girniy.ru 1
Шымкент қаласы әкімдігінің «___»__________2012 жылғы №____ қаулысына қосымша



«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер


1.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тиісті аумақты әлеуметтік және экономикалық дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.


8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160008, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Сайрам көшесі №190 үй, телефон: 51-79-33, 57-10-36.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10.Осы Ереже Шымкент қаласының әкімдігінің құрылтай құжаты болып табылады.

11.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін  қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

12.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

13.Миссиясы: «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тиісті аумақта тұратын халықты жергілікті істерді басқаруға тарту және аумақтағы әлеуметтік және экономикалық дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.


14. Міндеттері:

1)салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 3 тармақшасы);

2)азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 5 тармақшасы);


3)шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 8 тармақшасы);

4)жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 13 тармақшасы).


15. Функциялары:

1.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1)тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 1 тармақшасы);

2)азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 2 тармақшасы);

3)әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 4 тармақшасы);

4)стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 4-1 тармақшасы);


5)өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 6 тармақшасы);

6)аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 7 тармақшасы);

7)өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 9 тармақшасы);

8)тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 11 тармақшасы);

9)табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 12 тармақшасы);

10)қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 14 тармақшасы);


11)жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 15 тармақшасы);

12)шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 16 тармақшасы);

13)жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 17 тармақшасы);

14)республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 18 тармақшасы);

15) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 19 тармақшасы);

16)елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 20 тармақшасы);

17)туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 21 тармақшасы).


18)кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 22 тармақшасы).


16. Құқықтары мен міндеттері:

1)мемлекеттік органдардан қаладағы аудан әкімдерінен қажетті ақпараттарды алуға («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38 бабы, 1 тармағы, 33 бабы, 1 тармағы, 6 тармақшасы);

2)мемлекеттік органдарда бар деректердің ақпараттық банкілерін пайдалануға («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38 бабы, 1 тармағы, 33 бабы, 1 тармағы, 6 тармақшасы);

3)мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және канализация құралдарын пайдалануға («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38 бабы, 1 тармағы);

4)ғылыми мекемелерді, ғалымдар мен мамандарды, құқық қорғау және бақылаушы органдардың өкілдерін, соның ішінде келісім-шарт негізінде жұмысқа тартуға («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31бабы, 33бабы, 38 бабының 1 тармағы);

5)қала әкіміне қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс беруге (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 8 бабы 16 тармағы);

6)қала әкімдігінің мәжілістеріне, қала әкімі және оның орынбасарлары өткізетін кеңестерге қатысуға (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 8 бабы, 16 тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38 бабы, 1 тармағы);


7)мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен аппараттың жүргізетін мәселелері бойынша қызметтік хат жазысуларға («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабы 1 тармағы, 6, 14, тармақшалары, 38 бабы 1тармағы );

8)аппарат, қалалық атқарушы органдар қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін қала әкімдігі мен әкімінің қарауына жататын меселелерді дайындауға қатыстыру үшін тартуға құқылы («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 33 бабы, 38 бабы, 1 тармағы);

9)«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі.


3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қалалық мәслихаттың келісімімен Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары және қызметкерлері болады.

20. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1)мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді, жеке және заңды тұлғаларға қатысты өзіне берілген құқықтар шегінде;


2)барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер алдында келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;

3)құрылтайшының шешімдерін іске асырады;

4)мемлекеттік мекеме мүддесін білдіруге сенімхаттар береді, сонымен бірге, әбден сенуге болатын құқығымен сенімхаттар береді;

5)еңбек ақы төлеу жүйесін анықтайды, сыйақы мәселелерін (келісім бойынша) шешеді, көтермелеу және тәртіптік жаза беру шараларын қолданады;

6)түрлі сипаттағы мәселелер және заңдық актілер жасайды, жұмысқа жалдап алу жөнінде жеке еңбек шарттарын түзеді, есеп шоттарын және банктерде басқа шоттарды ашады, шешімдер мен өкімдер шығарады;

7)қаржылық қаражаттарды қоса алғанда, мемлекеттік мекеменің мүлкіне иелік етеді. Мемлекеттік мекеме қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асырады және жауапты болады;

8)құрылтайшының құзырына жатқызылғаннан басқа, мемлекеттік мекеменің барлық мәселерін шешеді;

«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21.Бірінші басшы өз орынбасарларын және қызметкерлерінің өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.


  1. Мемлекеттік органның мүлкi


22.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.


  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату


25.«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Шымкент қаласы

Еңбекші ауданының әкімі Ә.Құртаев