https://electroinfo.net

girniy.ru 1


ҚММУ Ф 4/3-04/02

2007 ж. 14 маусым №6 НХ


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТІҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


жалпы фармакология кафедрасы


Д Ә Р І С

«Антисептиктер және дезинфекциялық дәрілер» тақырыбы


Farm-3206 «фармакология» пәні


5В110300 «фармация» мамандығы


Курс: III


Уақыты 1 сағат


Қарағанды 2012 ж.


Кафедраның мәжілісінде бекітілген

28.08.2012 ж. № 1 Хаттама

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор _______________ С.К. Жаугашева


Тақырыбы : Антисептиктер және дезинфекциялық дәрілер»


Дәріс мақсаты: Микроағзаларға, адам денесінің беткейіне және қоршаған ортаға әсер ететін препараттарды тиімді таңдауға үйрету.


Дәріс жоспары:

  1. «Антисептиктер және дезинфекциялық заттар» ұғымына түсініктемелер

  2. Антисептикалық қосылыстардың қызметін анықтайтын жағдай.

  3. Жіктелуі

  4. Антисептикалық қосылыстардың механизмі

  5. Ароматтық қатардың қосылыстары. Препараттардың салыстырмалы түсініктемесі

  6. Құрамында галоген қосылысы бар препараттар. Салыстырмалы түсініктемесі.

  7. Тотықтырғыштар. Салыстырмалы түсініктемесі.

  8. Бояғыштар. Салыстырмалы түсініктемесі.

  9. Қышқылдар мен негіздер.

  10. Альдегидтер

  11. Детергенттер



Антисептиктер және дезинфекциялық заттар.

Хирургиялық тәжірибеде іріңді асқынуға қарсы күрес ретінде әк, ауыр металл тұздарын және спиртті қолдану өткен ғасырдың бірінші жартысындағы эмпирикалық мүмкіндікке жатқызылады. Хирургияда антисептиктерді ғылыми жұмыста қолдануға үлкен үлес қосқан ағылшын хирургі Джозеф Листер. Ол клиникалық тәжірибеге хирургтің қолын, операциялық алаңды, жараны және аспаптарды фенол ерітіндісімен өңдеуді енгізді. Осы сәт антимикробты заттарды іздеуге кең жол ашты.


Жарты ғасыр өткен соң химиотерапевтті заттар ашылды. Жаңа қосылыстардың медицинада ашылуы антисептиктердің емдік және профилактикалық қолдануына кедергі жасамады.

Адам ағзасынан тысқары орталардың микроорганизмдеріне микробқа қарсы заттар таңдамалы әсер етеді.

Олар екі топқа бөлінеді:


  • Залалсыздандырғыш заттар

  • Антисептиктер

Залалсыздандырғыш заттарды ішкі ортадағы микроорганизмдерді жою үшін қолданады. Оларға макро- және микромүшелердің жасушаларына әсер ететін және ақуызды денатурациялауға ұшырататын дәрілік препараттар жатады. Олар адам үшін өте улы.

Антисептиктер дәрілік заттар дене беткейіндегі микроорганизмдерді тежейді. Оларды беткей тері, шырышты және қуыстарды өңдеу үшін қолданады.

Педиатрияда қолданылатын препараттар тері жамылғысын және шырышты қабаттарын зақымдамауы қажет.

Антисептиктер – микробқа қарсы әсері бар, механизмдері әркелкі үлкен топты қосылыс, ол бактериоцидті әсер көрсетеді. Олардың көбі ақуызды денетурацияға ұшыратады немесе микроағзаларға ешқандай таңдамалы әсер етпейді.

Препараттарды антисептиктер мен залаласыздандырғыш заттарға бөлудің маңызы зор.

Концентрациясы жоғары көптеген антисептиктерді мекемені, төсек-орын және ыдыстарды залалсыздандыру үшін қолданады.

Антисептиктерді қолданған кезде олар ұлпаларды тітіркендірмеу керек. Бұл заттарды кеңінен стоматологияда ауыз қуысының шырышты қабығына, карриозды қуысқа, тіс пульпасына, офтальмологияда (тамшы ретінде жуу үшін), хирургияда (жараны жуып залалсыздандыру үшін, қолды, операциялық алаңды өңдеу үшін) қолданады. Антисептиктердің ерітінді, мазь және суспензия күйіндегі түрлері бар.

Антисептиктерді тағам өндірісінде консервант ретінде қолданады және дәрілік түрлерді (ерітінді, май) реттейді. Антисептикалық заттар концентрациясы мен тереңдігіне байланысты іріңді және бактериялық жараларға еніп, бактериостатикалық немесе бактреиоцидтік әсер (төменгі концентрацияда бактериостатикалық активтілік, ал жоғрағы концентрацияда бактериоцидті) көрсетеді.


Антисептиктерге келесі механизм тән:

Кей заттар микробты клетканың ақуызын денатурацияға ұшыратады, басқалары олардың қабығының түзілуін тежейді немесе қабықшаның өткізгіштігін жоғарлатады, кейбіреулері микроағза жүйесінің ферментативті активтілігін төмендетеді.

Олардың антимикробты белсенділігі төмен, 1:100, 1:1000 қатынаста сұйылтады.

Кең спектрлі, химиотерапевтік заттардан айырмашылығы – таңдау активтілігінің болмауында. Ағза үшін токсигенділігі өте жоғары. Жергілікті қолданғанда тек резобтивті әсер етеді. Микробтардың бейімделуі сирек байқалады.


Антисептикалық қосылыстардың қызметін анықтайтын жағдай.


  1. Антисептиктердің әсер ету механизмі химиялық құрылымға және физика-химиялық қасиеттерге байланысты.

  2. Диссоциациялану дәрежесі және концентрациясыжоғары болған сайын антисептиктің әсері жоғары болады. Ерітіндіде диссоцияланатын антисептиктердің деңгейі олардың диссоциациялануына байланысты.

  3. Микроағза антисептиктердің әсер ету уақыты. Экспозицияның уақыты үлкейген кезде антисептиктердің әсер ету әсері жоғарлайды.

  4. Антисептиктердің әсер етуі температураға байланысты. Температура жоғарлағанда антисептикалық әсер күшейеді.

  5. Микроағзаның түрі және спора түзу қасиеті.

  6. Микробты ағзалардың саны.

  7. Ақуыздар өздерінде антисептиктерді адсорбциялайды, яғни антисептиктердің активтілігін төмендетеді.


Жіктелуі.

  1. Ароматты қатардың қосылыстары: фенол дериванттары, иоксибензол, деготь.

  2. Галогентуынды қосылыстар.

  3. Тотықтырғыштар: сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты.

  4. Бояғыштар: бриллиант жасылы, метилен көгі этакредин лактаты.

  5. Ауыр металдардың тұздары

  6. Қышқылдар мен негіздер

  7. Алифатикалық қосылыстардың қатары: этилен спирті, формальдегид.
  8. Детергенттер


  9. Басқалар.

Антисептикалық заттардың әсер ету механизмі.

Антисептиктер жалпы жасушалық улар болып есептеледі, олар физика-химиялық қасиеттеріне байланысты микроағзаларға әртүрлі әсер етеді.

  1. Көптеген араматты қосылыстар липофильді заттар болғандықтан клетка мембранасынаеніп, протоплазма ақуыздарын тудырады.

  2. Галоидтар микроағзаның өлуін олардың протоплазмасын денатурациялау арқылы іске асырады.

  3. Тотықтырғыштар. Микроағзалардың протоплазмасын тотықтыру арқылы оттегіні бөледі.

  4. Бояғыштар. Микроағзалар жасушаларының қосымша бөліктерімен сәйкес келеді.

  5. Ауыр металдардың тұздары бактериалды жасушалардың сульфгидрилді топтарымен қосылып, бактериалды жасушалардың өмірге қажетті ферменттерді тежейді.

  6. Қышқыл мен негіздердің антимикробты әсері олардың гидролитикалық қасиетіне байланысты, ал қышқыл мен сілтінің антисептикалық активтілігі олардың диссоциация деңгейіне байланысты.

  7. Микроағзаларға ұқсас әсер ететін алифатикалық қатардың қосылыстары микроағза жасушасы протоплазмасын ыдырытып, коагуляциясын тудырады.



Аромат қатарлы қосылыстар.

Фенол – жүз жыл бұрын тас-көмір дегьттен алынған және карбон қышқылы деп аталды. Ол бірінші антисептик болып есептеледі.

Фенол - жалпы протолазмалық у, ол клетканың әртүрлі түрі мен типтерін ыдыратады. Оның микробқа қарсы қасиеті әртүрлі себептерге байланысты. Негізгі ролі еріткіш қасиеті. Су ерітінділерінде активтілігі жоғары, спирт және май ерітінділері аз активті. Температура жоғарылаған кезде микробқа қарсы қасиеті артады. Әлсіз концентрацияда (1:400-1:800) фенол бактериостатикалық қасиет көрсетеді. 1-5% ерітінді – бактериоцидті. Фенолға спораның сезімталдығы төмен. Микробқа қарсы әсері ақуызы бар жерде байқалмайды, ол басқа микробқа қарсы заттардан ерекшелігі болып келеді.

Фенол ұлпаға әсер еткен кезде жергілікті қозуды тудырады, концентарциясы жоғарылап некроз дамуы мүмкін. Алдымен жедел ауырсыну пайда болады, кейін ол анестезияға ауысады.


Фенол шырышты қабықтармен жаралы беткейге тез сіңеді. Кейде сау тері арқылы да сіңеді.

Фенол көп мөлшерде сіңсе, жедел улануды туғызады: құсу, лоқсу, ауыз қуысы, асқазанда некроз тудырады, жедел ауырсынулар, естен тану, артериалдық қысымның жедел түсуі, дене температурасының төмендеуі.

Фенолмен құралдарды, киімдерді және науқас қолданған заттарды залалсыздандырады. Стоматологиялық тәжірибеде пульпитті және перидонтит кезінде антисептик ретінде түбірлі каналдарды өңдеуде қолданылады.

Крезол фенолға ұқсас, бірақ микробқа қарсы активтілігі жоғары. Олардың құрамында метил топтары болғандықтан микроб мембранасының липидті қабатына оңай енеді.

Крезолдың ерігіштігі сілтілік ортада да жоғарылайды.

Лизол – калий сабынындағы крезол ерітіндісі. Оны киімді, бөлмені, жиһазды залалсыздандыру үшін қолданады. Стоматологияда крезол пастаның құрамындағы компоненті болып, пульпитті емдеген кезде қолданылады.

Резорцин – улылығы төмен, микробқа қарсы активтілігі 2%, 20% кератолитикалық әсер көрсетеді. Экзема, дерматит, саңырауқұлақ ауруларында қолданылады.

Стоматологияда спирт және формалин қоспасында болып, түбірлі каналдарды өңдеу үшін және тіс пасталарының нашар өткізгіштігін импрегнациялау үшін қолданады.

Ақ қайын қара майы - ақ қайын қабығының құрғақ өнімі. Антисептикалық әсері оның құрамындағы фенолға байланысты. Қара майдың жергілікті қоздыру және кератопластикалық әсері бар, ол инсекцидті әсер етеді. Оны қышыма лишайында қолданады. Ол Вишневский және Вилкинсон майларының құрамына кіреді.


Галоген құрамды препараттар.

Бос күйдегі хлор мен йод активті бастериоцидтік әсер көрсетеді.

Атомды хлор вирусқа, қарапайым бактерияларға таңдамалы әсер теді. Оған қышқылаға төзімді бактерия түрлері (туберкулез таяқшасы) резистентті.

Хлоар суда ергіген кезде хлор сутекті және хлорлы қышқылды түзеді, белокты заттармен байланысқа түсіп; атомдармен хлорды оңай түзеді.


Хлар сутек; хлорлы қышқыл және атомарлы хлор бактериальды клеткалардың клетка мембранасын бұзып; ақуыздарды денатурацияға ұшыратады.

Хлор қышқылы ыдыраған кезде атомарлы оттегні түзіп, ферментті тотықтырады. Ақуызды оратада препараттардың антибактерилды қасиеті әлсірейді. Микробқа қарсы әсерден басқа хлор дезодирлеуші әсер көрсетеді, ұлпаларды қамтамсыз етіп ыдартады, металдардың коррозиясын тудырып, инсектицидті және дегозирлеуші әсер теді.

Хлорамин – антсиептик ретінде ауыз қуысының шырышты қабықтарын өңдеу үшін (0,25-0,5%), пародонтит кезінде патологиялық тіс-қызыл иек қалталарын емдеу үшін; пульпит және перидонтид кезінде түбірлі каналдарды өңдеу үшін қолданады.

Хлоргексиден - грамм теріс және оң бактерия мен саңырауқұлақтарды жояды.

Балалардағы операциялық алаңды өңдеу үшін және нәрестелерді шомылдыру үшін қолданылады. Ірің бар жерде активтілігн сақтайды.

«Дистрил», «Сибиколрд» - спирт ерітіндісі түріндегі элементарлы йод; люголь ертіндісі бактериоцидтік активтілігімен қамтамасыз етілген. Іріңді кокктарға әсер етуші сулема ертіндісінен жоғары.

Медицина тәджірибесінде спирт ертінділерімен қоса, сулы ертінділер қолданылады.

Йодинолтонзилит, іріңді отит, ринит, трофикалық жара және күйіктер кезінде қолданылады. Бұл преапрат поливенил спиртінде активті молекулярлы йод болады, ол йодтың босатылуын тежап, оның ұлпалармен қатынасын ұзартады.

Йоданат – йод ертінідісінің сулы компелксі, сыртында активті заттар орналасады. Операциялық алаңды өңдеу үшін қолданылады. Препараттың екі компонеті де бактериоцидтік әсер көрсетеді, стрептококк; стафиллококк; саңырауқұлақатрды және көккіріңді таяқшаны тежейді.

Стоматологияда спирт ертіндісі және люголь ертіндісі, иодинол стоматиттерді емдеу үшін қолданылады. Самай-жақ буындарының артриті мен периодониттерде спирт ертінділі йодтың, йодинолдың йонофарезі жүргізіледі. Остемиелитте және инфекциялық жараларды емдегн кезде йодтың органикалық препараттары қолданылады, себебі йод баяу босап ұзақ әсер етеді.



Тотықтырғыштар.

Тотықтырғыштардың әсер ету механизмі белоктарды атомарлы оттегімен тотықтыруға негізделген. Тотықтырғыш әсерге анаэробты микроағзалар (сіреспе, газды гангрена) сезімтал болып келеді.

Органикалық қосылыстардың жанында тотықтырғыштардың микробқа қарсы активтілігі төменедейді. Тотықтырғыш ретінде сутек тотығын келесі преапараттар ретінде қолданылады: Пергидрольдің құрамында (27-31%) сутек тотығы бар. Ұлпалармен жанасқан кезде сутек тотығы пероксидтің әсерінен ыдырап атомарлы оттегін тузейді. Егер жарада ірің немесе қан болса, онда ыдырау каталазды түрде жүріп, молеклярлы оттегін түзеді, ал ол жарадағы инфекция мен іріңді механикалық тазаруына септігін тигізеді. Қан тамыры қан кетулерден, сутегі тотығы қан тоқтату әсерге ие. Оны қуыстарды (плевральды жатыр) жуу үшін қолданбайды, себебі молекулярлы оттегі ұсақ тамырларға еніп, эмболия туғызуы мүмкін.

Сутегі тотығы теріні, шырышты қабықты және жараны қоздырмайды, оның ертініділерін стоматиттерді, гингивиттерді, іріңді жараны, пиодермитті, нәрестелердің күлбіреулерін емдеу үшін қолданылады.

Стоматологияда стоматит кезінде ауызын шаяды, гингивит кезінде тіс қызыл иек қалталарына ерітіндіге малынған турунда салады. Кариозды қуыстардың механикалық тазаруы болады.

Калий перманганаты атомарлы оттегіге және марганец тотығына ыдырайды. Атомарлы оттегінің антисептикалық және дезодирлеуші қасиеті бар. Осы ертіндімен стоматит кезінде ауыз қуысын шаяды, терлеген жерлерді өңдейді, инфекциялық және іріңді жараларды, уретраны өңдейді. 2-5% ерітіндісімен күйіктерді емдеуге болады. Күйіктің ерте деңгейінде қолданған кезде көпіршіктердің пайда болуын болдыртпайды. Пайда болған марганец тотығы тығыз қабықша түзіп, жараны инфекциядан қорағап, ыдырау өнімдерінің сорылуын төмендетіп, қозуды әлсіретеді.

Калий перманганаты – асқазанды жууға, уланғанда қолданады.


Ауыр металдардың тұздары.

Сынап – активтілігі жоғары микробқа қарсы зат, улылығы жоғары, қолдануы өте сирек.

Сынап тұздары әртүрлі майлардың құрамына кіріп, дерматологияда паразитті ауруларды, мерезді, пиодермияны, блефориттерді, кератиттерді емдеу үшін қолданылады.

Күміс – күміс нитраты эрозияны, жараларды, грануляцияларды күйдіру мақсатында қолданылады. Концентрациясы төмен ерітінділер байланыстырушы қабынуыға қарсы әсер көрсетеді. Протаргол – байланыстырушы қабынуға қарсы антисептикалық зат, көз тамшылары.

Колларгол – іріңді жараны шаю үшін, іріңді конъюктивтитті және қабынуды емдеу үшін қолданылады. Көп мөлшері кеңірдек қабырғасының артқы бөлігіне түссе, тынысының рефлекторлы тоқтауын туғызады.

Мырыш сульфаты – көз тамшылары.

Мырыш тотығы күрделі официнальды майлардың құрамына кіріп қабынуға қарсы және құрғатушылық қасиетке ие болады.

Висмут – гастроэнтерологияда кеңінен қолданылады.


Бояғыштар.

Метилен көгі – этаккредин лактат тері жамылғысы мен шырышты қабықтарды профилактикалық және емдік маңқсатта өңдеуге қолданылады. Бұл заттардың катиондары бактерияның өмірге қажетті сутегіні ығыстырады. Соңында бактериостатикалық немесе бактериоцидтік әсер туындайды, бірақ ол тек грамм оң бактерия мен саңырауқұлақтарға әсер етеді.

Метилен көгі және оның өнімдері қалпына келіп тотығу-тотықсыздану процесі жүйесінің қайтымды процесі болып есептеледі. Оны синил қышқылымен уланғанда қолданады. Егер синил қышқылымен және цианидпен ересек адам уланса вена ішілік 10-20 мл 1% метилен көгін, сульфаниламид 1 мл 1% ертініділерін енгізеді. Метилен көгі бактериостатикалық әсер тудырады. Оны су және спирт түрінде шығарады. 1-2% ертінідісін пиодерияны және фурункулезды, мологницаны, ересектерде стоматитті емдеуде қолданады.

Әсер ету спектрі кең: саңырауқұлақ, дифтериялық таяқша, стафилококк, әсер етуі баяу және ұзақ.

Этакридина лактат (риванал) – грамм оң коктарға әсер етеді. 0,1-0,2% ерітіндісіне томпонмен сүлгілерді малып, сіңіреді. Конъюктивитте 0,1% ертіндісімен шаяды.


Қышқыл мен сілтілер.

Қышқылдардың микробқа қарсы активтілігі жоғары, бірақ көп мөлшерде болса, ұлпалардың қайтымсыз деструкциясын туғызуы мүмкін.

Бор қышқылы – 5% ерітіндісін терінің әртүрлі зақымдауларында микробқа қарсы зат ретінде қолданылады. Тері немесе шырышты қабықтар арқылы сіңсе, қатты токсикалық әсер көрсетеді, әсіресе бала ағзасына. Келесі әсерлері байқалады: қабынуға қарсы, антибактериальды, саңырауқұлаққа қарсы. Көрсеткіштері: стоматит, хейлит, гингивит.

Бор қышқылы ұнтақ, май, сулы және спирптті ертінділер ретінде қолданылады.

Нәрестелер мен балалараға қарсы көрсеткіш, себебі тері мен шырышты қабықтарға еніп, ауыр интоксикация туғызып летальды соңымен бітеді.

Бор қышқылы ұлпаларда жиналады, кейін тез қан плазмасына еніп, тамырлардың шеткері қарсылығын төмендетіп, тамыр таратқыш зататрға жауаптылығын әлсіретеді, нефротикалық әсер тудырады.

Салицилат қышқылы – терілік фунгицид ретінде қолданылады. Негіздер эпидермисті қоздырып, жұмсартады, муцин мен тығыз шырышты ыдыратады. Теріге жаққанда белоктармен қосылып іркілдек терең енетін альбумидтерді тудырады.

NaHCO3 – ауызды шаяды, негіз реакциясы әсерінен тығыз қабыну эксудаты еріп ұлпаларды қоздырып, трофикасын жақсартып, жергілікті ацедоздың төмендеуіне және ісіктің жойылуына әкеледі. Сілті эпидермис пен шашты жұмсартады, майларды ыдыратып эмульгирлейді. Оларды балалардың тері ауруларын емдеу үшін қолданады.

Оны хирург қолын залалсыздандыруға және металды инструменттердегі майларды ыдыратуға пайдаланады.


Альдегидтер.

Уротропиннің сулы ертінідісі сілтілі реакциясы бар. Микробқа қарсы әсері: қышқыл ортада формальдегид және аммиакқа ыдырайды. Формальдегид ақуыздардың дегидратациясы мен коагуляциясын тудырады. Жергілікті әсері: құрғатады, тұтқырлайды, залалсыздандырады.



Детергенттер.

Улылығы аз, қоздырмайды, регенерацияны стимулдейді. Олар диссоциацияланған иондарға бөлінеді. Микробқа қарсы активтілігі диссоциацияланушыларға жатады. Олар бөлінеді: катион және анион.

Катионның активтілігі жоғары.

Катиондар клетка беткейінде жиналады, клетка қабығының өткізгіштігін өзгертеді, азотты және фосфорлы алмасуды бұзады, бактериальды клеткалардың лизисін тудырады.

Көрсеткіштер: іріңді жара, залалсыздандыру.


Әдебиеттер:





  1. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология и фармакотерапия : руководство / Ю. Б. Белоусов. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : МИА, 2010. - 872 с.

  2. Вебер В.Р. Клиническая фармакология : учеб. пособие / В. Р. Вебер. - М. : Медицина, 2009.

  3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров : учебное пособие / А. И. Венгеровский. - М. : ИФ "Физико-математическая литература", 2006.

  4. Козлов С.Н. Современная антимикробная химиотерапия : руководство для врачей / С. Н. Козлов, Л. С. Страчунский. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Мед. информ. агентство, 2009.

  5. Кукес В.Г. Клиническая фармакология и фармакотерапия : учебник / В. Г. Кукес, А. К. Стародубцев. - 2-е изд., испр. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 640 с

  6. Майский В.В. Фармакология : учебное пособие / В. В. Майский. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2006. - 400 с

  7. Машковский, Михаил Давыдович Лекарственные средства : Пособие для врачей / 15-е изд.,перераб.,испр.и доп. - М. : Новая волна, 2006.

  8. Нил Майкл Дж. Наглядная фармакология : учеб. пособие для вузов: пер. с англ. / Майкл Дж. Нил. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 104 с.

  9. Рациональная антимикробная фармакотерапия / ред.: В. П. Яковлев, С. В. Яковлев. - М. : Литтерра, 2007. - 784 с.
  10. Рациональная фармакотерапия аллергических заболеваний : руководство для практикующих врачей / ред. Р. М. Хаитов. - М. : Литтерра, 2007.


  11. Рациональная фармакотерапия в акушерстве и гинекологии : руководство для практикующих врачей / ред.: В. И. Кулаков, В. Н. Серов. - М. : Литтерра, 2008. - 1152 с.

  12. Рациональная фармакотерапия в гепатологии : руководство для практикующих врачей / ред.: В. Т. Ивашкин, А. О. Буеверов. - М. : Литтерра, 2009. - 296 с.

  13. Рациональная фармакотерапия в нефрологии : научное издание / ред.: Н. А. Мухин, Л. В. Козловский, Е. М. Шилов. - М. : Литтерра, 2008. - 640 с.

  14. Рациональная фармакотерапия в урологии : Руководство для практикующих врачей / ред.Лопаткин Н.А. ; ред. Перепанова Т.С. - М. : Литтерра, 2006. - 818 с.

  15. Рациональная фармакотерапия детских заболеваний : В 2-х книгах.Руководство для практикующих врачей / Под общ. ред.А.А.Баранова,Н.Н.Володина,Г.А.Самсыгиной. - М. : Литтерра. – 2007 Кн.1. - 1166 с

  16. Рациональная фармакотерапия заболеваний кожи и инфекций, передаваемых половым путем / ред. А. А. Кубанова. - М. : Литтерра, 2007. - 512 с.

  17. Рациональная фармакотерапия заболеваний органов дыхания / ред. А. Г. Чучалин. - М. : Литтерра, 2007. - 544 с.

  18. Рациональная фармакотерапия заболеваний органов пищеварения : руководство для практикующих врачей / ред. В. Т. Ивашкин. - М. : Литтерра, 2007. - 1056 с.

  19. Рациональная фармакотерапия заболеваний системы крови : руководство для практикующих врачей / ред. А. И. Воробьев. - М. : Литтерра, 2009. - 688 с.

  20. Рациональная фармакотерапия заболеваний эндокринной системы и нарушений обмена веществ / ред.: И. И. Дедов, Г. А. Мельниченко. - М. : Литтерра, 2008. - 584 с

  21. Рациональная фармакотерапия инфекционных болезней детского возраста : руководство для практикующих врачей / ред.: М.Г Романцов, Т. В. Сологуб - М. : Литтерра, 2009. - 664 с.
  22. Рациональная фармакотерапия неотложных состояний : руководство для практикующих врачей / ред.: Б. С. Брискин, А. Л. Верткин. - М. : Литтерра, 2007. - 648 с.


  23. Рациональная фармакотерапия ревматических заболеваний / ред.: В. А. Насонова, Е. Л. Насонов. - М. : Литтерра, 2007. - 448 с.

  24. Рациональная фармакотерапия сердечно-сосудистых заболеваний : Руководство для практикующих врачей / ред.Чазов Е.И. ; ред. Беленков Ю.Н. - М. : Литтерра, 2006. - 972 с.

  25. Фармакология в вопросах и ответах : учеб. пособие: пер. с англ. / ред. А. Рамачандран. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 560 с Фармакотерапия детских болезней : руководство для врачей / ред. А. Д. Царегородцев. - М. : МИА, 2010. - 880 с.



Бақылау сұрақтары: (кері байланысы)


  1. Антисептиктер мен дезинфецирлеуші заттардан айырмашалығы неде?

  2. Фенолды коэффициент дегеніміз не?

  3. Антимикробты әсер ету спектр түсінігі нені білдіреді?

  4. Бактериостатикалық және бактериоцидтік әсердің айырмашылығы неде?

  5. Антисептикалық және дезинфицирлеуші заттардың жіктелуі .

  6. Микробқа қарсы заттардың негізгі әсер ету механизмі.

  7. Микробқа қарсы белсенділікті анықтайтын жағыдайлар.

  8. Әр түрлі топтағы антисептикалық заттардың салыстырмалы сипаттамасы.

  9. Микробқа қарсы белсенділікті анықтайтын жағыдайлар.

  10. Әр түрлі топтағы антисептикалық заттардың салыстырмалы сипаттамасы.

11.Улану,көмек шаралары, антидотты терапияның қағидалары