Қола дәуірінің ерекщеліктері.

Қола дәуіріедегі Қазақстан .


Металл өңдеу






Малшылық-бақташылық




Андронов мәдениеті




Егіншілік


Бірінші ерекшелігі - Алғаш рет адамдар түсті металдар мен алтынды пайдалануды үйренді. Қазақстанның геологтары мен археологтары қола дәуіріндегі адамдардың мысты,қалайыны,алтынды қай жерлерден өндір-генін және онда қандай құралдар пйдаланғанын анықтады.


Екінші ерекшелігі – мал шаруашылығының жақсы дамуынан, үй жануарларының саны көбейді, малдың адамдар үшін пайдасы артты.

Үшінші ерекшелігі – қарапайым егіншіліктің дамуы. Бұл кезде жер негізінен кетпенмен өңделді.Көбіне арпа мен бидай егілді.

Жоғарыда атап көрсеткен үш ерекшелік – ертедегі металл өңдеу, малшылық –бақташылық және кетпенді егіншілік негізінде Қазақстан жерінде мәдениет қалыптасты. Ол тарихта Андронов мәдениеті деп аталды.


3. Орталық Қазақстандағы қола дәуіріндегі археологиялық зерттеулер.

Академик Ә.Х.Марғұланның қызметі.

Соғыс аяқталып, елдің жағдайы түзеле бастағаннан кейін Орталық Қазақстанды археологиялық зерттеу басталды. Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институты жанынан арнайы Орталық Қазақстан экспедициясы құрылды . Оны ұзақ жылдар бойы ғұлама ғалым, академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан басқарды. Бір топ археолог-ғалымдар Орталық Қазақстанда ұзақ жылдар бойы қазба жұмыстарын жүргізді. Осының нәтижесінде археологиялық ескерткіштер қоныстар, молалар, Андронов, Беғазы – Дәндібай, Атасу, Былқылдақ қоныстары мен Айшырақ, Дарат молаларынан табылған ескерткіштер көп жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді.


Археологтар Орталық Қазақстаннан 30-дан астам тұрақтар мен 150-ге жуық молалар тапты.


Ә.Х.Марғұлан 1904 -1985 ж.ж.


Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған . Филология ғылымдарының докторы , профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі .

Аталарың – ғұлама ғалым, әдебиет пен тарихты терең білетін атақты оқымысты. Ол Қазақстан жеріндегі халықтарды, соның ішінде Орталық Қазақстанды, атақты Сарыарқаны жарты ғасырға жуық уақыт зерттеп, тамаша жаңалықтар ашты. Орталық Қазақстан халық

Тарының төрт мың жыл бұрынғы көне тарихынан бастап, біздің заманымызға дейінгі мәдениетін жан- жақты көрсететін тарихи – археологиялық ескерткіштерді тапты. Олар - қалалардың, қоныстардың, тұрақтардың қалдықтары, жеке қайраткерлерге арналып салынған кесене - мазарлар, суару жүйелері, құрылыс өнерінің ескерткіштері және т.б. Әлкей аталарың бірнеше ондаған жыл бойы Сарыарқаны арала

ды. Қарттармен әңгімелесіп, халықтың аңыз - ертегілерін, өлең - жырларын, мақал – мәтелдерін жинады. Тау – тасты аралады, кеніштердің, ескі қалалардың, қоныстардың сызбалық нұсқаларын қағазға түсірді. Кеңес өкіметі кезінде Ә.Х.Марғұлан қуғын-сүргінге ұшырады.


Не үшін? Туған халқының көне әдебиетін, көне тарихын зерттегені үшін. Сол үшін ол еңбектер кезінде жарияланбады да?

Ш .Ш. Уәлихановтың барлық еңбектерін іздестіріп, мұқият жинап, оның шығармаларының бес томдық толық жинағын жарыққа шығарды. Ғылым академиясы Тарих институтының археология бөлімі жеке институт болып шаңырақ көтерді. Ол қазір ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты деп аталады.


4.Жаңа сөздікпен жұмыс.


Өндіргіш күш

Кетпенді егіншілік

Көшпелі мал шаруашылығы


5. Оқулықпен жұмыс.

Қола дәуірінің ерекшеліктерін кітаптан тауып оқу.


ІҮ. Жаңа тақырыпты қорытындылау






Оқушылар берілген тірек-сызбаны толтырып шығады ..



Ф Е О Д О Р О В








А Л А К Ө Л

Қола дәуірінің

к е з е ң д е р і





Д Ә Н Д І Б А Й