girniy.ru 1 2 3 4


«Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісін беру» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1.
Мемлекеттік қызметті «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан облыстық және аудандық филиалдары (бұдан әрі – зертханалар) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
10 шілдедегі Заңының 1-бабы 40) тармақшасының;

2) «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижесінде ветеринариялық зертханалардың сараптау актісін беру туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 399 бұйрығының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сондай–ақ зертханалардың стендтерінде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз тасығыштағы сараптама актісі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет алушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттар мен зерттелетін материалдарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі бес жұмыс күнінен аспау керек.


Жануарлардың ауыруын диагностикалау кезінде сараптама актілері микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, вирусологиялық, микологиялық, серологиялық, биохимиялық, химиялық-токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер нәтижелерінің негізінде жасалады;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;

4) ұсынылған құжаттар мен материалдардың толықтығын тексеру мерзімі – зертханалар осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды қабылдаған сәтте көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет олардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау жөніндегі қызметтерді қоспағанда, зертханалардың бағаларының прейскурантына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі.

Зертханалардың баға прейскурантын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің келісімі бойынша «Республикалық ветеринарлық зертхана» республикалық мемлекеттік кәсіпорын белгілейді. Төлем банктер немесе банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару қолма қол ақшасыз нысанда немесе зертханалардың кассаларына қолма- қол ақшамен жүргізіледі.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет

алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен

оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.




2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:

1) зерттелетін материалға ілеспе хат;

2) зерттелетін материалдар – диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен алынатын сынамалар;

3) төлемді растайтын құжаттың көшірмесі (тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау кезінде ұсынылмайды).

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған ілеспе хаттың үлгісін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан зертханалардың кеңселерінде алуға болады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар мен материалдар зертханалардың кеңселеріне осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға:

1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;

3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;

4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің
атын;

6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген тұлғаға жеке келген кезде рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.


16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер жоқ.


3. Жұмыс қағидаттары


17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде зертханалардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;

5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.


4. Жұмыс нәтижелері


18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Зертханалардың лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.


5. Шағымдану тәртібі


20. Зертханалардың қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан зертханалардың заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет, телефоны: 8 (7172)

55-58-15, электронды поштасы: veterinar@minagri.kz мекенжайы бойынша беріледі.


Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым зертхананың басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.


Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты осы стандартқа 1 -қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан зертханалардың кеңселерінде, сондай-ақ www.minagri.gov.kz интернет-ресурстарынан ала алады.


_____________________________


«Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша


«Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік кәсіпорнның облыстық және аудандық филиалдарының мекенжайлары мен телефондары


Р/с



Филиалдардың атауы

Заңды мекенжайы


Телефон нөмірі

1

2

3

4

Астана қаласы

1

«Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Астана қ-сы, Дулатов к-сі,

187/2-үй

8(7172)408144

Алматы қаласы


1

Іле аудандық ветеринариялық зертхана

Қапшағай қ-сы, Вет.станция учаскесі

8(7272)28088

2

Балқаш аудандық ветеринариялық зертхана

Бақанас ауылы, Бижанов к-сі, 4-үй

8(72773) 91796

3

Жамбыл аудандық ветеринариялық зертхана

Ұзынағаш ауылы, Сәтпаев к-сі, 117-үй

8(7277) 21218

4

Еңбекшіқазақ аудандық ветеринариялық зертхана

Есік қ-сы, Пугачев к-сі, нөмерсіз

8(7277)3913386

5

Еңбекшіқазақ аймақтық ветеринариялық зертхана

Шелек ауылы, Қыдыров к-сі,

75/а-үй

8(72776)22587

6

Қарасай аудандық ветеринариялық зертхана

Қаскелен қ-сы, Набережная к-сі, 113-үй

8(72771)22398

7

Райымбек аудандық ветеринариялық зертхана

Нарынқол ауылы, Исаев к-сі,


146-үй


8(72779)21108

8

Райымбек аудандық ветеринариялық зертхана

Кеген ауылы, Лебаев к-сі, нөмерсіз

8(72777)22377


9

Ұйғыр аудандық ветеринариялық зертхана

Шонжы ауылы, Кентау–Исламов к-сі

8(72778)22516

10

Талғар аудандық ветеринариялық зертхана

Талғар қ-сы, Пугачев к-сі, 1-үй

8(72774)32043

11

Алматы өңірлік филиалы

Алматы қ-сы, Райымбек д-лы, 1-үй

8(7272)797424, 792859




Ақмола облысы

1

Ақмола облыстық филиалы

Көкшетау қ-сы, Куйбышев к-сі, 112-үй

8(716 38)20891

2

Аршалы аудандық ветеринариялық зертхана

Аршалы қ-сы, Республика к-сі,

3-үй

8(716 44)21543

3


Астрахан аудандық ветеринариялық зертхана

Астраханка ауылы, Райветстанция

8(716 41) 2368

4

Атбасар аудандық ветеринариялық зертхана

Атбасар қ-сы, Б.Момышұлы к-сі, 11-үй

8(716 41)22368

5

Бұланды аудандық ветеринариялық зертхана

Макинск қ-сы, Яглинская к-сі, 42-үй

8(716 46)23231

6

Бурабай аудандық ветеринариялық зертхана

Щучье қ-сы, Железнодорожная к-сі, 105-үй

8(716 36)50007

7

Егіндікөл аудандық ветеринариялық зертхана

Егіндікөл ауылы, Гагарин к-сі,

3 «В»-үй

8(716 42)21509

8

Ерейментау аудандық ветеринариялық зертхана

Ерейментау қ-сы, Кенесары к-сі, 97-үй

8(716 33)23067

9

Еңбекшілер аудандық ветеринариялық зертхана

Степняк қ-сы, Рысқұлов к-сі, 2-үй

8(716 39)21282

10

Есіл аудандық аудандық ветеринариялық зертхана


Есіл қ-сы, Ветстанция к-сі, 5-үй

8(716 47)21325

11

Жақсы аудандық ветеринариялық зертхана

Жақсы ауылы, Тоқтыбаев к-сі,

7-үй

8(716 35)22598

12

Жарқайын аудандық ветеринариялық зертхана

Державинск қ-сы,

ДСУ – 71 10/1-үй

8(716 48)92480

13

Зеренді аудандық ветеринариялық зертхана

Зеренді ауылы, Чкалов к-сі, 2

8(716 32)21864

14

Қорғалжын аудандық ветеринариялық зертхана

Қорғалжын қ-сы, Абай к-сі,

83-үй

8(716 37)21841

15

Сандықтау аудандық ветеринариялық зертхана

Балқашино қ-сы, Абылай хан к-сі, 94-үй

8(716 40)91633

16

Шортанды аудандық ветеринариялық зертхана

Шортанды қ-сы, Смирнов к-сі,

4-үй

8(716 31)22489

17

Степногорск қалалық ветеринариялық зертхана

Степногорск қ-сы, 2-ші ш.а,


2/16-үй


8(716 45)68797

18

Ақкөл аудандық ветеринариялық зертхана

Ақкөл қ-сы, Уәлиханов к-сі,

165-үй

8(716 38)20891

Ақтөбе облысы

1.

Актөбе облыстық филиалы

Акөбе қ-сы, Смағұлов к-сі, 11-үй


8(7132)211731 215705

2.

Алға аудандық ветеринариялық зертхана

Алға қ-сы, Тамды шоссе, 1-үй

-

3.

Әйтеке-би аудандық ветеринариялық зертхана

Комсомол кенті, Кұлымбетов к-сі, 4-үй

8(71339)22019

4.

Байғанин аудандық ветеринариялық зертхана

Байғанин кенті, Т.Бөкенбай батыр к-сі, 33-үй

-

5.

Ырғыз аудандық ветеринариялық зертхана

Ырғыз қ-сы, Барысбаев к-сі,7-үй

8(71343)21722

6.

Қарғалы аудандық ветеринариялық зертхана

Бадамша қ-сы, Дзержинск к-сі, 37А-үй


8(71342)23276

7.

Әйтеке би аудандық ветеринариялық зертхана

Қарабұтақ кенті, Оразалин к-сі,

9-үй

-

8.

Мәртөк аудандық ветеринариялық зертхана

Мәртөк кенті, Байтұрсынов к-сі, 63 А-үй

8(71331)22416

9.

Мұғалжар аудандық ветеринариялық зертхана

Кандыағаш қ-сы, Молодежный 6 ш. а., 1- үй

8(71333)35459

10.

Ембі аудандық ветеринариялық зертхана

Ембі қ-сы, Төле би к-сі, 67- үй

8(71334)22544

11.

Темір аудандық ветеринариялық зертхана

Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан к-сі, 5- үй

8(71346)79353

12.

Ойыл аудандық ветеринариялық зертхана

Ойыл кенті, Бақаева к-сі, 6- үй

8(71332)21568

13.

Қобда аудандық ветеринариялық зертхана

Қобда кенті, Алматы к-сі, 19/1- үй

-

14.


Хромтау аудандық ветеринариялық зертхана

Хромтау қ-сы, Долгов к-сі, 26- үй

8(71336)26969

15.

Шалқар аудандық ветеринариялық зертхана

Шалқар қ-сы, И.Үргенішбаев к-сі, 26- үй

8(71335)23258

Алматинская область

1

Талдықорган облысының филиалы

Талдықорған қ-сы, Балпық Би к-сі, 37- үй


8(728 2)274148

2

Панфилов аудандық ветеринариялық зертхана

Жаркент қ-сы, Иванов к-сі, 94- үй



8(728 31)54715

3

Ақсу аудандық ветеринариялық зертхана

Жансүгіров кенті, Сәтпаев к-сі,

2- үй



8(728 32)21955

4

Матай аймақтық ветеринариялық зертхана

Матай ст-сы, Айтқали Қисабек

к-сі

8(72843)62877

5

Қапал аймақтық ветеринариялық зертхана

Қапал ауылы, Ақын Сара к-сі

8(728 41)21308


6

Үйгентай аймақтық ветеринариялық зертхана

Қабанбай ауылы, Әлімжанов к-сі, 28- үй


8(728 37)41301

7

Алакөл аудандық ветеринариялық зертхана

Үшарал қ-сы, Жалбы би к-сі,

28- үй


8(728 33)35631

8

Ескелді аудандық ветеринариялық зертхана

Қарабұлақ кенті, Лихачев к-сі

8(728 36)35983

9

Қаратал аудандық ветеринариялық зертхана

Бастөбе ауылы Амангелді к-сі,

16- үй


8(728 34)22121



следующая страница >>