girniy.ru 1 2 ... 14 15



Жеделдетілен және курьерлік пошта қызметтерін көрсетуге арналған

_____ ШАРТЫ

Алматы қ. «___» ______ 2013 жыл.

«ExLine» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет ететін директоры Евгений Викторович Ткаченконың атынан, бір тараптан,

және _______________________, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, ___________ негізінде әрекет ететін ___________________________атынан, екінші тараптан, бірірігіп «Тараптар» деп аталатын, төмендегі туралы осы Шартты жасасты:





1. Шарттың мәні



    1. Орындаушы пошта операторы болып табылады және Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағы мен әлем бойынша жеделдетілген және курьерлік пошта жөнелтілімдерін (бұдан әрі   жөнелтілімдер) жүзеге асырады, сондай ақ пошта байланысының басқа қызметтерін көрсетеді.

    2. Тапсырыс беруші Орындаушының қызметтерін осы Шарттың талаптарына сәйкес төлейді.



2. Негізгі ұғымдар



2.1. Осы Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) «адресат» - жөнелтілім бағытталған пошта операторы қызметінің пайдаланушысы;

2) «пошта байланысының басқа да қызметтері» - қосымша төлемге ұсынылатын пошта операторының қызметтері;

3) «пошта операторы» - пошта қызметі саласында қызметтер ұсынуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

4) «жеделдетілген пошта жөнелтілімдері» - жеделдетілген тәртіп режимінде өңделіп, жеткізілетін хаттар (пакеттер) және жіберулер;

5) «курьерлік пошта жөнелтілімдері» - курьердің пайдаланылуымен жеделдетілген тәртіпте өңделіп, жеткізілетін хаттар (пакеттер) және сәлем саухаттар;

6) «пакет» – коммерциялық бағасы жоқ жазбаша хабарлама немесе құжаттары бар конверт түріндегі тіркелетін пошталық жөнелтілім;


7) «пошталық жөнелтілімді жіберу» - пошта жөнелтілімін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) беру, жеткізу және (немесе) тапсыру операцияларының жиыны;

8) «хат» - жазба салымы бар конверт түріндегі жіберілетін пошта жөнелтілімі;

9) «жеделдетілген және/немесе курьерлік поштасының сәлем саухаты» - бірнеше өлшемдерінің біріне арналған ең үлкен өлшемі 150 см немесе ұзындық сомасына және ұзындығына қарама-қарсы бағытына алынған ең үлкен шеңберге арналған өлшемі 300 см тауарлар мен басқа да заттары бар пошталық жөнелтілімі. Ірі өлшемді сәлем саухаты, бір жағы 80х80х50 асады, ал ең үлкен өлшемі 230х180х110см.

10) «жүзеге асырылған жөнелтілім» - адресатқа тапсыру мүмкіндігінің болмауы мына факторлардың бірімен немесе бірнешеуімен негізделген жөнелтілімді қоса ала отырып, Тапсырыс беруші көрсеткен мекенжай бойынша белгіленген мерзімде Орындаушымен жүзеге асырылған Тапсырыс берушінің пошталық жөнелтілімдерін жеткізу:

- Тапсырыс беруші мекенжайын дұрыс емес немесе толық көрсетпеу;

- адресаттың болмауы;

- Орындаушыға байланысты емес себептер бойынша адресаттың жөнелтілімдерді алудан бас тартуы.

11) «жөнелтілімнің есептік салмағы» - аймағына қатысты 0,3 немесе 0,5 немесе 5 килограмға дейін үлкен жағына жинақталған әр жөнелтілімнің нақты салмағы.

12) «жауапкершілік лимиті» - жөнелтілімдер зақымданған немесе жоғалған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіге бағасын өтеуге кепілдік берген шегіндегі ақшалай өтеу сомасы. Жарияланған құны 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге жөнелтілімдер бойынша жауапкершілік лимиті. Құны жарияланбаған пакеттер бойынша жауапкершілік лимиті 15000 (он бес мың) теңгені құрайды.

13) «жарияланған баға» - жөнелтілімдер зақымданған немесе жоғалған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіге бағасын өтеуге кепілдік берген шегіндегі, бірақ жауапкершілік лимитінен аспайтын Тапсырыс берушінің қалауы бойынша бір немесе бірнеше жөнелтілім үшін жарияланатын ақшалай өтеу сомасы.


14) «курьерлік пошта қызметтері» - курьер арқылы көрсетілетін пошталық жөнелтілімдерді тасымалдау және тапсыру бойынша пошталық байланыс қызметтері;

15) «жеделдетілген пошта қызметтері» - пошталық жөнелтілімдерді жеделдетіп өңдеу, тасымалдау, жеткізу және (немесе) тапсыру режимімен пошталық байланыс қызметтері.


3. Тараптардың міндеттері және құқықтары



3.1. Орындаушы міндетті:

1) Тапсырыс берушінің кеңсесінде немесе Орындаушының кеңсесінде, не Тапсырыс берушінің өтінімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Тапсырыс берушімен келісілген уақытта жіберуге арналған жөнелтілімдерді қабылдауды жүзеге асыруға.

2) Тапсырыс беруші көрсеткен мекенжай бойынша жөнелтілімдерді жеткізуді қамтамасыз етуге (қолма-қол);

3) осы шарттың 5-тарауына сәйкес жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда Тапсырыс берушіге жөнелтілімдерді қайтаруға;

4) жөнелтілімдерді қабылдаған сәтінен бастап оларды адресатқа жеткізу сәтіне дейін солардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қамтамасыз етуге;

5) Тапсырыс берушіге жөнелтілімдерді жеткізу уақыты туралы қажетті ақпаратты, сондай ақ Орындаушының сервисімен қарастырылған басқа да ақпаратты ұсыну;

6) Тапсырыс берушіні Орындаушының тарифтеріндегі барлық өзгерістер туралы, болжанған өзгеріске дейін 15 күн бұрын кешіктірмей, хабардар етуге.

3.2. Орындаушының мыналарға құқыға бар:

1) Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, Тапсырыс берушінің жөнелтілімдерін жіберуден бас тартуға;

2) өзінің қасиеттері, салмақтық және габариттік параметрлері бойынша Орындаушының талаптарына сәйкес келмейтін жөнелтілімдерді жіберуден бас тартуға;

3) Тапсырыс берушінің көрсетілген қызметтер үшін мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешегі толық өтелгенше жөнелтілімді ұстай тұруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жіберуге тыйым салынған және/немесе шектелген бұйымдар мен заттарды айқындауға, зақымдану мәніне жөнелтілімдердің ішіндегі салынымдарын тексеруге.


5) Тапсырыс берушінің атауын, тауарлық белгісін (логотипін) және оған сілтемелерін Орындаушының сайтында, коммерциялық ұсыныстары мен тұсаукесерлерінде орналастыруға.

3.3. Тапсырыс берушінің міндеттері:

1) Орындаушыға осы шарттың 4-тарауына сәйкес жөнелтілімді жіберуге уақтылы сұраныс беруге;

2) қажет болған жағдайда, жөнелтілімдер қабылдауын жүзеге асыру үшін Тараптармен келісілген уақытта Тапсырыс берушінің аумағына Орындаушының жұмыскерлерінің кіруін қамтамасыз ету;

3) қажет болған жағдайда, жөнелтілімде көрсетілген мекенжайларға өзгерістер енгізуге;

4) Орындаушының талаптарына қатаң сәйкестікте жөнелтілімдер мен ілеспе құжаттардың рәсімдеуін жүзеге асыруға;

5) жіберуге арналған жөнелтілімдерді Орындаушының жұмыскерлері келгенге дейін уақтылы дайындауға;

6) кедендік заңнама талаптарына сәйкес, халықаралық жөнелтілімдерге қажетті құжаттарды рәсімдеуді уақтылы жүргізуге және барлық кедендік ресмиліктерден өтуді қамтамасыз етуге;

7) заңнамада тыйым салынған салымдарға жол бермеуге, сондай ақ салымдар ішіндегісінің қауіпсіздігіне кепілдік беруге;

8) жөнелтілімдерді қайтару себептерін жою бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

9) адресатты жөнелтілімдерді алу барысында қойылатын ережелер және талаптармен таныстыруға, атап айтқанда:


  • егер сыртқы орамы, немесе пломбылары зақымданса, актіні жасамай жөнелтілімдерді қабылдау туралы қолхаттар бермеуге;

  • көзге көрініп тұрған шығын немесе зиян болған барлық жағдайларда адресат осы Шарттың 9-тарауына сәйкес әрекет етуі керек.

10) Орындаушыға өзінің мекенжайлық, банктік және басқа да деректемелерінің өзгергендігі, сондай-ақ өзгеріс және жабылудың болжамды күніне дейін 15 (он бес) күн бұрын кешіктірмей, Қазақстан аймақтарындағы өзінің филиалдары/өкілдіктерінің жабылуы туралы жазбаша түрде хабарлауға;

11) осы Шарттың 6-тарауына сәйкес Орындаушының қызметтерін уақтылы төлеуге.


12) егер Тапсырыс беруші сыртқы түрі, құрамы немесе мазмұны бойынша жіберуге тыйым салынған нәрселермен немесе заттармен ұқсас келетін заты бар жөнелтілімдерді жіберетін болса,Тапсырыс беруші жөнелтілімнің қауіпті емес екендігін және көліктің кез келген түрімен (әуе, т/ж, авто және т.б.) жіберуге болатындығын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

3.4. Тапсырыс берушінің құқықтары:

1) Орындаушы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, Орындаушының қызметтерінен бас тартуға;

2) осы Шартпен белгіленген тәртіпте және талаптарда Орындаушыдан қызметтерді уақтылы және толық көлемде алуға;

3) өзінің жөнелтілімдерін жіберудің егжей-тегжейі туралы ақпарат алуға.


4. Жөнелтілімді қабылдаудың тәртібі және талаптары



4.1. Жөнелтілімдерді қабылдау сағат 09 00  ден 18 00  ге дейін, Орындаушы бөлімшелерінің мекенжайлары бойынша, немесе Орындаушының өтінімінде көрсетілген мекенжайлары бойынша, күн сайын, демалыс және мерекелік күндерден басқа күндері, жүргізіледі.

4.2. «10-ға дейін жеткізу» қызметі қолданылатын жөнелтілімдерді қабылдау сол күннің қарсаңында сағат 15:00-ге дейін (жергілікті уақыт) Астана мен Алматы қалаларында жүзеге асырылады.

4.3. Жөнелтілімді қабылдауға өтінім Тапсырыс берушімен 4 сағат бұрын, немесе соның қарсаңында беріледі. Өтінім Тараптар келіскен кез келген тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін, соның ішінде:

1) Орындаушы бөлімшелерінің телефондары және/немесе факстары бойынша;

2) «онлайн-өтінім» арқылы, Орындаушының web site-ы арқылы: www.exline.kz;

3) Орындаушы бөлімшелерінің электронды мекенжайлары бойынша.

4.4 Тапсырыс берушінің жөнелтілімдерін қабылдау фирмалық жүк құжаты немесе Орындаушының тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

4.5. Жөнелтілімдері Тапсырыс берушімен жөнелтуші мен адресаттың мекенжайларын көрсету арқылы, оралған күйде жіберуге тапсырылады. Жіберілетін жөнелтілімнің орамында тұтастығының бұзылуы немесе зақым іздері болмауы керек (ағып кеткен жерлері, жарықтар, майысқан жерлері және т.б.). Сәлем саухаттар, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететін мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттарға сәйкес келетін дұрыс ыдыста жіберілуге ұсынылуы тиіс.


4.6. Жөнелтілімдер орамы салымдар сипатына, жіберу шарттары мен жол ұзақтығына сәйкес келуі тиіс, өңдеу және қайта жіберу кезінде салымның зақымдану мүмкіндігін, оған қабығын, мөрлерін, пломбыларын, байлауларын, жолақтарын және т.б. бұзусыз қатынас, басқа да жөнелтілімдерді бұзу, Орындаушының жұмыскерлеріне қандай да бір зиян тигізу мүмкіндігін болдырмау керек.

4.7. Егер жіберуге ұсынылған жөнелтілімді сыртынан қараған кезде жөнелтілімдердің сақтығы үшін қауіп тудыратын кемшіліктер байқалған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушының талабы бойынша байқалған кемшіліктерді жоюы керек. Тапсырыс беруші әрекет етпеген жағдайда жүк құжаттарының барлық даналарында немесе тізбелерінде тиісті белгі қойылады. Мұндай жағдайларда, жүкқұжатта (тізбеде) көрсетілген себептерден келтірілген зиянды (ішкі салымның жетіспеушілігі, бұзылулары немесе зақымдалуы) Орындаушы өтемейді.

4.8. Орындаушы Тапсырыс берушінің талабы бойынша сәлем саухаттарды орау немесе толық орауды 2-қосымшада көрсетілген тарифтер бойынша, өздігінен жасауы мүмкін.

4.9. Хаттарға арналған орам ретінде қосымша ақы алусыз, Тапсырыс берушіге ұсынылатын Орындаушының фирмалық конверттері пайдаланылады.

4.10. Барлық жөнелтілімдерде Тапсырыс беруші жөнелтушінің (КІМНЕН) және адресаттың (КІМГЕ) мекенжайларын келесі тәртіпте көрсетуі тиіс:

1) индексі (халықаралық жөнелтілімдер үшін); 2) елдің атауы (халықаралық жөнелтілімдер үшін);

3) елдімекеннің атауы (қала, кент, ауыл және басқасы);

4) көшенің атауы, үйдің нөмірі, офис (пәтер) нөмірі;

5) жөнелтуші мен адресаттың атауы, жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты;

6) байланыс телефондары.

4.11. Жөнелтушінің мекенжайы жөнелтілімнің сол жақ жоғары бұрышында, ал адресаттың мекенжайы – жөнелтілімнің төменгі оң жақ бөлігінде, немесе Орындаушының фирмалық мекенжайлық жапсырмалары немесе өздігінен көшірілетін жүкқұжаттарға сәйкес (жөнелтушінің мекенжайы сол жағында, алушының мекенжайы оң жағында) көрсетіледі.



5. Пошталық жөнелтілімдерді жеткізу талаптары және тәртібі



5.1. Жөнелтілімді алған жағдайда адресат ілеспе жүкқұжатқа өзінің қолын қояды, бұл жөнелтілімді жеткізудің дәлелі болып табылады.

5.2. Заңды тұлғалардың мекенжайларына жеткізілетін жөнелтілімдер қабылдау бөлмесіне, кеңсеге немесе жөнелтілімдерді алуға жауапты адресаттың басқа да бөлімшесіне тапсырылады. Жүкқұжатта немесе тізбеде қолды адресаттың кез келген жауапты жұмыскері қоя алады.

Егер жеткізу адресаттың ғимаратына шектеулі кіргізу режимі болғандықтан мүмкін болмаса, онда жөнелтілім (тек пакеттер үшін) күзет қызметкерлеріне, немесе reception жұмыскерлеріне тапсырылуы мүмкін немесе адресаттың хат хабарға арналған арнайы жәшігіне салынуы мүмкін (жөнелтушімен келісім бойынша).

5.3. Жеке тұлғалардың мекенжайына жөнелтілім адресатқа, немесе осы мекенжайда орналасқан адресат отбасының кәмелетке толған мүшелеріне беріледі, бұл ретте жүкқұжатта немесе тізбеде жеке тұлғаны растайтын құжат ұсынған жағдайда, өзінің қолын қойған тұлғаның тегі мен туыстық қатынастары көрсетіледі.

Жөнелтілімді алған жағдайда жүкқұжатта немесе тізбеде ұсынылатын құжаттың деректері қойылады (құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген ұйымның атауы).

5.4. Егер жөнелтілімдерді жеткізу барысында Орындаушы Тапсырыс беруші көрсеткен мекенжайдың дұрыс еместігін анықтаған болса, онда жеткізу жүзеге асырылған болып есептеледі, бұл ретте Орындаушы қосымша ақысыз және жаңа мекенжайды табуға кепілдіксіз жаңа мекенжайды нақтылау бойынша шаралар қабылдай алады. Мекенжайды табу мүмкіндігі болмаған жағдайда адресатты нақтылау туралы жөнелтушіге сұраным жасалады. Жаңа мекенжайды тапқан жағдайда Орындаушы жаңа мекенжай бойынша қайтадан жеткізуді жүзеге асырады. Егер жаңа мекенжай табылмаған жағдайда, Тапсырыс берушінің келісімімен және есебінен жөнелтілімді қайтару жүзеге асырылады. Үшінші және келесі жеткізулерді Тапсырыс беруші қалалық жеткізу тарифтері бойынша қосымша төлейді.


5.5. Жөнелтілімдерді «Алушының төлемі» белгісі бар жіберу барысында, Тапсырыс беруші Орындаушы қызметтерін төлеу туралы уақтылы ескертуі тиіс. Адресат көрсетілген қызмет үшін төлем жүргізуден бас тартқан жағдайда, Тапсырыс беруші осы жөнелтілімді қайта жіберу, жеткізу және қайтаруға байланысты Орындаушының барлық шығындарын төлеуге міндеттенеді. Облыстық орталықтан төмен жеткізілетін «Алушының төлемі» белгісі бар жөнелтілімдер жүзеге асырылмайды.

5.6. Орындаушы облыстық орталықтан төмен жіберілетін «есіктен есікке дейін» жөнелтілімдердің жеткізілуіне кепілдік бермейді.


6.Қызметтерге тарифтер мен есеп айырысу тәртібі



6.1. Тапсырыс беруші Орындаушының қызметтерін 2-ші және 3-ші қосымшада көрсетілген тарифтер бойынша теңгемен төлейді. Орындаушының есепшотына қаражат түскен күн төлем күні болып есептеледі.

6.2. Осы Шарттың шеңберінде халықаралық жөнелтілімдер бойынша Орындаушымен көрсетілетін қызметтерге қосымша құнға (бұдан әрі - ҚҚС) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

6.3. Осы Шарттың шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық жөнелтілімдер бойынша (қабылдау, өңдеу, сақтау және басқа да қажетті әрекеттер) Орындаушымен көрсетілетін қызметтерге ҚҚС ҚР салық заңнамасына сәйкес салынады.

6.4. Жарияланған құндылығы бар жөнелтілімдерді қайта жіберу үшін Тапсырыс беруші салмақ тарифінен тыс қосымша түрде жарияланған құндылық сомасынан 0,8% төлейді.

6.3. Орындаушы Шарт бойынша көрсеткен қызметтердің төлемін Тапсырыс беруші Орындаушы жіберген қолма-қол ақысыз шот-фактуралар немесе қолма-қол ақымен есеп айырысу негізінде жүзеге асырады. Шот-фактураларды Орындаушы айына екі рет жүкқұжаттар (тізбелер) негізінде, немесе әрбір жүзеге асырылған жөнелтілімдерден кейін жібереді. Шот-фактуралар төлемін Тапсырыс беруші шот алынған күннен бастап 5 (бес) банк күнінің ішінде жүзеге асырады. Қолма-қол есеп айырысу үшін төлем жөнелтілімдерді тапсыру сәтінде жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші Орындаушы қызметтеріне алдын ала ішінара төлем жасай алады.


6.4. Орындаушымен көрсетілетін осы Шартта белгіленбеген басқа да қызметтер, немесе қосымша шарттарды талап ететін басқа жұмыстар Тапсырыс берушімен қосымша ақыға, Тараптардың келісімі бойынша төленеді.

6.5. Орындаушы қызметтеріне тарифтерді ол өзгертуі мүмкін. Жаңа тарифтер Тапсырыс беруші Орындаушының тарифтерді өзгертуі туралы жазбаша мәлімдемесін алғаннан кейін 15 күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

6.6. Тапсырыс беруші Орындаушы көрсететін қызметтердің болжалды көлеміне тепе-тең сомада аванстық төлем жасауы мүмкін.



следующая страница >>