girniy.ru 1 2 ... 4 5

--/ Сатып алу-сату Шарты


Атырау «---» ---- 2013ж.



Договор купли-продажи № --/


Атырау «---» ----- 2013г.

Purchase Contract # ---/


Atyrau the ---th of ----- 2013

«Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.Вкомпаниясының мүддесін өкілдік етуші Атырау филиалы, алдағы уақытта «Сатып алушы» деп аталып, 01.08.2012 жылғы Сенімхаттың негізінде әрекет етуші Аймақтық директоры Абишев Абдуахит Гарибжанович атынан, бір жағынан, және «-----» ЖШЖК, алдағы уақытта «Сатушы» деп аталып, Жарғы негізінде әрекет етуші директор ------------- мырзаның атынан, екінші жағынан, алдағы уақытта бірлесіп «Тараптар» деп атала отырып, осы сатып алу-сату шартын (алдағы уақытта-«Шарт») жасасып төмендегідей келісімге келді:


  1. Шарттың мәні

1.1. Шарттың талаптарына сай Сатушы, Шартқа қосымша айрықшалау құжатында көрсетілген (алдағы уақытта-Айрықшалау құжаты) және Шартқа Тіркеме болып табылатын (алдағы уақытта-«Тауар» деп аталады) өнімнің санына, сұрыпталымына, сапасына, бағасына, төлеу және жеткізу шарттарына сәйкес, Сатып алушының жеке меншігіне жеткізуге және тапсыруға міндеттенеді. Шарттың 4 бөліміне сай, Сатып алушы жеткізілген Тауардың құнын төлеуді жүзеге асыруға міндеттенеді.

1.2. Тауардың кездейсоқ апат болу немесе бұзылып қалу тәуекелдігі Айрықшалау құжатында аталған шарттарға сәйкес, Сатушыдан Сатып алушыға ауысады.


1.3. Сатушы Тауардың жаңа түрінде жеткізілетіндігіне және оған тыйым салынбағанына немесе кепілге салынбағанына және үшінші тұлғалардың құқықтарынан бос екендігіне кепілдік береді.

2. Тараптардың міндеттері


2.1. Сатушы міндеттенеді:

2.1.1. Тауарды Сатып алушыға Шартта ескертілген шарттарға және Инкотермс 2010 ережелерінде берілген терминдерге сай, егер тиісті термин Айрықшалау құжатында көзделетін болса, Айрықшалау құжатында көрсетілген санына, сұрыпталымына, сапасына, бағасына, төлеу және жеткізу шарттарына сәйкес жеткізуге.

2.1.2. Тауармен бірге қоса Айрықшалау құжатында ескертілген тауар жөнелтпе құжаттарының жинақталымын ұсынуға.

2.1.3. Сапасы, сұрыпталымы, жинақталымы және шығарылатын жері Шарттағы белгіленген талаптарға сәйкес келетін Шарт бойынша өзіне жүктелген өз уақытындағы және тиісті Тауар жеткізілімі бойынша міндеттемелерді орындауға.

2.1.4. Шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерді үшінші жаққа бермеуге және/немесе Сатып алушының хат түріндегі келісімінсіз Тауарды ауыстырмауға.

2.1.5. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында көзделген жеткізілетін тауар жайында, өз қызметкерлері жайында барлық құқық белгілейтін және рұқсат беру құжаттарына ие болуға. Сатушы Сатып алушыны қажетті рұқсат беру құжаттарының болмауына байланысты жағымсыз салдарлардан қауіпсіздендіруге және одан сақтауға міндетті.


2.1.6. Өзінің салық есебінде ҚҚС бойынша Сатып алушыга қызмет көрсету бойынша барлық айналымдарды көрсетуге. Егер Сатушының қарсы тексерісі кезінде салық органдары Тапсырысшыдан қызмет көрсету бойынша айналымдарды жасыру немесе Сатушының заңды мекенжайында болмау фактісі анықталған жағдайда, Сатушы Сатып алушының талабы бойынша ҚР Салық кодексінің 635 бабы, 5 және 6 тармақтарына сәйкес, есептеуден немесе қайтарымнан алынған 1,5 мірте көлемінде ҚҚС сомасын өтеуге  және бұл ретте өзара есептесудің тиісті салыстыру актісіне қол қоюға міндетті. Бұл ретте, Сатушының ҚҚС сомаларын декларациялау бойынша міндеттемелерін орындамауы жөнінде куәландыратын негізі болып салық органдардың қарсы тексерістерінің актілері саналады.   

2.2. Сатып алушы міндеттенеді:


2.2.1. Шарттың 5 бөліміндегі ережелерге сәйкес Тауарды тексеруге және қабылдауға.

2.2.2. Шарттың 4 бөліміне сәйкес, Сатушының есептесу шотына қаржы құралдарын аудару арқылыТауарға төлеуге.


3. Тараптардың жауапкершіліктері

3.1. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті емес орындағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Шарттың ережелерін есепке алып жауапқа тартылады.

3.2. Егер Шартқа сәйкес Тауардың немесе оның қандайда да бір бөліктерінің немесе бөлшектерінің жеткізілімі жеткіліксіз немесе мерзімі өткен жағдай туындаса, Шартқа сәйкес Сатушы келісім-шарттың жалпы сомасының 0,1% көлемінде мерзімі өткен әрбір күн үшін Сатып алушыға жеткізу және тапсыру кезіне дейін, бірақ келісім-шарттың жалпы сомасының 10 % (он) асырмай өсімпұл төлеуге міндетті.

3.3. Егер қандай да бір жеткізілімге келісілген Тауар топтамасына төлеу алдын ала нысанында жүргізілсе және бұл ретте Айрықшалау құжатында ескертілген жеткізілімнің мерзімі өткен сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылмаған жағдай туындаса, Сатушы Сатып алушыға оның Шарт бойынша бұрын алдын ала жүзеге асырған төлемін қайтаруды қамтамасыз етуге, сонымен бірге Айрықшалау құжатында ескертілген жеткізілімнің мерзімінен 30 (отыз) күнтізбелік күн өтіп кету сәтінен бастап 3 (үш) банктік күн ішінде Тауардың жалпы құнынан 10 (он) пайыз көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.


3.4. Егер Тауар сапасыз түрінде немесе жинақтылықсыз түрінде жеткізілген жағдай туындаса, Сатушы Сатып алушыға сапасыз немесе жинақтылықсыз Тауардың жалпы құнынан 0,1% көлемінде мерзімі өткен әрбір күн үшін және көрсетілген жетіспеушіліктің жойылуына дейін өсімпұл төлеуге міндетті. Бұл ретте, Сатып алушы өсімпұлдың төлемінен тәуелсіз түрде талап етуге құқылы:

• сатып алу бағасын мөлшерлес азайтуға;

• Сатып алушыға қолайлы мерзімде Тауардың жетіспеушіліктерін өтеусіз жоюға;

• Тауардың жетіспеушіліктерін жоюға байланысты өз шығындарын өтеуге;

• Шарттың 7.1. тармағында көрсетілген мерзімде Шарттың талаптарына сәйкес келмейтін Тауарды ауыстыруға; немесе

• Қаржыны қайтару жөніндегі жазбаша хабарламаны беру сәтінен бастап Шартты орындаудан бас тартуды және Тауарға төленген қаржы сомасын Тауардың жетіспеушіліктерін және жинақтылығын бұдан былай жоюға дейін 3 (үш) банктік күн ішінде қайтаруға.

3.5. Айрықшалау құжатында көзделген төлеу мерзімдері бұзылған жағдайда, Сатып алушы мерзімі өткен қарыздың сомасынан 0,1 % көлемінде қарызды толықтай өтегенге дейін әрбір мерзімі өткен күн үшін, бірақ мерзімі өткен сомасынан 10 (он) % асырмай өсімпұл төлейді.

3.6. Келісілген Тауар топтамасының жеткіліксіз жеткізілуі жағдайында, Сатып алушы барлық топтамадан немесе Тауардың жеткіліксіз бөліктерінен бас тартуға және Сатушыға Шарттың 3.3. тармағында көзделген айыппұл санкцияларын ұсынуға құқылы.

3.7. Шарттың 3.3,,3.4. және 7.1. тармақтарына сәйкес, Сатып алушының есептеу шотына қаржыны қайтару мерзімдері бұзылған жағдайда, Сатушы төленген қаржы сомасынан 0,5 % көлемінде қарызды толықтай өтегенге дейін әрбір мерзімі өткен күн үшін өсімпұл төлейді.

3.8. Егер сатушы тендердің қорытындысы туралы хаттамада белгіленген мерзімде Сатып алушыга қол қойылған сатып алу туралы шартын бермесе немесе шартты жасағаннан кейін аванстық төлемді алған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етпесе, онда бұл әлеуетті Сатушы сатып алу туралы шартын жасауға бас тартқан болып танылады.


4. Төлеудің тәртібі мен шарттары

4.1. Тауар бағасы нақты болып табылады және өзгертуге жатпайды.

4.2. Төлеу шарттары және ақшалай валютаның түрі Айрықшалау құжатында Тараптармен белгіленеді.

4.3. Шартта көрсетілген Тауарға төлеу, қаржы құралдарды Сатушының есептеу шотына банктік аудару арқылы жүзеге асырылады.

4.4. Сатып алушы кез келген уақытта және мезгілімен Сатып алушы мен Сатушының арасында жасасқан Шарт немесе басқа да келісімдері бойынша Сатушы Сатып алушыға қарыз болған қандайда да бір көлемде немесе барлық қаржы сомасын және Сатып алушы мен Сатушының арасында жасасқан Шарт немесе басқа да келісімдері бойынша Сатып алушы Сатушыға қарыз болған қандайда да бір қаржы сомасынан шегеріп қалуға құқылы.


4.5. Сатып алушы Тарапынан артық төлеуді талап етпеуі немесе оның осы шегерімге қатысты әрекетсіздігі, мұндай оған тиесілі сомасына Сатып алушының наразылығына ешбір зиян келтірмейді және оны кемітпейді, сонымен қатар, мұндай шегеріп қалу барысында тиесілі сомаға қарағанда қандайда да бір азайтылған шегерім сомасы келісімді және қанағаттандыруды немесе Сатушы Сатып алушыға қарыз болған толық қаржы сомасына қатысты талап етуден немесе құқығынан бас тартуды қамтып алмайды.

4.6. Егер Сатушы тиісті емес үлгіде рәсімделген шот-фактурасын ұсынған жағдайында, Сатып алушы бұл жөнінде 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Сатушыға хабардар етеді. Шоттар бойынша келіспеушілік туғызатын есептер, төлеудің кешігіп қалуы үшін айыппұл санкцияларын қолданбай келіспеушіліктердің реттелгеніне дейін тоқтатылады.

4.7. Егер Сатушы келіспеушіліктерді шешу мақсатында өзінің шот-фактураларына түзету енгізген немесе шоттарда қамтылған деректерді дәлелдеу үшін қажетті құжаттаманы ұсынған жағдайларында, есептерді жасауға берілген және Айрықшалау құжатында көрсетілген уақыт кезеңі, түзетілген шот-фактурасын немесе қажетті құжаттаманы алған кезден бастап әрекет етеді.


5. Тауарды жеткізу және қабылдау шарттары мен мерзімдері

5.1. Тауар жеткізілімі Айрықшалау құжатында ескертілген мерзімдерге және шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

5.2.Мерзімінен бұрын Тауар жеткізілімі Сатып алушының жазбаша келісімі арқылы жүзеге асады.

5.3. Тауардың саны, жинақтылығы және ассортименті бойынша қабылдануы жөнелтпе құжатында және шот-фактурасында көрсетілген номенклатураға сәйкес, ал сапасы бойынша – егер басқалары Айрықшалау құжатында белгіленбеген болса, жеткізілетін Тауар сапасына талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының стандарттары мен техникалық шарттарына сәйкес жүзеге асады.

5.4. Егер Тауарды қабылдау-тапсыру барысында Сатушының кінәсімен жіберілген оның қандайда да бір ақаулары мен жеткіліксіздігі анықталған жағдай туындаса, Сатып алушы Сатушының өкілі қатусуымен Тауардың бұзылып қалуы, жеткіліксіздігі, жинақтылықсыздығы немесе сапаға сәйкессіздігіне байланысты Сатып алушының кез келген талабын ұсыну үшін негіздеу болып танылатын коммерциялық акт жасалады.



6. Ыдыс, қаптама және Тауардың таңбалануы

6.1.Тауар қаптамасы стандарттардың салалық қалыпты талаптарына немесе техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс, сонымен бірге Тауардың тасымалдануы, сақталуы, тиелуі, жүгін түсіру кезіндегі тиісті сақталуын, сондай-ақ атмосфералық әсерінен қорғалуын қамтамасыз ету қажет.


6.2.Барлық жәшіктерге таңба салынуы қажет.

6.3. Шартқа сәйкес Тауарды Сатып алушыға тапсыру кезіне дейін қаптаманың бүтіндігі бұзылып қалуы салдарынан туындаған Тауардың бұзылып қалуына Сатушы жауапты болады.

6.4. Шартқа сәйкес Тауарды тапсыру фактісінен тәуелсіз, Тауардың тиіссіз түрде қаптау салдарынан туындаған Тауардың бұзылып қалуына Сатушы жауапты болады.


6.5. Сатып алушыға Сатушыға ыдысты қайтару бойынша ешбір міндеттемелер жүктелмейді.


7. Кепілдіктер

7.1. Егер Сатып алушы Айрықшалау құжатында белгіленген (бірақ Тауар өндіруші-зауытының кепілдік кезеңінен аспайтын) кепілдік кезеңі ішінде Тауардың қандайда да бір ақауларын анықтаған жағдайында, Сатып алушы Шарттың 8 бабына сәйкес, көрсетілген кезең ішінде Тауардың сапасы жайында Сатушыға шағым жолдайды, ал Сатушы өз кезегінде жоғарыда аталған шағымды алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде өзінің есебінен аталған Тауарды жөндеуді немесе толық не бөлшектеп ауыстыруды қамтамасыз етеді, не болмаса жоғарыда аталған шағымды алған күннен бастап 7 (жеті) банктік күн ішінде жеткізілген ақаулы Тауар үшін Сатып алушының аударған қаржы сомасын өтейді.


7.2. Сатушының кепілдігі Тауардың қалыпты тозуы жағдайында, сондай-ақ Сатып алушы тауардың сақталуы оның құрастырылуы, қолданылуы және қызмет көрсетілуі бойынша Сатушының нұсқаулықтары мен нұсқамаларын сақтамау нәтижесінде тартылған зарар жағдайында, сонымен қатар Сатушының келісімінсіз жүзеге асқан, ақауларды жою бойынша жұмыстарды жөнсіз немесе сапасыз орындағаны үшін де таратылмайды.

7.3. Сатушы кепілдік кезеңі ішінде Тауарды қолдану барысында оны ауыстыруға немесе жөндеуге байланысты Сатып алушыға келтірілген барлық көліктік және басқа да шығындарды өтеуге міндетті.


7.4. Шарттың осы бабы, Шарт аясында жеткізілімге жататын қандайда да бір Тауар топтамасына кепілдік мерзімі белгіленген жағдайында қолданысқа жатады.


8. Шағымдар

8.1. Осы Шарт бойынша барлық шағымдар факс бойынша беріле алады және шағымдану себебі анықталған мезеттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тапсырыс хат арқылы расталуы тиіс.

8.2. Тараптар шағым қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оны қарауға және дәлелді жауап беруге міндеттенеді.


9. Дауларды шешу тәртібі

9.1. Шартты жасасу және орындауға байланысты туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер, олардың туындау күнінен бастап 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде келіссөздер арқылы шешімін табады.

9.2. Келіспеушіліктер мен даулар келіссөздер арқылы шешімдерін таппаған жағдайда, Шартқа немесе оған қатысты бұзылысқа, тоқтатылуға, жарамсыздыққа байланысты туындайтын барлық даулар, келіспеушілктер, талаптар айрықша және кесімді болып табылатын Қазақстан Республикасының сот органдарында реттелуі тиіс.


10. Форс-мажор

10.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгеннің өз міндеттемелерін орындамауы немесе орындауды кешіктіру, өзінің міндеттемелерін атқармаған Тараптардың бақылауынан тыс жағдайлары арқылы туындаған, атап айтқанда: дүлей зілзалалар, өрт, соғыстар, ереуілдер, әскери әрекеттер, қоғамдық тәртіпсіздік, эмбарго немесе Тараптардың еркінен тыс басқа жағдаяттармен туындаса (алдағы уақытта – «Форс-Мажор» деп аталатын), өз міндеттемелерін атқармаған Тараптан жолданған Форс-Мажордың туындауы немесе аяқталуы не ұзартылу мерзімінің аяқталуы туралы хабарламасында көрсетілген мерзімнен басталатын кезеңінде, өз міндеттемелерін атқармаған Тараптың Форс-Маэжорды жеңіп шығуға бағытталған барлық негізделген шараларға кіріскен жағдайында ғана артынан ешқандай жауапкершілік тартпайды.

10.2. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі автоматты түрде Форс-Мажордың ірекет ету кезеңіне қарай ұзартылады. Егер Форс-Мажордың әрекеті 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, жоспарланған Шартты бұзу күніне дейін 7 (жеті) күн ішінде жазбаша хабарламаны жолдау арқылы әзірге жеткізілмеген Тауарларға қатысты Тараптардың әрқайсысының аталмыш Шартты бұзуға құқығы болады. Шартты бұзу барысында Сатушы Шартты бұзу кезінде жеткізілмеген Тауарға алдын ала төлеген Сатып алушының қаржы сомасын өсімпұлды және айыппұлды төлеусіз өтеуге міндетті.



11. Негізгі талаптар

Сатып алушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылатындығын ескере отырып, және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес, Сатып алушы уәкілетті органға есептілік тапсыру бойынша міндеттері жүктеледі, Тараптар Шартқа төмендегілер туралы осы Бөлімді енгізеді:

11.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.09.2010 жылғы №965 «Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Шарттың №2 қосымшасы бойынша нысанына сәйкес, Сатушы Сатып алушыға Тауардың қазақстандық қамтылуы туралы анықтаманы табыстауға міндетті. Сонымен қатар, аталған анықтамасында Тауардың жеткізілімі күніне орай, резиденттердің және резидент еместердің санын міндетті түрде көрсете отырып, қызметкерлердің саны көрсетіледі, егер резидент емес қызметкерлердің бар болуы жағдайында, Сатушы қызметкерлердің жалпы санынан қазақстандық кадрлардың еңбегіне ақы төлеу қорының үлесін көрсетуге міндетті.

11.2. Сатушы осы Бөлімге сәйкес көрсететін ақпараттың дәйектілігіне жауапты болады.


11.3. Сатып алушы осы Бөлімге сәйкес көрсеткен барлық ақпаратты, тікелей Сатушыға және басқа да ұйымдар мен мекемелерге сұраныс жіберу арқылы тексеруден өткізуге құқылы.

11.4. Сатушының осы Бөлімге сәйкес берген ақпараттың дәйексіздігі фактісі анықталған жағдайында, Сатып алушы Сатушыға жазбаша хабарламаны жолдай отырып, бір жақтық тәртіппен Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Шарт,алдағы келісімшарттық міндеттемелерді орындау бөлігінде Сатушының жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап тоқтатылды деп есептеледі, хабарламаны алған сәтіне орай орындалған міндеттемелерді өзара есептесу бөлігінде, Шарт өзара есептесудің аяқталуына дейін әрекет етеді.



следующая страница >>