https://electroinfo.net

girniy.ru 1

«Банктік шоттар ашу үшін қажетті құжаттар тізбесі»


Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары және қорғаушылар-Қазақстан Республикасының резиденттері:


  1. Шот ашу туралы өтініш;

  2. «Өз клиентіңді біл» сауалнамасы;

  3. Қолдардың үлгілері қойылған құжат – 2 дана (олардың 1 данасы нотариалды куәландырылған);

  4. Салық қызметі органымен берілген клиенттің жеке кәсіпкер, жеке нотариус, қорғаушы, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеуге есепке алынғандығын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

  5. Жеке басты куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты) түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

  6. Жеке нотариустар үшін – нотариалды қызметпен айналысу құқығын беретін лицензияның түпнұсқасы;

-Қорғаушылар үшін қорғаушылық қызметпен айналысу құқығын беретін лицензияның түпнұсқасы;

-Жеке сот орындаушылары үшін – атқарушылық құжаттарды орындау қызметімен айналысу құқығын беретін лицензияның түпнұсқасы.


Жеке кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының бейрезиденттері:

  1. Шот ашу туралы өтініш;

  2. «Өз клиентіңді біл» сауалнамасы;

  3. Қолдардың үлгілері қойылған құжат – 2 дана (олардың 1 данасы нотариалды куәландырылған);

  4. Міндетті түрде мемелекеттік тіркеуден өтулері тиіс жеке кәсіпкерлер үшін клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге есепке алынғандығын растайтын, салық органымен берілген құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  5. Жеке басты куәландыратын құжаттың (шетел азаматының төлқұжаты, шетел азаматының Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, қашқынның куәлігі) түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.



Шаруа (фермерлік) қожалығы:

  1. Шот ашу туралы өтініш;

  2. «Өз клиентіңді біл» сауалнамасы;

  3. Қолдардың және мөр бедерінің үлгілері қойылған құжат – 2 дана (олардың 1 данасы нотариалды куәландырылған);

  4. Төлем құжаттарына бірінші және екінші қол қою құқығына ие тұлғалардың қызметіне тағайындауды растайтын құжат (қол қою құқығын көрсетумен);

  5. Уәкілетті органмен берілген, мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту дерегін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

  6. Қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің банктік шотын жүргізумен (банктік шоттағы ақшаларға иелік етумен) байланысты операцияларды жүзеге асыру барысында төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.